02.03.2022
  165


Автор: Баламер Сахариев

АҚЫН ЖОЛЫ – ЖЫР ЖОЛЫ

 


Соңғы уақыттарда жасалған баяндамаларда, сөйленген сөздерде, оқылған лекцияларда, жазылған мақалаларда қазақ-совет əдебиеті бүкілодақтық əдебиеттің айтулы бір белігі, терезесі тең, іргелі, сүбелі, үлкен əдебиет болды дегенді жиі айтамыз жəне орынды ай- тамыз. Аттары асса – əлемге, қалса – Одаққа белгілі болған «Оянған елке», «Дауылдан кейін» сияқты басты-басты кесек туындыларымыз өз алдына бір төбе. Бірақ біз жоғарыдағы пікірді тек осы аталған шығармаларды арқа тұтып қана айтқан болсақ, бұл кем айтқандық бо- лар еді. Соңғы бірнеше жылдың ішінде туған əдебиетіміздің сан ше- берлері алды алпыстан асып, бірқатары елуді еңсеріп, халқымыздың тек жақсылыққа ғана жоритын мəтелімен айтқанда, «Тойымыз тойға ұласып» жатқандығы бəрімізге аян. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» дейді халық. Демек, солардың бəрі де бірі бас болса, бірі қанат, бірі қол дегендей, əдебиетте өз орны, өз салмағы, өз қолтаңбасы бар, туған өнеріміздің көрнекті өкілдсрі еді.


Əдебиетіміздің ұшуына да, қонуына да, тіпті қай керегіне бол-


са да жарайтын, қатардағы жауынгерлерінің бірі – ақын Қасым Тоғұзақов.


1910 жылы Қостанай облысының Кеңарал болысы, қазір Меңді- қара аталатын ауданында, толықси аққан Тобыл бойындағы тоғай ішінде жайлаудан көшіп келіп, күзем алып отырған ауыл шетіндегі Нұрым отағасының көзге қораш қараша үйінде бір сəби дүниеге кел- ді. Ат шаптырып, той қылуға шаруасының шағындығы мүмкіндік бермеген Нұрекеңнің қалжаға деп сойған бір малының етін жеп, са- рала тұздықты сорпасын сораптап ішіп тарасқан ауыл ақсақалдары


«Сəрсекеңнің сəбиінің аты Қасым болсын, əумин!» деп, бет сипасып тарасқан еді. Біреудің жасының нешеде екендігін пəленше қыздың ұзатылуы немесе түгеншенің байға жалданып пішен шабуымен тұспалдап барып жобалайтын ескі қазақ ауылында сəбидің дүниеге келгендігін дəлелдейтін бар документтің өзі де осы бір «бет сипау- мен» тынатын-ды. Міне өзінің Қасым екендігін сол «əуминмен» құптатып алған сəби саналы өмірдің есігін жырмен ашатындығын тойға жиналған ақсақалдар да, оның туған-туысқандары да білген жоқ еді. Бұл ақиқатты ақынның кейінгі болашағы ғана болжатты.


Сəби алты жасқа толғанда оның шыбық мініп шапқылаған балалық шағына шек қойылды. Үш жыл бойы ауыл молдасынан əліпби оқып тіл сындырған Қасым 1919 жылы көрші селодағы орысша-қазақша


 


мектепке түсіп, оның қабырғасында бес жыл орыс тілін үйренді. Ол əдеби еңбекке Қостанайда педагогикалық техникумда, кейін Ленинградтың Герцен атындағы педагогикалық институтында оқып жүрген кездерінен бастап араласты. Содан бері əдебиет майданын- да 40 жылдан аса тынымсыз қызмет істеп келе жатқан ақынның жұртшылығымызға сіңірген еңбегінің басты бір саласы – аударма өнері. Бұл салада Қасымның сарапқа салар олжасы көп. Ол қан ба- зар жəрмеңкеден олжасыз қайтқан сəтсіз саудагердей, қарманғанда қалтасынан түк табылмай қалатын ақын емес, қап толы қазынасы бар ақын. Қазына емей немене? Қазақ оқушысы Лермонтовтың «Де- мон», «Бастуншы аулы», «Хаджи Абрек», «Мцыри», «Тамара», «Саш- ка», «Ақын өлімі» т. б. шығармаларымен, Пушкиннің «Бақша сарай фонтаны» дастанымен жəне бірқатар лирикалық ұсақ өлеңдерімен, Некрасовтың атақты «Орыс əйелдерінің» сан ұрпақ мақтан етерлік ерліктерімен ана тілінде Қасым Тоғұзақов аудармалары арқылы та- нысты.


Күрес күндерінде тарих таңына күннен жарқырап шыққан, со- веттік сөздің жалынды жаршысы, совет поязиясының маршалы Маяковскийдің революциялық пафосқа толы «Владимир Ильич Ленин» атты поэмасын алғаш рет қазақ оқушысының құлағына құйған да осы Қасым ақын болатын. Ақынның «Юбилейное»,


«Фининспектормен əңгіме» сияқты белгілі шығармаларын да Қасым аударды. Бұл арқылы Қасым қиын да қатал сыннан өтті. Маяковскийдің ой екпініне құрған күрделі ұйқасын сақтап, əрі оның қорғасындай салмақты сөздерінің күшін, мəн-мағынасын жоймай, қазақ оқушысының тосын құлағы тосырқамайтындай етіп аудару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келе беретін шеберлік емес.


Ленин –


пролетариаттың шын көсемі.


Ал, либерал,


есерлер құр бөседі – Жарылқауға ант етіп,–


жұмыскердің Иығына қайта міну –


бар есебі.


Олардың кітабында өздерінің


арамза, аксүйектер екендігін Ленин əшкерелеп көп алдында


 


Шіріген жібін


үзді сөздерінің.


Бостандық жұрт


бауырлас дегендегі


Олардың


Мылжыңының жоқ керегі!


Маркстің құралы бар большевиктік


біз жалғыз партиямыз дүниедегі!


Ақын өзі аттас марқұм Қасым Аманжоловпен бірге аса көрнекті со- вет ақыны Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасын аударғанын білетін едік. Кейінгі жылдары ол Твардовскийдің «Правда» газеті тұтас бір тарихи кезеңнің өшпес əдеби ескерткіші деп бағалаған


«Бір қиырдан бір қиыр» атты эпикалық кесек туындысын аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ол Твардовскийдің «Теркин мақшарда» атты ең соңғы дастанын да қазақ тіліне аударып, баспасөз бетін- де жариялап үлгерді. Егер осы аталған абройлы қыруар еңбекке ақын аударған Сүлеиман Стальскийдің «Серго Орджоникидзе», Павел Антокольскийдің «Ұл» поэмаларын, поляк халқының клас- сигі Адам Мицкевичтің, венгердің классигі Верешмартидің, болгар ақыны Иван Вазовтың, совет ақындары Д. Бедныйдың, В. Лебедев- Кумачтың, А. Безыменскийдің, Якуб Коластың, Янка Купаланың т. б. өлеңдерін қоссақ, онда ақын адресіне риза көңілден рахмет қана айтуымыз керек.


Қасымның аудармашылық өнеріндегі бір өзгешелік – түпнұсқаның бояуын, көркемдік кестесін, нəр-нақышын, өлең өлшемін, жазу мəнерін мүмкіндігінше толық сақтай отырып, оны төрден орын ала- тындай төл туындының дəрежесіне, қазақ өлеңінің дəрежесіне көтере білетіндігінде. Міне, дəл осы қасиетімен де оның көптеген аудар- малары қазақ оқушыларының жүрегіне қалтқысыз жол тапты. Сөз арасында айта кету керек – біздің əдеби сынымызда аудармашының еңбегіне жете баға бермеушілік, ақын мен аудармашының арасына шек қойып бөле сөйлеушілік кездесіп қалады. Шынында бұл дұрыс емес. Өйткені жақсы аудармашы аудармайды, халыққа түсінікті өлең жасайды. Басқа бір халықтың, басқа бір ұлттың психологиясындағы, тұрмыс-салтындағы, ой дүниесіндегі өзгешеліктерді өзгертпей, өз халқына жеткізіп беру жеп-жеңіл жұмыс емес. Аудармашы ең ал- дымен ақын, аударма оның жұмыс орны ғана. Демек, «аудармашы



  • прозада құл да, поэзияда бəсекеші» деген жұртқа мəлім қағиданы


еске алсақ, онда жақсы жасалған аударманы жатырқамай, жақын са-


 


науымыз керек. Міне, Қасым аудармаларының жайы да осылай бо- лып та отыр.


«Балбырап ымырт түссе, шапақ батса, Кавказдың шыңына түн перде жапса, Сықырға басы айналған сияқтанып, Мүлгісе, ың-жың дүние тыныш тапса. Шыңдардың бастарынан самал ессе, Қозғаса шөптің басын, тауды кезсе, Көдеде жасырынып жатқан құстар – Сілкінсе қараңғыда, шаттық сезсе.


Жүзімнің бұтақтары бойын жазса, Ынтығып жер шығына аузын ашса, Құлпырса тынық түнгі жапырақтар, Жайқалып желкілдесе, жұпар шашса. Алтын ай аспандағы сəуле берсе, Жоғары жылжып таудан дөңгеленсе, Ғажайып дидарына құштар болып, Тасадан көз жіберсе, əуреленсе –


Сол кездс саған ұшып мен жетермін. Мейман боп күн шыққанда бір кетермін, Жібектей кірпіктерің ілінгенше


Ұйқыға əлдилермін, тербетермін...


Лермонтовтың Демоны Қасым аудармасы арқылы қазақ оқу- шысымен осылай сырласса, Верешмарти басқаша толғайды.


...Жан қиып, жиі көрісіп, Ардақтадың досыңды.


Ел дəулетін бөлісіп, Кұпия сырың қосылды. Қапыда семсер жарқ етіп, Қалдырмады сені сау.


Қалды ғой көзің бір жетіп – Кешегі досың бүгін жау.


Іш! Өмірге кім ие! Баянсыз, шіркін, дүние! Бұзылып бір күн сабындай, Жоғалар ізі табылмай.


Өз елім деп аянбай, Жан-тəніңді берерсің,


Сол елде сая таба алмай,


 


Қуғын-сүргін көрерсің. Ақымақ, қудың, залымның Құрбаны болып, өзіңді Қудалап, қорлап арынды, Елің шұқыр көзіңді.


Іш! Өмірге кім ие! Баянсыз, шіркін, дүние! Бұзылып бір күн сабындай, Жоғалар ізі табылмай?..


Мастық пен қайғы, қасірет Достарындай қол берсе, Бос өмірде бір үміт


Бар екенін білдірсе, Басыңды көтер, сіреспе, Қолыңнан зор іс келеді. Аянбай аттан күреске, Кім батыл, – сол жеңеді. Біл: өмірге кім ие!


Болса да шолақ дүние, Қиратып жүріп жасаған – Ең бақытты осы адам».


Қасымның аудармашылық еңбегі тек поэзиямен ғана шектелмей- ді. Ол Чеховтың «Шағаласын», Гогольдің «Үйленуін», А. Толстойдың


«Алтын кілтін» бас етіп, орыстың жəне дүниежүзі классикасының, сондай-ақ совет жазушыларының жиырма шақты пьесасын аудар- ды. Кейін академиялық опера жəне балет театрымыздың сахна- сында қойылған татардың «Алтыншаш», ұйғырдың «Назугум» операларының либреттосын да Қасым аударды. Бұл жерде ол аударған бірнеше көркем суретті кинофильмдерді атап жатудың қажеті де болмас.


Міне, ақынның туған əдебиетімізге сіңірген еңбегінің бір парасы осындай.


Қасым Тоғұзақов аударма ғана емес, толып жатқан тамаша төл туындылардың да авторы. 1928 жылы Қызылорда қаласында жа- зушы Сəбит Мұқанов құрастырып бастырып шығарған «Ленин» атты жинаққа енген тұңғыш өлеңінен бастап, Қасымның ұтымды ойға құрылған көптеген əдемі лирикалық өлеңдері, мақалалары мен фельетондары жарық көрді. Ақынның алғашқы кезде жазған өлеңдерінің басым кепшілігі Ұлы Октябрь əперген азаттық, арте-


 


лье ұйымдаса бастаған қазақ кедейі, таптық сананың оянуы, колхоз- дастыру дəуірінің алғашқы адымдары т. б. тақырыптарға арналды. Əрине, мұның заңдылығы да жоқ емес. Өйткені көркем əдебиет қашанда өмір айнасы екендігі белгілі. Ол жылдары бұл тақырыпқа қалам қозғамаған қазақ ақыны жоқ десек, артық болмайды. Алайда, Қ. Тоғұзақов осы көпке тəн ортақ тақырыпқа арналған өлеңдерінің өзімен-ақ өзіне лайық үн, өзіндік нəр-нақыш, бояу таныта білді. Сон- дай өлеңдерінің қатарында: «Мəңгі есімде қалады», «Кедейдің тала- бы», «Үлгілі аудан», «Өспек, дамып үдемек», «Ауылда жаңа дəуір бар», «Жаз жақын» т. б. атауға болады. Ленинград қаласына білім сапарына аттанардың қарсаңында Қостанайдың «Ауыл» газетінің тілшісі болып жүрген Қасымның өлеңдері топ-тобымен жарияла- нып жатты. Бір ғана өлең емес, қалам қызметінің қызығына əбден тұшынған жас Қасым, ол бір тұста, «Жедел қарт» деген құпия атпен мақала, əзіл, сықақ, фельетондарды да қардай боратты. Бұл оның көп өнерінің бір қырын, журналистік зор талантын танытқан шағы болатын-ды.


Қасым Тоғұзақов лирикалық қысқа өлеңдермен қатар көлемді


дастандар да жазған ақын. Оның бұл салада өз қаламын тұңғыш сынап көруі 1937 жылы жазылған «Өмір толғауы» атты сюжетсіз лирикалық дастаны. Қазақтың 7–8 буынды жыр үлгісі мен Жамбыл толғауларының сарынында жазылған бұл шығармаға əдебиеттану ғылымының жанрға жүктеп отырған бүгінгі биік талабы тұрғысынан қарасақ, көптеген кемшілік айтуға тура келеді. Мəселе ақыиның дайын жыр үлгісін пайдалануында емес, жалпы жанр табиғатын терең танып білмегендігінде, оның техникасын толық меңгерме- гендігінде болатын.


Бұл жағдай осы шығарманы ақынның кейінгі жазған «Күлəш» атты поэмасымен салыстырғанда айқын аңғарылады. Бұл поэма- да да қазақтың ауыз əдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының, атап айтқанда жоқтау үлгілерінің элементтері жоқ емес. Қазақтың ауыз əдебиетіндегі дəстүрлі жоқтауларында қаза болған белгілі адамның ауыл-аймағына, ағайын-туғандарына, ел-жұртына, халыққа сіңірген еңбегі, адамгершілік асыл қасиеттері сөз болатын. Міне, сырт қарағанда, Қасым поэмасында да осы дəстүр сақталыпты. Ақын мұнда Күлəштің өнер босағасын аттаған алғашқы қадамынан бас- тап, халқын күйзелткен қазасына дейінгі өмір жолын, адамгершілік асыл да қарапайым қасиеттерін тере отырып, тебірене жырлайды. Алайда, ақын дəстүрлі жоқтау үлгісін пайдалана отырып, жазылу


 


түрі, өлеңдік техникасы жағынан шығарманы шын мəніндегі бүгінгі поэзия, бүгінгі поэма дəрежесіне кетерген. Поэманың соңында ақын сүйікті əншімен былайша қоштасады:


«Қара барқыт көйлек киген күйінде, Қос бұрымы асулы екі иінге,


Өзі өскен театрдың үйінде, Табытында жатыр əне сол Күлəш.


 


Ардақтысы елдің даңқын асырған, Əн несі аяғына бас ұрған.


Ел аузында ғасырларға ғасырдан, Қала берер, тұрар орны зор Күлəш...


 


...Қара киіп, сен түскенде қабірге, Үзілді өзек, күйреді көп қабырға. Ешкім ие бола алмады сабырға, Туған елге мəңгі бақұл бол, Күлəш!»


Қорыта айтқанда, шағын көлемді бұл поэмасы арқылы ақын халқымыздың бұлбұлы атанған марқұм Күлəш Байсейітоваға əдеби ескерткіш жасады деп айтуға əбден болады.


Қ. Тоғұзақов творчествосының шоқтығы – оның үлкен планда, кең көлемде алып жазған «Сібір Омар» атты дастаны. Ақын белгілі революционер Омар Досжанов жайында жазған бұл көлемді еңбегін екі кітаппен тəмəмдады.


Жалпы, поэма – соңғы кезде əдебиет сынында жиі-жиі сөз болып, бірқатар айтыс, талас пікірлерге мұрындық болып жүрген жанр. Сан жағынан алғанда, əдебиетімізде поэма аз деп ешкім де айта алмай- ды. Бүгінгі қазақ-совет поэзиясында еңбек етіп жүрген кəрі-жасы аралас белгілі ақындарымыздың ішінде поэзияның күрделі де қиын, кесек саласы – поэмаға соқпай өткені жоқ деуге болады. Əсіресе поэзияда үзбей еңбек етіп келе жатқан жасамыс ақындардың бұл салада сіңірген еңбектері ұшан теңіз. Тек бір ғана өкініштісі сол



  • уақыт сынынан өтіп, əдебиетіміздің поэма жанрының активі- не, қазақ əдебиетінің қазынасына қосылған шығармалар жазылған поэмалардың жалпы санына шаққанда, көп дүние боп көрінбейді десек, онымыз қанағатсыздық емес.


«Сібір Омар» – поэзияның кесек, ірі жанрында ақынның алғашқы əрі сəтті қадамы болғандықтан, жұртшылық оқып үлгірген шығармаға азды-көпті тоқтала кету артық болмайды.


 


Кітаптың алғы сөзінде автор бұл шығармасын өлеңмен жазылған роман депті. Асылында, поэтикалық шығармаға я кəлеміне, я бір тақырыпқа жазылған кітаптың санына қарай ат қойып, айдар тағу əрқашан өзін өзі ақтай беретін тəсіл емес. Поэтикалық шығарманың аталуын əдетте оның көлемі, кітап саны шешпейді, мазмұны, сапа- сы шешеді. А. Пушкиннің «Евгений Онегині» өлеңмен жазылған роман деген атаққа көлемі үшін емес, «орыс өмірінің энциклопе- диясы» болғандығы үшін ие болғаны мəлім. Ал тұтас бір дəуірдің тынысын таныту, бір халықтың өмірінің энциклопедиясы болу тек көлемнің ғана емес, көбінесе сапа мен мазмұнның ісі болса керек. Сондай-ақ қазіргі украин ақыны Александр Пидсуха өз халқының екі ұрпағының тарихи тағдыры жайында бір тақырыпқа үш кітап жазды. Ал өздері ұнатып, жақсы бағалаған осы шығармаларды олар роман демей-ақ, поэмалар трилогиясы деп əділ атап отырғаны бізге де үлгі болуға жарай ма деп ойлаймыз. Негрдің прогресшіл ақыны Ленгстон Хьюоздің «Менің негр халқым туралы» поэмасы небəрі алты-ақ жол екені мəлім.


Біз бұл жағдайды əңгіме еткенде сөз болып отырған шығарманың


кұнын кемітейік деп отырғанымыз жоқ. Қазір не көп, қазақ-со- вет əдебиетінде өлеңмен жазылған роман көп. Біздің мақсатымыз



  • осының өзі қалай екен деген мəселеге жұртшылық назарын аудару ғана. Əрине, айтыстың, пікір таласының мəселесі болғандықтан, бұл жайындағы əңгімені өз жөніне қалдырып, дастанға көшейік.


Ғабит Мүсірепов бір сөзінде: «жазушыға өзінің өтпей тұрған кі- табын көруден өткен бақытсыздық жоқ» деген еді. Осы тұрғыдан алсақ, ақынның мақтаныш етуіне болатын тағы бір жай бар – оның


«Сібір Омар» дастанының қос кітабы айналасы аз күннің ішін- де кітап магазиндерінің сөресінен ғайып болды. Бұл «жаксы бол- са, жақсыны кім көрмейді, өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?»



  • деп Абай атамыз айтқандай, талғамы, тұщымы, мəдениеті өскен халқымыздың жақсыны көре, тани білгендігінің айғағы дегіміз ке- леді. Қасым Тоғұзақов «Кейде» деген бір өлеңінде өнер адамының, əсіресе, ақынның шабыт шақырып, оңашада өзімен өзі сырласатын шақтарын еске алып:


«Өлеңде боп бар ұжданың, бар жаның, Сұрыптайсың лағыл, інжу, маржанын. Өз тапқаның өзіне асыл көрінер,


Жұрт айырар бірақ қымбат, арзанын» – дегені бар еді. Демек, кітаптың өтуі – белгілі дəрежеде шығармаға жұртшылықтың бер-


 


ген бағасы да болмақ. Мұның өзі кез келген сыншының, əдебиет зерттеушісінің «тəуір екен» деп берген бағасынан анағұрлым асып түсетін факті ме деп ойлаймыз. Өйткені, əдебиет маманы емес былайғы адамдар, яғни, Абай айтқан жалпақ жұрт поэзияның өзгесінен бұрын өлеңдік қасиетіне көбірек қарайды. Ол əрбір жаңа шығармадан өз керегін іздейді – өз көңілінің жұмбағын шешетін, өзінің жүрек қылын қозғап, сезім пернесін дəл басатын жəйттерді іздестіреді. Ауылдағы кез келген қарапайым оқушымен сөйлесе кетсең, Сəбиттің «Сұлушашынан» немесе Ілияс пен Исаның поэма- ларынан жатқа соғып жіберетіні де осыдан болуға тиіс. Түптеп кел- генде, уақыт сыны дегеніміздің өзі де шығарманы жұртшылықтың қалай қабылдап, қаншалықты кəдеге жаратып əкетуімен өлшенеді.


Қасым дастанының төңірегіне жұрт үйірілдірген қасиетінде осы өлең өрнегі, сөз кестесі. Ұзақ жылдар бойы ойланып-толғанып, тебірене кіріскен бұл шығармасына Қасым өзінің ақындық өнерін аямай төккен. Ол қой қора, қотан төңірегін, ауыл айналасын жыр- ласа да, қайнаған қала тіршілігі мен қан базар жəрмеңке суретерін берсе де, оқушыны еліктіре тартып, баурап алатындай шеберлік пен ақын көзінің жітілігі аңғарылып отырады. Дастанның ең басты қасиеттерінің бірі – мұнда бірқатар шығармалардың бойына мін бо- лып жүрген жасандылық дегеннің ізі де жоқ. Оқушы көңілін дүдəмал ойға жетелейтіндей сенімсіз жəйттер мұнда кездеспейді, кітаптың қай бетін ашып оқысаң да, соншалықты көзтаныс көріністерге, бедерлі бояу, айқын картиналарға кезігесің. Айналадағы азапты өмір, ауыр жағдайлар жігерлендіріп, қиыншылыққа қарсы күресте шыңдалған Омар сияқты қарапайым адамдардың қилы-қилы тағдыры, ол басы- нан кешірген оқиғалар керуені көз алдыңнан көшкен бұлттай тізбек- теліп өтіп жатады. Оқушы кейіпкердің тағдырына, өсу, қалыптасу жолына қалмай ілесіп, көп жағдайларда ортақтасып отырады.


Бұл дастаны арқылы Қасым өзінің тіл шеберлігін анағұрлым


ұстартып, сөз кестесін тоқуға төселген, əбден қалыптасқан қаламгер екендігін танытты.


Дастанның негізгі тақырыбын, бір сөзбен айтқанда, адам тағдыры десек, бас кейіпкері – Омар. Ол – қазақ ауылында туып-өсіп, бай есігінде бақытсыз балалық шағын еткізген көп кедейдің бірі. Адам ба- ласы ана сүтінен ажыраған күні, өз бетімен күнкөріске тұңғыш қадам басып, жарық дүниеде көрмек бейнетінің алғашқы ауыртпалығын арқалайды, мұңын шегеді. Осы бір тұңғыш қадамнан басталған тұрмыс талқысын, өмірдің аштық-тоқтық, бар мен жоқтық, зейнет


 


пен бейнет сияқты сан соқпақ, сүрлеуінен өту арқылы ғана оның ой- пікірі, дүниеге көзқарасы, адамгершілік сипаттары қалыптасады.


Міне, қаршадай Омар Қазыбай байдың сиырының соңында зыр жүгіріп жүріп, жазықсыздан-жазықсыз соққыға жығылып жа- тыр. Ақын оқушыларды өз кейіпкерімен осындай бір аянышты хал үстінде таныстырады да, осыдан бастап оның қиын əрі күрделі өмір жолына үнемі ілестіріп отырады.


Қойдың жағын қарыстырған қараша айының өңменнен өткен суық желі мен боз қырау, далада соққыға жығылып қалған жалғыз үлын таң ата ғана тауып əкеп, жарасына кұрым киіз басып жатқан Досжан мен қарт ана. Олардың күңіренген үні оқушы жүрегін де мұңға батырады.


...Міне, жарасынан айыққан соң əкесі оқуға Тройцкіге əкеп салған. Омардың көз алдында асық үшін таласқан тақырлар, бір шетін ұлтараққа кескен қара киіз, иісі көңірсіп жанып жатқан те- зек, түндігі жабық үйде көз ашытқан қою түтін, қыр басындағы сан адамды құшағына алған зират, бір жағын салақ əйел жаңқалап тамызық еткен ат байлайтын шақы, жеңешенің жер ошақта қайнап жатқан құрты мен көбік жалаған жалаңаш-жалқы балалар, киіз үйдің шиқылдап ашылатын жарма есігі сияқты ескі ауылға тəн суреттер тізбектеліп өтіп жатыр. Қазақ аулының осынау бір сұрқай, жадау көріністерін бала кезде бақылап өскен ақын мейлінше дəл жəне айқын бояулы етіп берген.


Бұрын ауылдан алты адым ұзап шықпаған жас балаға шəһəр өміріне көндігудің өзі бір қиындық:


«Бұхар мен Түркістанның саудагері Батсайы, мəнті сатып əуреде еді.


Сезген соң қыстың сызын, жағы үрпиіп, Жөнелді дөңгеленіп сəлделері.


Ірбіт пен Орынбордың татарлары, Омбы мен Ордың алып-сатарлары, Пермьнің мұжығының шаналарын Алуға жүгіріп жүр қатар бəрі...


Жағада цыганның ақ шатырлары, Қаңғып жүр, қайыр тілеп қатындары, Би билеп балалары, ақша сұрап, Еркегі ала жаздай ат ұрлады.


Байларға бара алмайды олар батып, Кедейге аяғансып «арзан сатып».


 


Аузына арақ құйған арық мəстек Қалады шыға бере арам қатып».


Тезек иісі мүңкіген ескі ауылдың суреттерін қайнаған қала тір- шілігімен салыстырыңыз да, он жаста осындай қым-қуыт, таныс емес дүниеге еніп кеткен Омардың психологиялық көңіл-күйін ойлаңыз. Ақынның əсіресе тұрмыс-тіршілік мотивтерін суреттеуге соншалықты шебер екендігін байқайсыз. Бұл кереғар, шалғай жатқан екі түрлі тіршілік жайын суреттегенде ақын кейіпкерінің өсу жолын дұрыс көрсету үшін алдын ала дайындық жасап отырғандығын айт- пай тануға болады:


«Осында Омар түсті талай сынға, Ілінген кездер болды жалғыз қылға. Ұқыпты əйел ескен қыл арқандай


Пысыды, ширатылып жылдан-жылға», – дейді автор. Қыл арқанның суға тиген сайын ширығып, қатая, беки түсетінін жақсы білетін қазақ оқушысы үшін қандай нағыз ұлттық теңеу бұл!


Бұдан соң Орынборда білімін көтеріп, бұғанасы бекіген Омар дүниетану, өмір көру мақсатымен Ташкентке барады. Сонда жүргенде жазықсыз жапа шеккен əйелге ара түскен адамгершілік əрекетінен пəле тауып, түрмеге түседі. Билік, заң, өкімет қолында тұрған үстем таптың өкілі Яффар бай өтірік жала жауып, Омарды 25 жылға Сібір- ге айдауға үкім шығартады.


«Бермейді ақыл, тəсіл төтеп сорға, Болсаң да ойға жүйрік, тілге жорға. Лағы ақбөкеннің жығылады Қапылыс қасқырға деп қазған орға. Бай төрге ұмтылады, батыр өрге, Басқаны батырады батпақ жерге.


Жазықсыз Омар кіріп кете барды Жазықты Яффар кірер суық көрге.


«Заң!.». дейді, заты күмəн оның-дағы, Семсер ғой ақсүйектің қолындағы.


Сақтайтын, қорғайтыны бай мен төре,


Озбырлар отырған зор орындағы», – деп суреттейді ақын. Осылайша Омар, «сорлыға дегенде сот та қателескіш келеді», –


деп Виктор Гюго айтқандай, патша үкіметінің қатеден емес, қасақана берген əмірін арқалап, Сібір түкпіріне кете барады.


Ақынның өз кейіпкерін шарықтаған шабытпен беріле көрсе- тетін жері де поэманың осыдан кейінгі «Этапта», «Сібірде», «Қош-


 


тасқанда» атты бөлімдері. Бұл тараулардан кейіпкердің жан күйзелісін терең ашатын айшықты сөз кестелерін, бояуы айқын не- лер суреттерді авторлық толғаныс, тебіреністерді, философиялық ұтымды ой қорытындыларын мол ұшыратамыз. Бұл тарауларда ав- тор кейіпкерлерінің тағдырына өзі ғана араласып қоймай, оқушыны да ортақтастырып, ақындық күшін, өмір фактілерін жете білетін- дігін еркін таныты отырады. Айдауда азап күнін кешкен сорлыларды суреттейтін шумақтардан «халықтардың түрмесі болған» патшалық Россияның небір жауыздығын көзбен көргендей боласың.


Өмірдің сан соқпағы мен бел-белесінен өткен кейіпкерінің қасірет-қайғысына да, қуаныш-шаттығынада ақынның айтқаны ақиқат-ау деп сеніп отырасың. Өмір болған соң оның бұралаң- бұлтағы, көлеңкесі мен шуағы болмай тұрмайтыны белгілі. «Өмірде жалқы біткен зат болмайды, қырсықтың бақыт деген бар сыңары»



  • деп ақын айтқандай, сол тар қапаста жүрген Омардың да қуанатын, шаттанатын шақтары бар. Бейнетке батып жүрген қос жұбай – Омар мен Назиқаның тұңғыш нəресте сүйген сəттегі қуанышын ақын бы- лайша баяндайды:


«Тасытып бала бақыт, ырыстарын, Жіберді тым кеңейтіп тыныстарын. Тынығу естерінен кетті шығып, Елемей ертең ауыр жұмыс барын. Бар мейір, бар махаббат балаға ауып, Жайраңдап, ата-анасы рахат тауып. Отырса, еңбектесе, тілі шықса,


Қаз тұрса, жасап жүрді ойын-сауық».


Бір қарағанда осының өзі сенімсіздеу жағдай болып көрінуі мүмкін. Қияметтей қиыншылықта жүріп не қылған ойын-сауық деп ойлауға əркімнің правосы бар. Бірақ сіз осылардың сол кішкентай бақытына иланасыз. Каторгалық еңбектен əбден арып-талып, кешке өздері аядай ғана шағын үйге оралғанда екеуінің ортаға алып ермек ететіндері – кішкентай сəби Зылиқа. «Балалы үй – базар, баласыз үй



  • қу мазар» – деген ғой халық. Үй ішіне ұрмай-соқпай, қорқытпай- ақ ықпалын жүргізіп, семьядағы жұптық өмірді сақтауға, көңіл кірбіңін көтіруге бас себепші болған сəби жайында бала сүйген əрбір ата-ананың көңілінен шығатын авторлық ойлар сізді Омар мен Назиқаның қуанышына еріксіз ортақ етеді.


Табаны күректей 22 жыл патша түрмесі мен каторганың азабын шеккен Омардың «Бостандық» деген сөзді есіткенде, сылқ етіп құлап


 


түскені де түсінікті. Егер авторға қояр талаптың ірісі – адам пси- хологиясына бойлай ену десек, Омардың жан дүниесінде сол сəттс болған өзгерістер мен психологиялық күй тек қана осылай сыртқа тебуі тиіс екендігіне де дау айта алмайсыз.


Ұзақ жыл бауыр басқан, азапты болса да, бар жастық, жігерлі шағын өткізген, ой-шұқыры таныс болған жермен қоштасу да оңай емес. Жат жер болса да, оған Омардың жаспен бірге қаны тамды. Дəл қоштасар сəтте ол:


«Босанған үкімімді алдым кеше, Тым ыстық көрінеді үй мен көше. Үйренген Сібірімде қалуды ойлап


Көңілім ауытқыды əлде неше», – дейді.


Біздіңше, бұл да сəтті жасалған сурет. Тарихта бұл сияқты фак- тілер де болған. Мəселен, атақты декабрист Михаил Сергеевич Лу- нин 20 жыл каторганы өткеріп шыққаннан кейін, «үйренген Сібірін» мекендеп қалған. Ендеше Қасым дастанының қаһарманы Омардың да əлгіндей əрекетінде шындыққа шалғай келетін ештеңе жоқ.


Бұл сияқты бірқатар детальдарды біз, тұтас алғанда, ақынның жүгінгені шындық екендігін дəлелдеу үшін əдейі келтірдік. Бірақ ақын образ ретінде Омарды дастанда көрінетін басқа кейіпкерлердің ансамблінен шамадан тыс оқшау суреттейді. Бұл ретте Омар мен Назиқадан кейін ауыз толтырып атауға тұратын тұлға – қазақы мі- незді, ақ пейіл, жарқын жанымен көзге түсетін Досжан (Омардың əкесі) мен қыс көзі қырауда қаршадай қызын арқалап, тар қапастың қыспағын кешсе де, қайыспай, ер басына екі талай күн туғанда жалғыз қызын қиып кеткен қажымас қайрат иесі Қақаң қарт болар дер едік. Əсіресе, Омарға қарсы топ дастанның ұзына бойына ілесіп отырмайды деген сын пікірдің жаны бар. Егер дастанның бас кезін- де кішкене Омарды таяққа жыққанда ғана бір көрініп жоқ болған Қазыбай мен өзбектің биік дуалынан төбесі ғана қылт еткен Яффар- ды ескермесек, онда тартысқа тұскен екі жақтың бірі тіпті жұтаң, жадау жатқандығын мойындауға тура келеді. Ал көркем шығармада қарсы жақтың өкілі нашар суреттелсе, «жеке шапқан аттың бəрі жүйрік» дегендей, ұнамды кейіпкерімізді күшейтіп көрсетуге де едəуір нұқсан келетіндігі мəлім.


Осымен байланысты айта кететін тағы бір мəселе – Омардың


түрмеге түсуінің мотивировкасы жайында. Емшегін күшік еміп жатқан əйелді арашалағаны үшін 25 жыл каторгаға кесілуі, тіп- ті, жалпы осы  оқиғаның өзі  XIX ғасырдың екінші  жартысының


 


шындығынан гөрі шығыс ертегілерінде кездесетін қиялмен астарлас жайларға көбірек ұқсайды. Əрине, біз Омардың өмірбаянын зертте- ген адам емеспіз. Оның түрмеге түсуінің тарихи себептерін, əлгіндей оқиғаның болған я болмағанын білмейміз. Біздің білетініміз – ал- дымызда жатқан көркем шығарма. Ал, ол – тек тарихи шындықтың фотосуреті емес. Оның да өз заңы бар. Солай болғандықтан, бола- шақ революционердің түрмеге түсуіне əлгіндей оқиғалардан гөрі əлеуметтік мəні, саяси салмағы басым басқа да қосалқы мотивтер табу дұрысырақ болар еді.


Омарды революциялық идеяға алып келген тек қана оның басы- нан кешкен аянышты өмірі деп қою жеткіліксіз. Ол Кукуйде айдау- да жүргенде, жер аударылып келген Павел деген қарт революцио- нермен пікірлеседі. Омардың дүниеге көзін ашатын да сол. Бірақ, ақын Павелге байланысты оқиғаға тереңірек тоқтаса, жақсы бо- лар еді. Автор бұған бірнеше шумақты ғана арнайды. Ал, Омарға Ташкентте, артынан Орынборда жолыққан Елисеев болса, ол өзі де революциялық ойдан қашық, небары орыс армиясының либералдық пікірдегі офицері ғана. Ендеше Павел мен Елисеев жайы да авторды ерекше ойландыруға тиіс, қайткенде де, бұлар жол-жөнекей аталып, қалып қоятындай тұлғалар емес. Омардың революциялық іс-əрекеті суреттелетін дастанның екінші кітабында бұл образдар өздерінің бар тұлғасымен едəуір бой көрсеткен екен. Сонымен қатар дастанда тым ұзақ суреттелетін, қысқартуға əбден болатын жерлер бар. Дастанның бірінші кітабы «Арнау», «Ауылда», «Троицкіде», «Орынборда»,


«Жолда», «Ташкентте», «Этапта», «Сібірде», «Қоштасқанда» деп аталатын тоғыз тараудан құралады екен. Осындағы «Орынборда» де- ген тарауда баяндалатын барлық оқиға – Омардың заң оқуында білім алғаны, В. Дальдың келіп сөз сейлеуі, Ы. Алтынсариннің Омарға:


«Ташкентпен таныс, ел арала» – деп кеңес беруі ғана. Осыған ақын 416 жол өлең арнапты. Көлемі жағынан осының өзі шағын бір поэ- ма ғой. Біріншіден, осында В. Дальдың келуінің, Ы. Алтынсариннің көрінуінің Омардың болашағына, оны образ ретінде қалыптастыруға тигізіп тұрған септігі шамалы. Бұл екеуінің көрінбеуі керек еді, ал көрінген екен, Омардың болашақ əлеуметтік өмірінде, ой-пікірін- де белгілі дəрежеде із қалдыруы керек еді. Екіншіден, солай болған күннің өзінде де, бұл тарауды анағұрлым шағындауға болады. Осы тараудың аяғы Омардың Орынбормен қоштасып, керуенге ілесіп жүріп кеткенімен аяқталады. Сол керуеннің Ташкентке кіргеніне дейінгі екі арада «Жолда» деп аталатын бір тарау да мүлде басы артық тұр. Оңтүстікте құмдақ, ыстық болатыны, қауын, əңгелек бар


 


екені, көліктері көбінесе түйе екендігі айтылмаса да, поэманың жал- пы оқиға желісіне нұқсан келмей, қайта ол етек-жеңін шұбалтпай шағындалып, ширай түсер еді.


Дастанның, əсіресе, «Арнау» атты кіріспе бөлімі өте əсерлі жазылған. Автор мұнда өзінің туған жеріне, «Сынаптай Торғай, Тобыл, Əйет, Үй» өзендеріне деген махабатын барлық ақындық ыстық ықыласымен төккен.


Орынды-ақ! Бірақ осы кіріспеде ақынның лирикалық геройы сағына, сүйсіне еске алған Торғай, Тобылды шығарманың бас кейіп- кері Омарға Троицкіде оқуда жүргенде бір, Орынборда екі, айдаудағы сапарда үшінші рет қайта-қайта сағындыра беруден де поэма ешнəрсе ұтып тұрған жоқ. Сондықтан ақынның лирикалық геройы мен шығарма геройының туған жерге деген сағыныштарындағы қайталауларды да біраз шағындаған жөн.


Бұл сияқты олқылықтар ақынның өз геройының өмір фактілері- нен заман рухын айқындайтын типтік, маңызды мəселелерді іріктеп алмай, хронологиялық ізбен кеткендігінен, ол геройы ауылда тұрып, оқуда жүріп, болмаса Ташкентке түйе үстінде кетіп бара жатыр ма,



  • соның бəрін жіпке тізіп, қалдырмай суреттеуге тырысудан туған ба дсп топшылаймыз. Ал көркем шығармада бұл тəсілдің əрқашан сəтті бола бермейтіндігі белгілі.


Əрине, бұл айтылған кемшіліктер дастанның өлеңдік қасиетіне емес, композициялық, сюжеттік құрылысына тағылатын кінə. Қайталасақ та шынын айту керек. Поэманың тіл көркемдігі жақсы. Тамашасы сол – поэмада шет тілдің сөздігін оқығандай қиналып, тіліңді бұрап, сындырып оқитын ұйқастар мен шумақтар мүлде ұшырамайды. Салған жерден-ақ ақын өз оқушысын еріксіз ертіп, еліктіріп əкетеді. Шығарма тілінің тартымдылығынан болу керек, жоғарыда айтылған композициялық олқылықтар үңіле қарамаған оқушының бір қараған көзіне көріне де бермейді. Қандай шебердің қолынан шықса да, сом суреттердің, полотно-картиналардың əсемдігін белгілі бір қашықтықта тұрып қарағанда ғана тұшынуға болады. Тым жақын қойып қарасаң, май бояудың кедір-бұдыры көбейе береді. Солай болғандықтан, біз соншама ұзақ дастанның өн бойында екі-үш жерде (əдейі санап шықтық) ұшырасатын жаңсақ ұйқасты термей-ақ кітаптың құнын түсіре алмайтын кемшілік қой деп кешірім жасадық.


Асылында, Қасым – тілге шебер, сөз талғамы күшті ақын. Патшалық Россияда жылау мен зарлаудың символы болған Сібірдің табиғатын суреттеген мына бір үзіндіні қарайық:


 


«...Бірақ осы Сібірде жоқ құбыжық, Кездеседі не тамаша, нелер қызық. Шілдеде селеу басы қимылдамай, Тұрады тым аңызақ, күні қызып.


Мұның бар қазы менен үйрегі де, Кездігің бойламайтын бүйрегіне. Келмейді жер бетінің көп өзені Енисей, Ангараның ширегіне...


Өзендер ағып жатқан алмай тыным Ғажап қой адам айтса нанбайтұғын. Қулықтың қымызындай қою ауа Мейірің қанша жұтсаң қанбайтұғын».


Арқаның аязды күнгі ауасын құмарта жұтып көрген адамға соңғы жолдардың əсері қандай десеңізші. Жылдың ең бір қатал мезгілі – қыстың аязды күнгі ауасына нағыз қазақ өмірінен қандай əсем теңеу тапқан ақын. Əдетте ұлттық түр деген ұғымның өзі де осындай тіл- дік ерекшеліктерден, талассыз төл теңеулерден құралады.


Бұл сияқты əсем теңеулер мен сөз кестелері көп-ақ. Тіпті кітаптың кез келген бетін ашып қалып, мысалға келтіруге болады. Ендеше, мұны ақынның күші, құдіреті деп тану қажет.


Дастанның І-кітабы бас кейіпкердің пойызға мініп елге қайту үшін сапарға шығуымен аяқталады. Алайда Омар патша жандар- мериясының тұзағынан, астыртын аңдудан біржола құтылып кете қоймайды. Бұл ахуалды ақын былайша баяндайды:


«Қоштасып Омар кетті Сібірменен, Доңғалақ жөнелді алып дүбірлеген. Қамаудан құтылса да қара басы, Аңдудан арылмады «күбірменен»...


«Бір залым келе жатыр ізін аңдып, Сезеді, ұзақ жолға бірге қаңғып.


Кейінгі пəлесінен қаймығады, Əйтпесе кетер еді-ау аузын қан қып. Омарға босанса да болмады ерік, Табылды айырылмас мықты «серік», Қалыңдап, жүрген сайын өсе берді


«Делосы» келе жатқан соңына еріп...».


Оқырман қауым Омардың қалған өмірімен дастанның екінші кітабында танысады. «Толғанғанда», «Қорғанда», «Сырласқанда»,


«Қостанайда», «Париж» ресторанында», «Таң атқанда» деп атала-


 


тын алты тараудан тұратын кітаптың кіріспе бөлімінде ақын əуелі Досжанов атына қойылған тың игеруші совхоздың бүгінгі көрінісі- мен, тұрмыс-тіршілігінен, ондағы гүлденген жаңа типті ауылмен, жайдары да жарқын жүзді жастармен, олардың шат-шадыман өмірімен таныстырып алады да, Сібірден келген жігіт пен Уфа- дан келген қызға ілестіріп, оқырманды Əлия аталатын апайдың үйіне бастап əкеледі. Ақынның таныстыруы бойынша Əлия – Омар мен Назиқаның абақтыдан, айдаудан қайтқанда іште келген қызы. Омардың ендігі өмірі, революциялық қызметі осы Əлияның жастарға айтқан əңгімесі арқылы лирикалық шегініспен беріледі. Поэмада бұл тəсілдің өзі де ұтымды шыққан. Осы əңгіменің бəрін Əлия бала кезінде əкесінің өз аузынан естіген болып шығады.


Туған ауылына келіп тұруына мүмкіндік ала алмаған Омар əйелі- мен бірге Қорған қаласына келіп орнығады да, Шадрин станциясы- ның арасында жалданып, темір жол бойына кіре тартады. Темір жол бойының жаңалыққа толы қайнаған тірлігін, қаладағы орыс капита- листері мен еңбек адамдарының арасындағы қайшылықтарды, қала төңірегіндегі қазақ байларының, ел жуандарының тұрмысы мен ауыл кедейлері тірлігінің арасындағы алшақтықты байқап, ақыл зердесі- не салып, саралап білуі, орыс-жапон соғысынан қашқан солдаттарға жолығып, оларды үйіне паналатып сырласуы (ол солдаттың біреуі



  • Омардың байырғы досы, кейін болыневиктік ұйымға кіріп, Ом- быда абақтыда жатқан Николай Елисеевтің баласы болып шығады), əсіресе төмір жол жұмысшыларымен етене араласып жақын таны- суы Омардың таптық санасының бірте-бірте ояна бастауына үлкен əсер етеді.


«Кірді де жұмыскердің арасына Тапқандай дəру жүрек жарасына, Шеңбері үмітінің қанат жайып,


Жаңа ұрық себілгендей санасына», – деп суреттейді ақын.


Осы тұста баласының хабарын естіген Досжанның іздеп келуі, отыз жыл бойына сағынысып көріскен əке мен баланың қауышуы, келіні мен немересін алып елге қайтуы, елдегі орыс, ноғай, қазақ кедейлері болып бірігіп, патша əкімшілігіне өтініш арыз түсіруінің арқасында Екатеринбург қаласынан рұхсат алып Омардың да туған жеріне аман-есен оралуы, ағайын арасының қарсы алуы сияқты кейбір этнографиялық жайлар баяндалады. Елге келісімен Омар революциялық қозғалыстың дүмпуімен ояна бастаған ел арасы- на үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Сайым, Бəйеке сияқты ел


 


жуандарының жəне соларға жағынған жалдаптардың тоғытқан арыз- шағым, көрсетінділері бойынша уездік əкімшілік Омарды əлгіндей астыртын əрекеті үшін тағы да қамауға алады. Тек кедей-кепшік, ағайын-туғанның арыз беруі, пара беруінің арқасында ғана Омар он күн отырып, аман-сау құтылып шығады.


«Жұтылып түгіменен түйе кетті, Тұяғын серіппестен бие кетті.


Белгілі «берген перде бұзатыны», Жазықсыз жапқан жала-күйе кетті».


Артынша ауылға патшаның тақтан түскен хабары келіп жетеді де, енді аздан соң Қысқы сарайдың алынғанына ілесе Чекмарев бастаған матростар келіп, Қостанайды соғыссыз, қан төгіссіз алып, қалада жəне сол аймақта революциялық өкімет орнайды. Жаңа тəртіп орнап, Омар жергілікті жерде революциялық трибуналдың төрағасы болып сайланады да, əділдік үшін күреске жан-тəнімен біржола кірісіп кетеді. Осындай жұмыспен Қостанайға келген ол ойда жоқта «Париж» деп аталатын ресторанда əн салып тұрған ескі досы Миофаизды жолықтырып, Əліби Жангелдинмен кездеседі. Олар оны Қостанайдағы белгілі большевик, жауынгер командир Таранға ертіп барады. Таранның тапсырмасымен Троицкіге барып, қолбасшы Блюхерге жолығып, Оралдан көмек келгенше қайткен күнде де Қостанай қаласын атаман Дутов пен алаштың жендеттері- нен қорғау жөнінде нұсқау алып қайтып келе жатқан сапарында иен далада Ақжолов бастаған алаштың алаяқтарына жолығып қалады да, жаулардың қолынан қапыда қаза табады. Кенет кездескен ескі досы, Блюхер армиясының қызыл комиссары Елисеев еріп шыққан еді, жалалы болған сол ғана түн жамылып құтылып шығады. Екі кітаптан тұратын дастан оқиғасы осымен тəмəмдалады.


Қасым Тоғұзақов осылайша тарихта болған, патша үкіметінің


абақтысын, каторгасын көрген, кейін Совет өкіметі үшін жалын- ды күрескер дəрежесіне көтерілген Омар Досжановтың балалық шағынан өмірінің соңғы сағатына дейін, қиян-қилы өмір жолына ілесе отырып, оның поэтикалық сом тұлғасын мүсіндеді.


«Қараса, көз тойғандай сиығына, Мінгендей екі кісі иығына.


Қыр мұрын, жинақы ерін, ірі тісті, Нұр бар ед мұрты менен миығында.


Кең маңдай, дөңгелек жүз, қалың қабақ, Қойғандай кірпіктерін қолмен қадап.


 


Көтеріп салбыраңқы көз терісін, Жанары жарқ ететін қалса қарап...


Бас қосып қалған жерде жалшы, жарлы, Сылтау қып сөз бастайтын жоқты-барды. Үдетіп ақырында əкететін


Тізбектеп атыс, шабыс, соққыларды. Сөйлейтін кейде бəсең, кейде асқақ, Біреуге айтқандай-ақ арнап, қостап, Ояна бастаған жұрт ой-санасын Қоздыра ақырындап ұшқын тастап...».


Дастанның соңын ала берілетін суреттеуден ықшамдалып кел- тіріліп отырған осы төрт шумақтан оқырман қауым бас кейіпкер Омардың сырт тұлғасынан да, іс-əрекет, мінез-құлық характерінен де толық хабардар бола алады.


Алайда, ретті жерінде айта кету қажет, бір кемшіліксіз шығарма- ның болуы да сирек қой. Өлеңдік техникасы, ұтымды ұйқасы, ше- берлігі, тартымдылығы жөнінен таңдай қақтыратын дастанның композициялық құрылымында оқиғаға қатысы шамалы қосалқы бір шағын сюжеттердің, штрихтардың еніп кетуі осы екінші кітапта да елес беріп қалады. Мəселен, бір кездегі гимназист Жаманшалов Смайылдың патша өкіметінен астықтың подретін көтеріп, елу мың сом ақша алуы, артынан азғантай ғана астық салған қамбаны өзі өртеп, алдаумен құтылып кетпек болып, қуғынға түсуі, Петроградқа қашып барып, атақты юрист Плеваконы іздеп-тауып, соның тап- қырлығымен аман қалуы – бас-аяғы тұжырымды өз алдына жеке бір баллада тəрізді, поэманың архитектоникасына қабыспай, жамау сияқты оқшау тұрғандығы байқалады.


Поэманың сəтті шығуына ақынның өмірді жақсы білетіндігімен


қатар, аудармашылық еңбегінің де көп көмегі тигендігін аңғарамыз. Сібір көріністері мен тұтқын өмірін суреттеуде Н. Некрасовтың


«Орыс əйелдері» поэмасының ақынға көп ой салғандығы көрініп тұр. Сондай-ақ «жар басындағы жалғыз моланы жұтып, борышын мұз мұхитқа өтегенше, Енисейге қосылуға асығып келе жатқан Ангараның» суретінде Терек өзенін суреттеген М. Лермонтовтың əсері жоқ деп кім айтады?


«Ғажап қой Ангараның тасығаны! Əреңдеп он бес күнде басылады. Кідірген қойнауларда селдір сеңдер Жеткенше Енисейге асығады.


 


Телегей теңіз болып жердің беті, Өзеннің көрінбейді арғы шеті.


Борышын мұз дарияға өтегеншс, Байқалдың басылмайды құдіреті».


Кісі қызығарлық осындай жақсы шығармадан кісі қызғанарлық мінсіз шығарма жасау үшін, оның композициялық, сюжеттік желісін- дегі жоғарыдағы сияқты олқылықтарды жою қажет.


Кемеліне творчество адамының біреуі ерте, біреуі кеш келеді. Қасым қазір кемеліне келген, қаламы төселген нағыз дер шағында. Ақын өзінің «Достым» атты соңғы өлеңдерінің бірінде:


«Па, шіркін, жастық шағың тұрса қолда, Көз жетсе қазіргідей оң мен солға.


Жасың жас, көргенің көп бола тұрып,


Ештеңе бітірмесең – кінə сонда», – деп жырлайды. Жүрек түкпірінен жарып шыққан осы шумақта өкініш емес, өмірден көпті көріп, көп нəрсе түйген, жігіт ағасы шағына жеткен ақынның ендігі істер еңбегін көреміз. Аздап жазса да, дəмді жазып жүрген, жаны жас, творчестволык жігері жас ақынның ез халқына əлі де талай дəмді шығарма беретіндігіне шүбə жоқ.


1960–1978.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу