02.03.2022
  273


Автор: Сұлтан Оразалы

АБАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ БИІ

(Деректі фильмнің сценарийі)


 


«Алматыдағы Абай ескерткіші ақбас шыңдардың бауырынан бой ұзарып, зеңгір көкпен астасып көрінеді. Оны мүсініне түскен күн сəулесі шағылысып, маңайына жиылған көпшілікті де нұрландырып жібергендей. Қызыл-жасылды киінген жастар мен балалар, ере- сектер мен қарттар əлдебір қуанышты сəтті тосқандай ажарлы əрі байыпты көрінеді. Бүгін Абайдың туған күні. Барша қазақ елі ұлы ақынының жыл сайынғы дəстүрлі мерекесін өтізуде. Алаңда Абай əндері шырқалады. Т.Молдағалиев, О.Асқар, С.Иманасов, Ж.Аманов т.б. ақындар Абайға арналған жырын оқуда. Олардың арасында бүлдіршіндей жас қыз да бар. Орындыққа жайғасқан қарттардың арасында Абай ұрпақтары да отыр. Абай ескерткіші əр қырынан көрініп, бейне осы қошеметке өзі де араласып жүргендей əсер бере- ді. Республика сарайының маңдайшасына Абайдың үлкен портреті ілініпті. Оның жанына «Абайды білу парыз ойлы жасқа» деген М.Əуезовтің сөзі жазылған. Осы сəтте ескерткіштің түбінде Абай жырын жатқа оқу басталып, 10 жасар Ержан «Жаз» өлеңін мəнерлеп оқиды. Болып жатқан оқиғаға қуана шаттанып жүгіріп жүрген 56 жастағы бір топ баланың бірі ескерткіштің түбіне тұра қалып, көзін күннен көлегейлеп Абайға қарайды. Дауыс: «Бұл кім?» дейді. Бала: «Абай ата! Менің атам!» дейді дауыстап. Осы көріністердің өн бойында скрипкада ойналып тұрған Абай əні үдей түсіп, титрлар көрінеді.


 


Шыңғысқа баратын қара жол таспадай созылып келесі белеске қарай өрлеп барады. Көгілдір мұнарға малынып алыстан Көкен тауы көрінеді. Күшікбай кезеңі. Батырдың моласы. Бауырынан бұрқырап ағып жатқан бұлақ. Осы биіктен қарағанда ойдым-ойдым қара бұйра белестер, əр жерден бой көтерген жеке шоқылар сілемі ұшы- қиырсыз. Қау болып өскен шөбі теңіз бетіндей толқыған Ералы жазығы мен Ақшоқы баурайындағы селеулі дала. Батыстан Шығысқа қарай керегедей керілген Шыңғыс жоталары Орда тауының биігінен қарағанда алынбас алып қорған тəрізді. Қиял-ғажайып ертегідегі тылсым жерге ұқсайтын Арқаттың қия тастары көгілдір мұнармен құбылып сан түрлі түске енеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Қасиетті қарт Шыңғыс! Тарихтың есте жоқ ескі замандарынан бері баурайын сан түрлі қауым мекен еткен, ұрпағына ұя болған, суықта пана, ыстықта сая құт қоныс!


Топырағы торқадай, Жапырағы қамқадай Шөбі шыны тортадай Қара суы сорпадай Шыңғыс деген жер осы!


 


Ақын Қалихан Алтынбаев осылай жырлайды.


«Қылышын қыста байланған (ақтүтек боран астындағы Шыңғыс суреті), Жадырап жазда жайланған (жазғы жайлау көрінісі), Томсарып күзде ойланған (шетсіз-шексіз күзгі сары дала), Əр шоқысы аңыз боп, Ертегіге айналған. Тау біткеннің ағасы (Құндыздыдағы Торғауыттан түсірілген Шыңғыстың жалпы көрінісі) Шыңғыс деген жер осы!».


«Бауырында малы соңырқап (Шеттің бойындағы шалғында жатқан мал), Басында боран, қыс тұрған (Түйеөркештегі қысқы көрініс), Асан қайғы таңырқап (Желмая мінген, сақалы беліне түскен қарттың суреті) Үш қайрылып, үш тұрған, Шыңғыс деген жер осы!»


«Туғызды Шыңғыс Мамайды (Мамай кесенесі), Туғызды Шыңғыс Абайды (Абай суреті), Шəкəрім, Шəкір, Көкбайлар (бұл суреттер Шыңғыстаудың баурайында екінші экспозицияда жылжып өтеді), Шалқар шабыт, отты ойлар. Ең соңында толғатты Мұхтардай Гималай- ды (сурет)». Құдіретті күйдің фонында Шыңғыс көріністері тағы да 5–6 секундқа созылады.


С.Оразалы (кадрда): Сарыарқаның бір бүйірінде жатқан Шыңғыс атты шағын өлкенің даңқын əлемге жайған ұлы Абайдың ғажайып жырлары мен сұлу саздары екені ақиқат. Абай – өз ұлтының барша асыл қасиетін бойына сіңірген, оның ақыл-парасатының, адамдық арлы мінезінің, ақындық қуатының жиынтық бейнесіне айналған, əлем мойындаған ұлы ақын, ойшыл, композитор. Сонымен қоса қазақ жұр- тының барша қасіретіне «жан жарасы» сыздап, «жан жүрегі» қайғы- ға батқан, «қам көңілі тынбай» əділдік, ақиқат іздеген күрескер. Ол жауларына қарсы, даланы кернеген надандық пен озбырлыққа қарсы өткір жырларымен қоса заң қуатын да қару етіп жұмсап, билік айтқан, заң жазған кемеңгер.


Кадрда М.Əуезов өзінің кабинетінде жұмыс үстінде көрінеді. Архив деректері. Академик Салық Зимановтың дауысы кадрдан тыс естіліп, соңында өзі көрінеді. «Абай ауылы» картинасында биік дөңнің басында билік айтып отырған ақын.


С.Зиманов (кадрда): Мұхтар Əуезов Абайды өте жақсы білетін адам. Өзінің еңбектерінде ол: «Абайды классик дейміз – ол дұрыс. Ақын дейміз – ол да дұрыс. Солай бола тұрғанда да, соның бəрін ескеріп, Абайдың үлкен би болғанын ұмытпайық!» – деген. Бұның себебі қазақтың қыр даласында би болу, ол атаққа ие болу – бұл құрметтің ішіндегі ең биік құрмет болып есептеледі.


Сырт Қасқабұлақ. Бұл Абай туған жер. Ескерткіш тақтада Абайдың дүниеге келген жері деп жазылған. Ералы жазығы. Шүйгінді өлке. Көркем суретте Құнанбай ауылы бейнеленген. Қасқабұлақ суы. Жайылып жатқан мал. Бала Абайдың əжесінің əңгімесін тыңдап отырғаны, ауылға ақындардың келуін бейнелеген көркем суреттер Еңлік – Кебек, Мамай, Тоқтамыс, Ақтамберді күмбездерімен астасып бала Абайдың жанарынан өткендей.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абайдың кіндік қаны тамған Қасқабұлақ өлкесі. Құнанбай ауылы жыл сайын осы өлкеге келіп қонып жататын.


 


Жаз жайлауда, қыс қыстауда болсын бала Абай өз анасы Ұлжан мен əжесі Зереден ескілікті ертегілерді, ертегіге бергісіз Шыңғыстау тарихын құмарлана тыңдайтын. Солардың арасында небір дүлдүл шешендердің сөзі, билердің кесімдері де болатын. Қалқаман – Мамыр, Еңлік – Кебек оқиғаларына байланысты аңыздар. Осы өлкеде өмір сүрген Мамай, Тоқтамыс, Ақтамберді сияқты қас батырлар мен жы- раулардың ерлігі бала қиялына қанат бітіретін.


Шыңғыстың құз-қиялары. Шыңғыс ішіндегі бетін мүк басқан ежелгі қорымдар. Тастағы таңбалар мен балбал тастар. Есейіп қалған Абайдың əңгіме тыңдап отырған сəті бейнеленген картина. Шыңғыстың қойнауындағы ежелгі сақ, ғұн дəуірінен қалған мықтың үйі, т.б ескерткіштер жас баланың көз алдында тізіліп өтеді. Нысан абыздың мазары сол көне дəуірдің белгісі. Ол мың жылдар бұрын жасаған абыз Заратуштраның ізін жалғастырушы. «Авеста» мен Заратуштраның көне суреттері көрсетіледі.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Тастағы таңбалар, обалар, «мықтың үйі» деп аталатын тас қорымдар, балбал тастар Шыңғыстау мен оның төңірегіндегі Абыралы, Қарқаралы жерінде көп кездеседі. Бұлар біздің дəуірімізден бірнеше мың жыл бұрын ғұмыр кешкен, есте жоқ ескі замандардан қалған ескерткіштер. Алғашқы билер де сол заманда өмір сұрген. Олардыхалық «абыздар» деп атаған. Дін тарихын, ежелгіданалар сөзін зерттеген Абай адамзат тарихындағы тұңғыш кітап «Авестаны», оны жазған Заратуштраны басқа ғұламалардың сөзі арқылы болса да естіп, білуі ықтимал. Сол Заратуштра – халық арасынан шыққан би, абыз болған. Əрбір сөздің түп төркінін білуге құштар Абай «абыз» деген сөздің мəніне, Шыңғыстауда саяқ өмір сүрген атақты Нысан абыздың терең толғамдарына бала кезден қанық болатын. Бұл адам – көне замандарды жалғастырушы, ескінің көзі іспеттес еді.


Сарғайған кең дала. Ұшы-қиыры жоқ бел-белестер –мəңгілік қал- пынан өзгермеген тəрізді. Архат тауының бауырындағы шилі өзек те сарғайып кеткен. Шыңғыстың биік құздары аспанға қадалған темір қадалар тəрізді. Бір шетте Орда тауы, енді бір қиырдан қарауытып Қарауыл көрінеді. Арқаттың ғажайып таулары кейде шөккен піл тəрізді, кейде сауыт киген батырға ұқсайды. Əлдебір тылсым сарайға ұқсайтыны бар. Еуропа мен Азияның кіндігі деп табылған Жидебай- дағы белгі. Онда «Еуразия кеңістігінің кіндігі» деген сөз жазылған.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Көшпелі тіршілік, ұшы-қиыры жоқ алып даладағы өмір салты ғасырлар бойы берік сақталған. Ол – заман- дар ауысып жатса да көп өзгере қоймапты. Ежелгі сақ данышпаны, əлемдегі жеті ғұламаның бірі, кеменің зəкірі мен шығырлы дөңгелек- ті ойлап тапқан (Анахарсис) айтқандай: «Тек сақтардың ішінде ғана еркіндікте өмір сүресің» дейтін ұстаным, сол еркіндік философиясы- нан туындайтын құқықтық ұғымдар бергі дəуірлерге дейін жеткен.


Абай туған осы бір құнарлы өлке ықылым замандардан бері сан түрлі аталыпты. Ол – алтыншы, жетінші ғасырларда «Желді тау», сегізінші-тоғызыншы ғасырларда – «Кіндік тау», оныншы – он екін-


 


ші ғасырларда – «Найман күре», яғни «Сегіз өзенді тау» делінсе керек. Кейінгі жылдарда қойылған мына белгіге назар аударсаңыз, ба- баларымыздың ат қоюдағы көрегендігіне тəнті боласыз. Қазір ғалым- дар анықтағандай, Еуропа мен Азияның кіндігі осы таудың бауырын- да, Жидебайда түйіскен көрінеді.


Абайдың «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегі көрінеді. Тақтайдай тегіс Ақ жазық. Оның бір қапталында алып нар- дай шөгіп жатқан Хан тауы, екінші қапталы Орда биігімен жалғасып кететін Арқат шоқылары. Осы екі ортадағы кең алқапта Шыңғыс хан əскері қыстап шыққан. «Шыңғыс хан» атты ағылшындар түсірген деректі фильмнен алынған 5 секундтық үзіндіде қалың түменнің сапқа тізіліп тұрған жəне түнгі оттың жарығындағы кейпін көрсетеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы еңбегінде осы өлкеде Шыңғыс ханның болғанын, оның қалың əскері Қарауыл өзенінің бойында жатып, өзі Орда тауының бауырына ордасын тігіп, қыстап шыққанын, ал Хан деп аталатын мына биікке оны ақ киізге отырғызып, қазақтың Майқы биі бастаған он екі рудың адамдары хан сайлап, осы тауға көтеріп шығарғанын жазады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» болғанын, оның сол заманның ұлы биі, көсемі, елбасшысы болғанын Абай жақсы білген.


Хан биігі. Жидебайдағы Абай мен Шəкəрімнің кесенесі. Екеуінің басына қойылған құлпы тас. Босанып жатқан жас əйел. Іңгəлаған нəресте. Оның уысы толған қан. Əлемнің картасы көрінеді де, ол жылаған баланың даусымен қоса қызыл түске боялады. Тағы да Хан тауы. Осы таудың бауырында ақ киізге отырғызып хан көтерген сурет «Шыңғыс хан» фильмінен алынады.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Ел тарихына жетік Шəкерім де Абай айтқан сөзді жалғастырып:


 


«Қолына туып еді қан уыстап, Əлемді билейтұғын белгі нұсқап. Қойылған Шыңғыстауға соның аты Өзеніне осы қаһан кеткен қыстап», –


деп толғайды. Содан бері бұл өлке Шыңғыстау аталады.


Абай білім алған медресе. Ол жүрген баспалдақтар. Ақынның бала кезіндегі мəрмəр мүсіні. Қолында кітап, ойлы жүзі алысқа қа- далған. Бала Абай оқыған араб əрпіндегі кітаптар мəрмəр мүсінмен кезектесіп көрінеді. Оның шəкірт кезіндегі алған бағалары мұрағат- та сақталыпты.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абайдың жастайынан зейінді, бір айтыл- ған сөзді тез ұғып, көкірегінде өшпестей сақтап қалатын қасиетін Мұхтар Əуезов ерекше атайды. Ол Семейдегі Ахмет Риза медресесін- де оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қара- май жатқа айтып шыға алатындай зерек болған. Балалық, бозбалалық шағында қазақтың ескі сөзі мен ескі жол-жобасын, мақал-мəтелдерді,


 


ескі биліктерді көп естіп, өзі де шешендікке, тапқырлыққа бейімделеді. Сөз мəйегін қаршадайынан сезініп, ұтқыр сөйлеуге талпынады.


Ішкі жиһазы бай киіз үй. Ортада дөңгелек жер стол. Актер бүгінгі заманғы киімімен ішке кіреді де, иығына зерлі шапан іледі. Адамдар көрінбесе де, көп адамның шуылы, дауыстары естіледі. Актер жан- жағына қаранып алып, шуыл басылған соң əңгімесін бастап кетеді.


Кадрда актер. Абай 13 жасында қайын атасы Алшынбайға сəлем беруге келеді. Абайдың қайын жұрты жəне нағашысы да Қаракесек ішіндегі Шаншарлар. Абай атасының үйіне кіріп келсе, Шаншардың алты-жеті қарты жиендерін əрі сыйлау, əрі сынау мақсатымен оны арнайы тосып отырса керек.


Абай есіктен кіре даусын созып: «Əс-сə-лə-ма-ға-лəй-кум!» – деп, үйдегілерге сəлем береді.


Сонда қарттың бірі:



  • Пай-пай-пай, мына көмейі суырылған шешеннің ұрпағы-ай, сəле- мінің өзін əндете бастауын-ай! – дегенде, екінші қарт іле:

  • Е, əкесі Құнанбайға ұқсамай, өзін тіл мен сұқтан Құдайдың сақ- тауын-ай, – деп қалады. Үшінші қарт жұлып алғандай:

  • Əлден-ақ жүндес тоқты қошқардай, бүкіл денесін қалың түктің қаптауын-ай! – дейді.


Сол кезде Абай басқа Шаншарларға сөз кезегін бермей, тосыннан киіп кетіп, əлгі үшеуіне тесіле қарап тұрып: «Əй, əттеген-ай! Əуелде қыздарыңды ұзатқанда, бəрің бірдей жабыла жамырап: «Түкті бала таппа» деп айтпауың-ай!» – деп төрге барып отыра кетіпті.


Орталарында отырған Алшынбай аналарға оқыс бұрылып, рақаттана күліп: «Ал, ендеше үшеуіңе бір сыбаға!» – деген екен.


Жидебайдағы Абай мұражайының сыртқы көрінісі. Көктемгі жа- сыл желекке бөленген өлке. Алыстан мұнартып Шыңғыс таулары мен Орда көрінеді. Қазандық. Жатын бөлме. Құнанбай мен Нұрғанымның бірге отырған суреті əр түрлі қырынан көрсетіледі. Құнанбайдың қол қойып, мөрін басқан құжаттары. Жас Абайдың қолына кітап ұстап, айрықша шабыт үстінде тұрған көркем портреті. Құнанбайдың жеке суреті. Кеудесінде медальдары жарқырайды. Камера ірі планда алады. Құнанбайдың жалаңбас отырған басқа суреті. Жүзі ақылды əрі сұсты. Мұрағаттағы Абай мен Құнанбай қолданған мүліктер. Құнанбайдың «Құраны» мен тасбиғы, тақиясы. Құнанбай бейіті. Шыңғыстың шақпақ тастарынан қаланған бұл зираттың көлемі өте үлкен. Оған келіп, құран оқып отырған жұрт. Бейіттің ішіндегі тас тақталарда Құнанбайдың, Мағауияның, Ысқақтың т.б. оннан аса ұрпақтарының аттары жазылыпты. Бір кезде осы даланы ақылымен де, айбынымен де уысында ұстаған ұлы адамнан қалған белгі осы.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Алланың нұры түсіп, бойына ұлы талант дарыған адамды ең алдымен қалыптастыратын да, шыңдайтын да, шыңға сүйрейтін де оның туған топырағы мен өскен ортасы. Жас Абай үлгіні алыстан іздеген жоқ. Оның алғашқы ұстазы – өз əкесі Құнанбай қажы, асқан кемеңгер, қызыл тілдің шешені, арғы-бергі тарихты, қазақ


 


пен орыс, мұсылман заңдарының жетік білгірі болатын. Абай əкесін айрықша қадірлеген.


Ол сыпатты қазақтан Дүниеге ешкім келмепті, Өлмейтін атақ қалдырып Дүниеге көңілін бөлмепті.


Мұсылманға қоймаған Орынсыз жанжал шатақты, Ерегіскен жауларын,


Кісен салып матапты.


 


Зекет жиып, егін сап, Тойдырған ғаріп, жатақты, Ескендір, Темір, Шыңғыстай, Мұсылманда атақты.


Мұқым қазақ баласы, Тегіс ақыл сұрапты. Тобықтыны ел қылып, Басын жиып, құрапты.


 


Баласын қаршадайынан адам тануға, сөз астарын ұғуға баулыған, дала өмірінің шытырман қайшылықтарынан жол табуды алғаш үй- реткен, тіршілік тартысында жеңіске жетудің сан түрлі амалдарын іс-əрекетімен көрсеткен бұл адам заманындағы ұлы тұлғалардың бірі еді. Баласының ерекше дарынын сезген сұңғыла əке оны уысынан шығармай, биліктің, мансаптың еліткіш ұрығын көкірегіне сеуіп, тəтті дəмін сезінуге тəрбиелейді. Ол қазір де Шыңғыстың шақпақ тасынан қаланған мына бейіттің ішіне барша ұрпағын жиып алып, бауырына басып жатқандай.


Қожа Ахмет Йасауидың кесенесі. Оның оюлы, өрнекті қабырғалары мен көгілдір күмбездері. Үстеріне шымқай ақтан киім киген, жан- жақтан жиылған зияратқа тағзым етушілер легі өтіп жатыр. Қазақ хандарының қара мəрмəрдан жасалған құлпытастары. Солар- дың арасында ежелгі, уақыт мүжіген құлпытастар да бар. Оның бірі Əнет бабанікі. Кесененің фонында Əнет баба шəкірттері Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің портреті жылжып өте береді.


Шыңғыстау өлкесі. Жидебайдың іргесіндегі биік төбенің үстінде тұрған мазар. Бұл – Кеңгірбай бабаға ұрпақтары орнатқан ескерт- кіш. Кесененің ішінде оның аты-жөні жазылған. Сыртында тас тақта тұр.


Тоқырауын өзенінің жағасындағы қыратта тұрған Қараменде бидің кесенесі. Екі мазардың жанында да бетін қызғылт мүк басқан тас қорымдар жатыр. Бұл желдей ескен уақыттан қалған белгі. Тобықты елінің екі көсемі осылайша əр қиырдан жəй тауыпты.


 


С.Оразалы (кадрдан тыс): Қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіне қазақтың ұлы хандарымен қатар жерленген то- бықты елінің көсемі, əз Тəукенің жеті жарғысын жазған ғұламалар- дың бірі, ел бірлігін, халықтық дəстүрді қорғаушы қазақтың ұлы биі Əнет бабаның жол-жоралғылары, оның шəкірттері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Əйтеке билердің терең толғаулары, шешендік сөздері қара қылды қақ жарған үлгілі шешімдері Абай көкірегіне терең ұялайды.


Ол сонымен қоса аласапыран күндерде еліне ақылы мен билігін қатар жүргізіп, соқтықпалы соқпақсыз жолдардан аман алып өткен əрі көсем, əрі шешен тобықты билері Кеңгірбай мен Қараменденің жұмбақ айтыстарын, оның астарындағы елдік, туыстық мұратты терең сезініп, Қараменденің өз əулетін Балқаш пен Тоқырауын бойына бастап кеткен тарихына қанығады. Бұл күнде ел киесіне айналған екі бидің бірі – Тоқырауын өзенінің қабағында, екіншісі Шыңғыстың бір төбесінде дамыл тауыпты.


С. Оразалы (кадрда): Абай шəкірттік кезеңнен тез өтіп, жеке билікке жиырма жасынан бастап араласа бастайды. Ол өз дəуіріндегі арғын, найман, керей, уақ елдерінен шыққан ойлы, білікті адамдардың, белгілі би, шешендердің сөздері мен істерін ой елегінен, сын тезінен өткізіп, керегін алады. Ел меңгерерлік жүйрік тілі, еңсерерлік күш-қуаты бірдей қазақ сахарасының ұлы билеушілері ескі жолды Есім ханның, қасқа жолды Қасым ханның, тура жолды Тəуекел ханның, Жеті жарғылы əз Тəукенің, ер Абылай салып кеткен билік заңдарын көкірегіне тоқиды. Би болсам деген адам алдымен, солардың билік үлгісін меңгеруі керек екенін кейіннен өзі де өсиет етеді.


Абайдың көркем суреті. Алдыңғы планда ақын бейнесі салынып, оның маңайына сол дəуірдің қым-қиғаш көріністері бейнеленген. Музыка.


С.Зиманов (кадрда): Абай неге билердің жолына түсті десек, оның үш түрлі себебі бар. Бірінші – халықтың ішінде бидің орны мен даңқы ерек- ше болатын. Бұрынғылар айтатын: «Бай құт емес, би – құт деп. – Батыр- ды екі əйелдің бірі табады, биді ілеуде бірі табады» – деп. Сондықтан турашылдық, шындық, тазалық, əділдік – осы билердің бойындағы міндет болатын. Абай өлеңдерінде жазған сырларын тек арман, өсиет етіп қана қоймай, оны іс жүзіне асырғысы келді. Сондықтан өзін күрес жолына əзірлеп, үлкен дəрежені – би болуды көздеді.


Екінші себеп – Абайдың төрт атасы атақты би болған. Абай сол ата-бабасының жолын қуғысы келді. Үшінші себеп – Бұл Абайдың дарындылығы. Ол жас кезінен би болсам деген арманда болатын, ал оған тек дарынды адамдардың деңгейі жете алатын. Абай болашағы зор адам болатынын іштей сезді. Ата-бабалары Абайдың би болғанын жақсы көрді.


Абай өміріне байланысты салынған Қазақстан суретшілерінің еңбегі. Абайдың қырықтан асқан шағы. Киіз үйдің жанында малдас құрып, кедей, малшы-жалшылардың əңгімесін тыңдап отыр. Ерлі- зайыпты екі шаруа оған мұңын шағуда. Абай қиналыс үстінде.


 


Оразбай лаңы. Абайға қарсы өшіккен тобыр. Ірі планда бір- бірін жеп қоятындай тіресіп тұрған екі топ. Сүйгеніне кеткені үшін айыпты болған қыз. Байлаудағы жігіт. Оразбай тобы өктем күшпен тартып əкетпек. Камере ұрда-жық содырды, жылмиған қуды бөліп көрсетеді. Абай биіктеу тұғырға шығып, барша ашумен оларға тосқауыл болуда. От шашқан көздері ірі планда алынады. Ақын заманының əр түрлі типтерінің портреттері. Абай оларға аса мысқылды жүзбен қарап тұр (портрет). «Бойы бұлғаң» əнінің əр шумағына сай кадрлар көрсетіледі.


Жайлаудағы Абай ауылы. Жайылған мал, арлы-берлі жүрген адам- дар. Олар ірі планда көрсетіледі. Бір төбенің басында Абай тұр. Маңайындағылар оның сөзіне ерекше ықылас қойған. Қазақ үйлердің жанындағы жер ошақта от жанып, жас əйел самауыр демдеп отыр.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Абай бойындағы ақындық қуаттан би- ліктегі, жұрт меңгерудегі даналығы ешбір олқы емес еді. Биліктің баянсыздығы, елді түзетпек болған əрекетінің нəтижесіздігі жанын күйзелткенімен, ол өмірінің ең бір қызулы шағын осы жолға арнады.


Жүсіпбек Елебековтің орындауында (фонограмма) «Бойы бұлғаң» əні орындалады.


Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң


Кімді көрсем, мен сонан, Бетті бастым,


Қатты састым,


Тұра қаштым жалма-жан. Өз ойында,


Тұл бойында


Еш міні жоқ бендесіп, Түзде мырзаң,


Үйде сырдаң,


Сөзі қылжаң еркесіп.


 


Өмірде əділеттіліктің барлығын, зұлымдыққа қарсы тұратын күш, ақыл, білім, адамгершілік екенін дəлелдеумен болды. Бірақ қаптаған озбыр топтар, тұтасқан надандық оның адымын аштырмады.


Абай билігінде ешқашанда ұсақ нəрсе болмаған. Ол ауыл арасының болымсыз кикілжіңдерінен бастап, барша қауымды толғандырған, ел мен елді, ру мен руды жауластырған түйіні шиеленіскен дауларға дейін араласып, өзінің шешімін айтады. Осындай биліктерінің барлығында терең мағына, астарлы өнеге жатады.


Картинадағы Абай ауылының ортасындағы киіз үй ірі планда алынады.


Камера кейін шегінгенде есіктен үстіне желбегей жамылған шапаны бар актер шығады.


 


Кадрда актер. Түйеші мен қойшының əйелдері бір күн бойы сал- ғыласып ұрысқанын Абай естіп отырады. Үйіндегі қонақтар кеткеннен кейін Еркежанға айтып, Абай желі басында жүрген жылқыдан бір тай алдырады. Оның үстіне бір шапан жаптырып, белдеуіне байла- тып қойғаннан кейін жанжалдасқан əйелдерді шықыртып алдырып, жауаптайды. Жауап үстінде қойшының əйелі түйеші əйелінің шелегін алғанын мойындапты. Сонда Абай:


«Ұлың өссе – ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе – қызы жақсы- мен ауылдас бол» деген бар. Сен екеуіңнен менің келінім Кəмəлия үлгісіз өнеге алып, енесімен салғыласатын болар. Ауыл үй болсам болайын, аяқ-табақ араласпасын деген заң жоқ, – деп түйешінің əйеліне ашу үстінде қатты зекіпті. Мені Абай жəбірледі деп біреуге немесе биге барсаң, ат шапан айып салады. Сол айыпты ешкімге айтқызбай, өзім кесіп, дайындап қойдым. Үйдің жанында байлаулы тұрған тай менен оның үстіндегі шапанды алып, мен тұрғанша осы ауылдан көшіп кет!– деген екен.


Абайдың үйде, дөңгелек жер столда өлең жазып отырғаны, оның нұрлы да ойлы көздерінен терең ақыл, мұң мен нала сезіледі. Ертіс өзенінің айдыны. Оның бүгінгі келбеті өткен ғасырдағы фото сурет- термен ауысады.


Фотомұрағаттан алынған Затон, Қайық аузы деген орындар, Абай заманындағы үйлер мен көше бейнесі, кейбір ғимараттардың суре- ті көрсетіледі. Бүгінгі Семейде сол ескі ғимараттар сақталғанмен, қатты өзгеріске түскен. Бірақ Абай заманының рухы сақталыпты. Ескі ағаш үй, қос мұнаралы мешіт, Тыныбай мешіті... Бала Абайдың орыс мектебінде оқыған шағы. Ол өз қатарластарының ортасында. Ақынның Гоголь кітапханасынан кітап алып тұрғаны. Оның орыс шенеунігімен қақтығысы.


Ақын өмір сүрген дəуірдегі қала тіршілігі. Семейдегі базар. Ондағы адамдардың іс-əрекеттері, Патша чиновниктері. Ақынмен мұңдас, тілектес болған орыс зиялылары Михаэльс, Долгополов т.б. сурет- тері. Семей көшесі. Бір кезде Абай қамалған түрменің темір қақпасы мен құлпы.


Осының бəрі ақынның өмір белестері.


Кадрда Абайдың Сенатқа жазған хаты көрсетіледі. Абай мұра- жайының экспонаттарында бұл хат ерекше орынға қойылған Ақ мəр- мəрдан қашалған ақын мүсіні өте тəкаппар, осы қиындықтардың бірде- біріне мойымағанын танытқандай.


С. Оразалы (кадрдан тыс):


 


Жүрегімнің түбіне терең бойла,


Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма!


 


Шер мен мұңға, күрес пен тартысқа толы Абай өмірінің талай күндері


 


мен айлары осы қалада өтті. Алғаш рет 28 жасында дұшпандарының арыз-шағымдарынан Семейде 12 іспен тергелген Абай дəм-тұзы тау- сылғанша жала мен пəледен арылған емес. Ұлы ақын дəуірінің куəгерлері бұл қалада қазір де сақталған. Оның табан ізі осы көшелерде əлі жатқандай. Абай бұл қалаға білім іздеп те келген, қатал заманның тоң мойын тобырымен күресте əділет іздеп те келген. Оның жаулары тек ел ішіндегі ұры-қары, топас топ қана емес, парақор, өркөкірек, тоңмойын патша шенеуніктері де болатын. Абай тонау мен талауға түскен панасыз халқын қорғау үшін патша үкіметінің Семейдегі билеуші топтарымен араласып, олардың ниет, пиғылын жете біліп, бұратана халықты билеудегі шығарған заңдарын терең зерттейді. Ол осы қаладағы зиялы адамдардан Ресейдің озық ойлы ғұламаларының пікірін естіп, көкірегіне тоқиды. Өзі де ізденіп, көп оқиды. Бұл қала Абайға білім нұрын құюмен бірге, түрмесіне қамап, рухани қорлығын да аямаған.


1898 жылғы Көшбикеде өзіне жасалған қастандықты тексерген Семей ұлықтарынан əділдік тапппаған Абай Сенатқа хат жазады. Абай қолынан шыққан осы бір тарихи құжатта оның заңды тергеу амалдарын жетік біліп, əкімшілік, прокурор, тергеуші, сот тарапынан кеткен бұрмалаушылықты дəл басып айтуы таңырқатады.


С. Зиманов (кадрда): Мен өткен ғасырдың 50–60-жылдарында Абайдың биліктерін жинай бастадым. Ғылым академиясының бір институтын басқаратын едім. Қызмет бабымды пайдаланып Абайды көрген тобықтының шалдарын жұмысқа шақырдым. Оларды іссапарға жіберу үшін жол қаражатын төлеуім керек қой. Көп қор осы күнге дейін жатыр. Абайдың 17 билігін жарыққа шығардым. Енді тағы елу шақты биліктері бар.


1950 жылдары К.Оразалиннің үйінде түсірілген Абай елінің белгілі адамдарының суреті. Олардың ортасында ақын ұрпақтары Исраил, Бердеш, Əрхам бар. Абайдың Жидебайдағы мұражайы. Ақынның жа- тын бөлмесі, оның кітаптары жəне Абай туралы жазылған еңбектер, Кəмен Оразалиннің «Абай ауылына саяхат», «Абайдан соң» роман- дары, оның түрлі жиында сөйлеп тұрғаны. Мұхтар Əуезов портреті, оның кітабының беттері ашылып Шыңғыс елі туралы очеркі айқын көрінеді. Абайдың жатын бөлмесінде Кəмен əңгіме айтып отыр.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Абайдың өмірі мен өнерінде ешқашан алшақтық болған емес. Жан жүрегін жарып шыққан жырлары қандай шыншыл болса, оның өмірдегі болмыс-бітімі, іс-əрекеті, тіршілік салты сондай болғанын замандастарының естеліктерінен оқимыз. Ол туралы əңгімелер Шыңғыс жерінде əлі күнге толассыз айтылып, атадан балаға көшіп келеді. Мұхтар Əуезовтің Абай елі туралы очеркінде ұлы ақын туралы əкесінен естіген əңгімелерін құлшына айтатын жас жазушы Кəмен Оразалин бұл күнде тоқсан жастың ауылына таяп қалса да, ол əдетінен жаңылмаған екен.


Кадрда К.Оразалин: Көкен елі мен тобықты арасында ұзаққа со- зылған Ертістің бойына таласқан үлкен бір дау болған. Бұл мəселеге


 


Абайдың араласуына тура келеді. Сонда Абай: «Əр жақ сөз білетін, жөн білетін, беделді төрт адамнан шығарып беріңдер, – дейді. Тобықтыдан төртеу, Көкеннен төртеу – сегіз адамды бірге жинайды. Олар Абай не айтар екен деп тосады.


Сонда Абай: – Біздің ең қиын дауымыз – жер дауы мен жесір дауы ғой. Сондықтан мен ең алдымен «Ағайын араздықтарыңды тастаңдар деп сендерге айта отырып, осы сегізің татуласып, достасып, құшақтасың- дар, – дейді. – Бұл – менің сендерге қоятын шартым.


Екінші – жер дауымен келіп отырсыңдар ғой. Ал оны тек қана құда- лық жолмен ғана шешуге болады. Ендеше осы сегізің бір-біріңмен құда болыңдар. Бірақ дау онымен де толастамайды. Сондықтан əрқай- сың ел-жұрттарыңа хабарлап, жаңағы даулы жерді осы сегізіңе бөліп берсін. Сонда ғана тыныштық орнайды, –дейді.


Əлгі сегізі еліне барып Абай билігін айтқанда, халық риза болып,


«Абай билігіне тоқтаймыз», – депті.


Кадрда Қазақстан графиктерінің таңдаулы еңбектері. Бұның ішінде «Абай жолы» романына салынған Сидоркин туындыларынан сол замандағы болыс, билердің, кедей-кепшіктердің портреттері мен тұрмыстары бейнеленген сəттер алынады.


Абай өз төңірегіндегі осы топтарға ойлы жүзбен қарап, іштегі шерін ақ қағазға төгеді.


Сол дəуірдегі бай үйдің ішкі тұрмысы, жас отау иелері бейнеленген өте сирек кезесетін сурет. Абайдың графикалық портреттерінен оның жан құбылысы, сезім-күйін көреміз.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абай билігінің тағлымы сонда ол жаза тартқызғанда айыпкердің жазаны тəнімен емес, жанымен сезінуіне ерекше мəн береді. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді ол. Бұл жерде Абай адамның жанын тазарту арқылы тəнін де ағартатынын, қылмысты тыюдың жолы адамның жаман əдеттерден арылып, түзу жолға түсуіне бағытталуы керектігін ашық айтады.


Кадрда актер. Найман руынан Тана дейтін бір кісінің бəйгеге тү- сіп, жүлде алып жүрген «Қаракөз» деген аты ұрланады. Сол атты Тана Абайға бермек болған екен.


Сол жылы Ескененің кісілері Абайдікіне бір шаруамен келеді. Олар қайта бастағанда, Абай: – Осылардың ішінде Балақазы дейтін болуы керек, соны шақыршы маған, – деп зайыбы Еркежанды жұмсайды.


Атты ұрлаған Балақазы «Абай ұрыны жек көреді» дегеніне қанық.


«Абайдың алдында жаныңды сауғаласаң, шыныңды айт» сияқты сөз- дерді құлағы шалған, қатты үрейленіп «ойпырмай, ажалым жеткен екен» деген оймен Абайдың үйіне кіреді.


Абай: – Еркежан, бізді оңаша қалдыр, əңгімеміз бар, – дегенде, Балақазы «өлетін жерім келген екен» деп ойға батып, өңі бозарып іштей шындығын айтуға бекінеді. Абай: – Əй, Балақазы! Есіңде ме, өткен жылы найман Тананың «Қаракөз» атын ұры əкетті. Көрген- білген, естіген жерің бар ма? – дейді зілденіп. Балағазы іштей шошып,


 


«Абай біліп қойған екен, өзім айтпасам болмас» деген оймен: – Өзім кетерде ауылдың сыртындағы сайға арқандатып кетіп едім, – дейді.


Абай: – Сайға арқандатып кеткенің рас па? – дейді көзін алмай. Балақазы: – Рас. Абай аға, шындығымды екі рет айттырдыңыз.


Бірінші рет үйіңізге кіргенде іштей айттым. Екінші рет– алдыңызда...


Абай: – Жарайды, шындықты мойындадың. Жаратылысың ұрлық- тың құлы емес, шындықтың құлы екен. Егерде өтірік айтқан болсаң, аямайтын едім. Келісімге келелік: Сол атты саған бұйырдым, бұдан былай ұрлығыңды тый, егерде екінші рет ұрлық қылсаң – аяу күтпе, – деп қайтарыпты. Осыдан кейін ол ұрлығын мүлдем қойып, Абайдың сырттай сыйласы болыпты.


Кадрда С.Өзбеков. Оның сөзінің арасында ғылыми еңбектері мен кітаптары, үйінде жазу жазып отырған сəттері көрсетіледі. Абай- дың саяси мемлекеттік көзқарастары қылмыспен, құқық бұзушылық- пен күрес идеялары өте жақсы дамыған. Криминология ғылымын- да дəлелденген идеяларын жүз жыл бұрын айтқан. Абай қылмысты əлеуметтік категория деп таниды. Чезария Ломброзаға қарсы шығады. Ол «қылмыскер тобы» деген идея айтқан, бұл тұқым жалғастыру деген сөз. Ал Абай сол Ламброзаның еңбектерімен таныс болмаған, бірақ қылмысты əлеуметтік категория деп санады. Адам баласы қай жолда жүрсе, сондай кісімен жолдас болады. Қылмыскерге қоршаған орта əсер етеді.


Кадрда Арқат тауының əсем көріністері. Қопа көлінің жағасын- дағы Абай үстіне шығып билік айтқан үлкен жартас. Автор соның жағасында сөйлеп келеді. Ол қолымен нұсқап тауларды, Қопа көлін жəне Абай шыққан жартасты көрсетеді. Қопа көліне келіп құс атып, аңшылық құрған Шоқан, Достоевский, Абай, Шəкəрім, Мұхтар су- реттері жылжып өтеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абай билік айтқан тарихи жерлер Шыңғыс бауырында көптеп кездеседі. Ол өз үйінде отырып та, хан жайлау, қалың топтың отырысында да шешімді сөзін айтқан. Арқат тауының осы бір жерінде талай ұлылардың ізі қалыпты. Олар – Шоқан Уəлиханов, Федор Достоевский, саяхатшы Пржевальский, Шəкəрім, Мұхтар Əуезовтер. Абай тобықтының үлкен бір дауын шешерде мына жартастың үстіне шығып кесімін айтыпты.


С.Оразалы (кадрда): Қазіргі заңгер-ғалымдар Абай айтқан билік- терді негізінен төрт топқа жіктейді. Олар: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы. Бұлардың арасында алуан сипатты, адам мінезінің түрлі қырлары ашылатын, бір-бірімен кірігіп, қабаттасып жататындары да бар.


Кадрда актер. Мамай руының Еламан деген кісісі ұрланған құнанын Сарбас ішіндегі Құлжабайдан көреді. Екі жақ келісе алмай тартысқа түсіп, ақыры Абайға жүгініске баруға келіседі. Екеуін де тыңдағаннан кейін бірден бітімін айтпай, «өзара келісерсіңдер» деп, екі бесіндіге шейін үзіліс жасайды. Сол уақыттың ішінде Абай өз адамдары ар- қылы қосымша хабар алып, іштей шешімге келеді. Абай жауапкер


 


Құлжабайға: – Құнанын қайтар, – дейді. Еламан əлде ризашылығынан ба, əлде көпсөзділігінен бе, «айтарым бар тағы да» деп, сөз алып, ұр- лықтың мəнісін қайталап ұзақ баяндайды. Абай намазшамға шейін үндемей отырып тыңдайды.


Абай: – Сөйлеп болдың ба, Еламан? Болсаң, – дейді де Құлжабайға қарап: – Енді сен құнанды берме, – деп кесім шығарады. Еламан: – Бұл не дегенің, Абай? – дейді. Абай: – Құнан саған тиген еді. Оны сөзге айырбастадың. Құнанның орнына сөз алдың. «Саған бір дауда екі сыбаға тимейді», – деп соңғы бітім шығарған. Соңынан Абайдың бұл билігіне «атымыз шықты» деп, екі жағы да риза болыпты.


Жидебайдағы Абайдың үйі. Оспанның, Абай мен Еркежанның суреті С.Зимановтың сөзінің арасында көрсетіледі.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абай əділдік ұстанымынан ешқашан ауытқымаған. «Жақынның сөзі тəтті деп» ешқашан туысына бұра тарт- қан жері жоқ.


Кадрда С.Зиманов: Оспан қара шаңырақтың иесі. Сол Оспанды Абай шақырып, жүгініске отырғызады. Абайға малшылар келіп:


«Оспан бізге зорлық істеді», – депті. Оспанның үстінен арыздарын айтады. Оспан келгісі келмейді. Бірақ Абай оны бірнеше рет шақыртып, келтіреді. Бұны жүгініске отырғызады.


Оспан қайтыс болған соң, оның əйелі Еркежанды əмеңгерлік салты- мен Абай тоқалдыққа алады. Еркежан жұмысын істеткізіп, пішеншілерге ақысын төлемеген. Абай өзінің əйелін де жүгініске отырғызады. Бұл оңай шаруа емес. Оның өзінің ритуалы бар. Ер адам былай отыруы керек, ал əйел адам былай... Еркек қолындағы қамшысын жерге тастап, не айтсаң да біз көнеміз дегендей... Ал əйел адам отырғанда төмен қарап, басын көтермей, оңға қарайды, содан соң тағы үш рет қарайды. Сол Еркежанға өзінің билігін айтып, Абай пішеншілердің пайдасына шешеді.


Кадрда С.Өзбеков: Абайдың саяси көзқарасында адам құқығы өте терең көрсетілген жəне баяндалған. Бір өлеңінде «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп, жəне хақ жолы осы əділет деп». Бұл жерде теңдік идеясы жəне баяғы XVIII ғасырда Джон Лог, Шарль Луи Монтескье идеялары аңқып тұр. Қазір өзіміздің құқықтық мемлекетіміздің Конс- титуциясында жазылып, іс жүзіне асырып жатырмыз. Енді сонымен қоса, Абайдың идеяларында сот тəуелсіздігі өте жоғары дəрежеге көтерілген. Абай сол кезден сот тəуелсіздігін қалаған. Үшінші қара сөзінде Абай: сот тəуелсіз болуы үшін соттар жыл кесілмей сайлануы керек дейді.


Шар өзенінің бойы. «Қарамола ережесі» жазылған жер. Ескерт- кіш тастағы жазу көрінеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Бұл Абайдың 1885 жылы «Қарамола ережесі» жазылып, қабылданған Шар өзенінің бойы.


Шар өзенінің сұлу табиғаты, бұратыла аққан айдынды су. Қыр басына қойылған ескерткіш тастың жанында тұрған Т.Ибрагимов. Оның сөзінің арасында Шардың көрікті жерлері, жасыл белестері көрінеді.


 


Т.Ибрагимов (кадрда): Бұл Абайдың заң саласына қосылған ой өрнегі қалған жер. Ереже сол жерде дүниеге келген. Қарамола деген сөздің шығуын айтсақ, кезінде кəрі адамдар көзінің тірісінде зират салдырған. Бірақ ол қайтыс болғанда əр түрлі себеппен əлгі молаға жерленбейді. Сөйтіп ол «Құр мола» атанады. Қарамоланың шығу тегі осы. Ал бұл өлке туралы қазақтың бас кітабы «Абай жолында» керемет суреттелген ғой.


Шар өлкесінің фонында Абайдың қырық жас шамасындағы бей- несі көрінеді. Семейдің облыстық өлке мұражайында XIX ғасырда- ғы уездік үлкен жиындар, көп халық бас қосып, көп үйлер тігілген съездердің фотосуреттері сақталған. Мардымсыған орыс шенеунігі, күпіге оранған болыс, билер, алқа қотан отырған ауыл қазақтары. Осы суреттер Абай қатынасқан Қарамола съезінің де бейнесін айқын танытады. Бес дуанның картасы беріледі. Генерал-губернаторды қоршай тұрған қара тобыр. Киіз үйлердің арасында жөңкілген халық. Адамның көптігі бұл съездің маңыздылығын танытады. Қалың көп- тің орасында қолын сермеп тұрған Абайдың портреті көрінеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абай бұл кезде қырық жастан асқан, əбден толысып, ел ортасына атақ-даңқы кең жайылған шағы еді. Дұшпандары да көбейіп, оның зор беделін көре алмай, пəле-жала, дауларын орыс шенеуніктеріне қарша боратып, осы съезде басын құртуға бел алып тұрған болатын. Ал бұл съезд бес дуанның басын қосқан, үш ояз жəне генерал-губернатор Циклинский қатынасқан, мыңдаған адам жиы- лып, арыз-шағымдарын əкелген жер еді. Қара ниеттілердің ұйымдас- қан əрекетінен ештеңе шықпай, съезге келсе де өзінің ақыл-параса- ты, зор білімі, əділ сөздерімен Абай елді еңсеріп əкетіп, тіпті патша шенеуніктерін де мойындатады. Сөйтіп, басы бəйгеге түскен ақынды жандаралдың өзі Төбе билікке ұсынады.


Кадрда С.Зиманов: Ең соңғы болып келген Абайды төбе би сайлай- ды. Үш күн, үш түн отырып, қасында төрт биі бар, Абай «Ережені» жазады. «Ереже» бірнеше тілге аударылды: қазақ (араб əріпімен), орыс, түрік тіліне. Генерал-губернатор Циклинский бұны бекітіп, Түркістан, Орынборға жібереді.


Кадрда «Ереженің» Семейдегі Абай мұражайында сақталған нұс- қасы көрсетіледі. Қол қойған көп болыс-билердің арасында Абайдың да қолтаңбасы бар. «Архив жəне Абай» кітабы мен «Ереженің» соң- ғы басылымы. Семей облысының Абай дəуіріндегі картасы. Семей мен Жетісу өлкесінің картасы. Абай үстіне ақ түйе жүн шапан жамылып, қолына кітап ұстап, ой үстінде отыр. М.Əуезовтің томдары. Оның бірі ашылып, «Абайдың өмірбаяны» атты монографиясы көрінеді. Өз кабинетінде жұмыс істеп отырған М.Əуезов туралы кинохроника.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Бұл құжат Абайдың өз заманында ірі заңгер болғанын көрсетеді. Халық өмірін, дəстүрін, əдет-ғұрып заңда- рын терең игерген ол Шыңғыс ханның «Жасақ», «Билік» заңдарының ұтымды тұстарын, мұсылман жəне орыс заңдарының керектісін сүзіп алып, өзінің прогресшіл идеяларымен суғара отырып, жаңа тұрпатты


 


«Ереже» жазған. Ондаған болыс, би, шенеуніктердің бірде-бірі оған түзету енгізе алмай, тұтас мақұлдапты.


Мұхтар Əуезов Абайдың Қарамола съезімен қоса, Семей, Жетісу облыстары бас қосқан Көктума съезіндегі ұлы дүбірде Төбе би сай- ланып, «Ереже» тізгенін айтады. Бірақ олардың сақталмағанына өкі- неді. Ал Қарамола ережесінің екі бабын талдап, ұрлыққа қарсы жəне əйел теңдігін қорғаған сөздерін «ұрар жерін тауып соққан ереже» деп бағалайды.


Кадрда С.Өзбеков: Абай кəсіби парламентті құрудың идеясын айт- пағанымен, бірақ кəсіби парламенттің қажеттілік идеясын айтқан. Мысалы: «Халықтың сайлаймын деген адамдарын сайласа... халықтың сайлаймын деген кісісі қадірлі кісі болсын», – дейді. Былайша айтқанда, парламентке кездейсоқ, тамыр-таныстықпен, рушылдықпен, басқа да жағдаймен өтіп кетпесін деп талап етті. Бұл – бүгін өте өзекті мəселенің бірі.


Атқарушы билік туралы көптеген құнды идея айтқан. Бір сөзінде былай дейді: «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел», – дейді. Былайша айтқанда, мемлекеттің барлық тетіктерінде танымал, білімді, парасатты, данышпен тұлғалар отыруы керек.


Абай былай дейді: «Сатып алған билікте ешбір қасиет жоқ». Шіркін- ай, осы сөзді шенеуніктердің бəрі жаттап, қағида ретінде іс жүзіне асырса...


«Сегіз аяқ» əнінің мелодиясы Ж.Беспаевтың орындауында естіліп тұрады. Биік жартастың үстінде алдына қолжазбасын жайып бір қиырға ойлана қараған Абай. Жидебайдағы ақын зиратына мінəжат етуге келе жатқан жас жұбайлар. Камера Абайдың құлпытасынан бастап, күмбездің бойымен көкке қарай жылжиды. Ұшақтан түсі- рілген Абайдың 150 жылдық тойында тігілген киіз үйлер. Абай кесенесінің басында ел Президенті көрінеді. Көгілдір мұнарға бөленген Шыңғыс, Арқат биіктері мен көсілген кең дала. Музыка үдей түседі.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абай өзінің ұлы жырларымен қоса əділ билігі, тапқыр шешімі, терең білімімен халқының тіреніші бола білді. Əділдіктің ақ жолынан айнымай, халқымыздың құқық саласын же- тілдіріп, өз үлгісін қалдырды. Ол – өз заманының ұлы биі əрі ғұлама заңгері еді. Бұл салада да онымен иықтас адам болған емес. «Мыңмен жалғыз алыса» жүріп, «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» жүрегі- нің мейірін, ақылының нұрын төкті. Сондықтан да оны бүкіл əлем таныды. Ол қазақ даласының дана да дара ұлы, халқының мəңгілік сүйіктісіне айналды.


2007 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу