02.03.2022
  361


Автор: Балабақша балаларға арналған тақпақтар

Кім немен ойнайды?

 


Теңізші болатын бала,
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала,
Сынаппен ойнайды.
Батыр болатын бала
Қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала,
Шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала,
Қозы, лақпен ойнайды.
Диқан болатын бала,
Топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала,
Кітаппен ойнайды.


М.Хакімжанова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу