02.03.2022
  465


Автор: Баламер Сахариев

ƏКЕ-БАЛАҒА СЫНШЫ

 


Жазушының көп қырлы, сан-салалы еңбегінің əлі де сиректеу сөз болып жүрген бір парасы – ұстаздық-педагогтің қызметі ғой. Мұқаң сонау жиырмасыншы жылдардың орта шенінде Семейдің Казпед- техникумынан бастап Ташкентте училищелерде, Алматыда КазПИ мен КазГУ-де, елуінші жылдардың бас кезінде МГУ-да сабақ бер- ген ұлағатты ұстаз, тəрбиеші педагог екені белгілі. Ал, оның қазақ əдебиетінің оқулықтары мен программаларын жасауға сіңірген қыруар еңбегін, сонау отызыншы жылдары қазақ мектептерінің мұқтажын өтеу үшін тіпті химия мен география, биология пəндерінің көмекші оқу құралдарына дейін аударып, қазақ балалары үшін орыс тілінің «Əліппесін» («Букварь») жасап шығарғанын екінің бірі, егіздің сыңары біле бермейді. Бұл – өз алдына ден қоя арнайы зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып. Біз тек Мұқаңның ұстаздық қызметінен есте қалған жерлер туралы ғана бір-екі сөз айтпақпыз.


Мен Мұқаңның алдынан дəріс алып, емтихан тапсырып, зачет-


ка деп аталатын студенттік документіне оның жұртқа таныс қолы қойылған қатардағы көп əдебиетшінің бірімін. Егер сол шəкірттік, етуденттік кезді еске түсірсем, лектор Мұқаңның кейбір дара қасиеттері ойға оралады.


Мұқаң біздің бірінші курста екі семестр бойына бірде-бір лек- циясын қалдырып көрген емес. Кейбір мұғалімдер, əсіресе, про- фессорлар кейде коллеквиум, семинар сияқты сабақтарын, өткізуді өздерінің аспирантына, яки, ассистентіне тапсыра салатыны да болады. Ал, Мұқаң біздің курста бұл жұмыстарды өзі атқарып шықты. Бірінші семестрде зачетты да, жыл аяғында емтиханды да өзі қабылдады. Мұқаңда қайсыбір мұғалімдердегідей, «Иə, соны- мен, біз өткен сабақта не жайында əңгімелеп едік?», немесе «Қай жерге келіп тоқтап едік?» деген сияқты артық сұраулар да бол- майды. Есіктен кірген бойда, орнына отырар-отырмастан лекция- сын өткенде үзілген жерінен, ноқаттан тоқтаса – ноқаттан, үтірге тоқтаса – үтірден дерліктей бастап жалғастырып жүре беретін. Аз күнде-ақ Мұқаңның бұл мінезіне дағдыланған студенттер лекция жазатын дəптерлерімізді дереу ашып қойып, дайын отыратынбыз. Сөйте тұрсақ та, лекция жазудың сəті түсе бермейтін. Оның се- бебі – əрі тыңдап, əрі жазып отыруға төселмеген, мектеп партасы- нан келген біздер М. Əуезовтің мазмұнға бай, өлең жолдарындай төгілтіп, тамылжытып, шешен тілмен оқитын лекциясының бірде-


 


бір сөзін қағыс қалдырмай, аузымыздың суы құрып тыңдайтын едік те, ниетімізге қолымыз ілесе алмай қалатын-ды. Енді ес біліп, етек жинаған шағымызда ойласақ, ол кезде (I курста) біз Əуезов сияқты ғұламаның лекциясын тыңдауға əзір емес екенбіз.


Емтиханда ол кісі студентті қарсы алдына отырғызып қойып, жауабын тыңдағанда, оның көзіне зер сала қадала қарап отыра- тын, Ұлы адамның мысы баса ма, əйтеуір, сол бір қарас бəрімізді де едəуір қысып, қымсындыратын. Енді бақсақ, сонда ол алдында отырған студент лектордың айтқанын жаттап ап қайталайтын «тоты- құс» па, жоқ əлде, оның жауабының астарында болашақ əдебиетшіге лайық бірдеңе бар ма, міне, соған зер салады екен ғой. Оны біз қазір жазушының музей-үйіндегі архивінде сақталған блокнот жазбалары- нан айқын көріп отырмыз. Студенттің зачеткасына қойған бағасынан басқа өз блокнотына да бірдеңе түртіп алып отыратын еді, сөйтсек ол кісі əр студенттің тұсына ресми бағасын қойып, соған қоса тек өзіне ғана түсінікті белгі қойып алып отырады екен. Жəне ол мұндай белгіні беске жауап берген студенттің бəріне бірдей емес, солардың ішінде əлгінде қадала қараған өз көзінің сынына толды-ау дегендері- не ғана қойғанға ұқсайды. «Əке – балаға сыншы» деген нақыл бар. Жастарға шын мəніндегі ұстаздық қамқорлық, əкелік көрегендік деп осыны айтса болғандай.


«Қазақ əдебиеті», 30.09.1977 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу