02.03.2022
  115


Автор: Сұлтан Оразалы

ДАҢҚ

(А.Моруаның əңгiмесi бойынша жазылған телепьеса)


 


Суретшi шеберханасы. Əр жерде шашылып жатқан қала пейзаж- дары, адам портреттерi. Керiлген кенепке майлы бояумен гүл шоқ- тары мен тарелкадағы баклажанның суретiнен натюрморт салып жатқан суретшi көрiнедi.


Бөлмеге жазушы Глэз кiредi. Ол Пьер Душтың жұмысына ұзақ үңiле қарап тұрып басын шайқайды.


 


ГЛЭЗ: Жоқ бұлай болмайды!


Душ баклажандардан басын көтерiп, таңырқай қарайды.


ГЛЭЗ: Иə, иə! Бұлай болмайды! Сен бұл қимылмен табысқа ешқа- шанда жетпейсiң. Шеберлiгiң, талантың, адалдығың – бəрi-бəрi бар. Бiрақ өнерiң тым қарапайым əрi ескi. Ол айғайлап, көзге ұрып, мен мұндалап тұрмайды. Салондағы бес мың суреттiң iшiнен сенiң еңбек- терiң қалғыған көрерменнiң сезiмiн селт еткiзбейдi. Солай, Пьер Душ, табысқа жете алмайсың. Өкiнiштi-ақ қой, ə!


ДУШ: Неге олай? Жо-ооқ. Мен не көрсем – соны жазамын, ненi сезiнсем – соны айтамын!


ГЛЭЗ: Мəселе сонда ма екен, достым-ау! Əйелiң мен балаларың- ды асырау керек емес пе? Олардың əрқайсысына күн сайын үш мың колория қажет қой. Ал суреттер сатып алушыға қарағанда, ақымақтар ақылдыларға қарағанда əлдеқайда көп емес пе? Айналайын Пьер, айт- шы маған, осынау белгiсiз тобырдың ортасынан қашан жарып шыға- сың? Осыны ойластыру керек. Бұның бəрi əншейiн сөз. Бұл тұйықтан шығудың бiр-ақ жолы бар: бұрын көз көрiп, құлақ естiмеген бiр əрекет жасау керек. Мəселен, жұрттың бəрiне солтүстiк полюске барып сурет саламын деп жар сал. Яки өзiңнiң үстiңе Египет Фараонының киiмiн киiп ал. Ең жақсысы-əйтеуiр бiр мектепсымақ негiзiн салу керек. Бiрнеше ақылды, ғылыми сөздердiң басын қосып жiберiп, оны экстриоризация, санадан тыс, затсыздық деп атайсың ба, бəрiбiр, құрастырып манифест жаз. Қозғалысты жоққа шығар, əйтпесе тыныштықты қажетсiз де, ақ пен қараның, шеңбер мен төртбұрыштың бiреуiн алып таста – мейлi, онда тұрған ештеңе жоқ. Тек қандай да болмасын бiр живописьтi, қызыл мен сарыны ғана мойындайтын «неогеометриялық» живописьтi ме, əйтпесе «цилиндрлiк», «октаэдриялық», төрт қырлы дейсiң бе, бəрiбiр бiреуiн ойлап табу керек…


 


Бөлмеге əдемi келiншек келiп кiредi. Қолында аса қымбатты, ил- люстрациялы журналдары бар. Ол – Косневская. Жiгiттер оны iзетпен қарсы алып, кресло ұсынады. Креслоға жайғасып отырған Косневская


 


аса бiр сəндi қылықтарымен шеберхананы шолып шығып, Душтың салып жатқан натюрмортына жаратпай жирене қарайды.


 


КОСНЕВСКАЯ: Кеше мен Алтын ғасыр дəуiрiндегi негр өнерiнiң көрмесiнде болдым. Ғажап, қаншама экспрессияны сезiнуге болады! Қиял қандай, күш қандай?


Пьер Душ өзiнiң соңғы салған жақсы деген портретiн көрсетедi.


ДУШ: Мынаны қалай бағалар едiңiз? КОСНЕВСКАЯ: Не деуге болады, жаман емес.


Əйел бар жоғың осы ма дегендей, əбден торыққан күйде үйден шығады. Душ қолындағы палитрасын лақтырып жiберiп, iргеде тұрған тақтаның үстiне жата кетедi. Ызаға булыққан.


ДУШ: Жетер, жетер ендi. Қауiпсiздiк кассасына, банкiге яки поли- цияға қызметке кетем. Маған бəрiбiр. Бұл күнде суретшi болу – ең сорлы жұмыс. Қалғып-шұлғығандардың алдында тек жымысқылар ғана абыройға ие болады. Ал сыншылар болса нағыз таланттарды қол- даудың орнына дарынсыздардың шашпауын көтередi!.. Жетер ендi, мен шаршадым.


Глэз трубкасын сорып түтiндi будақтатқан күйде үнсiз ойланып жүр. Ол Душтың сөздерiне мəн бермей, сол ойлы қалпында сөзiн жалғастырады.


 


ГЛЭЗ: Душ, жаңағы Косневскаяға, тағы сол сияқтыларға соңғы он жылда тынымсыз жұмыс iстеп, жаңа творчестволық əдiс ойлап тап- қаның туралы салтанатты түрде жариялай аласың ба?


ДУШ: Мен не ойлап тауып едiм.


ГЛЭЗ: Алдымен тыңдап ал. Мен таяуда бiрнеше мақала жазып, онда сенiң живописьтiң «идеоаналитикалық» мектебiнiң негiзiн салуға бел буғаныңды жұршылыққа жариялаймын. Саған дейiн портретистер ақымақтықпен адамдардың бетiн зерттеген екен. Бұның бəрi бос əуре. Адамның ең басты ерекшелiгi сол – ол бiздiң бойымызда қандай бейнелер мен елестер туғыза алатындығында. Мəселен, полковниктiң суретiн алалық: көгiлдiр сəуле мен алтын түстiң фонында өте үлкен бас бейнесi тұр. Суреттiң бiр бұрышына ет, ендi бiр жағына крестi сал- саң болды. Фабриканың трубасы мен столдың үстiндегi түйiлген жұ- дырықты салсаң – кəсiпорын бастығының портретi шығады. Дүниеге қандай өнер əкелетiнiңдi ендi ұққан боларсың, Пьер Душ. Бiр айдың iшiнде жиырма шақты «Идеоаналитикалық» сурет сала аласың ба?


ДУШ: Ондай 20 суреттi… (көңiлсiз жымиып) бiр-ақ сағат iшiнде са- лып шығуға болады. Бiрақ өкiнiштiсi сол, – менiң орнымда басқа бiреу болса, сенiң осы айтқандарың бұлжытпай iске асар едi, ал мен…


 


ГЛЭЗ: Несi бар, байқап көрелiк.


ДУШ: Мен көп сөйлегендi жек көретiн адаммын.


ГЛЭЗ: Онда былай келiселiк. Сенен суреттердiң қыр-сырын сұрап мазаңды алғанда, асықпай-саспай трубкаңды тұтатып, ұртыңды тол- тыра түтiнiн сор дағы, оны əуесқойдың бетiне қарай үрле. Содан кейiн қарапайым ғана түрде: «Сiз өзеннiң қалай аққанын алда-жалда бiр көргенiңiз бар ма?» – деп сұра.


ДУШ: Бұл сөзбен сонда не айтпақпын?


ГЛЭЗ: Түк те айтпайсың. Сондықтан да сенiң жауабың оларға өте терең ойлы болып көрiнедi. Ал олар сенiң суреттерiңдi зерттеп, өз- дерiнше талдап, жұртқа жайған соң, бiз өзiмiздiң қулығымызды ашып, оларды ұялтамыз.


Көрме залы. Кiрiп-шығып жатқан жұрт. Душтың соңғы суреттерi iлiнген. Косневская əрбiр суреттi көрген сайын ерекше таңырқаумен жүр. Ол Душтың жанына келедi.


 


КОСНЕВСКАЯ: Пьер, қандай ғажайып суреттер салғансыз. Қанша- ма экспрессияны сезуге болады? Қиял қандай, күш қандай! Қадiрлi, Пьер, осыншама таңқаларлық əдiстi қалай ойлап тапқаныңызды айт- саңызшы?


ДУШ (бiраз үнсiз тұрады, трубкасын тартады, түтiнiн будақта- тыңқырап үн қатады): Сiзге бiр сұрағым бар: өмiрiңiзде өзеннiң қалай аққанын көргенiңiз бар ма?


 


Косневскаяның ернi дiрiлдеп, таңырқағаны соншама, орнында тұ- рып қалады. Бiраздан соң барып ұққандай болады. Душты екiншi бiр топ келiп қоршайды.


 


СТРУНСКИЙ: Естен танарлықтай, ғажайып! Ғажайып! Басқа ештеңе айта алмаймын. Айтыңызшы, Душ, бұл жаңалық басыңызға қалай келдi? Менiң мақалаларымды оқыған соң туған жоқ па?


Душ бұл жолы тiптi ұзағырақ үнсiз тұрады да, Струнскийдiң бетiне түтiнiн будақтата жiберiп, аса бiр маңғаздықпен жауап қатады.


ДУШ: Қымбатты достым, Сiз өмiрiңiзде өзеннiң қалай ағатынын көргенiңiз бар ма?


СТРУНСКИЙ: Керемет айтылған сөз! Керемет!


Бұл кезде қарынды келген белгiлi алыпсатар жүгiре басып келiп, Душты қолтықтап алады.


АЛЫПСАТАР: Айналайын Душ, өте қу екенсiң! Мынау арқылы даңқыңды асыруға болады. Өнiмiңiздi мен алайын, тек мен айтқанға дейiн осы тəсiлiңiзден жаңылып қалмаңыз. Жыл сайын елу сурет сатып алуға уəде берем. Мiне, алақан!


 


Душ жауап бермей, трубкасын тартқан күйде тұрып қалады. Бiр- тiндеп шеберханасы босайды. Жұрттың гуiлдеген дауысы қашықтай бередi. Глэз есiктi жауып, өз-өзiне мəз қалыпта, екi қолын қалтасына салып суретшiнiң алдына келедi.


ГЛЭЗ: Ал ендi қалай? Оларды қатырып тұрып шығарып салдың емес пе? Əлгi қоян жағалы боқмұрынның айтқанын естiдiң бе? Ал əдемi келiншек ше? Əне бiр үш жаман қыз аузын ашып, көзiн жұмып:


«Қандай тың, қандай жаңалық!» – деумен болды емес пе, əй, əй, Пьер Душ-ай, адамның ақымақшылығында шек жоқ екенiн бұрын да бiлушi едiм, бүгiнгi көргенiм бəрiнен де асып түстi-ау!


Глэз қарқылдап тұрып күледi. Душ оған түйiле қарап, күлкiсiн жаратпайды. Глэз аңғармай, күлкiсiн баса алмайды.


 


ДУШ: Оңбаған!


ГЛЭЗ: Мен бе оңбаған! Ойбай-ау, менің арқамда ту-у сонау атам заманнан берi болмаған қулықты бүгiн iске асырдың емес пе?


Душ орнынан тұрып, өз-өзiне риза қалыпта суреттерiне қарай аяң- дайды. Содан соң қайта келiп Глэзге:


 


ДУШ: Иə, Глэз, солай, сен нағыз оңбағансың! Мына суреттер керемет емес пе?


Глэз жолдасына таңырқай қарайды.


 


ГЛЭЗ: Мəссаған! Душ, бұл əдiстi саған айтқан кiм екенiн есiңе алсаңшы, тым болмаса!


Душ үнсiз тұрып, трубкасын тұтатады да, қою түтiндi Глэздiң бетiне үрлеп жiбереді:


 


ДУШ: Сiз өмiрiңiзде өзеннiң қалай ағатынын көргенiңiз бар ма?


 


Қазақ теледидары,


1976 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу