02.03.2022
  141


Автор: Сұлтан Оразалы

ЗАҢҒАР

Академик Салық Зиманов


 


(Деректі фильмнің сценарийі)


 


Салық Зиманов – қазақ қоғамында ерекше қадірлі Қаныш Сəтпаев сияқты ұлы ғұлама, ірі қайраткердің көзін көрген, ықыласына бөлен- ген, қазір де асылдың көзіндей, солардың ізбасары іспеттес адам. Ол еліміздегі заң ғылымдарының атасы болумен бірге, халқының ар- намысын биік ұстаған азамат. Тіпті жасының егде тартқанына қарамастан, соңғы он жылда тарихы мыңдаған жылға тереңдеп кететін əдет-ғұрып заңдарын түбегейлі зерттеп, өзіне серік əріп- тестерін басқарып, «Қазақтың ата заңдары» атты он томдық теңдесі жоқ еңбекті жарыққа шығаруы Салық Зимановтың ұлы ерліктерінің бірі əрі бірегейі.


Мен «Қазақ зиялылары туралы антология» топтамасынан «Заңғар» атты бейнефильмді түсірген кезде осы аяулы ағаның мінез-құлқы, жан дүниесі, ой-арманы, тіршілік салтымен жақын таныстым. Бұл адам туралы фильм түсіруді өз жүрегімнің қалауымен таңдаған едім. Қателеспеппін. Ол кісімен əр жолыққан сайын бойға бір нұрлы сезім құйылғандай, адалдықтың, ашықтықтың, тереңдіктің үлгісін көргендей күй кештім. Сол аға, міне, Тайбурылдың шабысындай то- лассыз екпінмен, тындырымды еңбекпен тоқсан деген жасқа жетіпті. Неткен қуат, неткен шабытты өмір!


Осыдан алты жыл бұрын жарық көрген «Заңғар» бейнефильмі көптеген телеарналардан сан мəрте көрсетілді. Енді оқушы жұртқа толық сценарийін ұсынып отырмын.


 


Көгілдір аспан. Тұңғиық көкте ақша бұлттар қалықтайды. Дом- бырадан жүрек қылын шертетін сазды, ойлы əуен төгіледі. Алатаудың қарлы шыңдары, жасыл алқап... буырқанған тау өзені... Өзен жағасын- да баяу аяңдап ақ шашты, қағылез келген адам жан-жағын жіті шолып келе жатыр. Бұл – академик Салық Зиманов. Өмір толқыны тəрізді тасыған су. Ол бір дөңнің басына шығады. Төмен түсіп, қой тасқа келіп отырады. Ойлы, алысқа көз тігеді. Ендігі бір сəтте Ғы- лым академиясының жанындағы гүлзарды, субұрқақты аралап жүр. С.Оразалы екеуі əңгімелесіп тұр. С.Зиманов көрінген сəттен бастап музыка баяулап, С.Оразалының даусы кадрдан тыс естіледі.



  • Жасының егде тартқанына қарамастан, ширақ қимылды, ойлы, сымбатты осы адамды қазақ халқы ардақ тұтып, зиялы қауым оның əрбір сөзіне, əрбір ғылыми еңбегіне зор құрметпен көңіл аударып келеді. Өйткені оның өмірі ерлікке, парасаттылыққа, ғылымдағы жан- қиярлық еңбекке толы. Ол өзінің жарқын іс, жалынды сөздерімен, ғылыми жаңалық, тың идеяларымен жұрттың жүрегін жаулап алып,


 


нағыз ұстазға тəн болмысымен маңайына нұр шашып тұратын адам, Ия, бұл-əйгілі ғалым Салық Зиманов.


Ғылым академиясының алды. Шоқан ескерткішінің түбіндегі орындықта отырған жүргізуші. Шырша ағаштары, субұрқақтары жүргізушінің фонында көрінеді. С.Оразалы артында көрініп тұрған ғимаратты нұсқай отырып сөйлейді.



  • Сəкеңнің жарты ғасырға жуық өмірі осынау ғимараттың ішінде, ғылым мен білімнің алтын ордасында өтті. Бұл – Қазақстан ғылымы- ның небір ұлы тұлғалары еңбек еткен қасиетті шаңырақ. Шəкірт болып кіріп, өзінің ұлы дарынының арқасында заң, құқықтану ғылымының негізін салушы, еліміздегі қоғамдық ғылымдардың абызы дəрежесі- не көтерілген Салық Зиманұлы туралы айтудың қиындығын ерекше сезіндім. Сондықтан да осы фильмді түсіру барысында жаныма етене жақын болып кеткен Сəкең туралы, оның тұстастары мен ғалым інілерін көбірек тыңдауға тырыстым...


С.Сартаевтың таудағы саяжайы. Жапырақ-желегі төгілген алып ағаштың түбіндегі орындықта отырған академик С.Сартаев:



  • Əрбір халықтың белгілі еңбекқор адамдары, ғалымдары бар. Олар- дың ішінде белгілі тұлғалары бар. Елдің атын шығаратын жердің атын шығаратын солар. Салық Зиманұлы – еліміздегі ұлы тұлғалардың бірі. Осындай тұлғалар елдің атын, жердің атын бүкіл дүниеге таныстыра- ды деп ойлаймын.


Алматыдағы бұрынғы Жоғарғы кеңес ғимаратының алды. Əсем көрініс фонында тұрған академик Ғ.Сапарғалиев:



  • Елу жыл бойы Салық Зиманұлы қазақтың дəстүрлі құқығының бір жарым, екі мың жылдық тарихын зерттеп, қазірдің өзінде қазақ халқының дəстүрлі құқығы туралы үш томдық кітап шығарды.


Академик С.Сатубалдиннің кабинеті.



  • Мен Салық Зиманұлын өте үлкен тұлға ретінде бағалаймын. Өз басым оны мына Алатаудың шыңдары тəрізді үлкен азамат ретінде көрем. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан көрінсе екен деп халқының мұңын мұңдап, жырын жырлап, елге сəулесін төгіп тұрған шамшырақ ретінде көрем.


Философия ғылымының докторы Ə.Қалмырзаев:



  • Салық Зиманұлының Қазақстандағы ролі қазір заңгер ғалым ре- тінде ғана емес, ол шеңберден шығып кеткен тұлға ретінде есептеледі. Салық Зиманұлының мемлекеттік тəуелсіздік декларациясын қа- былдауға, тəуелсіздік туралы заңды қабылдауға қосқан үлесін бүкіл халқымыз біледі.


Жазушы С.Оразалы (Шоқан ескерткішінің түбіндегі орындықта отыр):



  • Кез келген дария өзінің бастау көзін шағын бұлақтан немесе сы- зашықтан алатыны сияқты, Салық Зиманұлының өмір-өзені де бала- лық шақтан, жастық дəуреннен басталады.


 


Кинохроникадан отызыншы жылдардағы ауыл өмірі көрінеді. Құм басқан дала. Жалаңаяқ жүгіріп келе жатқан бала құмтөбенің басы- на қарай өрлейді. Қала маңына үймелеген аш-арық адамдар. Жайық өзенінің толқыны. Қазіргі Атырау қаласы... Салықтың бала кездегі суреті көрсетеледі. Екінші экспозицияда оның əке-шешесінің суреті. Атырау теңізінің толқыны. Сазды, жүрек шымырлатар мұңды му- зыка.С.Оразалының даусы кадрдан тыс естіледі.



  • Дүние есігін Тайсойған құмының арасында ашқанымен, оның балалық шағы Жайықтың жағасындағы бұрынғы Гурьев қаласында өтеді. Мектепті де сонда бітіреді. Əкесінің аздап оқығаны бар, көзі ашық адам болуы тұтас бір əулеттің ашаршылықтан аман қалуына себеп болыпты.


Алатаудың əсем қойнауы. С.Зиманов пен С.Оразалы əңгімелесіп отыр. Зиманов сөзінің мазмұнына қарай ашаршылық жылдарындағы деректі кадрлар көрсетіледі. Шаңырағы ортасына түсіп, керегесі ырсиған қазақ үй. Оның жанында аштан өліп жатқан адамдар. Əр жерде шашылған балалардың мүрдесі. Қара қазан. Қақпағын кө- тергенде ішінде ештеңе жоқ. Көш. Түйенің қомындағы көзіне шыбын үймелеген бала т.б.


С.Зиманов: Мен балалық, жастық шағымды қазірдің өзінде есіме көп алмаймын. Өйткені көңілім де, арманым да əлі алда. Сол балалық, жастық шағымда қызықты, көңілді бір сəт бар ма екен?! Шəкерім айтқандай, балалық шақ, бал шағым деген менде болған емес.


Өзім Атырауда тусам да, бүкіл тұқымым, ата-бабам Қызылқоға деген жерден. Ол бір ауыр кезең еді. Көші-қон, сапырылысып жат- қан халық. Қиын-қыстау заман. Отызынышы жылдарды өзің білесің. Ашаршылық. Конфеске... Бүкіл қазақ босып кетті.



  • Осының бəрі жас болсаңыз да есіңізде ме?

  • Есімде. Біздің үйіміз бұрынғы Гурьев қаласындағы қой базарының қасында еді. «Қалада мұнай бар дейді, темір жол бар дейді, кəсіп бар дейді», – деп ауыл-ауылдан ағылған, тіпті Орта жүзден босып келген адамдар базардың айналасында толы болатын. Қайыр сұрап отырғандар қаншама! Кейбіреулері күннің ыстығында шыбын-шіркейге жем болып, жанталасып, аштықтан бұралып жататын.


– Ісіп кеткен адамдарды көрдіңіз бе?



  • Көрдім. Бір күні кетіп бара жатқанда əкем бір ісіп, қарайып кеткен орта жастағы адамды көрді де:

  • Балам, мынау біздің ағайын, – деді. Соған көмек бере алмады. Біздің өзіміз бір сиырдың құйрығымен, бір түйенің емшегінен ұстап əрең күн көріп отырғанбыз. Басқа түгіміз жоқ. Міне, менің балалық шағым. Сондықтан оны еске алғым келмейді. Менде балалық шақ болған жоқ.


Алатаудың бауырындағы арқыраған тау өзенінің жағасында ойлы жүзбен өткенін еске алып отырған ғалым көрінеді. Оның көздері əрі


 


мұңды, əрі терең ойға батқан. Музыка біраз ойнаған соң баяулап, С.Оразалының даусы естіледі:



  • Бəлкім, Зиманов бойындағы шыдамдылық, төзімділік, ерлік мінез осы бір ауыртпалық жылдары қалыптасты ма екен? Оның бүкіл өмір жолына серік болған осы қасиеттері еді ғой.


Москва. Жеңістің 60 жылдығына арналған Қызыл алаңдағы шеру. Музыка. Барабан үні. Ұлы жеңіске қатынасқан қарт жауынгерлер жүк машиналарымен, кеуделеріндегі ордендері жарқырап, өтіп жатыр. Солардың ішінде С.Зиманов та бар. Оның суреті екінші экспозициямен тағы көрінеді. Төсінде жауынгерлік ордендері... Шеруге қатынасуға барған бір топ ардагерлердің ортасында Президент Н.Назарбаев та бар. Олардың арасынан С.Зиманов бөлініп шығып, журналиске сұхбат береді.


Жүргізуші даусы:



  • Жеңістің 60-жылдығына арналған Қызыл алаңдағы шеруге 84 жасар қарт жауынгер Зиманов та қатысты. Бұл оның қан майдандағы ерліктеріне көрсетілген зор құрмет еді. Бұл оның қайсарлықпен жүріп өткен өмір белесіндегі тағы бір жеңісі, отқа оранған жастық шағының өтеуі болатын.


Ғылым Академиясының алдындағы алаң. Шоқан ескерткішінің ар- тындағы сұр шыршаның түбінде тұрған С.Оразалы əңгімені кадрда жалғастырады:



  • Соғыстың бірінші сағатынан бастап, соңғы күніне дейін өмір мен өлімнің ортасында жүрген балғын жігіттің сан түрлі ерліктерінің ішінен замандастары екі оқиғаны бөліп айтады. Соның бірі – 1943 жылы Кавказдағы үш мың метрлік Аджимушкай асуындағы тау ат- қыштары дивизиясы жау қоршауында қалады. Көмек келгенше азық- түліктері əбден таусылып, əлсіреген жауынгерлердің кейбірі адам етімен қоректене бастайды. Аштықтан бұратылып орнынан тұра алмай жатқан 22 жасар Сəкеңе көмекшісі: – Жолдас командир, өлесіз ғой, сіз де жұрттың істегенін істесеңізші, – дейді. – Жоқ, – дейді сонда Сəкең, – Өлсем де адам қалпымда кетейін,– деп шыдайды, ақыры жеңіп шығады.


Соғыс жылдарының көріністері. Белгісіз төбе үшін кескілескен ұрыс.. Тау басындағы жау бекінісіне ұмтылған жауынгерлер көрінеді. Кинохроникадан іріктеп алынған осы көріністердің арасында жас жауынгер С.Зимановтың бейнесі жиі-жиі көрінеді. Оның көздері... Композитор Сыдық Мұхамеджановтың атақты ораториясының


«Майданға» бөлімі ойналады. С.Оразалы бірде кадрда, бірде даусы кадрдан тыс естіледі.



  • Екіншісі – Польша жеріндегі бір биік төбе үшін кескілескен ұрыс болады. Төбе немістердің қолында, берік бекінісі бар. Арт жағы сам- саған жау. Төбеден оқ бұршақша жауып, төмендегі Кеңес əскерін беттетпейді. Оқтың жойқындығы сонша, қылт еткенді қиып түсе


 


береді. Сол кезде майор Зиманов жанына бір топ жанкешті сарбаздарын ертіп, оқ боранының арасымен ажал төбесіне аттанады. Тосыннан тап берген көзсіз ерлерден зəресі ұшқан жау бекіністі тастап тұра қаш- қанымен, олардың аз ғана адам екеніне көздері жеткен соң, естерін тез жинап кері шабады. Кескілескен қолма-қол ұрыс басталады. Оларға қарсыласар дəрмен қалмаған сəтте майор Зиманов өзі басқаратын артиллеристерге:



  • Бізді атқылаңдар, – деп бұйрық береді. Қасындағыларға: – Өлмеу- дің қамын ойлаңдар, – дейді жанұшыра.


Ақыры жау шегінеді. Күл мен қираған бекіністің арасынан шабуыл- ға барған бірнеше адам ғана тірі қалыпты... Соның бірі – 22 жасар Салық Зиманов.


Алатаудың бөктері. С.Зиманов пен С.Оразалы əңгімелесіп отыр.


С. Оразалы: Сіз уыздай жас едіңіз. Өздеріңізді атқылауға бұй- рық бергенде өлемін-ау деп ойлаған жоқсыз ба? Сонда өмір қымбат болмағаны ма?


С. Зиманов: Бұл енді өзімнің жеке қасиетім бе, əлде сол кездегі жастардың бойындағы қасиет пе, білмеймін. Отан үшін, ел үшін деп бел буып, керек болса жанымызды пида еттік. Біз соған сендік. Бізді солай тəрбиеледі. Заманымыз сондай еді. Соғысқа барған кезде кіші сержант болып бастадым. Соғыс кезінде тез өстік. Аға лейтенант, капитан болдық. Қырық төртінші жылы дивизионды басқардым.


С. Оразалы: Өздеріңізді өлімге байлап, оқтың астында қалғанда қандай күйде болдыңыз?


С. Зиманов: Соғыс күндері деген – өлім мен өмірдің арасындағы өмір. Əрине, еш адам өмірін қиғысы келмейді. Дегенмен сол заманда Отан, ел үшін деген ұғым, ар мен намыс күш-жігер берді. Командир болғандықтан, өзің туралы аз ойлап, қарамағыңдағы адамдар туралы көп ойлайсың.


С.Оразалы Ғылым академиясының алдындағы гүлзарды аралап келіп, бір шыршаның түбіне тоқтайды.


С.Оразалы: Бұндай қадамға бару, жас сарбаздың ержүректігімен қоса, өмірге келген ортасында бойына сіңген жауангерлік рух еді. Жоғарғы майдан басшылығы гвардия майоры Салық Зиманов туралы


«Жастығына қарамай айрықша батыл, ұстамды, кескілескен шайқас үстінде міндетті өзіне артып, шұғыл шешім қабылдап, қауіпке төтеп береді» деген мінездеме беріпті. Осынау əділ баға Сəкеңнің өмір бойғы мінезіне де сай келеді. Ол қандай қиын-қыстау, тайталаста болсын, отты өзіне шақырып, қайсарлықпен жеңіп келеді.


Алатау қойнауы. С.Оразалы екеуінің əңгімесі жалғасады. С.Зима- новтың соғыс кезіндегі суреттері, алма-кезек көрсетіледі.


С.Зиманов: Жеті жыл өмірім армияда өтті. Соғыстан соң Қазан қаласына барып сырттай оқуға түстім. Бірінші курстың студенті атан- ған соң Гурьевке қайтып келіп, Папанов дейтін прокурорға жолықтым. Ол кісі стажер бол деді. Екі ай ол жұмысты атқарған соң – тергеуші,


 


артынан аға тергеуші болдым. Сөйтіп жүргенде бір жыл уақыт өтті. Ол кезде Алматы дегенді естуіміз бар, бірақ көрмегенбіз. Сол қаладан инспекция жасап Республиканың бас прокуроры Гурьевке келді. Ол кезде үйдің халі онша емес, мен əлі əскери формамен жүретінмін, əрине, погонды алып тастағанмын.


Киетін басқа киім жоқ қой.


Иə, қайдан болсын. Бас прокурор мені артиллерист деп əзілдеп, қасына ертіп жүрді. Екеуміз Жайықтың жағасына барып кейде балық аулаймыз. Ол кісінің бір аяғы кеміс болатын, көмек керек. Содан кетерінде маған: – Шақырсам, Алматыға келесің бе? Мен сені аса маңызды істерді тергеу бөліміне тағайындаймын, – деді. – Барамын!– дедім. Сөйтіп 1948 жылы Алматыға келдім.


Елуінші жылдардағы Алматы. Көше. Адамдар. Сол кездегі орталық көшені көмкерген гүлзарлар. Бибігүлдің «Алматым қандай тамаша» əні. С.Зимановтың елуінші жылдардағы суреттері осы көріністердің фонында беріледі. С.Оразалының даусы кадрдан тыс естіледі:



  • Əсем қала Алматы жас жігіттің бойындағы білімге құштарлықты ашып, ол бар болмысымен ғылым жолына ден қояды. Өзінің алғашқы махаббатын да осында кездестіреді. Жұбайы Шəрбан Батталова да көрнекті ғалым, химия ғылымының докторы, академик ретінде көпке танымал адам.


Шəрбан екеуінің жас кездегі суреттері. Шəрбан химия лабора- ториясында, үйде, екеуі табиғат саясында. Бұл суреттер С.Зиманов əңгімесінің арасында көрсетіледі.


С.Зиманов: Шынымды айтсам, қызық пен арман қуып құрбылар арасында жүретін, қыздармен қыдыратын жастық шағым армияда өтті. Соғыстан соң алға қойған мақсатым – ізденіс, осы өмірдегі өз орнымды тапсам дедім. Содан аспирантураға түстім. Ал махаббат менің жүрегімнен өшкен емес. Оның аты – Шəрбан. Екеуміз Алматыда жолықтық. Ол Москваға аспирантураға кетейін деп жатыр екен. Екеу- міз таныстық. Содан бір жыл өтті, екі жыл өтті. Ақыры үйлендік. Ол Москва университетін, оның аспирантурасын, докторантурасын бітірді. Мен Алматыда жүріп бітірдім. Мəскеу барып бітірдім. Екеуміз де академик болдық. Ол қазақша сөйлегенде, қазақтың əдет-салтын білгенде ғажап болатын. Əсіресе жазушылар, мына Əбдіжəміл Нұр- пейісов, Зейнолла Қабдоловтар таң қалатын. Бір үйде екі академик тұрғанда кім басшы дегенді сұрадың ғой. Мен өзімше еркек болып жүрдім, ол өзінше əйелдің міндетін атқарды. Арамызда əр уақта кейбір сөздер болады. Бірақ үйдегі қонақтарды қабылдау, жолдастармен қарым-қатынаста əрқайсымыз өз орнымызды білеміз. Онда кім бірінші деген сөз болмайтын.


Медеу шатқалы. Тау баурайында С. Сартаев, С. Зиманов, К. Ор- мантаев үшеуі əңгімелесіп келеді. Жүздері жарқын. Жазушылар одағы үйінің алдындағы саябақ. К. Ормантаев сондағы орындықта отырып сөйлейді:


 



  • Салық Зимановпен мені академик Сайын Балмұқанов таныстыр- ған еді. Оған да бірталай уақыт өтті. Содан бастап үй ішімен араласып, дастархан басында жиі болып жүрдік. Шəрбан Батталқызы Москвада, Мəскеу университетін бітірген азамат. Мамандығы – химик (шетел ғалымдарымен түскен фотосуреті). Солай бола тұрып, үйіне келген адамға дəм бермей, шəй ішкізбей жібермейтін. Ерлі-зайыпты адамдар болған соң арасында майда-шүйде келіспеушілік, ұрыс-керістер болады ғой. Олар болса бір-бірімен қалжыңдасып, сөйтіп барып мəселені шешетін. Біз болсақ, ондай əңгіменің аяғын төбелеске айналдырып жібереміз ғой, ерлі-зайыпты адамдар. Олар басқаша еді. Соны көрдім. Бұлар от басында үлгілі адамдар болатын. Салық Зиманұлы соғысқа қатысқан адам. Айтқаны – айтқан, ақ дегені – ақ, қара дегені – қара, көп сөйлемейді, қысқа нақты сөйлейді. Сондай болса да, үйінде бала- ларымен, немерелерімен (фотосуреттер) қалжыңдасып, еркелетіп отырады. Мүлде басқа адам. Үйіне келсең басқаша сөйлеседі. Жұмыста басқаша. Сəкеңнің қасиеттері өте көп (фотосуреттер).


К. Ормантаев сөйлеп отырғанда С. Зимановтың ірі планда күліп отырған, жұбайымен, балаларымен жүрген фотолары көрсетіледі. Кинокадрлар. С. Зиманов Ғылым академиясының бас ғимаратына кіріп келе жатыр. Төрде тұрған Қ. Сəтпаевтың мүсініне тоқтап, басын иеді. Қолынан сипайды. Ірі планда Сəкеңнің көздері. Ұлы ұстазына деген зор махаббаты сезіледі. Ғалымның кітаптары, көптеген даңқ- ты ғұламалармен түскен суреттері. Кинохроникада Қ. Сəтпаев сөз сөйлеп тұр. Ол шəкірті С. Зимановты да бағалап тұрған тəрізді.


С.Оразалының даусы: Салық Зиманов – Қаныш Сəтпаевтың үмі- тін ақтаған, өзі де сол ұлы топта біздің дəуірімізге жеткен жарқын тұлғалардың бірі. Ол өз замандастарымен қатарласа, иық тіресе жүріп, 50–60-шы жылдары құқық тарихын жəне оның теориялық мəселелерін зерттеп, қазақ мемлекеттігінің тарихы мен теориясын жасады, сөйтіп Қазақстандағы құқықтанудың негізін қалады. Оның екінші бір шоғыр туындылары Кеңестік дəуірдегі ұлттық мемлекеттің қыры мен сырын ашып, мемлекет жəне құқықтың жалпы теориясын қалыптастырды. Қ. Сəтпаев оны «Қазақстандағы заң ғылымдарының негізін салушы» деп бағалаған. Салық Зиманұлы соңғы жылдары тəуелсіз Қазақстан- ның мемлекеттік құқықтық негіздерін қалыптастыруға аянбай тер төк- ті. Қазақ өркениетінің мың жылдық тарихындағы Ата заңдарымызды жинақтап, зерттеп, жарыққа шығара бастауы ғалымның ұлы ерлігі деуіміз керек. Бұл еңбектер С. Зиманов жазған 14 монография мен 200- ден астам ғылыми мақалаларда жинақталған.


С. Зиманов Ғылым Академиясының кітапханасында жұмыс істеп отыр. Кітап сөрелерін аралайды. Алдындағы қолжазбаларды оқиды. Түрлі томдарды аудара отырып керегін іздейді. Оның даусы кадрдан тыс естіледі, бірақ арасында экранға өзі шығады.


С. Зиманов: Менің Кеңес үкіметі кезінде, кеңес заманында жазған еңбектерімнің ішінде бір үлкен сыр жатыр. Ол – сыр, ол – аңсаған


 


арманның сыры. Ол қазақ халқы өз алдына тəуелсіз ел болса екен, өз алдына өркениетке жетсе, дүниежүзілік елдердің қатарына қосылса екен деген ниет жататын. Сондықтан біз Ленинді жазсақ та, Шоқанды жазсақ та, не болмаса мына ұлттық мемлекет туралы жазсақ та əр уақыт- та ар жағындағы ойымыз, түбірлі, түбегейлі ойымыз қазақ халқының болашағы, өз алдына тəуелсіз ел болу. Сондықтан ол еңбектің түбірлері қай дəуірге, қай тарихқа арналса да, ар жағында бір үлкен арман, сыр бар. Ол сыр еңбекті дұрыс оқитын адамдарға көрініп-ақ тұр.


С. Зиманов пен С. Сартаев екеуі тау баурайында əңгімелесіп келе- ді. Жүздері жарқын. Əлденені естеріне түсіретін сияқты. Камера біртіндеп таудағы саяжайындағы   ақталдың   саясында   отырған С. Сартаевқа тоқтайды:



  • Мен Салық Зимановтың адамгершілігі, кішіпейілділігі, білгірлігі, ойшылдығы – бұның бəрі осы өсіп келе жатқан жастарымызға үлгі болатын қасиет деп ойлаймын. Сондықтан да біздің жастарымыз осы Салық Зиманұлы жазған еңбектерді жақсылап оқып шықса деймін. Көз жіберіп қарасам, бүкіл тарихымыз Салық Зиманұлының еңбектерінде жазылған. Осы кісінің еңбектерін білген адам басқа тарихи кітаптарды оқымаса да болар еді деп ойлаймын.


С. Зиманов Ғылым академиясының алдындағы алаңда қыдырып жүр. Субұрқақтың жанына барады. Шоқан бейнесіне ұзақ қарап тұрады. Ойнап жүрген балаларды қызықтайды. Соңынан орындықта отырып, ойлы жүзбен алысқа көз жібереді. Ғ. Сапарғалиевтың даусы кадрдан тыс естіліп, біраздан соң өзі көрінеді:



  • Салық Зимановтың шұғылданып жүрген мəселесі Кеңес зама- нындағы Қазақстан құқығының жəне мемлекеттің тарихы болатын. Осыған байланысты Салық Зиманұлының басқаруымен үш томдық еңбек шықты. Сонымен қатар өзі жеке көптеген кітаптар жазды. Мемлекеттің құрылымы туралы, тарих туралы, əсіресе философия жəне құқық ғылымын ұйымдастыруда Салық Зиманұлының рөлі аса зор. Философия жəне құқық институтының директоры болып Салық Зиманұлы жетпісінші жылға дейін қызмет істеді. Сонда бұрын-соңды болмаған ғылым саласы, əсіресе философия жəне құқық Қазақстанда өте кең дамып, біраз ғылымдар дайындалды. Соның барлығына ұйыт- қы болған Салық Зиманұлы.


С. Зимановтың жұмыс кабинеті. Ол компьютерден əлденені іздеп отыр. Терең ойға батып, ауық-ауық ақ қағазға үңіліп, жазу жазады. Кітап сөресінен бір қолжазбаны əкеліп қарайды. Бұл көріністер оның тауда қыдырып жүрген, кітапханада жұмыс істеп отырған сəті- мен алмасады. Кітапханада бір топ шəкірттері ұстазымен əлденені талқылап жатыр. Ғалым үнемі жұмыс үстінде. Оның даусы кадрдан тыс естіледі.



  • Мен бір проблемамен, бір ғана жұмыспен айналыспаймын, екі-үш тақырыпты қатарынан алып жүрем. Бір күн, бір түн мынаны істесем, енді бір күн, бір кеш басқасына кірісем. Менің өмір бақиғы, міне, 45


 


жыл болды, режимім былай: Түнгі сағат үште тұрам. Сағат 6-дейін жұмыс істеймін. Алтыда жатып жетіге дейін дем алам, бірақ ұйқы жоқ. Жетіде тұрып жұмысқа баруға дайындалам. Күндіз тағы екі сағат жұмыс істеймін. Сондықтан ой, толғаныс дегеніңде тыным жоқ.


С. Зимановтың тынымсыз өмірі, шəкірттерімен кездесуі, ғалым- дармен əр түрлі жиындарда бірге тұрған суреттері көрсетіледі. С. Ора- залының даусы кадрдан тыс естіледі:



  • С. Зимановтың ұстаздығы, ғылымға келген жастарға қамқорлығы туралы аңызға толы əңгімелер айтылады. Ол Ғылым академиясындағы Философия жəне құқық институтының директоры, ҚазМУ-дың заң факультетінің деканы, Ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы бола жүріп, жүздеген шəкірт тəрбиеледі. Олардың ішінде 16-ғылым докторы, 21-ғылым кандидаты өз еңбектерін Сəкеңнің жетекшілігімен қорғады.


С. Сатубалдин (академик): Сəкең жай ғана ұстаз емес, ұстаздардың ұстазы. Нағыз ұлағатты ұстаз.


Е. Нұрпейісов (профессор): Сəкеңнің бір қасиеті өзінің шəкірттері- мен тікелей жұмыс істегенде сенің мына жерің нашар екен, ана жерің бұрыс екен деп кемшілікті айтса да, жаныңа тиетін, арыңа тиетін сөз- дерді өмірі қолданбайды. Өзі сондай намысқой адам болғаннан кейін, басқаның да ар, намысына тиіспеудің талай жолдарын біледі.


С. Сатубалдин (академик): Салық Зиманұлының өзі құрған мектебі бар. Ол тек заң ғылымдарының мектебі ғана емес, тұтас қоғамтану ғылымының мектебі дер едік. Бұл кісінің атқарған еңбегі орасан зор.


Е. Нұрпейісов (профессор): Сəкең жанында жүрген жас ғалымдарға айтатын өсиетін айтады, бірақ олардың жүріс-тұрысына, қылығына араласып, кіріспейді. Біреуді қайта тəрбиелеуге ұмтылмайды. Əркімнің өзіндік қалыптасқан мінезі бар. Ол Сəкең айтты деп өзгере қалмайды ғой. Əр адамды өз қалпында қабылдайтын жақсы мінезі бар.


Ғылым академиясының алдында тұрған С. Оразалы кадрда сөй- лейді, артынша 1986 жылдың оқиғаларын көрсететін тарихи кадр- лар беріледі. Г. Колбиннің Қазақстанның бірінші басшысы болып тағайындалғаны туралы газет хабары. Г. Колбин портреті. Алаң. Жастарды шаштан сүйреп ұрып жатқан солдаттар. Қантөгіс. Осы кадрлардың арасында аса қызу сөз сөйлеп тұрған С. Зиманов портреті.


«Елім-ай» əні. Алаңдағы шу, дабыр.


С. Оразалы кадрда (Ғылым академиясының ғимаратын нұсқап): Бұл шаңырақтың астында ғылыми ойлардың таласымен бірге талай рет тарих айрығындағы халық тағдырын шешетін саяси тайталас та болған еді.


Кадрдан тыс: Москваның əділетсіз шешімі қазақ халқының ашу- ызасын тудырғаны мəлім. Бірақ өктемдік құрып үйренген орталық өз шешімінен қайтпай жастарды қуғын-сүргінге ұшыратып, халықтың ар- намысын таптады. Бүкіл қазақ халқына жала жапқан шешім шығарды. Міне, осы кезде дана халқымыздың батыл да батыр, парасатты ұлдары


 


ешкімнен жасқанбай бұл шешімге қарсы шықты. Соның бірі – Ғылым академиясында сөз сөйлеген Салық Зиманов еді.


Ə. Қалмырзаев (профессор): 1987 жылдың сəуір айында Алматы- да үлкен ғылыми конференция болды. Оны басқарып, өткізген сол кезде Қазақстанда қаһары жүріп тұрған, Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Колбиннің өзі. Баяндама жасаған адам негізінен аралас мектептерді көбейту туралы идеяны ұсынды. Бұл ұсынысты облыстардан келген шешендер де қолдап, елде атқарылып жатқан жұмыстарын жарыса баяндап жатты. Елдің тыныштығын Сəкең бұзды. Ол сөз сұрап, мінбеге шықты да, керісінше, ұлт мектептерін көбірек ашу керектігін дəлелдеп шықты. – Сіздердің ұсыныстарыңыз Қазақстан жағдайына келмейді, – деді ол.


Колбиннің дүрілдеп тұрған уақытында Орталық партия комитетінің шешіміне қарсы шығу – үлкен ерлік еді. Сəкең өз пікірін терең ғылы- ми дəлелмен, білгірлікпен, асқан шешендікпен қорғап шықты. Колбин Сəкеңнің сөзін ұнатпады, бірақ оған қарсылық білдіруге өресі жетпеді. Алматыдағы Парламент үйі. Оның бос залдарын аралап келе жатқан С. Зиманов бір сəт тоқтап, əлденені есіне түсіреді. Залдың ішіндегі депутаттардың шуы құлағына келеді. Олардың бейнесі көзі- не елестейді. Зимановпен қатар отырған депутаттар, оның мінбеде


сөйлеп тұрған фотосуреттері көрсетіледі.


С. Оразалының даусы: С. Зимановтың терең ғылыми білімін, Ота- нына деген шексіз сүйіспеншілігін, қайраткерлігін барынша ашқан сəт оның тоқсаныншы жылдары тəуелсіз еліміздің депутаты болған жылдары. Сəкең тəуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған құжат- тарды жазып, қабылдаудағы күреске белсене қатысты. Ол тəуелсіздік декларациясын, еліміздің тұңғыш Ата Заңын, тарихтан тарихқа кетер талай маңызды құжаттардың қабылдануына жанын салды. Академик Зейнолла Қабдолов: «Елге егемендік алып беру үшін қарсыластар- дың жағын қарыстыратын, мисыздарды миландыратын, даукестер- дің діңкесін құртатын Зимановтың зиялылығы, білгірлігі, ағыл-тегіл шешендігі, тіпті көреген көсемдігі керек болды жəне аумай-төкпей солай болып шықты да», – дейді сол күндерді еске алып.


Тарихи кинохроника. Қазақстанның Тəуелсіздік декларациясын жариялаған отырыс. Залдан көріністер. С. Зиманов мəжіліс залын аралап келеді. Көз алдына сондағы депутаттар келеді. Қысқа- қысқа көріністер арқылы залдың əр тұсы беріледі. Сəкең мінберге келіп тұрады. Төрдегі Президент, Жоғарғы Кеңес төрағасы т.б. көрінеді. Бəрі ойға оралғандай. Фотосуреттерде депутаттардың көңілді жүздері, күлкілері, бір-бірімен қауышып жатқаны көрінеді. Ортасында С. Зиманов. Кадрдан тыс С. Зимановтың даусы:



  • Енді ол кездегі көңіл күйімізді айтпаңыз. Өте көтеріңкі болды. Себебі тəуелсіздік аламыз, еліміздің, халқымыздың ғасырлар бойғы арманына жетеміз деген сезім бар еді. Айтыс-тартыс көп болды. Жұмысшы комиссиясының төрағасы ретінде мен мінбеге шықтым.


 


Бұл комиссия мүшелерінің жартысына жуығы тəуелсіздікке қарсылық жасады. Маған көптеген сұрақтар қойылды. Жауап беріп жатырмын. Қанша екенін білмеймін, 4–5 сағат айтыстық. Осы жерде Нұрсұлтан Əбішұлының жəрдемін ерекше айтамын. Ол 6–7 рет орнынан тұрып мені қолдады. Ақыры жеңдік. Көңіл күйді, қуанышты айтып жеткізе алмаймын!


(Кинохроника. Залдың іші абыр-сабыр. Қол соғу. Жұрттың бəрі қуанышты. Айқайлаған, уралаған дауыстар. Ірі планда Президент, Жоғары кеңес төрағасы көрінеді, депутаттар...) С. Зиманов кадрда:



  • Ол қуанышты тойладық қой. Ғимараттың сыртына Парламент шешімін күтіп көп халық жиналыпты. Олардың қуанышы қандай! Бұл ерекше күн болды!


Астана. Ақ орда. Көгілдір аспанда қалықтаған көк ту. Шалқыған музыка.


С. Оразалы: Осы бір ұлы адамның сан қырлы еңбегін, адамшылық, азаматтық бейнесін, ғылымдағы, өмірдегі ерліктерін түгел көрсетіп беру аса қиын. Бірақ мен өз жүрегіме жақын, өзім таныған адам туралы айттым. Ал Зимановтың жүздеген шəкірттерінің, замандастарының, онымен қызметтес болған адамдардың жүрегінде, көңіл көзінде сақтаған өз бейнелері, өз Зимановы бар. Сондықтан бұл адам туралы ойлар толастамақ емес.


Музыканың фонында кабинетінде жұмыс істеп отырған С. Зи- манов көрінеді. Ол ой үстінде. Тау бөктерінде, көшеде, ел ортасында жүр. Бұл кадрлар жылдам ауысып, ғалымның тынымсыз тіршілігі- нің жалғасып жатқанын танытады. Ғибратты да ғажайып өмір.


2005 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу