02.03.2022
  328


Автор: Баламер Сахариев

АБАЙ ШƏКІРТТЕРІ ДЕГЕНДЕР КІМДЕР?

Абайдың əдеби мектебі туралы мəселені талқылаймыз


 


Қазақтың классикалық əдебиетінің нұсқасын алғаш ұсынған Абайдың даналығы кезінде əдебиеттегі жақсы дəстүрге, жаңалыққа тұңғыш із жасауында ғана емес, кейінгі ұрпаққа ескірместей тама- ша əдеби мұра қалдырған ақындық үлгісінде. Шынында, Абайды қазақтың классик ақыны деп бағалауға мүмкіндік берген жағдай оның өз шəкірттерін таба алуында, атап айтқанда, дана ақыннан творчестволық жолмен үйренуші белгілі əдеби топтың болуында.


Абайдың ақындық мектебі бұл уақытқа дейін ғылми тұрғыдан дұрыс зерттелмей, тіпті кей жағдайда, Абайдың əдебиеттегі дəстүріне қарсы бағытта шығармалар жазған Көкбай сияқты ақындар Абайдың шəкірттері деп танылып келді. Профессор М. Əуезов 1934 жылы


«Əдебиет майданы» журналының №11-12 сандарында басылған


«Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында Абайдың ақын шəкірттері деп төрт адамды атайды. Олар: Ақылбай, Мағауия – Абайдың өз балалары жəне Көкбай мен Шəкəрім.


Əдеби мектеп ақынның түр тақырыбын ғана емес, алдымен пікірі мен идеясын дамытушы мектеп болуға тиіс. Əдеби мектептің өкілі сол басшы ақынның идеясын дамытушы, қателігін түзей өсуші адам болуы керек.


Марксизм-ленинизм классиктері белгілі бір топтық саяси ағымның ортақ белгісін олардың түр (форма) тақырыбынан емес, идея, пікір бірлестіктерінен іздеудің қажеттігін əрқашан үйретіп отырды. В.И. Ленин 1908 жылы марксизм ғылымын сынамақшы болып əуреленген Богданов, Базаров, Юшкевич, Валантиновтарды


«өңін айналдырған махшылдар» деп бағалап, ал, Мах пен Авенари- усті Кант арқылы Юм мен Берклидің тобына қосып баға бергенде олардың негізгі идеяларының бірлестігін ескергендігі белгілі. Əр кезде өмір сүрген, араларында уақыт алшақтығы бар бұл топтардың бір-бірінен формалық жағынан əдейі бүркемеленген болса да айырмашылықтары бар еді. Бірақ негізгі пікір бірлестіктеріне қарап, В.И. Ленин бұларды Юм мен Берклидің тобына қосып баға берді. Сол сияқты XIX ғасырда орыс музыкасында əр жанрда жазған бір- неше композиторлардың шығармаларын бір «қуатты топқа», бір мектепке біріктіргенде, олардың мазмұн пікір бірлестіктері, яғни» музыканың халықтық бағытта туғандығы еді.


Əдеби мектеп деген мəселені осы тұрғыдан қарасақ, М. Əуезов


 


Абай шəкірттері деп санаған ақындардың көпшілігі бұл сынды көтера алмайтындығы даусыз. Өйткені, Абай творчествосында бар мазмұн, идея, пікір ұшығын ол ақындардың шығармаларынан таба қою өте қиын. Əр мазмұнның өзіне лайықты формасы болады. Сондықтан мазмұны түрліше, екі түрлі идеяны сарындайтын творчествоның формаларында да ешбір бірлестік жоқ деген сөз болып табылады.


Мағауия поэмаларында ұшырасатын Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың романтикалық поэмаларының əсерін автордың өзін қызықтырған жақсы шығармаға сырттай еліктеуден туған деп қарауға болады. Мағауия творчествосындағы ауызға аларлықтай нəр де осындай романтикалық сарындағы сюжетті поэма жазуында.


Абай «шəкірттері» жазған поэмалардың қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ əдебиетінде əріден келе жатқан лиро-эпос жырларының өлең ұйқасынан, сөз қолданыстарынан, буын, бунақ санынан ешбір өзгешелігі жоқ кейін аңғару қыйын емес. Қазақ поэ- зиясына Абай енгізген жаңалықтарды бұл поэмалардан көрмейсіз. Ал, мазмұны жағынан Абай творчествосынан алшақ жатқаны та- лассыз нəрсе. Абай творчествосының негізгі идеясы, оның халықты ағарту, оқу ісіне, мəдениетке үндеуі, адамгершілікке шақыруында. Абай шəкірттері делініп жүрген кейбір ақындардың творчество- сында мұндай идеяны жырлау деген мəселе атымен жоқ деуге бо- лады. Абай шəкірті саналатын Көкбай «Абылай – Кенесары» атты поэмасында қазақ-кырғыз халқының қас жауы болған сұлтан Кене- сары Қасымовтың монархиялық қозғалысын, оның ел тонаушылық əрекетін дəріптейді. Поэмада ақын Кенесары мен Наурызбайдың бейбіт отырған орыс қаласына шабуыл жасап, тұрғылықты халық- тардың қанын судай шашып, орыс шаруаларын Қоқан хандығына зат есебінде сыйға тартқан айуандығына ризалық білдіріп, «солар- ды əне болар көкжал десе!» деп сүйінеді. «Бұл поэманын сюжетін Көкбайға Абай əңгімелеп берген еді» дейді, Əуезов жолдас өзінің жоғарыда аталған макаласында.


Өз өмірінде орыс адамдарымен достасып, орыстың прогресшіл


ойшылдарының шығармаларын оқып, екі халықтың берік достығын мақсат етіп, қазақ халқын орыс мəдениетіне шақырған Абайдың Көкбайға орыс халқымен достыққа қарсы бағытта шығарма жазды- руы шындыққа жанасымсыз пікір.


Сол сияқты Ақылбайдың «Қисса Жүсіп» поэмасында да үстем таптың жеңілуі халықтың күресінен болмайды, зəбір көрушінің қарғысынан туады деген мистикалық пікір уағыздалады.


 


«Мағауия «Шамиль» поэмасында Шамиль жайын – патшаға қарсы «Кавказ көтерілісшілерінің даңқты қолбасшысының жайын жырлады», – деп жазады мұнан кейін М. Əуезов 1945 жылы Мос- квада орыс тілінде басылған Абайдың «Таңдамалы шығармалар» жинағына жазған алғысөзінде, бұдан əрі автор: «Абайдың тапсы- руымен жəне оның тікелей қатысуы бойынша Көкбай белгілі Кене- сары туралы, оның патшаға қарсы көп жылдарға созылған құралды көтерілісі туралы тарихи поэма жазды», – деп (18-бет) Кенесары сияқты халыққа қарсы күрес жүргізген феодалдық-монархиялық қозғалыстың басшысын – халықтың қас дұшпанын бір жақтаса, екіншіден олар туралы оқушыға теріс ұғым беретін поэма жазған авторларды дəріптейді.


Бұдан басқа Мағауия «Еңлік-Кебек» позмасын жазып еді деген пікір де дəлелсіз. М. Əуезов: «Мағауия Кеңгірбайдың «Қабекең» де- ген атын Қабан деген сөзден шығарған екен. Оның өткенге қатты тиіскенін жақтырмай, (Абай – Б. С.) бұл өлеңнің жарыққа шықпауын дұрыстайды», – деп жазады («Əдебиет майданы» 1934 жыл, №Ц– 12, 20-бет).


Екі жастың өміріне қастық жасаған қатал атаға оның ұрпағы айтқан əділ сөзге атаның ұлы болмай, адамның ұлы болуды үгіттеген Абай қарсы болды деу – Абайды əділетсіздіктің жағында болды де- генмен бірдей болып шығады. Шынында, көпшілікке мəлім «Еңлік



  • Кебек» жырының авторы Совет өкіметіне қарсы күрескен Шəкəрім екендігі де айтылып жүр.


Профессор М. Əуезов 1940 жылы басылып шыққан Абайдың


«Толық жыйнағына» жазған мақаласында да Абайдың ақындық мектебі туралы алғашқы əлсіз, ғылми теріс пікірлерін қапталайды. Абайдың əдеби мектебін, ақын шəкірттерін тануда 1933 жылдан бері қарай жүйелі түрде айналысып келе жатқан М. Əуезовтың қате пікірі бірсыпра əдебнет зерттеушілерінің бұл мəселеде теріс жолға түсуіне, қате жіберушілігіне мұрындық болып келді. Жиреншенің


«Абай жəне оның орыс достары» деген еңбегінде Кенесары қозғалысын дəріптеп поэма жазған Көкбайды Абайдың шəкірті деп бағалап, оның идеясы жат шығармаларын жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Қ. Мұхаметхановтың «Абайдың ақындық мектебі» де- ген диссертациялық еңбегі – Абайдың əдеби мектебі туралы теріс түсінікті кеңірек тарататын, қате пікірлерге толы, саяси, ұстамсыз еңбек. Профеесор Қ. Жұмадиев Абай шəкірттері туралы мəселені сын көзбен қараған, орта мектептің IX класына арнап жазған «Қазақ


 


əдебиеті» оқу құралына (1950 жылғы басылуы) енгізе салды. Абай шəкірттері деп саналып келген ақындардың творчествосына ғылми марксизм тұрғысынан талдап, баға беру керектігі ескерілмеді.


Шынында Ақылбай, Көкбай идеясы жат шығармалар жазған, ре- акцияшыл ақындар еді. Тіпті кейінгі кезде, əсресе, осы тақырыпта болып жатқан пікірталастарда   үстінде,   кейбір   əдебиетшілер бұл ақындарды Абайдың шəкірттері деп, ал, олардың жат идея- лы шығармаларына Абайды ортақтастыру мақсатымен Абайдың қайшылығы деп қарағысы келеді. Бірақ, орыс халқымен достыққа қарсы болып, қайшылыққа ұрынудан Абай творчествосы таза. Сон- да жоғарғы пікірді қуаттаушы жолдастар Ақылбай поэмасындағы мистикалық сарынды ғана Абайдың қайшылығына алып келе ала- ды. Бірақ бұл да Ақылбай Абайдың əдеби мектебінен шыққан ақын шəкірті деп айтуға дəлел бола алмайды. Өнткені, аға ақынның поэзиядағы тың жолын дамытпай, қайта, кемшілігін ұлғайта түсушіні əдеби мектептің тізіміне қосуға болмайды. Олай болса Ақылбай, Көкбайларды Абайдың ақын шəкірттері деп тану – олардың Абай- мен бірге жүріп, бір дастарқаннан тағам татқандарына қарап қана баға беру болып саналады. Ал, шындығында, қанмен туыспай, жан- мен туысудың қажеттігін өзге емес, Абайдың сөзі нақыл сөздері мен өлеңдерінде талай рет айтқаны жұртшылығымызға белгілі. Ақындық мектепке меже боларлық тілде, істе, пікірде, идеяда бірлестіктің болуы өз творчестволарында бой көрсете алмаған Ақылбай мен Көкбайды Абайдың шəкірті еді деген пікір дəлелсіз, дəрменсіз бо- лып табылады.


Абайшəкірттерін, оныңтворчествосынантүржағынанда, жаңалық


жағынан да оқып, үлгі алып, дана ақынды ұстаз тұтушыларды Абайдың өз төңірегінен ғана іздеу дұрыс емес. Абайдың əдеби мек- тебін, оның поэзиядағы тамаша дəстүрі мен жаңалықтарын, про- грессивті пікірлерін алға дамытушы топты дұрыс тауып, ғылыми тұрғыдан дұрыс бағалауымыз керек.


 


«Лениншіл жас», 15.06.1951 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу