02.03.2022
  129


Автор: Сұлтан Оразалы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕШҚАШАН ЗАҢСЫЗ ӨМІР СҮРМЕГЕН

 


Сұлтан Шəріпұлын жұртқа таныстырған тұста жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, профессор, халықаралық телевизия жəне радио академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, «Заң- Насихат» ЖШС бас директоры деген лауазымы мен атақ-дəрежесін атамай тұра алмаймыз. Ал атақ-даңқ дегеніңіз адам басына ат арытып, түйе қомдап келмейді. Оны жылдар бойғы табан ет, маңдай тердің өтеуі десек жарасар. Бізге бүгін сұхбаттасудың сəті түсіп отырған мақтан тұтар жерлесіміз Сұлтан Шəріпұлы Оразалының да жүріп өткен жолдары үнемі халыққа қызмет етуге арналыпты. Қысқаша тоқталсақ, қазақ телевизиясы, орталық комитеттің мəдениет бөлімінің көркем əдебиет секторы, «Өнер» баспасы, Тіл комитеті, тағысын тағылар.


 



  • Сұлтан Шəріпұлы, Семейге осы жолғы келуіңіздің жөні бөлек сияқты. Əуелгі əңгімеңізді сапарыңыздың себебінен бастасаңыз.

  • Семей – өзімнің сүйікті қалам. Туған жер төсіне, қол тиіп жатса, келіп тұрғанға не жетсін! Əр сапардың өзіндік орны бар десек те, Семейге осы жолы үлкен бір мақсатты жүзеге асырсақ деген ниетпен келдік. Нақтырақ айтқанда, «Абай – қазақтың ұлы биі» деген деректі фильм түсіріп жүрмін. Мұндай шешімге келуіме түрткі болған ой – Абайдың заңгерлік қырын көрсету. Өйткені Абай – қазақтың ұлы мақтанышы. Сонда бір халықтың пір тұтар тұлғасын тек ұлы ақын, асқан ойшыл деп қана танытсақ, онымен Абай болмысы ашыла қоя ма? Осындай сауалдарға сəл де болсын жауап қайтаруға жарар деген мақсатпен


«Абай – қазақтың ұлы биі» деген деректі фильм түсіруге кірісіп кеттім. Абайды қазақтың ұлы биі деуімнің себебі – тарихтан белгілі, Қарамола съезінде қабылданған 73 баптан тұратын ережені Абай үш-ақ күнде жазып шыққан. Бір таңқаларлығы, 1885 жылы мамыр айында Семейдің Қарамола деген жерінде бес дуан елдің билері мен құрметті адамдары Абай жазған ережені бірауыздан мақұлдаған. Съезге қатысқан ояз да еш өзгеріс енгізбеген. Яғни бұдан аңғаратынымыз: Абайдың заңға жүйріктігі, өз елінің арғы-бергі салтын, қағидасын жете білетіндігі, Ресей заңдарынан мол хабардар екендігі. Бір сөзбен айтқанда, бір елдің заңын үш күнде жазып шығу құбылыстың көкесі ғой! Сондай-ақ Абай жазған сол ереженің өміршеңдігі. Бұл заңдық құжат ретінде 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында екі тілде басылып шығып, Қазан төңкерісіне дейін күшін сақтап келді. Сондықтан Абайдың əділ би болғандығын, ақиқат жолында аянбағандығын деректі фильм арқылы көрсетсек деген ниеттемін. Жалпы, өткен тарихымызға терең үңілсек, қазақ халқы ешқашан заңсыз өмір сүрмеген.



  • Қазір түсіріп жатқан деректі фильміңізді Абайға арнағаныңызға қарағанда, аталмыш жанрдан хабарыңыз аз емес шығар?


 



  • Жалпы, мен қазақ теледидарында ұзақ жыл тер төктім. Азды-көпті тəжірибеміз бар. Телескетч, телеинсценировка, телесценарийлерді қос- пағанда, онға жуық деректі фильм түсірдім. Деректі фильмнің маңызына келер болсақ, бұл жанр арқылы кейіпкерді дəл сол қалпындағы бей- несін, болмысын сақтап қаласың. Мысалы, ешкім мəңгілік емес, ертең өмірден өткен жанды жабыла естелік жазып еске аламыз. Бірақ өмір сүрген шағындағы өз келбетін тірілтіп бере алмаймыз. Ал жаңағы деректі фильмнің артықшылығы сонда, кейіпкердің үнін, мінезін, дидарын сол қалпында қайталап береді. Сол себептен мен осыған дейінгі деректі фильмдеріміздің біразын бүгінгі қоғамның көзі тірі қайраткеріне арнадым. Сол үшін де Əділет министрлігі жанынан «Заң-Насихат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашып, Қазақстан заңдарына аянбай үлес қосып келе жатқан қайраткерлерді де таспаға түсірудемін. Мəселен, Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Ғайрат Сапарғалиев, Қалимолла Халықовтар тəуелсіз Қазақстанның Конституциясына, оған қатысты өзгерістерге белсене араласқан білікті тұлғалар. Осы аталған қайраткерлердің қазір өмірде біреуі болса, бірі жоқ. Шама келсе, деректі фильмдер қатарын əлі де көбейтсем деймін. Бірақ бəрін уақыт көрсетеді.

  • Сұлтан Шəріпұлы, əлгінде қазақ теледидарында ұзақ жыл істе- дім дедіңіз. Яғни қазақ телевизиясының тарихында сіздің де қолтаң- баңыз болғаны ғой?

  • Дəлірек айтсам, мен 22 жасымда Қазақ телевизиясының табал- дырығын аттап, сонда табан аудармай 20 жыл бойы еңбек сіңіріп- пін. Қолтаңба дегенге келсек, біздер сол кезде ашқан бірнеше теле- бағдарламалар күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді. Мысалы, өз уақытында «Кездесу», «Сұхбат», «Қымызхана», «Шұғыла»,


«Айтыс», «Сахна» т.б. ірі циклдар халыққа кең тарады. Аталған бағдарламалардың біразы заманмен бірге жаңарып, жұрт назарына əлі ұсынылып келеді. Нағыз жастық жігеріміз құлшынып тұрғанда төл теледидарымыздың кең қанат жаюына үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Алпысыншы жылдардың аяғында неміс кинематографистері Шойман мен Хайновскийдің «Қара тылсым» атты деректі телефильмі дүние жүзін аралап, телеөнердің табысы деп бағаланды. Мен өз көрермендеріміз үшін осы фильмді қазақ тіліне аудардым. Өкінішке қарай, кезінде «Сұхбат» бағдарламасының қонақтары болған, қазақтың айтулы ардагерлерімен жүргізілген əңгімелер сол кездегі қайшылық- тарға орай бірқатары бүгінгі күнге жетпей қалды.



  • Сұлтан Шəріпұлы, сіз қазақтың белгілі қаламгерісіз əрі баспагер қырыңызбен танымалсыз. Дегенмен əңгімені тіл тақырыбына бұрсақ. Себебі Тіл комитетін ең бірінші сіз басқарған едіңіз.

  • Иə, 1990 жылдардың басында Үкімет жанынан ашылған Тіл коми- тетіне басшылық жасау маған жүктелген еді. Тіл мəселесі өте ұзақ əңгіме. Қысқарта айтқанда, əр ел өз тілінің сақталуын əрі дамуын үнемі назарда ұстап отырмақ. Қазақ тілінің əлсіреуін кезіндегі Кеңес


 


Одағынан көріп келдік. Ал тəуелсіздік алғаннан бері 17 жыл өтсе де, əлі бір əңгімені қайталап келеміз. Əрине, атқарылған істер, тілдің ілгері басуы жоқ емес, бар. Бірақ баяу. Мемлекеттік тілдің мəртебесін биіктетудің бірінші мəселесі – қазақ қауымын түгелдей өз тілінде сөй- лету. Бұл жерде қазақтардың отансүйгіштігі оянбай, бір нəрсе деу қиын. Қазақтар толығымен қазақша сөйлессе, өзге отандастарымыз қазақтардан асып түспесе, кем соқпайды. Оның алғы нышандары қазірдің өзінде байқалуда. Міне бүкіл қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлеген кезде оның шеңбері еріксіз ұлғайып, халықаралық дəрежеге көтеріледі. Менің тілегім де, арманым да – осы. Сол үшін қазіргі Тіл комитеті мен оның құрылымдары əлі де өз жұмыстарын күшейте түскені абзал.



  • Əңгімеңізге рахмет!


 


Сұхбаттасқан Қайрат Зекенұлы.


«Ертіс өңірі» газеті, 2007 жылғы қараша


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу