02.03.2022
  214


Автор: Баламер Сахариев

АҚЫН ЖЫРЫ – АНА

 


Кейінгі жылдардағы поэзиямызда көңіл аудара көлемді де көркем туындылардың бірі – ақын Жұбан Молдағалиевтің «Жесір тағдыры» поэмасы. Мұнда поэманың атының өзінен-ақ аңғарылып тұрғанындай, сонау бір жылдарда тұрмыс талқысына түсіп, ауыр тағдырдың зардабын шеккен, сөйтіп өмірдегі өз орнына тек Совет өкіметінің арқасында ғана ие болған қазақ əйелінің жайы баяндалады. Сырт қарағанда мұнда тұрған тақырып тыңдығы, сюжет сонылығы жоқ сияқты. Күңдіктен революция азат еткен қазақ əйелінің тағдыры 20–30 жылдарда талай ақын жырлаған тақырып екені де даусыз. Сөз болып отырған поэманың бас кейіпкері Айшаның тағдыры алу- андас тағдырды өз басынан кешірген ақын Шолпан Иманбаева өз өлеңдерінің денін қазақ əйелінің бас бостандығына арнағаны да бел- гілі.


Дегенмен, бұдан бұрын дəл осы тақырыпқа арналған сюжетті поэ-


ма, эпикалық көлемді туынды болған жоқ десек, артық болмайды. Мəселе, түптеп келгенде, тақырыптың сонылығында да емес, алған тақырыбын ақынның қалай баурап, қай дəрежеде жырлағандығын- да емес пе? Шығармаға осы тұрғыдан қарасақ «Жесір тағдыры» композициялық құрылымы жағынан да, оқиға шындығы, сюжет үйлесімі, өлең техникасы жағынан да ақынның творчестволық ак- тивіне қосылатын күнды поэма екендігіне ден қоямыз.


Поэманың прологында қасына немерелерін ертіп, бақ ішін аралап жүрген ақ шашты əжемен алғаш жүз көріскен оқушы шығарманың өн бойында ғазиз ананың аузынан өткен күннің өксігі жайлы əлгі бөбектермен бірге жаңа аңыз тыңдағандай күйге енеді. Қарт əже кел- меске кеткен кешегіні күрсіне еске алып, мынау балғын бөбектерге ащы шындықты азалы күй ғып шертетін тəрізді. Əже шынды айтты, ащы шындықты айтты. Бірақ шат тұрмыс, шадыман күлкіден бөтен ештеңе көрмеген бақытты балаларға əже айтқан əңгіме əлдеқалай естіген бір ертегі сияқты болып көрінеді.


Өткен күннің өкінішін айта отыра ақын бүгінгі өмір шындығын қоса аңғартады. Күні кеше Жабас байдың жерошағының басында отымен кіріп, күлімен шыққан күң есепті күн кешкен жесір Айша бүгін «өзіндей бақытты аналардың қауымында əңгіме-дүкен құрып отыр», ал кешегі күні жесірдің етегіне жармасып жүріп, Октябрь- ден басталған «қаһарлы да жұмбақ ғасырды қарсы алған алаңсыз, маубас, алаңкөз үш жасар қара баладан» бүгінде «Алматыда жыр


 


толғаған ақын» шықты. Ендешс бұл Совет өкіметінің, социалистік құрылыстың шындығы – ашып айтпай-ақ ақын аңғартып отырған айқын шындық осындай.


Əнгіменің əлпетіне қарағанда өмірде прототивтері бар жесір Айша да, құрым ішінде қысқа тон жамылып өскен «қара тірсек, алаңкөз ұл да» Октябрь революциясы Совет өкіметі азат еткен бір жесір емес, мың жесірдің, бір жетім емес, мың жетімнің ортақ тағдырын еске салады. Басқаша айтқанда, ақын жекелеген өмір фактілерін, тұрмыс материалдарын көпке тəн типтік оқиғалардың деңгейіне көтеріп, кейіпкерлерін нағыз көркем тұлғалар етіп сомдайды. Сейтіп өмірдегі жеке-жеке фактілер шығармада нағыз типтік көркемдік шындыққа айналады. Поэманың қол жеткен үлкен табысының бірі де осында.


Ақын оқушысын оқиғаға ертіп кірген бойда ғасырлар бойы шер- шемен жайлаған Шеген жерін мекен еткен аз ауыл Құл деп аталатын рудың кəнігі тіршілігімен таныстырады. Бұл күнге дейін айтқаны екі болмай орындалып, «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып кел- ген Жабас бай НЭП тұсында біраз еркінсінгенмен, оның революцияға дейінгі күні əлдеқашан адыра қалған. Өйткені өктемдігі əлі де жүріп тұрғанмен, түптеп келгенде, заман тізгіні бірте-бірте оның қолынан шығып кетіп барады. Мұны Жабастың өзі де сезеді, бірақ қолдан келер шара, қылар қайран жоқ.


Теңіз бойында балық аулап күн кешкен момын шаруа Мол- даш сүзек індетінен қайтыс болады да, үш жетімді соңына ерткен жесір əйел Айша «ел ішін» сағалап келіп, Жабас байдың аулының іргесіне қараша құрым үй тігіп қоңсы қонады. Ұзақ жылдар бойы ол тіршілік үшін бай ауылдың ас-суын əзірлеп, күңдіктің күнін ке- шеді. Ескі ауылдың əмеңгерлік сияқты ежелгі салтына қарсы күресе жүріп, өзінің адамгершілік ар-намысын қорғай жүріп, бірте-бірте Айшаның таптық сана-сезімі ояна бастайды. Бұл жөнінен оған бір кезде ауылдан қалаға қашып кетіп, коммунист болып қайта оралған Ораз сияқты езілген таптың саналы өкілінің көмегі көп тиеді.


«Көсем де – көріп ысылған, Шешен де – сөйлеп төселген. Келмейді олар Мысырдан, Шығады ертең осы елден...


...Аламыз, бұзып-жарамыз, Тағдырға патша боламыз. Түлейді тұмса даламыз,


Туады тың жыр, бал аңыз...», – дейді ол Айшаға.


 


Міне, дəл сондай «осы елдің» өзінен шыққан күрескердің бірі



  • Айша болады. Совет өкіметінің арқасында ол жер аударылған Жа- бас байдан еселі еңбек ақысын алады, сауат ашып, хат оқып, қара танитын дəрежеге жетеді. Ақырында ол Коммунистік партияға мүшелікке еніп, ауылдық советтің басшысы болады. Сөйтіп кеше- гі бай босағасында жүргенде талай сұғанақ сұқ кездер мен ашқарақ арам ниеттерге тойтарыс беріп, жетім қалған жас ұланын санатқа қосқан айнымас адал жар, абзал ана Айша əлеуметтік күрескер дəрежесіне көтеріледі. Ол енді колхоз құрылысына да мол еңбек сіңіреді. Ауылға келген алғашқы тракторды айдаушы қаршадай қыз кешегі жесір Айшаның жетім қызы – Шекер. Поэманың соңында ақын:


«Бұтаны, тасты ұйпалай, Тартып жүр жайнап трактор. Езіліп піскен құйқадай Ырсиып қалды тулақ қыр.


Астында соның көмілді Шегеннің мешеу заманы. Жасайды жарқын өмірді Жаңа адам – колхоз адамы. Құрыш күш бүгін ескіні Белінен сызып тастады.


Күркірі алыс естілді,


Колхозшы көктем басталды», – дейді.


Поэманың аты қойылған жесір əйел Айша образы өте сəтті жасалған. Шығарманың соңғы бетін жапқанда біздің кез алдымызға бақытты болашақ үшін бар жастық шағын, жастықта көрер қызығын құрбан еткен қажымас қайрат, терең ой мен парасат иесі, қасиетті ананың жарқын бейнесі келеді.


«Мамырлап жаныңнан сол өткенде ана, Болсаң да неткен əкім, неткен дана.


Қаласың өзіңді бір бала сезіп,


Өз қолы өз аузына жеткен жаңа», – деген ақын сөзімін еріксіз бөліскендей боласың.


Поэмадағы орталық тұлға – Айша. Шығарманың бүкіл оқиғасы, қосалқы эпизодтар мен жанама кейіпкерлердің бəрі де осы Айша төңірегіне топтастырылып дамытылады. Айшаның жеке басының күресі бірте-бірте көптің мүддесі үшін үлкен əлеуметтік күреске айналады. Міне, сондықтан да поэма жөнінде пікір айтқан сыншы


 


М. Қаратаев «ақын ел өмірі мен жеке тағдырды ұштастырып су- реттеуге композициялық кілт тапқандығын» атап көрсетіп, «Жесір тағдыры» – қазақ поэзиясындағы ең байсалды эпикалық шығарманың бірі» – деп бағалады. Осы əділ бағаға біз де қол қоямыз.


Ақынның əдемі жоспарлап, кең ойланған образының бірі – ком- мунист Ораз бейнесі. Бала кезінде ауылдағы қиянаттан қашып қалаға кетіп, сонда сауатын ашып, Коммунистік партияның мүшесі болып қайта оралған Ораз ауылда советтік идеяны тарату, байлардың озбырлығына тойтарыс беру, кедей-кепшіктің күштіге кеткен есесін əперу сияқты қыруар жұмыс істейді. Ақырында ірі байларды кон- фискелеу кезінде Теке қаласына барып келе жатқан сапарын- да революцияның жар астын тасалаған Жабас сияқты жасырын жауларының қолынаи қаза табады.


Ораз жайын ақын былайша баяндайды:


«Бала боп кетіп даладан, Дана боп елге оралды.


Құдайын тауып қаладан Алғандай ақыл, жоралғы».


Ол жылдары ауыл өмірінің ауыртпалығынан арып-талған қазақ жастарының ішінде тіршілік қамымен қаражат іздеп қалаға, «орыс арасына» кету жиі кездесетін жай еді. Олардың көбі ауылдағы жеңге- желеңдеріне айна-тарақ сияқты «сый-сияпат» алып келген əншейін ғана «пысық бозбала» боп қайтатын да, ал бағзы біреулері шынында да осы Ораз сияқты сауатын ашып, көкірек көзін оятып оралатын.


Ойланған дəрежеде Ораз бейнесі, сөз жоқ, шығып тұр. Бірақ бұл образда, шынын айту керек, жаңалық жоқ. Өйткені, қаладан революцпялық іске төселіп қайтқан осы алуандас бейнелер бірқатар прозалық шығармаларда да, кейбір поэтикалық шығармаларда да бұрыннан бар болатын. Демек, ақын Ораз бейнесін «бала боп кетіп, дана боп оралғаннан» басқа аршынды əрекетке, шырқау биікке шығарып əкете алмаған. Сөйтіп бұл образ əдебиетімізде бұрыннан бар тұлғалардың деңгейінде қалып қойған.


Тағы бір айта кететін мəселе – жалпы соңғы жылдары жазылып жүрген бірсыпыра поэмаларға тəн сөз-бұйда шұбалаңқылық сияқты ортақ кінəраттан Жұбан поэмасы да бойын аулақ сала алмапты. Əсіресе, Шеген жерінің көріксіз, сұрқай, жүдеу суретінің алғашқы тарауларда əралуан жолдармен қайталанып келуі бар болса, «Дүбірлі көктем» атты соңғы тарауды да едəуір ықшамдауға болатын тəрізді. Мəселен, Айшаның «келімсек сері қарт ақынмен» қақтығысып


 


қалатын эпизодтың оқиғаға ешқандай қатысы жоқ, қайта поэманың өте ұтымды құрылған композициялық тұтастығына сəл нұқсан кел- тіріп тұр дер едік.


Жұбан қаламы төселіп, өлең техникасын еркін меңгерген ақындарымыздың бірі. Сондықтан да болар, онда жаңсақ ұйқас, жартылай түсінік дегендер ілуде біреу болмаса, кездеспейді.


Тек өзіміз айтылатын пікірге дəл келе бермейді-ау деп тапқан бір- екі ғана мысал келтірейік:


«...Дəу шегір көзі аспанның Күшіне сірə толмаған» (14 бет).


«Сүлдеміз сүйек, құр сіңір


Таңдайға тартқан сұр сиыр...». (19 бет).


«...Түндіктен тіп-тік асылып,


Бір қарап өтті ай соқыр» (23 бет).


Осындағы аспан көзінің күшіне толмауы, айдың соқырлығы, сиырдың сұр түсі – сəтті шыққан суреттеулер емес қой дейміз.


Біздің топшылауымызша, Жұбан шағын өлеңнің шебері емес, поэзиядағы эпикалық жанрдың ақыны. Оның бұрын жазған «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Қиял қанаты» сияқты поэмалары кезінде жұртшылықтың ықласы ауған, əлі күнге дейін поэзиямыздың сəтті туындыларының санатында аталып келе жатқан поэмалар еді. Бір- ді-екілі кемшілігіне қарамастан, сөз болып отырған поэма да біздің жоғарыдағы пікірімізді дəлелдей түседі ғой деп ойлаймыз.


Қазір қаламы бабына келген жүйріктен жүгіріспен тұрған ақынның алар асу, шығар биігі осы ғана деу қате болар еді. Поэма сияқты ірі де жауапты жанрда жақсы үлгі танытқан ақынды алда та- лай жаңа биіктен күтетіндігімізді ескертіп өтсек дейміз.


1962.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу