02.03.2022
  148


Автор: Сұлтан Оразалы

КӨГIЛДIР ЭКРАНДА – КӨРКЕМ ӨНЕР

 


Бүгiн таңда қалың бұқара арасында идеологиялық жəне тəрбие жұ- мысын жүргiзудегi ең қуатты құралдардың бiрi – теледидар. Бiр сəттiң iшiнде миллиондаған адамдардың басын қосып, кез келген оқиғаға куə ете алатын шағын экран арқылы жұртшылықтың ақыл-ойын баурап алу жолындағы майдан, шындық үшiн күрес əсте толастаған емес. Техникалық жағынан барынша дамыған, жер шарының кез келген түк- пiрiне көгiлдiр сəулесi жетiп, тiптi ғарыштан телерепортаждарды кө- рiп отырған заманда теледидардың адам өмiрiндегi мəнiн бiрер ауыз сөзбен айтып жеткiзу қиын. Сондықтан оның проблемасымен ғылымның алуан түрлi салалары айналысады. Теледидар эстетикасы мен көркемдiк ерекшелiгi əдебиетшiлер мен өнер қайраткерлерiнiң назарын аударса, оның туу, қалыптасу, даму жолдары тарихшылардың зерттеу объектiсi болып отыр. Дегенмен өмiрдiң барша саласына етене араласып кеткен бұл ғажайып құбылыстың қыр-сыры толық анықталып, ол жайында түйiндi пiкiр айтылды деу əлi ерте. Сондықтан əрбiр шығармашылық ұжымның қызметiне талдау жасау, жетiстiк, кемшiлiктерiн саралау, практикалық, теориялық мəселелерi туралы ой қозғау – қазiргi күнде толғағы жеткен мəселе. Ол жаңа өнердiң бiрталай сырларын тануға, экраннан толассыз көрсетiлiп жатқан мыңдаған хабарлардың iшiндегi сəттi iзденiстердi ескерусiз қалдырмай, iлгерi дамытуға едəуiр септiгiн тигiзер едi.


Бiздiң елiмiз – теледидардың отаны. Оның алғашқы толқындары совет жерiнде басталды. Сөйлеп отырған адамның бейнесiн, басқа да суреттердi алыс қашықтыққа жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгiн ха- барлаған Нижегородск лабораториясының жұмысына В.И. Лениннiң өзi назар аударып, 1921 жылғы 18 апрельде оны жетiлдiре түсуге кеңес бердi. Содан берi «ХХ ғасырдың кереметi» өкімет назарынан тыс қалған емес. ВКП (б) ХVIII съезiнен бастап, партияның барлық форумдарында, Орталық Комитеттiң көптеген қаулыларында теледидарды жан-жақты дамыту шаралары белгiлендi. Оның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, коммунистiк идеяларды насихаттаудағы, жаңа адамды қа- лыптастырудағы ролi артты. «Елiмiзде күн сайын 75 миллион телеви- зия экраны сəуле шашады, – делiндi КОКП ХХVI съезiнде. – Ал мұның өзi күн сайын ондаған миллион отбасы партия саясаты туралы қажеттi түсiнiк алуға да, бiлiмiн толықтыруға да, ойына ой қосып, рухани дүниесiн байытуға да мүмкiндiк алады деген сөз».


Бұдан теледидардың дүниетанымды қылыптастырудағы зор ролiн танимыз. Теледидар мен көрермендер арасындағы қарым-қатынас өнер- дi халыққа барынша жақындата түсу принципiне негiзделiп, əдебиет пен өнердiң ең таңдаулы шығармаларын халық игiлiгiне айналдыруды көздейдi. Көркем өнер жайлы хабарлар белгiлi бiр бiлiмдi топқа, яки талғамды жұртқа ғана арналмайды, қайта ол жалпы халықтың жан дүниесiн байытып, рухани өсуiн, эстетикалық талғамын тəрбиелеудi мұрат етедi.


 


Қазақ телевизиясының əдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясы- ның ұжымы өзiнiң шығармашылық жұмысын осы талаптар тұрғысын- да жүргiзiп келедi.


Сонау 1958 жылдың өзiнде-ақ Қазақ теледидарының экранынан жа- зушылар мен артистер, бейнелеу өнерiнiң шеберлерi сөз алып, тұңғыш рет театр қойылымы көрсетiле бастаған-ды. Ара-тұра шағын экранға лайықталған қойылымдар да көрсетіліп жүрдi. Бiрақ теледидардың алғашқы бес-алты жылында маман кадрлардың аздығы, теледидар техникасының əлi де жетiлмеуi себептi əдеби-көркем хабарлар бағ- дарламадан тұрақты орын ала қоймады. Сол кезде көрсетiлген əдеби хабарлар мен қойылымдар эфирге бiрден берiлiп, жазбалары сақтал- мағандықтан, техниканың ондай мүмкiндiгi жоқ едi, қазiр оның көр- кемдiк сапасы туралы пiкiр айту да қиын. Алайда соңғы он-он бес жылдың iшiнде дүниеге келген тұрақты телехабарлардың негiзi сол жылдарда қаланғаны айқын. Теледидардың өзi ғылыми-техникалық прогрестiң нəтижесiнде туған өнер саласы болғандықтан əр түрлi түсiру аппараттарының пайда болуы, электронды монтаж жасау мүмкiндiгi, студиядағы техниканың жаңғыртылуы көркемдiк-бейнелеу тəсiлдерiн молайтып, шығармашылық жаңа iзденiстерге кең жол ашты. Хабарлар эфирге бiрден көрсетiлетiн тұста автор мен режиссердiң iзденуi сту- дияның iшiнде шектеулi, көзге көрiнiп тұрған кемшiлiктiң өзiн түзеу қиын болса, қазiр əрбiр хабарды кең ойластырып, күнi бұрын жазылған кадрлардың таңдаулысын iрiктеп алуға, сəтсiз болған жағдайда қайта түсiруге, кеңiстiк пен уақытқа тəуелсiз күйде iзденуге мүмкiндiк туды.


Теледидар – синтездiк өнер. Оның бойынан басқа өнер салаларының көптеген белгiлерiн көремiз. Алайда ол – кино мен театрдың, фото мен радионың, бейнелеу мен музыка өнерiнiң құрамдас жиынтығы емес, қайта солардың үздiк қасиетiн өз бойына сiңiрiп, жаңа сапалық бел- гiге ие болған сала. Таңдаулы əдеби шығармалардың негiзiнде түсiрiл- ген көп сериялы телефильмдер мен теле қойылымдарды бағдарласақ, теледидардың эстетикалық заңдары əдебиет эстетикасының заңдарына жақындығын байқаймыз. Бүгiнгi телехабарларды жасаған кезде шағын экран бойындағы осы ерекшелiктi, оның психологиялық қабылдау өзгешелiгiн, өмiр шындығын эстетикалық талғам тұрғысынан игерудегi өзiндiк қасиеттi жете бiлу шарт.


Эфирдегi хабар жүргiзушiнiң қабiлетi, режиссердiң сəттi шешiмi, ак- тердiң шебер ойыны, жазушының ойлы сөздерi жұрт назарынан тыс қал- майды. Сондықтан да Қазақ теледидарының əдеби-драмалық хабарлар редакциясы бұл салада республикамыздың шығармашылық күштерiне сүйенедi. Олардың əр түрлi бағдарламалар жасауға белсене араласуы көгiлдiр экранның өрiсiн кеңейтiп, хабар мазмұнын байытатыны анық.


Көгiлдiр экранда əдебиет пен өнердi насихаттайтын көптеген ха- барлар жүйесі ұйымдастырылды. Олардың кейбiреуi бiраз жыл көр- сетiлген соң басқа хабарларға орын ығыстырды, көпшiлiгi əлi де эк-


 


раннан түспей келедi. Көп сериялылық, тұрақты жүйелер теледидар табиғатына тəн болғандықтан, бiз көбiнесе хабарлардың мазмұн бай- лығына, түрлік iзденiстерiне басты назар аударамыз, сөйтiп, негiзгi циклдардың тұрақтануын қадағалаймыз. Мысалы, «Шұғыла» атты телевизиялық альманах он жыл бойы экраннан түспей, əдебиет пен өнер жаңалықтарын насихаттауда үлкен мəн атқарды. Бұл альманах- тың 85 санында 500-ге жуық шағын хабар көрсетiлiп, жүздеген ақын, жазушы, өнер қайраткерi жұртшылықпен жүздестi. Ал «Творчество- лық портреттер», «Халық қазынасы» циклдарының алғаш эфирге шық- қанына он бес жылдан асып кетсе де, көрермендi əлi жалықтырар емес. Өйткенi белгiлi сөз зергерлерi мен өнер қайраткерлерiнiң өмiр жолын, шығармашылық ерекшелiгiн, туындыларының көркемдiк сапасын кеңiнен талдап, олардың адамгершiлiк, азаматтық қасиеттерiн ашып көрсетеді. «Портрет» циклының жұртқа тигiзер ықпалы ерекше. Бұл хабарларға негiзiнен атақты ғалымдар, өнер зерттеушiлерi шақыры- лып, суреткердiң туындыларын бағалау арқылы көрермендердiң тал- ғамын қалыптастырады. Əдебиет пен өнер иесiнiң өмiр жолынан, дүниетанымынан алатын өнеге де аз емес. Рас, көрсетiлiп жүрген ха- барлардың көркемдiк сапасы бiркелкi емес. Түрлi мүшелтой кезiнде жасалатын хабарларда асыра мақтау жағы басым. Кейде талдаудан гөрi жалаң баяндау, адам бейнесiн көркемдiкпен жасаудың орнына көңiлсiз суреттердiң белең алып кететiнi байқалады. Дегенмен М.Əуезов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин, Е.Өмiрзақов, Ы.Ноғайбаев, К.Қармысов жəне басқалардың орыс, қазақ тiлдерiнде жасалған бейнелерi – шы- ғармашылық iзденiстiң жемiсi.


Халқымыздың зергерлiк өнерiн, ауыз əдебиетiн, көне ескерткiштерiн насихаттауда «Халық қазынасы», «Дəуiр үнi» атты хабарлардың орны бөлек. Бұл – жас ұрпақты халқымыздың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасын қастерлеуге, жақсыларын бойға сiңiруге баулитын туынды- лар. Редакция қызметкерлерi авторлармен бiрлесе отырып, мұражай экспонаттары мен мұрағат деректерiн кеңiрек пайдалануды, ел iшiндегi таланттарды iздеп тауып, олардың өнерiн халыққа таныстыруды мақ- сат етедi. Қазiр көгiлдiр экраннан айтыс ақындарының творчествосы, жыраулық, жыршылық, термешiлiк өнердiң жиi көрсетiлуi жастардың арасынан жаңа таланттардың көптеп шығуына септiгiн тигiзiп отыр. Халықтың жан дүниесiне жақын өнер болғандықтан, жұртшылықтың оған деген ынта-ықыласы да ерекше. Сондықтан алдағы уақытта мұн- дай хабарлардың аясын кеңейтiп, айтыс өнерiн көрсетудiң жаңа теле- дидар түрлерін iздестiрудемiз.


Кей сыншылар теледидар мен əдебиеттiң, басқа да өнер салалары- ның арасында бiтiспес қайшылық бар деп жиi жазады, теледидардың өмiрге келуi театр мен киноның құрып кетуiне, кiтаптың адамның рухани өмiрiнен ығысып шығуына əкеліп соғады деген пiкiр айтады. Бұл теорияның жалғандығын өмiрдiң өзi көрсетiп отыр. Керiсiнше, теледидар – басқа өнер салаларының одақтасы, насихатшысы əрi оны


 


жан-жақты байытушы. Əдебиет пен өнер жайындағы телехабарлар кiтап пен театрды, кино мен бейнелеу өнерiн алмастырмайды, қайта жұртшылықтың назарын таңдаулы шығармаларға аударып, əдеби кi- таптардың көптеп өтуiне, театр мен киноға, көрме залдарына жұрт- шылықтың жиi баруына кең жол ашады. ЮНЕСКО-ның халықаралық кiтап жылындағы зерттеулерiнде 1951–1970 жылдар арасында əр түрлi кiтаптар саны дүние жүзiнде екi есе, оның тиражы үш есе өсiптi. Мұндай игiлiктi ықпалды Қазақ теледидарының əдеби хабарларынан кейiн де байқауға болады. Осыдан оншақты жыл бұрын поэзия кешi- не халық аз жиналып, хабар кезiнде сатылатын кiтап саны мардымсыз болса, қазiргi «Кездесу» циклы өтетiн 500–600 кiсiлiк залда ине шан- шыр жер табылмай, жұртпен дидарласқан қаламгердiң кiтабы бiрер сағатта сатылып бiтетiнiн көрiп жүрмiз. Театр мен кино туралы да осындай деректер аз емес.


Ақын, жазушымен, өнер иесiмен байланыс телевизия хабарлары- ның да мазмұнын байытып, эстетикалық əсер-күшiн арттырып келе- дi. «Кездесу», «Сұхбат» циклдарынан көрсетiлген бiрсыпыра хабар- ларда өмiр мен өнердiң, əдебиеттiң алуан мəселелерi туралы ой-пiкiр ортаға салынады. Бұл ретте творчестволық тұлғаның жеке басы, өз шығармасын шебер оқуы, ойын ашық, шебер, шешен айта бiлуi, шын- шылдық пен сыршылдықтың астасуы, мiнез ерекшелiгi, бiр сөзбен айт- қанда, өнер, əдебиет саласындағы замандасымыздың бейнесiн жасау телеэкран үшiн өте маңызды. Орталық теледидардан көрсетiлген А. Ча- ковскийдiң, А. Вознесенскийдiң, В. Кавериннiң, Р. Рождественскийдiң, Е. Евтушенконың, Қазақ теледидары өткiзген Ə. Тəжiбаевтың, С. Мəу- леновтің, Ғ. Қайырбековтың, Х. Ерғалиевтiң, Т. Əбдiрахманованың, Т. Молдағалиевтiң, М. Шахановтың авторлық кештерi мен «Сұхбат» циклынан берiлген тоғыз бейнефильмдегi адамдардың əңгiмелерi, өзiн ұстау, сөйлеу, ойлау мəнерi, өмiрдегi принциптерi, көзқарастары ар- қылы олардың тұтас бейнесi сомдалып шыққанын аңғарамыз.


Əрине, осындай хабарларды əзiрлеу теледидар қызметкерлерiнен де шығармашылық iзденiстi, үлкен шеберлiктi талап етедi. Сценарийдiң жазылуынан бастап, экрандық бейненi жасауға дейiнгi аралықта көп- теген творчестволық мəселелердi шешу, əр хабардың өзiндiк түрiн табу оңай мiндет емес. Үлкен залда өтiп жатқан ақын кешiн талғаусыз тiзiп көрсеткеннен өнер шықпайды. Оны суреткерлiк електен өткiзiп, негiзгi объектiнiң басты қасиетiн ашатын жеке детальдарды дəл тауып, биiк талғаммен композициялық жүйеге келтiру режиссер мен оператордың ой жүйрiктiгiн, шешiм жылдамдығын, аңғарымпаздық пен алғырлық- ты қажет етедi. Өлең оқушы ақынның, яки жазушының психология- лық күйiн, тыңдаушының пейiлiн дөп басқан сəттi кадр сөздiң астарын ашып, қосымша эмоциялық əсер бередi.


«Сұхбат» циклы, мiне, осындай принцип негiзiнде əзiрленiп жүр. Əр хабар əлденеше сағатқа жазылып алынып, соның iшiнен ең ке- ректiлерi ғана бейнефильмге кiредi. Белгiлi бiр сөз зергерлерi мен өнер


 


қайраткерлерiнiң мұндай əңгiмелерiн қастерлеп сақтау үшiн де қажет. Қазiр арамызда жоқ көптеген ардагерлердiң кино-бейне таспаларға жазылған сөздерiнiң сақталмағанын ескерсек, сол орны толмас олқы- лыққа ендi жол беруге ешбiр хақымыз жоқ.


«Өнер алды – қызыл тiл» дейдi халқымыз. Сөз – теледидардың да басты қаруы. Сондықтан экрандағы сөйлеу мəдениетiне салғырт қарауға болмайды. Ара-тұра кездесiп қалатын қойыртпақ сөз көңiлге кiрбiң түсiредi. Əрине, жұрттың бəрi бiрдей шешен сөйлей бермеуi ықтимал. Бiрақ телеэкранға шыққан соң сөз қадiрiн кетiрмеген абзал. Телеэкран тiлiмiздiң асыл қазынасын барынша танытуға да, дамытуға да кең жол ашып отыр. Сондықтан хабарды əзiрлейтiн телевизия қызметкерлерi де, экранға шыққан адамдар да, жалпы жұртшылық болып халық тiлiн қадiрлей бiлуiмiз керек.


Қазақ телевизиясының бағдарламасында театр өнерiне байланысты хабарлар да едəуiр орын алып жүр. Театр мен телеэкран арасындағы қарым-қатынас ежелден қалыптасқан. Біздің қоғамда бұл екi өнердiң де идеялық негiзi, мақсат-мұраты бiр. Ол – көрерменді отаншылдық рухта тəрбиелеу. Туыстас екi өнердiң ұлттық қасиетімізді насихаттау- да, көпшiлiкке таратуда өзiндiк ерекшелiктерi мен артықшылықтары болғанымен, олар бiр-бiрiн байытып, дамытуда. Мəселен, телевизия театрдың көркемдiк-бейнелеу тəсiлдерiн пайдаланса, театр шағын экран шартына ыңғайлана бастады. Бұған елiмiздiң үлкен театрларының кейбiр туындыларын телевизия ерекшелiктерiн ескере отырып қоюды дəстүрге енгiзгенi дəлел. Бұл өзгерiс драматургияда да байқалады.


Сондықтан театр қойылымдарын телеэкранға көшірген кезде оның əрiн жоғалтпай, көркемдiк бояуын солғындатпай көрсету үшiн теле- режиссердiң творчестволық iзденiсi, батыл шешiмi қажет. Бұл жерде əңгiме болашақ ұрпаққа артистердiң шабытты ойынын, театр залында- ғы көңiл күйдi жеткiзуде ғана емес, сол театр сахнасындағы таңдаулы туындының экрандағы көркем нұсқасын жасауда. Теледидар камерасы кейiпкер жүзiндегi құбылыстарды, iшкi жан дүниесiндегi өзгерiстердi жан-жақты көрсете алатындықтан, актерден асқан шеберлiктi, психо- логиялық күйдi нəзiк жеткiзудi талап етедi. Сондай-ақ телекөрермен декорация мен актер костюмiн жақыннан бақылайды. Бұл да спектакль қоюшылардан ұқыптылықты, əрбiр детальға мəн берудi қалайды. Ең бастысы, экрандағы кеңiстiк пен өлшем, шарттылық театрдан мүлдем өзгеше болғандықтан, телережиссер өз нұсқасын жасағанда театрдағы əрiптесiмен тең тұруы шарт. Сонда ғана сахналық туынды өзектi ойын сақтай отырып, барша болмысымен шағын экраннан орын табады. Қазақ теледидары өз тарихында жүздеген театр спектакльдерiн көрсету арқылы мол тəжiрибе жинақтады. Тек соңғы бес жылдың iшiнде ғана орыс, қазақ тiлдерiнде алпыстан аса театр қойылымы көрермендерге ұсынылды. Бұлардың iшiнде Москва, Ленинград, Алматы театрла- рымен қоса, көптеген облыстық театр ұжымдары да өз туындыларын көгiлдiр экранға шығарды. Бұл ретте телережиссерлар А.Агишева,


 


Ы.Қасымов, С.Естемесова, Қ.Қорғанова, М.Байсамбаев, Ж.Мұқатаев т.б. зор еңбегін құрметпен айту лəзім.


Əйтсе де осы бiр маңызды iсте қиыншылықтар аз емес. Ең алдымен, Қазақ КСР Мəдениет министрлiгi тарапынан барынша енжарлық бай- қалады. Өз қарамағындағы шығармашылық коллективтердiң теле- экранға келу-кетуi, көрсетiлу-көрсетiлмеуi бұл министрлiк қызмет- керлерiн онша толғандырмайтын тəрiздi. Сол себептi облыстық театр коллективтерiн телеэкранға шақыру оңайға түспейдi. Осындай қолайсыз жағдай Москва, Ленинград театрлары келгенде де байқалып жүр.


«Қазақконцерт» бiрлестiгiнiң басшылары телекамералар қойылатын он, он бес орынды қорғаштап (тиiстi ақша төленсе де), миллиондаған телекөрермендердiң тiлегiн ұмытып кетедi.


«Сахна» атты хабарлар циклы да театр өнерiн насихаттауда маңызды мiндет атқарады. Бiрнеше жылдан берi жаңадан қойылған спектакльдер- дi талдау, республикалық, облыстық театрлардағы жаңалықтар, белгiлi сахна шеберлерiнiң шығармасы осы хабардан көрсетiлiп келедi. Əрине, барлық туындының көркемдiк сапасы бiркелкi емес, iшiнде асығыс əзiрленген, мазмұны жұтаңдары да кездесiп қалады. Бiрақ көпшiлiгi көрермен көңiлiнен шығып, жақсы пiкiрлерге ие болып жүр. Сахна өнерiнiң қыр-сырын, актер, режиссер, драматург творчествосының ерекшелiгiн ашуда, таңдаулы туындылар арқылы көрермен талғамын тəрбиелеуде сəттi шыққан хабарлардың мəнi зор. «Сахнаны» жүргiзушi белгiлi актерлер, режиссерлер, театр сыншылары спектакльдiң үзiн- дiлерi мен көптеген фото, кино документтердi пайдалана отырып, өз əрiптестерiнiң өнерi жайында келелi ой толғайды. Мұндай нақты деректерге құрылған хабарлардың əсерi де ерекше. Алдағы уақытта бұл хабарлардың көркемдiк сапасын жақсартып, тақырып ауқымын кеңейту, сахна өнерiнiң өзектi проблемаларын көтеру, драматургиямыздағы табыстармен қоса кемшiлiктердiң сырын ашу абзал борышымыз.


Теледидарлық өнер өзiнiң төл туындысы – телеқойылымдарымен құнды. Бiрақ, өкiнiшке қарай, теледраматургия республикамызда тым баяу дамып келедi. Редакцияға келiп түсетiн пьесалардың көпшiлiгi теледидар ерекшелiгiнен бейхабар адамдардың қолынан шығатыны байқалады. Көп ретте театрға арналып жазылған пьесаларды ұзақ өңдеуден, жөндеуден кейiн телеэкранға шығарып жүрмiз.


Дегенмен, қол қусырып қарап отырмай, прозалық шығармалардың инсценировкасы мен теледидар шартына жақындау тұрған пьесалар- ды өңдеу арқылы бiрталай телеқойылымдарды экранға шығардық. Бұлардың iшiнде көзге түскен сəттi туындылар да баршылық. Мысалы, М. Əуезовтiң «Шатқалаң», М. Горькийдiң «Челкаш» əңгiмелерi бойынша жасалған телеқойылымдар, О. Бөкеевтiң «Құлыным менiң», И. Щеголихиннiң «Орақ», Р. Сейсенбаевтың «Майдан əн- дерi», тағы басқа туындылар – көңiл бөлуге тұрарлық еңбектер. Қазақ теледидарының тарихында тұңғыш рет жиырма бес сериялы


«Қымызхана» атты əзiл-сықаққа құрылған қойылымдар қойылды. Егер


 


ұлттық драматургиямызда комедия жанрында жазылған пьесалардың тым аз екенiн ескерсек, бұл еңбектердiң жасалуы қаншалықты қиынға түскенi өз-өзiнен түсiнiктi. «Қымызханаға» көрермендерден мыңнан аса хат келдi. Оның кейiпкерлерi халықтың арасына кең тарап кеттi. Əлi күнге Өкiрештiң, Шөңгебайдың, Жазғанқұлдың атына жазылған хат- тар редакцияға келiп жатады. Əрине, үлкен iс кемшiлiксiз де болмайды. Бiрақ көздеген нысанасына дөп тиген, келеңсiз құбылыстарды өткiр түйреген əзіл-сықақ «Қымызханада» аз болған жоқ.


Алдағы уақытта бiрталай жаңа қойылымдар қою жоспарланып отыр. Драматургтер Ə. Əбiшев, Д. Исабеков, М. Шаханов, Б. Мұқаев жаңа пьесаларын ұсынды. Бүгiнгi күннiң өзектi мəселелерiн қоз- ғайтын «Көршiлер» атты көп сериялы қойылымдар жасау үшiн үл- кен шығармашылық топ құрылды. Биыл оның алғашқы сериялары телеэкранға шығарылғалы отыр.


Бейнелеу өнерiн халыққа жеткiзiп, сұлулық сырын танытуда да бiрталай жұмыс iстелуде. Көрме залдарынан, өнер мұражайынан тұ- рақты жүргiзiлiп келе жатқан телерепортаждар мен суретшi, мүсiншi, архитектор шығармашылығына арналған хабарлардың эстетикалық тəрбие берудегi маңызы ерекше. Түрлi түстi экран мүсiн, сəулет, кескiн өнерiнiң əрiн кетiрмей, керiсiнше, оның барша қадiр-қасиетiн ашуға мүмкiндiк туғызып отыр. Өнердiң əр саласын насихаттауда «Кеш жарық» клубы да игiлiктi iс тындырды.


Соңғы жылдары елiмiзде əдеби хабарлар мен телеқойылымдар- дың Бүкiлодақтық фестивальдерi жиi өткiзiле бастады. Бiздiң журна- листерiмiз, режиссерлерiмiз де бұларға белсене қатысып, Кемерово, Кишинев қалаларынан жүлделi орын алып қайтты. Былтыр редакция қызметкерлерi əзiрлеген Ғ Мүсiрепов, Ғ Мұстафин шығармашылығы мен Қазақстан бейнелеу өнерi жайындағы хабарлар Орталық теледи- дардан берiлдi. Алдағы уақытта да мұндай өнер бəйгесiне араласып, республикамыздың əдебиетi мен өнерiн Орталық теледидардан жиi көрсету жоспарланып отыр. Алда атқарылатын жұмыс көп. Ол – хал- қымыздың өскелең талабына сай туындылар беру, болмысты тереңiрек ұғынып, оның тынысын бұдан да гөрi сергек сезiну, бiздiң жерiмiзде жасалып жатқан қыруар iстер туралы айқынырақ баяндау.


 


«Қазақстан коммунисi» журналы,


№2, 1983 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу