02.03.2022
  174


Автор: Сұлтан Оразалы

ӨМIРМЕН ӨЗЕКТЕС ӨНЕР

 


Адамзат тарихына көз жүгiртсек, əр халықтың өмiрiнде бойкүйез, мимырт жылжыған ұзақ жылдар, көздi шел қаптағандай əсiре оңғаққа алданған кезең, адасулар мен арпалысулар, ал кейде бəрiнiң өтеуiндей, əрбiр күнi ондаған жылға парапар буырқанған сəттер кездесiп отыра- ды. Халықтың көкiрек көзiн ашып, дүние сиқын, шындықтың нағыз сипатын қайта танытатын, өмiр-тiршiлiктi жаңа арнаға бұратын бұндай жемiстi дəуiр əр ұрпақтың маңдайына жазыла бермесе керек. Бiз осын- дай заманды бастан кешiрудемiз. Өмiрдi қайта құру, өткен жолымыз- ға ой көзiмен қарап, əдiлеттiлiк, адамгершiлiк тұрғыда бағалау, күйенi тазалап, барша əрекетiмiзге ар алдында жауап беру, қысқасы, халық, адам, азамат ретiнде өзiн-өзi қайта тану, табу мiндетi тұр алдымызда. Бұл да майдан, бiрақ мұндағы шайқасты жаңғырған ой-санамен, ар- ожданмен, адал еңбекпен ғана жеңуге болады. Осы майданның алғы шебiнде баспасөзбен бiрге теледидардың атқарып отырған қызметi орасан. Ол соңғы кезде тас көңiлдi жiбiтiп, қасаң ойды қақыратып, та- рих пен экономикада, қоғамдық орта мен шаруашылықта iште шемен боп жатқан талай сырды ақтаруға жол салды. Ол өзiнiң нағыз өмiр айнасы екенiн жаңа күш-жiгермен дəлелдеуге кiрiстi.


Осыдан отыз жыл бұрын қазақ топырағында сəуле шашқан көгiлдiр экран бiр адамның жарты ғұмырына жетпейтiн аз ғана уақыттың iшiн- де бiздiң жан дүниемiзге өлшеусiз əсер еткенiн байқаймыз. Басқасын айтпағанда, жер бетiндегi түрлi халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнен, қайғы- сы мен қуанышынан, күресi мен жеңiсiнен, өткен-кеткен, бүгiнгi тари- хынан көрсеткен деректерi, телеэкран арқылы үйге кiрген өнер атаулы- ның эстетикалық тəрбиесi, он сан елдiң озат ойлы ұл-қыздарының ұлағатты сөздерiнiң қадiр-қасиетi қандай?! Өмiрде телекамераның кө- реген көзi шалмаған сала кемде-кем. Оның бəрiн айту мүмкiн емес. Қазiр жер шарындағы жарты миллиард телевизор күн сайын 2–3 миллиард адамды жадылап алғандай уысында ұстайды. Бұрын бос уақыттың оннан жетi бөлiгiн ағайын-туыс, дос-жарандарымен дидар- ласуға, кино, театрға бөлетiн жұрт, ендi сол уақыттың көпшiлiгiн телеэкранға телмiрумен өткiзiп жүр. Одан құтылатын дəрмен жоқ. Таяуда шетел ғалымдары жасаған тəжiрибе осыған айғақ. Бiр жыл бойы телевизор көрмей шыдағандарға белгiлеген қомақты сыйлықты жарысқа қатынасқан жүздеген адамның бiрде-бiрi иемдене алмаған. Ең табандылардың төзiмi жарты-ақ жылға жетсе керек. Ал бұрын айыпты болған баласын бұрышқа тұрғызатын ата-ана қазiр телевизор көрсетпей жазалайтын əдет тапты. Адам мiнезiндегi осы өзгерiс үйрен- шiктi машықтан гөрi рухани тiлекке байланысты туғанын ескеру лəзiм. Дүниеге техникалық жаңалық, хабар жеткiзу құралы ретiнде келген теледидар көп ұзамай жаңа өнер саласына айналды. Бұл жағынан ол киномен тағдырлас. Егер əрбiр өнер негiзiнен көркем бейненi жасау тə- сiлдерiмен ерекшеленетiнiн ескерсек, телевидениенiң басты құралы –


 


техниканың мəнiн тереңiрек түсiнемiз. Неғұрлым қолайлы, қуатты техника (көшпелi телевизиялық станциялар, шағын телекамералар, электронды монтаждау, студия аппараттары т. б. ) сапалы хабарлар жасаудың мүмкiндiгiн арттыра түседi. Алайда соңғы 15–20 жылда Қазақ теледидары отандық жəне шетелдiк техникамен бiрнеше рет жабдықталса да, бүгiнгi өскелең талапқа сай болмай отыр. Бұл күрделi мəселе «Эврика 95» жобасы iске асқанда ғана шешiмiн табуы ықтимал. Дүниежүзiлiк осы жобаға белсене араласқан ғалымдарымыз əлем- дiк бiрегей жүйеге қосылатынын, экрандағы суреттiң айқындығы мен бояуының қанықтығы, дыбыс тазалығы, тұрмысқа қолайлылығы, бей- нехабар жеткiзу қуаты қазiргi теледидардан екi есе артық, тұтастай жаңа аппарат жасау үстiнде. «Жоғары айқындықтағы теледидар» деп аталатын ол қазiргi техникаға революциялық өзгерiстер енгiзiп, электронды киноның тууына, телехабардың сапасын арттырып, режиссерлер мен журналистердiң творчестволық iзденiсiне, көркемдiк бейнелеудiң тың тəсiлдерiн кең пайдалануға жол ашпақ.


Теледидардың қасиетi жайлы айтылған пiкiрлер өте көп. Соның бiрi, əлемдiк киноның даңқты өкiлi Федерико Феллинидiң ойынша, ол – «Психологиялық рентгенограмма», «адамның өзiн-өзi тануына көмектесетiн құдiреттi құралдың бiрi».


Тап басып, дəл айтылған осы пiкiрдiң шындығын бiз публицистика- лық хабарлардан айқынырақ көремiз. Ойдан бұғауалынып, əр түрлi пiкiр таласы өрiстеген қазiргi шақта экранға шыққан əдеби кейiпкерлерден гөрi нақты адамның мiнез-құлқы, iс-əрекетi, ойлау жүйесi əлдеқайда қызғылықты болып барады. Тек соның көзiн тауып, көрсете бiлу шарт. Өмiрдегi драматизмге толы, шиеленiскен оқиғалардың қиын түйiнiн шешiп, соның бел ортасында жүрген адамдардың психологиялық құ- былыс-күйiн, жан диалектикасын сергектiкпен бақылау қолында те- ледидардың құдiреттi құралы тұрған режиссерлер мен публицистер- дiң шығармашылығына кең жол ашпай ма?! Əрине, бұған талант пен тəжiрибе керек-ақ.


Ал қазақ теледидарында жинақталған тəжiрибе де, өз iсiнiң шебер- лерi де аз емес. Отыз жылдың iшiнде журналистер мен режиссерлер- дiң бiрнеше ұрпағы көркем теледидарды қалыптастыруда жемiстi ең- бек етiп келедi. Телеэкранда еңбек еткен олардың iшiнде С. Масғұтов, Ə. Дүйiмбаев, С. Шарипов, В. Сацук, Ш. Агишева, Т. Ыбыраев, Т. Мат- каримов, И. Фидель, Қ. Қорғанов, С. Татенко, Ə. Тауасаров, Е. Го- ловинский, М. Ерғалиев, Ф.Бегембаева, А. Пономарев, Л. Есенов т. б. эфирге əзiрлеп көрсеткен хабарлар мазмұндылығы, түсiру мə- дениетi түрлiк iзденiстерiмен ерекшеленедi. Олардың өзiндiк мəнерi қалыптасқан. Əр жылдарда экранға шыққан «Кездесу», «Алтыбақан»,


«Қымызхана», «Тамаша», «Айтыс», «Халық қазынасы», «Үш бəй- терек», тағы басқа əдеби, музыкалық, публицистикалық туындылар ұлттық телеөнерiмiздi байытқан бiрегей еңбектер. Халқымыздың ауыз əдебиетiн насихаттауда, оның iшiнде айтыс, жыр, терме айту


 


өнерiн қайта жаңғыртып, қалың елге таратуда теледидардың ықпалы айрықша болды. Көптеген таланттардың тұсауы осында кесiлдi. Ал əдебиет пен өнердiң белгiлi қайраткерлерiне арналған хабарларда тiлге тиек етер жаңалықтар аз ба? Бiрақ бұл туындылардың бiрде-бiрi кең талданып, зерттеу объектiсiне айналмады. Жалпы, қазақтың əдеби сынында, өнертану саласында көркем теледидардың теориясы мен нақты шығармалары туралы əлi күнге жiбi түзу мақаланың жазылмауы өкiнiштi. Бұның өзi күн сайынғы телехабарлар тасқынының арасынан жақсы мен жаманды айырмауға, талант пен дарынсыздардың теңгер- мешiлiгiне əкелiп соғып отыр. Республикалық бағдарламаның iшiнде сапалы еңбекпен iргелес ойсыраған олқылыққа толы, шалағай ха- барлардың жиi көрсетiлетiнi осыған дəлел. Дегенмен ештен кеш жақсы. Жоғарыда сөз болған өнiмдi топтың творчествосын тиянақты зерттеп, табыстары мен кемшiлiктерiн зерделейтiн, дикторлардың, телесценаристердiң, хабар жүргiзушiлердiң еңбегiн лайықты баға- лайтын, жылт етiп көрiнген жақсы хабарларға дер кезiнде пiкiр айтылатын кез жеткен сияқты. Бұған теледидар мамандары белсене араласып, ой толғамдарын ортаға салса құба-құп. Республикалық


«Өнер» баспасы осындай еңбектердi басып шығаруға əзiр. Мiне, осы бiр игiлiктi iске аз да болса септiгi тие ме деген мақсатпен əдебиет пен өнер адамдары туралы хабарлар жасау мен оны эфирде жүргiзудiң кейбiр тəжiрибесiн ортаға салуды жөн көрдiк.


Көгiлдiр экранда қызмет еткен жиырма жылдың iшiнде менiң мың- даған хабарларды редакциялап, үш жүздей əдеби сценарий жазуыма тура келдi. Телекамера алдында мыңға жуық адаммен сұхбаттастым. Халыққа кең таралған көптеген əдеби хабарлар, телеқойылымдар көз алдымда туды. Əсiресе жаңа өнердiң алғашқы кезеңiнде еңбек етудiң құмарлығы мен қызығы естен кетпейдi. Бiрақ соның бəрiн бiр мақала- ға сыйғызу мүмкiн емес. Сөз миллиондаған адамдардың көз алдында өткен өз хабарларың жайлы болатындықтан, оның этикалық жағы тағы бар, артық айтсаң – мақтан, кем айтсаң қораш көрiнуi ықтимал. Сонда Сцилла мен Харибданың арасынан өтер жол қайсы?


Екiншiден, теледидар коллективтiк өнер екенiне ден қойсақ, əр хабарды əзiрлеуге өзiңмен тiзе қоса қимылдаған режиссерлiк топтың, суретшiлер, телеоператорлар, жарық қоюшылар, техниктер мен инже- нерлердiң еңбегiн мансұқ етуге бола ма? Осылардың бiрi өз мiндетiн дұрыс атқармаса, көңiлдегi ойдың көркi кетiп, жұртқа жұрнағы да жетпейдi. Бұл өнердiң қиыншылығы осында.


Десек те, теледидардағы басты тұлға – журналист пен режиссер екенiн айтқан жөн. Барша өнердiң анасы – ой мен сөз болса, оны телеэкранға əкелетiн журналист, жазушы, драматург. Ал режиссер сол идеяның экрандық бейнесiн жасайды. Бұлардың басшылық ролi хабарлардың жанрына қарай алмасып отырады. Публицистикалық, деректi хабарларда журналист таланты көзге түссе, көркем бейне-


 


фильмдер мен телеқойылымдарда, режиссер дарыны барынша ашы- лады. Олардың ой-өресi биiк, талант қуаты мол болған сайын, көгiлдiр экрандағы шығарманың сапасы арта түспек.


Теледидар – синтездiк өнер. Оның бойынан адамзат қиялынан ту- ған барша музаның белгiсiн табамыз. Сондықтан тележурналист кө- кiрегiн бiлiмге толтырмай, өнердi, өмiрдi зерттемей, жақсы нəтижеге жете алмайды. Сценарий жазуды игеру, теледидар техникасының мүм- кiндiктерiн, көркемдiк бейнелеу тəсiлдерiн бiлу, ұйымдастырушылық қабiлет, өз ойын еркiн жеткiзетiн шешендiк те қажет. Көгiлдiр экранда, мiне, осындай сегiз қырлы əрi бiлiмiнiң жеке саласын жетiк игерген бiр сырлы адам қадiрлi. Олардың iшiнде əсiресе эфирде хабар жүргiзетiн журналистiң орны бөлек.


Зерттеушiлер хабар жүргiзушiге түсетiн салмақты қазiргi заманғы дыбыстан да жылдам самолет ұшқышының көңiл күйiмен тең санайды. Екеуi де тосын жағдайдан дұрыс шығудың амалын қас қағым сəтте табу- ға тиiс. Ұшқыр ойлылық, сезiмталдық, уақыт пен кеңiстiктi дəл өлшей бiлу, жiгерлiлiк пен шешiмдiлiк екеуiне де ортақ. Рас, телекамераның маңдайшасындағы қызыл шоқ жанысымен-ақ (тiкелей көрсетiлетiн ха- барларда) миллиондаған адамдардың алдына шыққаныңды сезiну ой- санаң мен жүйке-жүйкеңе өлшеусiз салмақ түсiредi. Сол сəтте бойыңды билеп, ойыңды жинақтап, алғашқы сөздi бастап кету қандай қиын! Оның үстiне қасыңдағы адамдардың сөйлеуiне жағдай тудыру, сценарийдегi кино, фотодеректердi, түрлi тəсiлдердi жадыңа ұстап, ұтымды пайдалану, хабардың жүйелi, идеялық жағынан мəндi шығуын қадағалау, қысқасы хабар тiзгiнiн қолыңнан шығармай, көксеген мақсатқа жету оңай ма? Бұндай жүргiзушiнi мамандар хабардың конструкторы əрi ұшқышы деп бағалайды. В. Леонтьева, В. Маслюков, А. Каверзнев, Г. Боровик сияқты қос тiзгiндi қатар ұстаған дарындар совет теледидарында некен-саяқ.


Тұңғыш рет эфирге қалай шыққаным əлi есiмде. Ол кезде хабарлар бейнетаспаға жазылмайтын. 1965 жылы Латын Америкасын аралап, көптеген суреттер салып қайтқан белгiлi қылқалам шеберi Нағымбек Нұрмұхамедовтың əңгiмесiн дайындау маған тапсырылды. Суретшiнiң шеберханасына барып сөйлесiп, оның еңбектерiмен танысқан соң, бейнелеу өнерi жайлы бiраз кiтаптарды ақтарып шықтым. Автордың айтқаны бар, өзiмнiң оқыған-тоқығаным бар, бəрiн қосып үш беттiк мəтін жаздым. Бұл – суретшiнiң эфирде айтатын сөзi едi.



  • Мен қазақша əңгiмеге шорқақ адаммын, осы сөздi жаттап алып, экранда сыдыртып шығамын ғой, – дедi ол. Сұхбаттың сəттi бола- тынына екеумiз де сенiмдi едiк. Хабар басталардан он бес минуттай бұрын сасқалақтаған режиссер диктордың кешiгiп қалғанын хабарлап, сөз берудi маған жүктедi.

  • Өзiң жазған бiр ауыз сөз ғой, соны жаңылмай айтып, суретшiге кезек берсең болды, – деп жұбатты. Менiң абдырап қалғанымды бай- қаған авторым маңғазданып:


 



  • Ештеңе ете қоймас, айтар сөздi жаттап алдық, бəрi көкiректе сай- рап тұр, – дедi нық сенiммен. – Сен өзiңе берiк бол!


Сұхбат басталып кеттi. Не айтып, не қойғаным есiмде жоқ, əйтеуiр суретшiге сөз берген соң сұлық отырып қалдым. Аяқ-қолым қатып қалған тəрiздi, жанымдағы адамға мойын бұруға шамам жоқ. Бiр кезде суретшiмнiң «барлық» деген даусы естiлдi. Мен жазған мəтiн осы сөзден басталатын. Содан кейiн тым-тырыс. Секундтар жылжып өтiп жатыр. Сəл есiмдi жиып, бұған не болды екен деп қарасам, авторымның көзi тұманданып, иегi дiрiлдеп отыр екен. Даусы қарлығып, тағы да:


«Ба-а-рр-лық!» дедi мойнын маған қарай созып. Мен басымды изедiм. Бұдан əрi ойын жалғай алмай, кекештенiп: «ба-ба-лап» барып тоқтап қалды. Жаттап алған сөзi есiнен мүлде шығып кетсе керек. Самайынан тер моншақтайды. Соншама лажсыздық пен дəрменсiздiктен сүлдерi құрып, жаутаң-жаутаң қарайды. «Менде тұрған не бар, өзiң тiршiлiк жасасаңшы» дегендей, басымды тағы изеп қойдым. Осы сəтте көзiм қарсы алдымдағы телеоператорға түсiп кеткен едi, ол аласұрып бiзге қос жұдырығын түйiп тұр екен. Бiр минут бойы ештеңе айтылмағаны сонда ғана санама жетiп, бойым мұздап сала бердi. Жандəрмен суретшiге жазып берген сөздерiмдi еске түсiрiп, соны айта жөнелдiм. Ара-тұра:


«Сiз осылай дегiңiз келiп отыр ма?» деп қоямын. Ендi суретшiм басын шұлғи бастады. Қанша сөйлегенiм есiмде жоқ, бiр кезде авторымның да тiлi шығып, жаттанды сөздерiнiң аяғын өзi бiтiрдi. Студиядан шыққанда қалжырағандықтан екеумiздiң де тiземiз дiрiлдеп тұр едi. Бес минуттық əңгiменiң бұншама салмағы бар екенiн кiм бiлген?!


Екiншi оқиға Сəбит Мұқанов қатынасқан «Шұғыла» атты телеаль- манахтың жаңа жылдық санында кездестi. Əдебиет пен өнердiң бiр жылдық жетiстiгiн қорытындылауға арналған бұл хабар 1968 жылы 31 декабрьде түнгi сағат оннан кейiн бағдарламаға қойылған-ды. Елу минутта өткен жылдағы əдебиет, театр мен бейнелеу өнерi, музыка мен кино саласындағы жетiстiктерiмiздi жеке-даралап айтуға тиiстi едiк. Оған қатынасуға шақырылған адамдарды бiр-бiрiнен бөлек, студияның əр бұрышынан сөйлету жоспарланған. Уақыт шектеулi. Бiзден кейiн концерт, жаңа жылдық құттықтау бар. Студия iшi толған адам, əркiм өз кезегiн күтуде. Алғашқы əңгiме Сəбеңмен басталды. Көңiл күйi көтерiңкi жазушы көсiле сөйледi. Кесiмдi мерзiм аяқталып, сөзiн бөлуге ұмсына бергенiмде, Сəбең «сабыр ет» дегендей белгi бердi де, тағы бiр əңгiменiң жүйесiне түсiп алып, ағыла жөнелдi. Он минут, он бес минут өтiп барады...



  • Сəбе! – деймiн батылсыздау үнмен.

  • Ə, – дедi Сəбең маған еңсерiле бұрылып. – Иə, иə, негiзгi əңгiмеге ендi көшейiн. Бiр жылдың жетiстiгiн айтқанда Сəбит Мұқанов атымыз- ды атамады деген қалың өкпеге қалмаймын ба? Бiраз мұрсат бер...


Ол сөзiн қайта жалғастырды. Байқап отырмын, режиссер мен опера- торларда маза жоқ. «Тоқтатсаңшы» деген белгiнi үстi-үстiне бередi. Үлкен адамға бата алмай, амалым құруда... Жиырма минут өттi.


 



  • Сəбе, – деймiн көрерменге байқатпай сағатымды көрсетiп.

  • Ə, уақыт па? Сен оған қысылма, қарағым. Сəбит Мұқанов көп сөй- леп қойды деп бiреу-мiреу ұрысса, маған айт... Əдебиеттiң бiр жылдық жетiстiгi бес-он минуттық əңгiмеге сыя ма екен?


Ол жадырай күлiп, жан-жағына қарады да, студияның бiр бұрышында отырған жазушы Қалмұқан Исабаевқа көзi түсiп кеттi.



  • Ана отырған Қалмұқан ба? Е, ол да жаңа шығарма жазған. Қане, айтпай көр. Биыл жаңадан жазылған пьесалар да бар. Мына артистер соны ойнауға келiп отыр ғой. Шырағым, осы сенiң есiмiң кiм едi? – деп бiр артиске мойын бұрды. Бұл ендi қып-қызыл шатаққа айналды. Сəбең көрермендерге кейiнiрек айтылуға тиiстi кадрлардың сырын аша бастады.

  • Сəбе-ау, ендi бұныңыз...

  • Жарайды, жарайды, тоқтайын. Бiрақ, жұртшылық байқап отырған шығар, Сəбит Мұқановтың айтары бiткен жоқ, – деп маған екi алақа- нын жайды... Хабарға бөлiнген уақыттың жартысы өтiп кеткендiктен, кадрлар қысқартылып, эфирге шықпай қалған адамдар үйлерiне өкпе- леп қайтты...


Бiрiнде сөйлете алмай, екiншiсiнде тоқтата алмай əуре-сарсаңға түс- кен бұл екi оқиғаны жазуымның бiрнеше себептерi бар. Ең алдымен, жүргiзушi не сұрауды ғана ойлап қоймай, қалай сұрауды да жетiк бiлуi шарт. Сөйлеушi адамның мiнез ерекшелiгiн, ойлау, сөйлеу қабiлетiн зерттемей эфирге шығу ағаттық. Мақсатыңды айқын бiлiп, өз көңiлiңдi бекiтiп, сұрақтарыңды нақты, дəл қойғанда ғана тұжырымды жауап шығады. Алғашқы жағдайда жүргiзушi көңiлiнiң қобалжуы сөйлеу- шiге терiс əсер етсе, екiншiден, үлкен адамның алдындағы дəрменсiз- дiк сəтсiздiкке ұшыратты. Жүргiзушi кiммен қатар отырса да, өзiн тең ұстап, əдептен аспай, мақсатын iске батыл асырғанда ғана еңбегi жемiстi болмақ. Ол үшiн əр адамның жүрек кiлтiн таба бiлу керек. Оның тəсiлдерi сан алуан.


Бiраз жылдардан соң жоғарыдағы суретшiмен тағы жолықтым. Бұл жолы ол қазақ бейнелеу өнерi туралы жұртшылыққа қызғылықты əңгiме айтып бердi. Ал Сəбеңмен жүргiзген көптеген хабарлар тыңдау- шыны бейтарап қалдырған емес. Соның бiрi – 1970 жылы 21 апрельде В.И. Лениннiң туғанына жүз жыл толуына арналған «Үнiң кетпес құлақтан» деген əдеби хабар едi. Оған қазақ мəдениетiнiң ең көрнектi қайраткерлерiнiң көпшiлiгi қатынасты. Хабар көрсетiлерден бiр күн бұрын Сəбең науқастанып, ауруханаға түсiптi. Жатқан бөлмесiнде телефон бар екен. Хабарласып, денсаулығын сұрағанымда, кешегiден тəуiрленгенiн айтты.



  • Сəбе, хабар бүгiн көрсетiледi, ендi не iстеймiз? – дедiм абыржып.

  • Өзiм де бiлмей отырмын. Дəрiгер қыздар менi аңдып, далаға да шығармайды. Бiр пəле болды, əй, бара алмаймын-ау.


Столымның үстiнде Сəбеңнiң «Сырласу» атты өлеңi жатыр едi, есiме қалай түскенiн бiлмеймiн, соны телефоннан оқи бастадым.


 



  • Сəбе, дейтұғын Сəбитпiн мен, емен басқа, Егерде «емессiң» деп жала жапса,


Менiң оған айтарым: «Не демексiң, өзге емес, осы атты Ленин тақса!»



  • Əй, бала, бұл менiң өлеңiм ғой!


Бесiктен-ақ маған тап белгi таққан, Тапты шаққан – бесiкте менi шаққан. Сап-сары ала, сап-сасық жөргекте де,


«Iңгə» орнына уiлдеп «тап» деп жатқам.



  • Сəбе, бұл да сiздiң өлеңiңiз.

  • Сен өзiң тақылдап, не айтайын деп отырсың? Шырағым-ау, менiң ер- кiм өзiмде болып тұр ма? – Сəбең даусынан сəл босағандық байқалды.


 


– Жан сырым, халқым, маған сенсең егер, Борышым шашымнан көп саған берер.


Желкеме шор түсер деп аямай сал, Мен сенiң өгiзiңмiн өрге жегер.


 



  • Сəбе, халқыңызға хабарлап қойдық, бiзде де лаж қалмай тұр. Ленин туралы бiрiншi сөздi сiз бастаушы едiңiз ғой... Хабардың кiлтi сiзде.

  • Ленин тойында шаппағанда... дейсiң ғой ендi. Таптым, – дедi ол кенет қуанып. – Сен Мəкен шешеңе хабар бер. Кешкi уколды ертерек алайын, машинамен менiң костюм-шалбарымды терезенiң түбiне алып келсiн. Қашамын! Бiрақ көп бөгемейсiң. Əйтпесе дəрiгерлер сазайым- ды бередi.

  • Құп, Сəбе!


Сол кештегi шабытты айтылған Сəбең сөзi онымен тiзелес отырған Ə. Қастеев, Ғ Орманов, Ғ Құрманғалиев т. б. он бес шақты өнер тар- ландарының бойына от тастағанай əсер етiп, бұл хабарды Қазақ теле- дидарының ең бiр жарқын бетiне айналдырған едi. Ұмытпасам, бұл Сəбеңнің теледидарда сөйлеген соңғы сөздерiнiң бiрi болатын...


Журналистiк қызмет менi талай адамдармен жолықтырды. Көпте- ген еңбек ардагерлерiмен қоса елiмiздегi əдебиеттiң, өнердiң, қоғам- ның iрi қайраткерлерiмен телеэкран алдында жүздестiм. Францияның, Венгрияның, Болгарияның, Сирияның, Ливанның, Ирактың, Иранның, Египеттiң, Индияның, Пакистанның, Бангладештiң, Малидiң, Оңтүстiк Африка республикасының, Жапонияның, Түркияның, Ауғанстанның, Монғолияның т. б. елдердегi белгiлi жазушы, ғалым, қоғам қайрат- керлерiнен интервью алуыма тура келдi. Бұл кездесулер көп нəрсеге үйреттi. Тегiнде, əр адам – тұңғиық əлем ғой. Телеэкрандағы өлшеулi уа- қыттың iшiнде оның барша болмысын ашып беру мүмкiн де емес. Бiрақ телепублицистиканың iрi шеберлерi сол шағын уақыттың iшiнде-ақ адам мiнезiнiң талай қырларын ашып, шебер портрет жасай алатындығын


 


Орталық теледидардан көрiп жүрмiз. Олай болса, көгiлдiр экранның мүмкiндiгi шексiз екен. Жүргiзген хабарларымның бəрiнде қалаған нə- тижеге жеттiм деу, əрине, артық. Бiрақ жалт етiп ашылған, сөйтiп көрер- мендердiң есiнде ұзақ сақталған адам портреттерi баршылық. Бұл – таудай топырақты қолмен қазып, қажыған шақта, саф алтынға кездескен адамның қуанышындай телепублицистiң де бiр бақытты шағы. Ол, əрине, жиi кездесе бермейдi. Сондықтан да қадiрi бөлек.


Қазiр кей жайлар ұмытылды. Бiрақ жетпiсiншi жылдарға дейiн жа- салған хабарлар iшiнде осындай сəттiлiкке кездескен бiреуiне тоқтала кетейiн. 1969 жылы белгiлi актер Елубай Өмiрзақов 70 жасқа толып, оның творчестволық бейнесiн дайындадық. Елағаң қатты сырқаттанып жүргендiктен, əңгiменi синхронды камераға үйiнен жазуға келiстiк. Ол кiсi бiздi көңiлдi қарсы алды. Менiң сұрақтарыма ықыластана жауап бере отырып:



  • Көп болды əн айтпай кетiп едiм, саған бiр əн салып берейiншi, – дедi жадырап. Бұл жас кезiнде көп айтқан «Нақ-нақ» атты күлдiргi əн едi. Оны да кинотасапаға жазып алдық. Осы жолы үй-iшілік мұрағатынан жас шақтарында Шəкен Аймановпен бiрге спорттық формада түскен суретiн тауып алдым. Студиядан жүргiзген хабарға Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Ш. Айманов, С. Майқановалар шақырылды. Актердiң əр түрлi рольдегi суреттерi, кинодан алынған үзiндiлер көрсетiлдi, бiрақ хабарға қатынасып отырғандарға қарт актердiң соңғы айтқан əнi мен жас кезiндегi суретi ерекше əсер еттi.

  • Бұл екеуi менiң ойыма қай-қайдағыны түсiрiп отырғаны, – дедi толқыған Сəбира Майқанова. – Есiңде ме, Шəкен, екеумiз де ол кезде театрға жаңа келген жас едiк. Бiрде Елағаң жұмысқа көңiлсiз келдi, бiрақ ешкiмге сырын бiлдiрген жоқ. Сол күнi күлдiргi спектакль қойыла- тын едi. Ол басты рольде, мен зайыбы болып ойнайтынмын. Елағаң- ның шебер ойыны елдiң iшек-сiлесiн қатырды. Қойылымнан соң жұрт тарқамай, оған əн салдырды. Сонда осы «Нақ-нақты» айтып, халықты тағы да қарық қылды. Ойын аяқталып, жұрт тарқаған соң, сахна сыртына шықсам, Елағаңның жүзi боп-боз болып, көзiнен жас парлап тұр екен. Шошып кеттiм. Сөйтсем, талпынып отырған алтындай ұлы таң ата кенеттен қайтыс болыпты. Ол кезде бiр рольде жалғыз-ақ актер ойнайтын заман. Қосалқы топ жоқ. Сондықтан жұртқа хабарланып қойылған спектакльдi кейiнге қалдыруға ары шыдамаған актер өз қайғысын сездiрмей, халық алдындағы парызын орындауға келiптi. Өзiнiң iшi қан жылап отырып, жұртты қыран-топан күлкiге батыру үшiн қаншама күш-жiгер керек болды екен?! Науқастанып жатқанына қарамай əндi қалай айтады! Ғажап қой!

  • Бұл өнердi жан-тəнiмен сүйген ұлы актердiң ғана қолынан келетiн ерлiк, – дедi Шəкен Айманов. – Ал жастық шақтағы мына сурет оның тамаша спортшы болғанын есiме түсiрiп отыр.


Ол суреттi көрсете отырып, театрдағы, кинодағы көптеген сəттердi есiне алды. Жетпiске таяған шағында «Атамекен» фильмiнде жүрiп


 


бара жатқан поездан өзi секiрiп, «Алдар көседегi» бақсы биiн жалаң аяқ жүрiп қалай билегенiн əңгiмеледi. Қ. Жандарбеков пен Қ. Бадыров та актер өмiрiнiң, өнерiнiң, мiнезiнiң əр қырын ашатын деректер айтты. Сөйтiп, бiр сағаттық хабарда Е. Өмiрзақов сынды актердiң тамаша обра- зы жасалған едi. Оған сəтiмен пайдаланылған кино, фото деректер мен замандастарының жүрек толқытарлық əңгiмелерi ерекше көрiк бердi.


«Теледидармен достасқан екi жылда менiң байқағаным: хабарлар- дың ең асылы – теледидарлық портреттер екен», – дейдi белгiлi сыншы В. Саппак «Теледидар жəне бiз» атты кiтабында. «... Портрет – мiнез, ол – өмiрбаян, ол – типтiк жəне даралық қасиеттердiң жиынтығы... қарсы алдымызда отырған ойдан шығарылған кейiпкер емес, нақты адамның өзi екенiн көремiз. Бiрақ оның тағы да бiр артықша қасиетi бар. Сол «артықша қасиетi» дегенiмiз – көркем образы». Бұл сөздiң шындығына Е. Өмiрзақов туралы хабар да дəлел бола алады.


Портрет жанрында көптеген хабарлар жасауға тура келдi. Солардың iшiнде халыққа кең тарағаны – «Сұхбат» циклiнен түсiрiлген тоғыз деректi бейнефильм. Оның кейiпкерi де əдебиет пен өнердiң үздiк қайраткерлерi. Қазiр ойлап отырсам, əр бейнефильмнiң шығармашы- лық өмiрбаяны, өзiндiк қызығы мен қиыншылығы бар екен. Соның бəрiн сөз етпей-ақ, жалпы циклдiң тууы мен оны жасаудағы кейбiр принциптерге тоқталған жөн сияқты.


Ұлы философ Сенека айтқандай, барар бағыты беймəлiм кеменiң желi ешқашан да оңынан тумайды. Көрермендер де сондай. Көңiлдегi көрiктi ойдың сəулесiн, оның əсер күшiн алдымен өзiң сезiнбей, айтарыңды салмақтап, алдыңа айқын мақсат, iзгi тiлек қоймай, əйтеуiр,


«тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген өлермендiк пен көзжұмбайлыққа салудың нəтижесi ешқашан болған емес. Сондықтан «Сұхбатты» жасағанда алға бiрнеше мақсат қойдық. Оның ең бастысы – қазiр қатары сиреп бара жатқан сөз зергерлерi мен өнер адамдарының өзiн, əңгiмесiн табиғи қалпында қалдыру едi. Телевизия техникасының жа- зып алу мүмкiндiгi жоқ кезде ол қиын болатын. Басқаны айтпағанда, мен өзiм жүргiзген хабарларға қатынасқан С. Мұқанов, Ə. Қастеев, С. Қожамқұлов, Ш. Айманов, Е. Өмiрзақов, Қ. Жандарбеков, Қ. Бай- сейiтов, I. Омаров, Х. Есенжанов, Н. Алдабергенов т. б. ондаған ар- дагерлерiмiздiң бейнесi, асыл сөзi өшiп кеттi. Əдебиет пен өнер адамдарының портретiн жасаған кезде, республикамыздың кино-фото архивiн ақтара жүрiп, қазақ топырағында кинохрониканың жұмыс iстей бастағанына жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де, жiбi түзу кино- материал табудың қиындығына көзiм жеттi. Əр жиын-жиналыстардағы бiрер секундтық жылт етпе кадрлар, ұзаса екi-үш минуттық сюжеттер- ден басқа, тiптi Жамбыл, Мұхтар Əуезов, Күлəш, Иса, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов т. б. туралы да жарытымды ештеңе жоқ. Сондықтан да бiздiң портреттiк фильмдерiмiздiң көбi одан-бұдан құрастырылып жасалатындықтан, жансыз, əсерсiз шығып, негiзгi объектiнiң бейнесi ашылмай қалады, тек сырттай қызықтаумен ғана тынамыз.


 


Бiр сəтке қиялға ерiк берелiкшi. Ұлы Жамбылдың атақты жырлары- ның көбi оның замандастарының көз алдында туғаны мəлiм ғой. Соның бəрiн демей-ақ қоялық, екi-үш толғауының туу, жазылу сəтi сол қалпында кинотаспада сақталса, бүгiнгi ұрпақ ұлы ақынның шабыт- ты шағына куə болып, суырып салма өнердiң қаншама сырын таныр едi. Жыр толғаған шақтағы ақынның күйi, бет-жүзi, мiнезi, жанары, даусы қандай екенiн көрiп, естiп отырсақ, Жамбыл туралы танымымыз өлшеусiз кеңи түспес пе?! Ал жүздеген адамдардың алдында отырып тұтас поэмалар шығарған Иса өнерi ше?! Ой мен тiлдiң кенi Мұхтар Əуезовпен «Сұхбат» типтес əңгiмелер жазып алынса, оның құнын немен өлшер едiк?


Мiне, көңiлдегi осы бiр өкiнiштердiң орнын толтыру үшiн кеш те болса iске асырудың қажеттiлiгi туды.


Бейнефильмнiң аты əйгiлеп тұрғандай, «Сұхбат» екi адамның əңгi- месiне негiзделген. Сырттай қарағанда, бұл өте оңай тəсiл. Жүргiзушi- нiң мақсаты сұрақ қою да, жазушы, яки өнер адамының мiндетi соған жауап беру. Ғалымдардың анықтауынша, əр адамның бiр тəулiктегi үштен бiр уақыты сөйлеуге кететiнiн ескерсек, эфирдегi бiр сағаттық əңгiме деген не тəйiрi?! Қалаған сұрағыңды қой дағы тыңдай бер! Одан оңай не бар? «Жазушылықтан жеңiл ештеңе жоқ, – деген екен бiр əдебиетшi, – алдымен бiр сөз жазасың, одан соң екiншiсiн... « Мiне, сол айтқандай, алдымен бiрiншi сұрақты қой, содан кейiн екiншiсiн... Бiр сағаттың iшiнде фильм-диалог дайын емес пе? Бiрақ осындай «оңай» iстердiң шеберлерi нелiктен аз? Нелiктен кейде үш-бес минуттық интервьюдi тыңдаудың өзi азапқа айналады? Нелiктен өмiрде көп iс тындырған ойлы адамның өзi олақ жүргiзушiнiң жанында отырған- да, барша жақсы қасиетiнен айрылып, жұтап шығады? Телеэкран- да көрсетiлiп жүрген əңгiмелердiң, фильм-диалогтардың көркемдiк сапасы əр түрлi болатын себебi не? Тереңiрек ойласақ, оның мəнi бас- қада екен. Сөз құраудың азабын жазған бiледi, эфирдегi əңгiменiң ауыр салмағын жүргiзушi түсiнедi. Халыққа ұсынар шығарманың көркемдiк сапасы хабар авторының (жүргiзушiнiң) талантына тiкелей байланыс- ты болатыны сондықтан.


Бүгiнгi замандас бейнесiн жасау – барша өнер атаулының асыл мұраты. Бұл ретте көркем шығарманың жолы басқа. Деректi фильмдер- де де əр түрлi мамандық иелерiнiң толымды бейнесi жасалып жүр. Олардың көпшiлiгi iс-əрекет үстiнде көрiнiп, сол сəттегi мiнез-құ- лықтары ашылады. Ал ой адамының, сөз зергерiнiң бейнесiн қалай жасау керек? Олардың жазу столында отырғанын, жұртпен кездес- кенiн, ел аралап, материал жинағанын кинотаспаға түсiрдiк делiк. Шығармаларының көркемдiк сапасын талдайық. Бiрақ барша жазу- шының өмiрiне тəн осы сыртқы əрекет олардың өзiндiк болмысын толық аша ма? Егiз қозыдай ұқсас портреттер осындайдан туатын сияқты. Менiң ойымша, жазушының шын тұлғасы – оның жан дүниесiнiң байлығында, өмiр, өнер туралы ойларының тереңдiгiнде,


 


əр түрлi құбылыстарға деген принциптi көзқарасында, маңайындағы адамдармен қарым-қатынасының нəзiктiгiнде, шығармашылық жұмыс iстеу тəсiлiнiң əр түрлiлiгiнде көрiнетiн тəрiздi. Кез келген үлкен суреткердiң айтылмаған ойлары, жазылмаған сырлары, кейде мəн бермей жүрген жайлары аз емес. Фильм-портретте осы жағы терең ашылса, нұр үстiне нұр болмақ.


Белгiлi сыншы В. Саппак адам характерiн ашуда телекамера рентген сəулелерiне ұқсас деген пiкiр айтады. Ол адам бойындағы кiнəратты да, жақсылықты да жасырмайды, қайта микроскоп тəрiздi үлкейтiп көрсетедi. Портрет жазар алдында əр түрлi эскиздер жасап, адамның шынайы күйiн ұзақ зерттейтiн суретшi тəрiздi сценарист пен режиссер де өз объектiсiн ұзақ бақылап, оның барынша ашылған сəттерiн, өзiне тəн мiнез қырларын iздейдi. «Сұхбатты» əзiрлеген кезде осы талап та есте отырды. Сондықтан əрбiр жазушымен əңгiме бiрнеше сағатқа жазылып, оның ең қажеттiлерi ғана бейнефильмдерге кiрдi.


Бұл бағыттың дұрыстығын Қазақ КСР теледидар жəне радиохабар- ларын тарату жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы əлеуметтiк зерттеу бөлiмiнiң мəлiметтерi де дəлелдей түстi. 1980–1981 жылдары көрермендер «Сұхбат» циклiне бiрiншi орын бердi. Жұртшылықтан ризашылық бiлдiрген көптеген хаттар келiп, газет беттерiнде бiрталай пiкiрлер жарияланды. Бiрнеше хаттан үзiндi келтiрейiк:


«Сiздердiң «Сұхбат» атты хабарларыңыз – халықтың көкейiнен шығып жүрген игi бастамалардың ең абзалы. Мұндай көңiлдi қозғап, жүректi тербейтiн, мыңдармен тiлдесетiн бетпе-бетсырласу, ой тер- беуден келетiн пайданы белгiлi өлшемге сыйғызудың өзi мүмкiн емес. Ел-жұртқа аты ардақты, зиялы, абзал адамдарды миллиондармен сыр- ластырудың моральдық, этикалық ықпал-күшi орасан зор» (Жамбыл облысы Сарысу ауданының Ленин атындағы мектеп мұғалiмдерi).


«Ш. Айтматовпен «Сұхбатты» көру үшiн, шақырылған, өзiм басқаруға тиiстi тойға бармай, ықылас қойдым. Рахмет сiздерге! Ғабиден ақсақалмен əңгiме де ғажап! Бұл хабарларды көркем дүние ретiнде болашақ ұрпаққа сақтау керек деп ойлаймын» (Ə. Мейiрбеков. Шымкент облысы, Жетiсай ауданы).


«Сiздiң «Сұхбатта» айтқан əңгiмеңiз мен сияқты көптеген кəрi- лердiң жанын жасартып, көңiлiн көтерiп, денсаулыққа себепкер бо- ларлықтай нəр берген, дəрiгерлердiң дəрiсiнен бiрде-бiр кемшiлiгi болмады, – деп жазды Сапарғали Бегалинге Қаскелең ауданы, Чапаев атындағы совхоздан Несiпжамал Батталқызы. – Сүрiнiп-жығылып жатқанда қолтығыңнан көтерiп тұрғызған жанашырыңдай, шар- шап, буын-буының құрысқанда дертке қуат етiп таянған таяқтай, бойға жылылық, буынға күш, көңiлге қуаныш бердi. Сексен төртке келсеңiз де нұрлы жүзiңiз, асыл жаратылысыңыз, ерекше бiр қалыпта отырған отырысыңыз, мүлтiксiз сабырлы да тиянақты, түсiнiктi əңгiмелерiңiз, тiптi даусыңыздың өзi қандай жақсы, сүйкiмдi. Ешбiр қарттық белгiсi сезiлмейдi...»


 


Мiне, бұл пiкiрлер бейнефильм-портреттiң өз мақсатын орындаға- нына, негiзгi кейiпкерлер бейнесiнiң жұрт көңiлiне жол тапқанына айғақ.


«Сұхбаттың» əр фильмiн əзiрлеудi шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншiсi материал жинау, кейiпкермен етене жақындасу. Бұл


ең жауапты кезең. Болашақ еңбектiң нəтижесi оған тiкелей байланыс- ты. Мысалы, Ғ. Мүсiрепов пен Ғ. Мұстафиннiң төл шығармаларымен қоса, олар туралы жазылған еңбектердi де саралай оқып, түгелдей зерт- теп шығуға тура келдi. Жазушы творчествосын игерген соң, олардың өздерiмен жолығу басталды. Бiр жарым, екi айға созылған кездесулер- де Ғ. Мүсiреповпен жиырма сағаттай, Ғ. Мұстафинмен жиырма бес сағатқа жуық əңгiмелестiм. Бұндағы мақсат – жазушының көкейiндегi негiзгi ойларды бiлу, оны толғантатын жайларға қану, тұрмыс тiршiлiгiн бақылай жүрiп, мiнез-қырларын зерттеу. Бiр-бiрiңе үйренiспей сыр ашу да оңай емес. Бұл кездесулерге дейiн де мен осы екi суреткер туралы бiрнеше əдеби хабарлардың сценарийiн жазған болатынмын. Бiрақ соңғы əңгiмелерден кейiн ғана «Сұхбаттың» негiзгi тұрпаты көз алдыма елестей бастады. Экраннан көрсетiлген Ш. Айтматов, I. Есенберлин, С. Бегалин, сондай-ақ Азия жəне Африка елдерiнiң бiр топ жазушы- лары туралы бейнефильмдер де осылайша əзiрлендi.


Екiншi кезең – ол сценарий жазу, жазушы туралы өз ойларыңды қорытып, қойылатын сұрақтарды əзiрлеу. Мұнда əр сұраққа берiлетiн жауапты мөлшермен бiлiп отыратындықтан, психологиялық партиту- раны дəл анықтауыңа, керектi архив деректерiн орнымен пайдалануыңа мүмкiндiк туады. Сұрақтардың жүйелiлiгi бейнефильмнiң композиция- сын белгiлейдi. Сондықтан əр сұрақ көздеген нысанаңа дəл тиетiн- дей нақты болуы шарт. Кейде отыз-қырық түрлi негiзгi сұрақ жəне оның əр түрлi варианттарын əзiрлеуге тура келедi. Мысалы, Шыңғыс Айтматовпен сұхбатқа отыз бес сұрақ əзiрленгенiмен, əңгiменiң бары- сында оның жартысына жуығы пайдаланылған жоқ. Ал тосыннан қойылғандары қаншама?!


Үшiншi, ең жауапты кезең – хабарды бейнетаспаға жазу жəне əрбiр бөлшектерiнiң басын қосып, монтаждау. Барлық еңбегiңнiң нəтижесi осы тұста көрiнедi. Кейiпкер қанша маңызды болса да, хабардың сапа- сы автордың ой-өрiсiне, оның талап-талғамының дəрежесiне тiкелей байланысты. Жүргiзушi өзiнiң сұрақтары арқылы жанындағы адамды жайдақ жағалауға да, терең иiрiмдерге де бастайды. Сондықтан басты шеберлiк – жаныңдағы адамның жарқырай ашылуына көмектесу, оның шығармашылығына, адамшылық болмысына дəл, ұтқыр пiкiрлер айта бiлу. Фильмдi түсiру кезiнде жүйке-жүйкелерiң барынша ширап, ақыл- ойың бiр мақсатқа бағышталғанымен, кез келген сəтте туатын кездейсоқ жағдайларға да дайындық керек. Түсiру кезiнде ондай тосын оқиғалар ұшырасып тұрады. Бiрақ қандай қиын жағдай туса да, өз көңiлiңнiң əуенiн эфирде сездiруге болмайды. Сол сəтте жүргiзуге берiк жүйке, ұстамдылық өте қажет.


 


«Сұхбат» – негiзiнен публицистiк туынды. Мұнда кейiпкерлердiң де, фильм авторының да өмiрлiк позициясы, интеллектуалдық ой- өрiсi танылады. «Позиция, ой, көркем бейне, сезiм, мiне, нағыз пуб- лицистиканы құрайтын осылар. Бұл, сөз жоқ, нағыз өнер», – дейдi белгiлi жазушы əрi телекомментатор Генрих Боровик. Əрине, хабар- дың көркемдiк дəрежесiн бағалау менiң мiндетiм емес, бiрақ теле- камераның алдында ешкiм ойын бүгiп, бойын бұғып қала алмайды. Кейiпкердiң де, жүргiзушiнiң де барша болмысы жұрттың көз алдын- да ашылатындықтан, олар қаласын-қаламасын, телекамера сырларын жайып салады. Сондықтан тележурналистiң басты мақсаты – өмiрдiң терең сырларына пайымдаулар жасауға қабiлеттi, ойлы адамды экранға əкелу, оның азаматтық тұлғасын жасау. Шағын экран үшiн одан күр- делi, одан қызғылықты ештеңе жоқ.


Соңғы жылдары «Сұхбаттың» жаңа хабарлары əзiрленген жоқ. Бiрақ жоғарыда сөз болған бейнетаспалар ондаған рет қайталанып, өзiнiң өмiршеңдiгi жағынан кейбiр көркем фильмдерден озып кеттi. Ал кейiпкерлерiнiң көпшiлiгi дүниеден көшкендiктен, хабардың тари- хи дерек ретiндегi мəнi артып барады. Бəлкiм, кездейсоқтық шығар, дегенмен де Орталық теледидардан соңғы екi жылда көрсетiлiп, жоғары бағаланып жүрген эстон журналисi У.Оттың «Теледидардағы таныстық» атты хабарлары «Сұхбаттың» формасын, көркемдiк прин- циптерiн айна қатесiз қайталайды. Бұл осыдан он екi жыл бұрын Қазақ теледидарында басталған көркемдiк iзденiстiң өмiршеңдiгiн танытса керек.


Бүгiнгi өмір – көркем публицистиканың бағын ашты. Табиғатында өмiрдiң алғы шебiнде жүретiн, қоғамның ой-санасын қалыптастыру- да, шындықты, əдiлдiктi қорғауда атом қуатындай күш-қайраты бар бұл жанр бұғаудан құтылғандай қайта түлеп, өтiрiк пен көлгiрлiкке, екiжүздiлiк пен көпiрме мақтанға, жауыздыққа қарсы аяусыз күрес ашты. Қазiр жүрегiнде оты бар саналы жан көкiрегiн кернеген ойын батыл айтуға, бiлген шындығын ашық жазуға еркiндiк алды. Көгiлдiр экранға бұдан артық қандай мүмкiндiк керек? Бiрақ, өкiнiшке орай, Қазақ теледидарында əлi күнге айтарлықтай серпiлiс сезiлмейдi. Ежелгi сүрлеуге түсiп алған əсерсiз, нəрсiз, жылымшы хабарлар легi бiрде-бiр толастаған жоқ. Тек анда-санда көрiнетiн «Қарыз бен парыз», «Айтыс»,


«Тамаша», «Депутаттар каналы» т. б. тəрiздi туындылар ғана көңiлде жылы сезiм ұялатады. Соңғы кезде ашық эфирден көрсетiлген «Қарыз бен парыз», «Депутаттар каналы» хабарларының артықшылығы, бiз- дiң ойымызша, шақырылған адамдардың жүрекжарды шындықты ай- та алуы мен ой-өрiстерiнiң биiктiгiнде дер едiк. Уақыт алға тартқан көкейкестi сұрақтардың жауабын олардың қинала iздегенi, халық, ел тағдырын ойлап, шынайы азаматтық мiнез танытуы хабардың шоқтығын көтердi. Ойлы, салауатты азамат тұлғасы көгiлдiр экранның көркi екендiгiн тағы да тани түстi. Алайда кемшiлiктер де жоқ емес. Формалық жағынан дайын қалыпты таңдағанын айтпағанда, екi ха-


 


бардың да композициялық арқауы босаң, көлденең көпсөздiлiк белең алып кетедi. «Депутаттар каналында» Павлодардан көрсетiлген сю- жет хабарға кiрiкпей, қаптаған көп жүргiзушiлер бiр-бiрiне бөгет жасаса, «Қарыз бен парызда» жүргізушінің көп сөйлеуге құмарлығы байқалады. Бұл – жақсы басталған ойлы, мазмұнды туындыны көр- кейтпесе керек.


Теледидар – үнемi даму, өзгеру үстiндегi құбылыс. Əр хабардың бойындағы жылт еткен жаңалықты   елеусiз   қалдырмай,   жинақ- тап, шығармашылықпен игергенде ғана көркемдiк iзденiске кең жол ашылады. Мысалы – КСРО Халық депуттарының съезiнен жүргiзiлген телекөрсетулер – деректi драманың классикалық үлгiсi деуге лайық. Бұндай көлемдi əрi шиеленiске толы телетуынды бұрын-соңды болған емес. Онда көптеген адамдардың шынайы тұлғасы айқын ашылып, ой- өрiсi, мiнез қырлары, iс-əрекетi, ниет-пиғылы, күрес əдiстерi танылды. Адамның iшкi-сыртқы қасиетiн ұлғайта көрсететiн телекамераның көреген көзi ешкiмнiң де бойын жасырып қалған жоқ. Əрине, бұл телекөрсетуге зерттеушiлер əлi талай оралар. Бiрақ бір айқын нəрсе, телекамера өмiрдiң қайнаған ортасынан ең жанды дүниенi дəл тауып көрсеткенде, оның əсерi еселей артатындығы байқалды. Теледидардың өнерпаздық күшi өмiрмен өзектес жатқандығына бұл да бiр дəлел болса керек.


«Қазақстан өнерi» (Жылнама).


«Өнер» баспасы,


1990 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу