02.03.2022
  309


Автор: Баламер Сахариев

АҢЫЗДАН АРЫЛҒАН ШЫҒЫС

Е.Фехер Пал


 


Андре Мальро бүкіл өмірін аңызға айналған Шығысты іздеумен өткізді. Ол шығыс халықтары революцияларының куəгері, сонымен қатар оның солдаты да болды жəне олар үшін халықаралық қолдау пікірлер ұйымдастырып, Қытайда, Үндіқытай жəне Үндістанда қаржы мен қару жинап, өз басын қатерге де тікті. Неруден бастап Маоға дейін дамудың жаңа жолына түскен жаңа мемлекеттердің бас- шы қайраткерлерімен жүзбе-жүз таныс болды.


Үндістанға генерал де Голльдің саяси жолдама сəлемін ала барған сапарында ол Бенарестегі Будданың ескерткішін көруге асықты, оның сиқырлы тылсым күшінің əсерінен үнділік ойлау жүйесін із- деді. Мальро мистик емес-тін, қайта ол саясатта да, əдебиетте де реалист болатын. Сонда да ол Үндістанда Шығыстың мистикалық


«рухын» іздеді.


Елуінші жылдардың орта тұсында бір қазақ-совет жазушысы да сол Мальромен қатар Үндістанда болып қайтты. Ол өзінің ата тегі- мен де, ғұлама білімдарлығымен де Шығыстың төл перзенті Мұхтар Əуезов болатын. Ол туған кезде оның халқы сауатсыз, қараңғы еді, солай бола тұрса да, небір тамаша батырлық жырлар мен ғажайып аңыздар шығарды. Əуезовтің өзі де көшпенді рудан шыққан еді, Өзінің өзгеше, ықыласы мен ынтасы жəне советтік өмір тəрбиесі арқасында ол XX ғасырдың дəрежесінде білім алды. Əуезов саясат адамы емес, ғалым: əдебиетші, тамаша фольклорист, қалың-қалың монографиялардың авторы, Мальро сияқты реалист-жазушы. Рево- люцияда ол өзінің француз əріптесіндей романтикалық роль ойнаған жоқ. (Мальро қазақ жазушысынан небəрі төрт жас қана кіші еді).


Ол да Бенаресте болып, Будданың табытын көрді. Мифтер ту- ралы ол міндетті түрде таныстыруға қажет материал ретінде ғана сөз етеді. Будда мен Шива мүсіндерінің көпшілігі кемсалихат жарымжандық күйге ұшырауының себебі оны шынымен қатты ой- ландырды. Алла тағала күнəмізді кешірер деген сеніммен оларды


«хақ мұсылмандар» бүлдіріп құртқан еді. Əуезовке мұсылмандардың осы бір діни «қасиетті кектерін» білу діншілдердің революцияға де- ген өшпенділігімен күресу үшін қажет болды.


Мен бұл екі жазушыға баға беруден аулақпын. Мальро жалпыға мағлұм, Мұхтар Əуезов дана ақыл иесі, тамаша жазушы бола тұрса


 


да, əлем оны əлі жеткілікті танып болған жоқ, Əуезов тұтас бір əдебиетті танытады, ол қазақтың профессионал əдебиетінің негізін салушы болып табылады.


Алайда бұл жазушылардың құбылыстарды танып-білу жолда- ры мүлде басқаша екені айдан анық. Мальро Шығыстан Европада жоқты іздейді, ол Азияның Европадан айырмашылық белгілерін іздейді. Əуезовке аңыздың қажеті жоқ, ол мифпен тұмшаланып, бүркелген қатал шындықты қалтқысыз таныды. Ол онымен өз елінің өткен тарихынан да таныс болатын жəне сондай-ақ бұл шындықты ол бүгін жан-жақты қоғамдық даму жəне ғылыми техникалық рево- люция жолына түскен Азия континентінің басқа елдерінен де көрді.


* * *


1973 жылы сентябрьде Мұхтар Əуезовтің тұрған қаласы Алма- тыда Азия мен Африка елдерінің жазушылары өз конференциясына жиналды. Бұл олардың бесінші кездесуі еді. 1956 жылы, Мальро мен Əуезов Үндістанға барған кезде, үнді жазушыларының Азия жəне Африка жазушыларының жалпы форумын шақыруды ұсынды. 1958 жылы Советтік Өзбекстанның астанасы Ташкентте афро-азиялық жазушылардың бірінші конференциясы болды да, содан бері бұл ұйым ойдағыдай қызмет атқарып келеді.


Мəселе мынада: Африка мен Азияның жаңа əдебиеттері өзара танысқысы келеді. Олар өздерінің қол жеткен табыстарын шын мəніндегі прогресс тұрғысынан бағалап, болашақ жоспарларын бел- гілеуді тілейді.


Осы бағдардағы қызметтің топтап жинақталған ең сəтті програм- масын мен Лениндік сыйлықтың лауреаты, қырғыздың үлкен жазу- шысы Шыңғыс Айтматовтың «Литературная газетада» жарияланған


«Қуалай соққан қоңыр жел» атты мақаласынан көрдім.


Айтматовтың негізгі айтпақ идеясы – афро-азиялық жазушы- лардың бұл кездесулері фашиизмді жеңгеннен кейін, отаршылдық системаның күйреуі тұсында басталғаны жəне өткізіліп отырғандығы жайында пікір. Басқаша айтқанда, тек прогресшіл саяси қайраткер- лер мен жазушылардың ғана емес, тұтас ұлттардың өмірлеріне ті- келей төнген хауіп келмеске кетті, сол сияқты əйтеуір күнелтіп, тір- шілік ету үшін ғана күрескен кезең де өтті. «Қайтсек күнелтеміз?» деген сауалдың орнына енді «не үшін өмір сүреміз, өз өмірімізді не- менеге арнаймыз, өмірлік мақсат не жəне оның мағынасы қандай?»



  • деген əлдеқайда маңызды проблема туды.


 


«Бүгінгі күндері, – деп жазады Айтматов, – екі ққрылықтың



  • Азия мен Африканың көптеген халықтарының алдында тек саяси жəне əлеуметтік міндеттерді шешудің тəсілдерін таңдау ғана емес, сонымен бірге ұлттық өмірдің əлдеқайда күрделі аспектілері мен өз мəдениеттерінің даму жолдарын таңдаудың да қажеттігі туып отыр...


Қырғыз жазушысы африкалық немесе азиялық жазушылармен əңгімелескенде «XX ғасыр – ұлтшылдықтың ғасыры» деген сөздерді жиі еститіндігін айтады.


Айтматов «ұлтшылдық» деген ұғымның өзін кең толғап ойланып, дұрыс та деп түсінудің төтенше маңызы бар деп санайды. «Егер əңгіме бір ұлттың жан теңгермес ерен ерекшелігі туралы доктриналардың кез келгені жайында, бір халықтың екінші халықтан артықшылығы туралы теориялардың кез келгені жайында немесе ұлттық-мемлекет- тік мүдделердің тар шеңбердегі өзімшілдік концепциясы жайында болса, – деп атап көрсетеді Айтматов, – онда олардың бірде-біреуін мен мүлде қабылдай алмаймын, өйткені бұл тоқмейілсуге, орын- сыз мен-мендік тəкаппарлыққа, ақыр-аяғында рухани бишаралыққа алып баратын барынша ең реакцияшыл құбылыс».


Айтматов сонымен бірге мынадай жағдайды қазіргі кезде ұлттық сана-сезімге ұмтылып отырған оянған халықтардың өмірінде ұлтшылдықтың тарихи ролі əртүрлі болуы мүмкін екендігін де еске алады. Ол мұны былайша пайымдап, тұжырым жасайды: «Егер мұны (ұлтшылдық дегенді) тұтас халықтардың ғасырлар бойы жинап-тер- ген өмірлік тəжірибесін бейнелейтін этникалық, лингвистикалық, мəдени қайталанбас белгілері ретінде қараса, онда ұлттық тілдерді, ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, дамытуға ұмтылуды жалпы прогресс үшін онша қажет емес теріс нəрсе етіп көрсетпек болу да дəрменсіз, дəлелсіз».


Айқын да ақылды позиция. Айтматов ұлттық ерекшелік – ұлт тілдерінің бірлігін атап көрсетумен шектеліп қалмайды. Ол мы- надай жағдайға дара түсінік береді: африкалық жəне азиялық жазушылардың кездесуі XX ғасырдағы прогресшіл идеялардың дəнекер елшісіне айналуға тиіс. «Шығыстың аңызын» іздемеу керек, бейбіт əлемнің бірлігін тауып, нығайту керек. Ғылыми-техникалық революция ғасырында рухани байлықтарды қорғау жəне тарату жа- уапкершілігін жазушылар өзімнің адамгершілік парызым деп білуге тиіс. Аңыздарды адамгершіліктің күлгісі етудің қажеті жоқ, қайта ұлттық дəстүрден социализмнің бүгінгі прогресін қолдайтын һəм


 


соған көмектесетін жалпы бағытты, сондай элементтерді іздеу ке- рек жəне оларды табуға болады. Мұндай жағдайда дəстүрлер ұлттық ой-зерде немесе «шығыстық сана-сезім» дегендер халық үшін апиын емесі, қайта ол шындыққа, ұлттық жəне жалпы адамгершілік тұрғысынан олардың өзара намысын жоғары сезіп білуге жетелей- тін күш. Бұл позиция – социалистік позиция. Бұл «біз не үшін жəне қалай өмір сүреміз?» деген сауалға айқын жауап береді.


Айтматов шығармалары Венгрияға кеңінен таныс жəне бүкіл əлемге де мəшһүр. Оның əдеби шығармаларынан теориялық планда өзі айтып отырған осы принциптердің эстетикалық қазынаға қалай айналғанын, қаншама шынайы өнер шығармасына көшіп, сосын идеялық-саяси күшке ие болғанын көруге болады.


Айтматов Азия мен Африканың жалпы прогресін мифтерсіз, аңыздарсыз алып қарастырады, жəне ол осы прогресті социа- листік революцияның даму жолдарынан көргісі келеді. Ол Евро- паны өсіп-өркендеп келе жатқан елдерге қарсы қоймайды, қайта керісінше, социалистік дүниетанымның адамы тұрғысынан қарап, оларды идеялық-саяси одақтастар деп санайды. Оның ой-пікірі де ұстаздарының бірі – қазақ жазушысы Мұхтар Əуезовпен үндесіп жатыр. Алматыда жиналған Африка мен Азия елдері прогресшіл жазушыларының ой-пікірлері де осыған саяды.


«Социалистік Қазақстан», 12.03.1974 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу