02.03.2022
  679


Автор: Сұлтан Оразалы

ЕЛ ҚАДIРI ЕЛСIЗДЕ ҒАНА МА?

 


– Сұлтан Шəрiпұлы, мəңгi-бақи мызғымастай көрiнетiн бiздiң қо- ғам да болжаусыз уақыттың ұлы ағысына түсiп, үлкен өзгерiстер, жаңғырулар кезеңiне аяқ басқандай. Мiне, осы тұста – заманалар желi шарпысып, қоғам бұрын-соңды болып көрмеген саяси қозғалыстар иiрiмiнде шырқ үйiрiлген аласапыран шақта көзқарастар майданына тəуекел еткен адамның айқын бағдары, айналып келiп табар түп қазы- ғы болуы – сол майданда адаспаудың, жаза баспаудың айнымас кепiлi болса керек. Осы орайда өзiңiздi толғандырған ойлардың бастысына тоқталып, өзiңiз көздеген басты мұрат, нысананын айқындап алсақ.


– Дəл қазiргi уақытта қай азаматтың болмасын жүрек түбiне шөккен ауыр ойдың əлдебiрiн басты деп, өзгеше деп жариялай қою қиын сияқ- ты. Əлемдiк ядролық немесе экологиялық аппаттан бастап, зардабын өз халқымыз көтерiп отырған Семей, Ақтөбе полигондары, тандыры кеп- кен Арал теңiзiне дейiнгi аралықтағы, дүниежүзiлiк көлемдегi мəдени мутациядан тартып, төл мəдениетiмiзбен ана тiлiмiздiң сал аурудай күн санап семе бастаған мүшкiл ахуалына дейiнгi аралықтағы толып жатқан мəселелердiң қай-қайсысы да қамсыз, қайғысыз-ау деген жанның өзiн ой азабына салмай қоймаса керек. Дегенмен де «Мен қазақпын мың өлiп, мың тiрiлген» деп Жұбан Молдағалиев жырлаған – қазақ халқының ендiгi жерде тағдыр тезiне, уақыт сынына төтеп бере алар-алмасы – оның бойында жаны бар қай перзентiнiң де басты мұңы, басты алаң- ойы болуы керек десем, қателесе қоймаспын. Өйткенi бiздiң халық дəл қазiр өлiара белдеуде тұр. Уақыттың ең қатыгез, қайырымсыз төрешi екендiгi, бiр кездерi жер бетiнде түбiрлi ғұмыр кешкен, салқар мəдениет жасалған, бiзден де үлкен халықтардың қаншамасының көне тарихта тек iзi ғана қалғандығы, қаншамасы тiптi iз-тозсыз көшiп кеткендiгi – айтпаса да белгiлi ақиқат қой. Дəл бүгiннiң өзiнде, көз алдымызда құмға сiңген судай күннен-күнге тартылып, жоғалып бара жатқан ұлттар, ұлыстар аз ба? Осы құбылысқа байланысты бiздiң əуелде сталиндiк репрессияның, кейiннен тоқырау кезеңiнiң идеологтары болған «ғұ- ламалар» ұлттар жоғалмайды, күштi этностың құрамына енiп, бiр- бiрiмен бiрiгiп, кiрiгiсiп, жаңа, озық тұрпаттағы халыққа айналады-мыс деген «даналық» теория да ойлап тауып, одан жарғы жасап та үлгердi. Алайда бұл балбал тасты үгiтiп, бетон құймаға араластырып жiберсе де, ол балбал тас қалпында, тiптi бұрынғыдан гөрi жақсырақ қалып- та сақталады дегенге ұқсас, мағынасыз, волюнтаристiк ыңғайдағы тұжырым екендiгi дау тудыра қоймас.


Ұлттық болмысынан, дүниетанымынан, тiлiнен, тарихи зердесi- нен айрылған, мүлде басқа этникалық құрамаға сiңiп, генетикалық болмағанмен, рухани ассимиляцияға ұшырай бастаған халықтың өкiлдерiн бұл пəлен деген ұлттың мұрагерлерi деу жаңсақтық болса керек. Ендеше менi жегiдей жеген ойдың ең ауыры – қазақ халқы уақыт көшiне ендi қанша iлеседi, ауа бастаған жүгiн жөндеп, қайтадан керуен


 


түзей ала ма, жоқ əлде келер ғасыр шегiнде өзiнiң заманалар бойы жалғасқан жолын кесiп, үнсiз ғана тарихи деректер қатарына сырғып кете бере ме деген сауал. Əлбетте, тығырыққа келiп тiрелгенiмiзбен, шығар жол да жоқ емес. Шүкiр, заман оңалады, уақыт өзгередi. Тек сол уақыт шiркiндi оздыра бермей, ертерек қамдансақ, кəнеки. Бұрынғыдан бiр сөз қалыпты: «Ел қадiрi – елсiзде» деген. Барды бағалай бiлмеудiң өкiнiшiнен туған ғақлия. Бiз көп нəрсенiң қадiр-қасиетiн кеш түсiнiп, кейiн қапаланып жүрген шабандау жұртпыз ғой. Тек елдiгiмiздiң, елiмiздiң қадiрiн елсiзде бiлiп жүрмесек болғаны.


– «Тығырыққа келiп тiрелгенiмiзбен, шығар жол да жоқ емес» дедiңiз. Ендi осы төңiректегi пiкiрiңiздi таратыңқырап, тиянақтай айтсаңыз.


– Шығар жол бар дегенде мен елден ерек жаңашыл жосық қозғап, пайғамбарлық көрсетейiн деп отырған жоқпын. Бұл жол жайында кейiнгi кезде аз айтылып жүрген жоқ, қоғамдық пiкiр де қалыптасып келедi. Асан Қайғы айтқан сегiз ғарiптiң бiрi:


«Ата жұрты бұқара, Өз қолында болмаса,


Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғарiп», –


едi ғой.


Бажайлап қарасақ, өз бетiнше бұрау шығармақ түгiлi, шөп басын сындыра алмас жағдайға жетiп қалған бiздiң республиканың күнi кешегi күйiн ғарiптiк демегенде не деймiз. Қазақстан қазба байлық- тар қазынасы, түстi металл өндiруден дүние жүзiнде бiрiншi орын алады. Одақ көлемiнде өндiрiлетiн фосфордың 90, қорғасынның 60, мырыштың 40 пайызын т. б. бередi деп шұбырта жөнелгенде ғой, аузымыз аузымызға жұқпайды. Əйткенмен сол телегей теңiз байлықтан таңдайымызға тамшы ғана тиiп отырғаны да құпия емес.


Мұнай мен газдың кенiшi саналатын Атырау, Маңғыстау өңiрi хал- қының жағдайына қараңыз... Миллиондап, толассыз құйылып жататын валютадан жергiлiктi жерге тиын ауысты ма екен? Шынымды айт- сам, бiз ақыл жетпес байлықтың ортасында отырып, аш-жалаңаш қал- ған бейбақ секiлдiмiз. Республиканың дəл қазiргi жағдайын мен көне грек мифологиясындағы Танталдың азабына ұқсатар ем. Тек Тантал кеңiрдектен су iшiнде тұрып бiр ұрттамға зар болған, қол созымдағы нəрлi, дəмдi жемiстен бiр тiстей алмай, аштықтан бұратылған азапқа тəубесiн ұмытқан тəкаппарлығы, шығаннан шыққан жауыздығы үшiн душар болатын едi ғой.


Шектен тыс орталықтандыру, социалистiк интеграция атын жамы- лып, бас-аяғы бүтiн бiр өнiм шығара алмайтын жартыкеш, жарымжан кəсiпорындарды қаптату, сыртқы тұрғай, iшкi экономикалық бай- ланыстар жасауға ерiктiң болмауы, республиканы шикiзат қоймасы ретiнде ұстау саясаты халықтың экономикалық та, əлеуметтiк те


 


ахуалының күрт төмендеп кетуiнiң басты себептерi болғанын «Со- веттiк Қазақстан пəлен жылдын iшiнде түген жетiстiкке жетiп, адам танығысыз өзгердi» деген сыңайдағы желбуаз мадақтармен бүркеме- леп келгенде не ұттық? Сондықтан да мен Олжас Сүлейменовтiң «бiзде көп ретте метрополия мен колонияның арасындағы қарым-қатынас- тар сақталып қалды» деген пiкiрiне қосыламын. Сондықтан да мен республика Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi секретары, Қазақ ССР-i Жоғарғы Советiнiң Председателi Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған республиканы өзiн-өзi басқару, өзiн-өзi қаржыландыруға көшiру бағытын барынша қуаттаймын. Қазақстан федерация құра- мында қала отырып, саяси жəне экономикалық дербестiкке ие болса түптің түбінде тəуелсіздікке де қолымыз жетеді деп есептеймiн. Бұл – бiздiң халықтың ұлт ретiнде сақталып қалуының, ұлттық бол- мыс-бiтiмiн, тiлiн, мəдениетiн жоғалтпаудың бiрден-бiр кепiлi. Осы орайда қайсыбiреулердiң дербестiк ұлттық тұйықталудың, жiк- шiлдiктiң, бұлғақтың, басқа ұлт өкiлдерiн қудалаудың басы деген байбаламдарының дəйексiз екендiгiн атап айтқан жөн болар.


– Сiз халық депутаттығына кандидат болып бұрынғы «Отан», қа- зiргi «Қазақстан» қоғамынан ұсынылдыңыз. Əрине, бұның кездейсоқ- тық емес екендiгi белгiлi. Аталған қоғамның жұмысына басқарма мүшесi ретiнде қызу ат салысып жүргенiңiздi бiлемiз. Осы қоғам атқарып жатқан, алдағы уақытта атқарар жұмыстардың да түп нəтижесi республиканың болашақ мəртебесiне тiкелей байланысты емес пе?


– Əлбетте. Жалпы қиыр жайлап кеткен ағайынның тағдыры, олармен қарым-қатынас жайы талай жұрттың көңiлiн алаң етiп жүрген мəселе екендiгi мəлiм. Қазiр бұл тарапта бiраз жақсы шаруалар жасалуда. Ел мен ел арасына жол түсе бастады, оны бейбiтшiл сыртқы саясаттың нəтижесi деп түсiнемiз. Өз басым соңғы кезде көрiнген игi нышан, жаңа жора – «халықтық дипломатияға» да көп үмiт артамын. Дегенмен осы тұрғыда сөз басталып қалған соң көңiлде жүрген бiр-екi түйткiлдi де ортаға сала кетудi жөн санап отырмын. Бiрiншiсi – сол қазақтарды ата жұрттан ауа көшуге мəжбүр еткен не деген сауалға адал да айқын жауап беру. Бүгiнде ұзын-саны 3,5 миллионға жуық қазақ республика- дан тысқары жерлерде тұрады.


Соның бəрi əлiмсақтан берi шетте жүрген жоқ қой. Басым көпшi- лiгi – осы ғасырда, «қой үстiне бозторғай жұмыртқалап», Қазақстан коллективтенiп, индустрияланып жатқан жиырмасыншы-отызыншы жылдарда кеткендер. «Жат елде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол»,


«Ер – туған жерiне, ит – тойған жерiне» деген сөздердi өмiрлiк принци- пi ретiнде ұстанған, туған жерiне соншама бауыр басқан халықтың баба мекендi тастап, үдере босуы бар алапат шындығы ендi ашылып жатқан əйгiлi 31–32-нiң нəубетiне тұспа-тұс келедi екен. Қайың сауған, кiсi етiн жеген сол бiр сұмдық нəубетте қазақ халқы көшкенi, өлгенi бар жартысынан көбiнен айрылыпты. Ғалымдардың шамалауынша,


 


мұндай қырғынға елiмiз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қасiреттi жылдарында да ұшырамаған тəрiздi. Айтылып жүрген əңгiме ғой, несiне жаңғыртып отыр дерсiң, мүмкiн. Менiңше, дəл осы əңгiменi айтып, айтқан жерде қалдырып жүргенiмiз – бiздiң үрейi бар өшкен ұрпақ, мерейi бар келер ұрпақ алдында кешiрiлмес күнəмiз. Баспасөз белгiлi дəрежеде өз мiндетiн орындады. Ендiгi сөз, келелi байлам үкiмет тарапынан шықса керек едi... Жуырда Украинаның жоғарғы өкiмет органдары сонда болған ашаршылық жайында арнайы қаулы қабылдағанын бiлемiз. Мен И.Ф. Голощекин басшылық еткен кезеңде қазақ халқының ашаршылық аранына iлiнiп, ақсөңке болып қырылуы кездейсоқ қателiк салдары деп емес, ұлтқа қарсы ұйымдастырылған геноцид ретiнде ресми түрде мойындалуы қажет деп санаймын. Қазақ халқы бастан кешiрген трагедияны ұрпақ есiне ұдайы салып тұратын


«1931–1932 жылдардағы ашаршылық құрбандарына» атты ескерткiш салу мəселесi де үкiмет тарапынан қамқорлыққа алынуы керек деген ойдамын. Бұл ретте Жоғарғы Кеңес жанынан нəубет жайын, сталиндiк қылмыс жайын зерттейтiн арнайы саяси комиссия құрылуға тиiс.


Екiншi мəселе – зұлмат кезде республикадан тыс жерлерге қаңғып кетуге мəжбүр болған халық пен сол халықтың бүгiнгi ұрпағына қатысты. Егер iлгерiде айтылғандай қаулы қабылдана қалса, оның iшiнде сталиндiк-голощекиндiк асыра сiлтеудiң тепкiсiне түсiп, ауып кеткен жұрттың, сол жұрттың бүгiнгi ұрпағының туған елі – Қазақстан- ға қайтып оралулары үшiн қолайлы жағдай туғызуды көздеген пункт болуы шарт. Əрине, бұл бiр қаулымен, бiр ай, бiр жылда жəне


«келсеңдер, келе қойыңдар, қарсы емеспiз» деген жалаң сөз, жалған ниет көрсетумен тына қояр шаруа емес. Сондықтан бiр кезде басқа аймақтарға қоныс аударған қазақ халқын өз қалау, ерiктерi бойынша, мамандығын, тұрмыс жағдайын, қауымдасу ерекшелiктерiн ескере отырып, елге көшiрудi бiртiндеп жүзеге асыруға бағытталған үкiмет бағдарламасы қабылдануы керек. Осы орайда атқарылар жұмыстарға КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң «Күштеп қоныс аударылған халықтарға қарсы жазалау шараларын заңсыз жəне қылмысты деп тану мен олардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы» декларациясы да тиянақ негiз болар деп ойлаймын. Мiне, сонда халқымызға жасалған қиянат жартылай болса да өтелер едi.


– Егер жаңағыдай бағдармама қабылданып, жүзеге асып жатқан- дай заман туса, республиканың демографиялық ахуалы да бiраз өзге- рер едi ғой...


– Оған сөз бар ма! Миграциялық, демографиялық процестер ба- рысында көптеген күрделi мəселелер туындап, кейбiр халықтардың өз тарихи мекенiнде отырып-ақ, ұлттық ерекшелiгiн жоғалту қаупiне душар болғандығы жайлы ашық айтылып жүр ғой. Қазiр қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды.


Оқырман дұрыс түсiнер, мен пайыз қуып, шатақ iздеген тiмiскiлiк- тен аулақпын. Бiрақ осыдан екi-үш жыл бұрын «Известия», «Ком-


 


сомольская правда» сияқты орталық газеттерден бастап, көп тиражды басылымдарға дейiн қазақ халқының аздығын бетке басып, пайызға шағып түгендей жөнелген науқанды қалай ұмытармыз. Қазақ аза- маттарының қатты қорланып, қиналған кезi едi ғой ол. Мен қазiр əр тұстан, əр уақытта естiлiп жүрген Қазақстанның кейбiр аймақтарын РСФСР-ге қосуды, «тым болмаса» Ертiстiң оң жағалауында автономия құруды талап еткен, «ердiң артқы қасын сұрап», намысты қажаған ұшқары мəлiмдемелердiң де бiр ұшығын осы пайыз мəселесiмен байланыстырамын.


Бұл арада мен «аттанға» басып, ұлттар арасын ушықтыруды көздеп отырған жоқпын, əрине. Бiздегi халықтардың, негiзiнен, түсiнiсiп, ұғысқан күйде тыныш тiршiлiк етiп жатқаны да ауыз ауыртып, сөз шығындауды тiлемейтiн шындық. Бiрақ досыңмен де терезеңнiң тең болғанын ойлау айып па екен?... Былтыр «Ленинская смена» газетiнде География институтының жетекшi ғылыми қызметкерi В. Бугроменко деген азаматтың «Коренные и пришлые» атты мақаласы жариялан- ды. Ол сонда қазақ халқының тағдыр-талайы хақында ой толғай келiп, «қазақ халқын азшылықтан көпшiлiкке мүмкiндiгiнше тездеп айналдыру» – бiрiншi кезектегi мiндет. Аймақтық шаруашылық есеп концепциясында бұл мəселе басты мақсаттың бiрi ретiнде айқындал- ғаны оң болар едiң, – деген пiкiр айтқан-ды. Мен, осы мақаладан ұлы орыс интеллигенциясына тəн тамаша дəстүр, принциптіліктің iзiн та- нығандай күй кештiм десем, жалған сөйлемеген болар едiм. Тек бұған қосарым – демографиялық, миграциялық құбылыстарды қадағалап, реттеп отыру үшiн Жоғарғы Кеңестiң жанынан арнайы комитет ашу керек. Сонда ғана кейбiр өндiрiс орындары мен ведомстволардың өз республикамызда жұмыс таппай сенделген жастарды көзге iлмей, сырттан жұмыс күшiн тасуына тоқтау салуға болар едi.


– Олжас Сүлейменовтiң сайлаушыларға арналған үндеуiнде бұл күнде қанатын кең жайған «Невада – Семей» қозғалысының дем беру- шiлерiнiң, қажымас қайраткерiнiң бiрi ретiнде өзiңiздiң де есiмiңiз аталады. Қырық жыл бойы елдiң еңсесiн езiп келген ядролық полигон- ды жаптыру жолындағы күрес бүкiлхалықтық қасиеттi қозғалысқа айналды. Əйткенмен сынақ алаңы əне жабылады, мiне жабылады деген үмiт көз ұшында бұлаңдап, халық төзiмi түгесiлуге таяғандай?


– Семей сынақ алаңын жаптыру – сөзбұйдаға салуды, кезек күттiру- дi көтермейтiн мəселе екендiгiн жоғарыдағылар да, төмендегiлер де қапысыз түсiнсе керек. Өкiнiшке орай, Семей сынақ алаңы туған жер төсiндегi жалқы жара, жалғыз қасiрет болмай отыр ғой. Ақтөбе, Байқоңыр, Сарыөзек... уран кенiштерi, оны өңдейтiн комбинаттар... қазақ даласын кеулеп кеткен, əзiрге бар кесапат құпиясын iшке бүгiп жатқан радиоактивтi қалдықтар қоймалары... Тiптi сонау Россияда- ғы «Капустин яр» əскери сынақ алаңының да Қазақстанда «еншiсi» бар болып шықты. Жуырда «Қазақ əдебиетiнен» суретшi Саламат Өтемiсовтiң «Ақиқатты айтпасам, азаматтығыма сын» деген мақала-


 


сын оқыдық («Қ. Ə.» №7). Сынау, жарылыстардың «Капьяр» зонасынан қашықта, Батыс Қазақстан жерiнде жүргiзiлетiнiн бiлiп, жағамызды ұстастық сонда. «Семей облысындағы жағдай мұнда да бар. Рак ауруы көп тараған. Радиация кесiрiнен жергiлiктi тұрғындардың ауруға қарсы иммунитеттерi жойылған. Ересектер ғана ауырады деп жүрген қант ауруымен (сахарный диабет) балалар да ауыратын көрiнедi. Өзiне- өзi қол салушылар соңғы кезде көбейiп кеткен... « Бұл жолдарды қай қиырында да «Қорқыттың көрi» қазулы жатқан туған даланың, туған халықтың шарасыз жағдайына күйзелмей, күңiренбей оқу мүмкiн емес. Бiрақ, ойлап қарасақ, бiздiң республика шикiзат қоймасы ғана емес, ядролық қалдықтар «моласы» болғалы да сəбидiң ер жетiп қоймай, сақалы ағарып, шау тартуына парапар уақыт өтiптi ғой. Ал бiз... бiз жер басып жүрмiз. Кейде сол тiрi жүргенiң, тiрi жүрiп қайрат көрсете алмаған дəрменсiздiгiң үшiн өзiңдi аруақтар алдында айыпты сезiнедi екенсiң. Аруақ демекшi... қазақ фольклорына үңiлсек, аруақты қорлап, күңiрентудiң ең үлкенi – сүйектi бесiкке салып тербеу екендiгiн байқар едiк. Ал қасиеттi Абай мен Шəкəрiмнен тартып қанша аруақтың сүйегi қаншама жылдар бойы ақтық жай жер-бесiкте тербетiлiп емес, сiлкiленiп келедi!. .


Мен республика парламентi Семей облысындағы, басқа да өңiр- лердегi радиациямен төзгiсiз деңгейде уланған аймақтарға мемлекет, дəлiрек айтсақ, Қорғаныс министрлiгi есебiнен жедел көмек көрсетiп, дезактивация жасатуға қол жеткiзуi керек деп бiлемiн. Қазақстан тер- риториясында ядролық сынақтар өткiзбеу туралы Заң қабылдап, бүкiл республиканың радиациялық жағдайын тексергенде ғана халықтың келер күнге деген үмiт, сенiмiне тиянақ пайда болады. Жерұйық – жалғыз мекенiмiздi түп қопарыла қорғауға шығатын уақыт жеткелi қашан...


– «Экология» деген сөздiң өзi, лингвистердiң тiлiмен айтқанда, актив лексиконымызға кешiрек кiрiп едi ғой. Ал ендi соңғы бiрер жыл беделiнде құлағымыз «мəдениет экологиясы» деген тiркеске де үйренiп қалғандай. Сiз мəдениет саласында кеше келген кiсi емессiз. Қазақ теледидарында, одан кейiн партия қызметiнде жүрiп төл өнерiмiздiң ыстық-суығын бiрдей көрдiңiз, халқымыздың iзi суи бастаған талай мəдени дəстүрiн жаңғыртуға тiкелей ат салыстыңыз. Қазiр де республикалық «Өнер» баспасына жетекшiлiк етудесiз. Ендеше, көкейiңiзге түйген ойдың бiр парасы өнер, мəдениет тақырыбына қатысты болса керек?


– Дүниеде бiр-бiрiмен байланыссыз құбылыстың жоқтығы қандай рас болса, халықтың мəдени деңгейiнiң қоғамдық, əлеуметтiк, тұрмыстық, табиғи факторлармен байланыстылығы да сондай ақиқат екенi аян. Мен


«мəдениет» деген ұғымға кеңiрек қарауға тырысамын. Оны халықтың тiлi, дүниетанымынан, ой-өрiсi, дəстүр-салты, иманы, тарихынан, бiр сөзбен айтқанда, тiршiлiк ету тəсiлiнен бөле-жарып қарастыру мүмкiн емес сияқты. Ендеше, iлкiде айтылған түйiндi мəселелердiң қай-қай- сысы да елдiң мəдени ахуал, деңгейiне тiкелей қатысты болар.


Ал халқымыздың мəдени деңгейiне келсек... Шүкiр, бiраз игiлiктi


 


шаруа қолға алынып, байырқалай бастаған тəрiздi. Алайда елдiң көңiлi көншiп, бар дiлгiрi өтелдi десек, шындықтың ауылынан аулақтап кетер едiк. Мəдениетке екiншi қатардағы, қажетсiздеу сала, асса «лəббайшыл» қызметшi ретiнде ғана қараған рухани соқырлықтың салдарынан елiмiздiң мəдени өмiрiне қатысты күрделi мəселелер қордалана келiп, сеңдей сiресе бастағаны да жасырын емес. Мəлiметтерге жүгiнсек, материалдық базаның жоқтығы себептi өнер, музыка мектептерiнде республика балаларының 5-ақ пайызы оқи алады екен. Ал талапқа сай эстетикалық тəрбие кабинетi бар мектептi шам алып iздесең де таппайтын жағдайға жетiппiз. Адамзат қоғамы жаңа мыңжылдыққа қадам басуға таяған кезде 300-ге жуық елдi мекенде қарапайым ғана клуб жоқ дегенге кiм сенедi?! Ал тарих-өлкетану мұражайларының, мұрағат мекемелерi мен кiтапханалардың жайын қозғамасақ та болады. Қазақстанда көз түгiлi, «көк дөненнен жүйрiк көңiл» жетпейтiн көне ықылымнан қалған ғажайып жəдiгерлер де аз емес. «Тарих пен мəдениет ескерткiштерiн қорғау туралы заң» да бар. Бiрақ сол заңымызға сүйе- нiп, қорғап үлгеремiз дегенше, ескерткiштердiң талайы мəңгiлiкке ғайып болатын сияқты. Естi жұрт ескерткiштерiн түгендеуге кiрiскенде, бiздiң бiр қайраткерiмiз беделдi басылым бетiнен айдала, құла түзде қаңқайған ескiлiк белгiсiн қорғап, қаражат шашқан немiздi алған деп


«күңiренгенi» де есiмiзде.


Сондықтан да республика Жоғарғы Кеңесi мəдениеттiң еркiн дамуына, əрбiр ұлт өнерiнiң өркен жаюына кепiлдiк беретiн «Мəдениет туралы заң» қабылдауға тиiс. Ал бұл заңның да кезектi жартыкеш шара, шала қаулыға айналмауының шарты – заң түзуге өнер қайраткерлерiнiң тiкелей араласуы деп бiлемiн.


Мəдениеттiң мұңы – қанша айтсаң да түгесiлмес мұң ғой. Бiрақ əсiресе ауыл мəдениетiнiң өздерiнiң қаладағы құрбыларымен салыс- тырғанда көп нəрседен қағыс қалып, кем жетiлiп келе жатқан ауыл балаларының жағдайы қабырғаға батады. Мен өзiм оқыған мектеп кiтапханасына талай жыл бойы тiрнектеп жинаған мың кiтабымды сыйладым. Көзге түсейiн, мақтанайын дегендiк емес. Өзiмнiң қаршадай бауырларымның рухани мұқтажының бiр кетiгiн сəл де болса, қолдан келгенше толтырсам деген талпыныстан туған шара. Мəдениет қамы шынтуайттап келгенде ұрпақ қамына ұласады екен. Өскелең ұр- пақ – елдiң болашағы ғой. Ендеше мəдениет қамына халық қамы деп қарағанымыз мақұл.


Əңгiмелескен Ғ. Доскенов.


«Лениншiл жас» газеті, 3 наурыз 1990 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу