02.03.2022
  157


Автор: Баламер Сахариев

ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРШЫСЫ

 


Социалистік мəдениетіміздің күрделі   саласының   бірі   бо- лып отырған қазақ-совет əдсбиеті қазіргідей дүниежүзіне мəлім профессионалдық, сүбелі əдебиет дəрежесіне тек Октябрьдің жеңісімен ғана тарихи қысқа мерзімде жетті. Оның проза, драматур- гия сияқты жанрлары революциядан бұрын жазылған кейбір жеке шығармаларды есептемегенде, шындығында да, Октябрьмен ере келді.


Социалистік жаңа əдебиет жасау ісі қолға алынғанда поэзияның жағдайы басқа жанрлардан гөрі өзгешерек еді. Өйткені ғасырлар бойы халық жасаған сан алуан өлең-жырлар, халық арасынан шыққан дарынды ақындардың туындылары, шаруалар көтерілісін жырлаған патриот ақын Махамбеттің өлеңдері, өткен ғасырдың əдебиетінде шыңға біткен шынардай шоқтығы асып жеке тұрған Абай шығармалары, XX ғасырдың бас кезіндегі поэзияда бұқаралық идея ұсынып, тамаша ойлар айтқан Сұлтанмахмұттың лирикала- ры мен поэмалары, Сəбит Дөнентаевтың өлеңдері т. б. поэзиялық нұсқалар жаңа советтік социалистік поэзия жасаушы ақындарымыз үшін үлкен мұра, зор өнеге-үлгі болды.


Революцияның бірінші жылдарында поэзияның қалам тарта бастаған алғашқы қарлығаштары Б. Ізтөлиннің, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, I. Жансүгіровтың, С. Мұқановтың, Ш. Иманбаеваның, т.б. ақындардың көп жырлағаны қазақ халқына Октябрь рево- люциясы əперген бостандық, Совет өкіметін орнату ұраны, əйел теңдігі мəселесі, Отан табиғаты тақырыптары болды. Бұл түсінікті дс. Өйткені, ұлы дүрбелең оқиғаның, революция тудырған үлкен өзгерістің тұсында оның маңызын біреу ұғынып, біреу түсінбей жатқан жағдайда поэзия сияқты ұшқыр да ұтымды жанр өзінің басқа жанрлардан артықшылығын пайдаланып, дер кезінде үн қосуы əбден заңды.


Өзінің творчестволық қадамын революцияның алдында, таптық езушілікке қарсы наразылық білдіруден бастаған Сейфуллин Сəкен 1917 жылдан бастап ақындық өнерімен де, іс-əрскеті, қызметімен де түгелдей революция жағында болды.


Социализм идеясын берік тұтынып, сол жолда аянбай еңбек еткен больщевик, рсволюционср ақын талай «тар жол, тайғақ ке- шуді», қыруар қауіп-қатерді басынан өткізді. Ғасырлар бойы қазақ кедейлерінің мойнына мініп, қанап келген байларға қарсы бар да-


 


уыспен үн көтерді. Ол өзінің «Кел, жігіттер», ««Жұмыскерге»,


«Жас қазақ марсельезі», «Қамаудан», «Жолдастар» сияқты көптеген өлеңдерінде бұқара халықты жаңа өмір үшін аянбай күресуге шақырды.


Барлық саналы өмірін Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісі үшін, совсттік социалистік құрыльм тың нығаюы үшін күреске жұмсаған патриот ақын өз творчсствосын түгелдей осы мақсатқа бағыштады.


Азамат соғысын жсңіспен аяқтап, халық шаруашылығын қалпы- на келтіруге, социализм орнатуға қызу кіріскен Совет мемлекетінің даму қарқынын Сəкен 1926 жылы жазған «Экспресс» поэмасында жүйткіген жүйрік экспресс пойызға теңеп суреттеді.


Жаңа өмірді суреттеу үшін ол өлеңнің түрі, ұйқасы, көркемдігі жағынан да көп ізденді, қазақ өлеңдерінің формасына, ұйқасына көп жаңалықтар енгізуге талпынды.


Сейфуллин Сəкенмен қарайлас шығып, қазақ-совет поэзиясының негізін қалаушылардың бірі болған дарынды ақын Жансүгіров Ілияс та еңбекші халықтың мүддесі үшін қызмет етті. Ол «Еңбскшілерге»,


«Егінші», «Кедей тойы» сияқты өлеңдерінде ауыл кедейлерін Совет өкіметін нығайту үшін ұлы аттанысқа ат салысуға шақырса, «Жалпы жасқа», «Жастар», «Саналы жасқа» т. б. бірсыпыра өлеңдерінде жаңа заманның рухына ілесіп, ниеттестік, тілектестік білдірген жастарды өнер-білімге, мəдениетке нұсқады.


1924 жылы В. И. Лепиннің қайтыс болуына байланысты халықтың ұлы көсемге, партияға, Совет өкіметіне деген сүйіспеншілігін білдіретін көптеген өлеңдер жазылды. Сондай өлеңдер жазған ақынның бірі – Ілияс еді. Бүкіл халқымыз көсем қазасын аза тұтқан шақта партия қатарына кірген Ілияс «Ленин тірі» деген өлеңінде Ленин жолының мəңгі жасайтындығын, оның өсиеті мүлтіксіз жүзеге асатындығын нық сеніммен жырлады.


Бұдан кейінгі жылдарда Ілиястың көп көңіл бөлгені жаңа заман- да жасарып, жақсара түскен Қазақстанның көрікті суреттері мен əралуан табыстары болды. Ақын саяси лирикаларымен бірге «Күй»,


«Күйші», «Құлагер» сияқты көркем поэмаларын қалдырды.


Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде республикада газет- журналдар көбейе бастады. Социалистік өмірдің жаңа нышандары поэзиямыздың негізгі тақырыбы болды. Байзақов Иса, Сыздықов Жақан сияқты ақындар жаңа өмірді жырға қосты.


 


Азамат соғысы жеңіспен аяқталып, бүкіл еліміз шаруашылықты қалпына келтіруге жұмылған кезде де ақындарымыз партияның жа- уынгер насихатшысы болды. 20-шы жылдардың екінші жартысында поэзияда Ə. Тəжібаев, Т. Жароков, Ғ. Орманов, А. Тоқмағамбетов, Қ. Жұмалиев, Қ. Əбдіқадыров сияқты бір топ ақын бой көрсетті. Олардың əрқайсысы да жас дауыстарымен Жаңа заманның тынысын жырға қосты. Ұсақ лирикалық өлеңдерді тізбегенде осы бір тұста жазылған поэтикалық көлемді шығармалардың ішінде Мұқанов Сəбиттің «Балбөпе», «Пионер», И. Байзақовтың «Құралай сұлу», Жұмалиев Қажымның «Қанды асу» поэмалары күрделі туындылар болды. Халыққа кең тарап кеткен көптеген саяси мəні күшті өлеңдер туды. Орманов Ғалидың лирикалық өлеңдері жұртшылыққа кеңінен тарады.


Бұл   кезде   қазақ-совет   поэзиясынын   тұрақты   кадрларының


саны едəуір ұлғайып, жас əдебиет əртүрлі жат бағыттардан өз ір- гесін аулақ салып, ара-жігін біржола ашып, пролетарлық бағытын айқындап алған еді. Бұл жөніндс БК(б)П Орталык Комитетінің 1925 жылғы «Партияның көркем əдебиет саласындағы саясаты туралы» қабылдаған арнаулы қаулысы ерекше роль атқарғандығын атап көрсеткен мақұл.


С. Мұқановтың «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері» поэмала- рында Қазақстанда Совет екіметін орнату үшін күресіп, азаттық алған кедейлердің өмірлері мен іс-əрекеттері бейнеленеді. Ақын Қозыбақ, Теміртайлардың таптық күресін көрсетуі арқылы қазақта тап тартысы болған жоқ дейтін ұлтшылдық зиянды пікірге соққы береді. Ол езінің 1920 жылдардың аяқ кезінде жазған «Сұлушаш» атты романында революцияға дейінгі тап теңсіздігінің небір сойқан көріністері болғандығын ашып көрсетті. «Сұлушаш» тек идеялық мазмұны жағынан ғана емес, сонымен бірге көркемдігі жағынан да озық шығарма болды. Бұл роман поэзиямыздың алғашқы кезеңінің ғана табысы болып қойған жоқ, ол сонымен бірге жалпы сюжетті поэмалардың ішінде Сəкеннің, Ілиястың жоғарыда аталып өткен шығармалары сияқты күні бүгінге дейін өз бағасын жоймаған күрделі де кесек туындылардың бірі ретінде танылып келеді.


Қазақ-совет əдебиеті дамуының екінші кезеңі 30 жылдардан


басталады, 30 жылдардың ішінде бүкіл елімізде, соның ішінде рес- публикамызда индустрияландыру ісі зор қарқынмен өрістетілді. Ел өміріндегі осындай өзгерістердің айғағы ретінде поэзиямызда толып жатқан шағын өлеңдер мен көлемді шығармалар жасалды.


 


Социализмнің жеңісі, Коммунистік партияның басшылық ролі, бесжылдықтың табысы, ауыл шаруашылығын коллективтендіру, Қазақстанға алғаш рет пойызды алып келген Түрксіб темір жолы, Қарағандының көмірі, Балқаштың мысы, Алтайдың түсті металда- ры, совет адамдарының праволарын қамтамасыз етіп берген Советтік Конституция, халықтар достығы меи интернационализм идеялары, Отан күзеті – міне, 30 жылдардағы поэзияның негізгі тақырыптары осылар еді.


1934 жылы Қазақстан жазушыларының I съезі өткеннен кейін халық творчествосына ерекше назар аударылғандығын атап өту қажет. Осы тұста Жамбыл бастаған халық ақындары Н. Байғанин, Ш. Қошқарбаев, Қ. Əзірбаев, О. Шинин т. б. Отан туралы, совет- тік патриотизм туралы, ел өміріндегі елеулі оқиғалар туралы толып жатқан тамаша жырлар туғызып, поэзиямызға едəуір үлес қосты.


Өндіріс тақырыбына арналған Қ. Əбдіқадыровтың «Бұрғысы» мен «Екпін», С. Мұқановтың «Балқашы» мен «Жүйткі, қара ай- ғырым», А. Тоқмағамбстовтың «Турксиб түйіскенде», Ə. Тəжібаев- тың «Айнабұлақ», Ғ. Ормановтың «Шеңбер», Т. Жароковтың «Бес- жылдықтың балғасы» атты өлеңдері сол тұстағы поэзияның жақсы үлгілері болып саналады.


Бесжылдықтар тұсында халық шаруашылығының даму қарқыны талай ерлік істерді жасаушы жаңа адамды, еңбек ерлерін туғызды. Ақындарымыз осындай батыр ұл-қыздарымыздың ерлік істерін ізін суытпай халыққа танытып, соны, тың өлеңдер, көлемді-көлемді поэмалар жасады. Мəселен, «Күн тіл қатты», «Ақ аю», «Алынған қамал», «Құтқару», «Мұз тұтқыны» сияқты көлемді шығармалар поэзиямыздың едəуір есейіп, жетіліп қалғандығын, актуальді тақырыптарды меңгере бастағандығын аңғартады.


Отызыншы жылдардың орта шенінде қазақ-совет поэзиясына тың күш – Қ. Бекхожин, Ə. Сəрсенбаев, Д. Əбілев, Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Қ. Сатыбалдин сияқты ақындар қосылды. Бұл ақындардың бəрі де поэзияда өз қолтаңбалары бар, жұртшылыққа танылған, əдебиетіміздің тұрақты кадрларына айналды.


Қазақ-совет поэзиясы көркейе түскен сайын оның тақырыптық шеңбері де, мəдениеті де арта берді.


Ақындарымыз интсрнационалдық сарынды жырлап, империа- лизмнің басқыншылық шабуылына ұшыраған елдердің еңбекші- леріне тілектестік сезім білдіріп, шапқыншы жауларға лағнет ай- татын көптеген өлеңдер жəне Отан күзетіне арналған бірсыпыра


 


поэмалар жазды. Мəселен, Жамбылдың «Испандық бауырларға», Т. Жароковтың «Жалында, жарқын Долорес», А. Тоқмағамбетовтың


«Испания», Ə. Тəжібаевтың «Аида», Д. Əбілевтің «Испан қызы» т. б. өлеңдері мен Ə. Сəрсснбасвтың «Отан күзетінде», Ж. Саинның


«Досыма хат», А. Тоқмағамбетовтың «Күзетте» поэмалары осындай ниеттен туған болатын.


Бұл шығармалар, шындығында, əдебиетіміздің дамуының үшін- ші кезеңінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында жырланған тақы- рыптардың алғашқы бір елесі, əзірлігі тəрізді əсер береді.


Советтік өмірдің шындығын негізгі тақырып еткен ақындарымыз өткен күннің оқиғасын да ұмыт қалдырған жоқ. И. Байзақовтың «Ал- тай аясында», «Ақбөпе», Ж. Саинның «Күлəнда», Ə. Тəжібаевтың


«Абыл», Д. Əбілевтің «Шалқыма» поэмаларында өтксн дəуірдсгі қазақ өмірінің шындығы жырланды.


Соғыстың алдындағы поэзияның жалпы бір ерекшелігі сол – онда социализм слі адамдарының алып адыммен алға басып бара жатқан екпіні, күшті серпіні анық байқалады. Жаңарған өлке, жаңа адамдар, таңғажайып ерлік, советтік патриотизм, шат көңілдің лебізі



  • мұның мысалы сол кездегі қазақ-совет поэзиясыиан мол табыла- ды. Ə. Тəжібаев «Оркестр» поэмасында көркейген қазақ музыкасын əңгімелей отырып, советтік дəуірдің артықшылығын тамаша көрсете білді. А. Тоқмағамбетов солтүстік мұзды мұхит арқылы Америкаға ұшқан совет ұшқыштарының ерлігін жырлады. Ақын Т. Жароков


«Тасқын» поэмасында социалистік өмірдің шынайы суреттерін жа- сады.


Поэзияның соңғы 15–16 жылдағы дамуын сөз еткенде сол дəуірдегі халқымыздың қоғамдық өмірінс көз салу қажет. Бұл жыл- дарда совет халқы неміс фашистеріне қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, халық шаруашылығын қалпына келтіруді тыңғылықты түрде жүзеге асырды. Поэзия халқымыздың басынан кешкен осындай елеулі зор оқиғаларды көбірек қамтыды. Əсіресе совет халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы патриоттық іс- тері, совет адамдарының майданда, тылдағы еңбекте көрсеткен ер- ліктері, соғыстан кейінгі бейбіт еңбек жоне дүниежүзінде баянды бейбітшілік үшін күрес т. б. көбірек жырланды.


Сөз болып отырған кезеңде қазақ-совет поэзиясы тақырып жағынан да, мазмұн мен түр жағынан да едəуір табыстарға жет- ті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай поэзиямыздың алды- на халықты патриоттық, Отанға, халыққа шын берілгендік рухта


 


тəрбиелеу, совет адамдарының майдан мен тылдағы ерлік істерін жырлау, фашист басқыншыларына қарсы өшпенділік сезімді күшейту міндетін қойды. Отан соғысы жылдарындағы поэзия бұл зор міндетті ойдағыдай орындап шықты. Соғыс жылдарында жа- зылған Жамбылдың көптеген өлеңдерін, Ə. Сəрсенбаевтың «Ақша бұлт», Д. Əбілевтің «Тұлға», Ж. Саинның «Айғақ», Қ. Аманжоловтың


«Дауыл» атты жинағын сол жылдардағы поэзиямыздың елеулі табы- сы деп білеміз.


Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ ақындарының творчес- твосында советтік патриотизм идеясы бұрынғыдан да күшейе түсті. Ақындар өз шығармаларында басқыншы жаудың зұлымдық, озбырлық, айуандық əрекеттерін əшкерелеп, біздің əділ ісіміздің жеңетіндігін өзекті арқау етіп алды. Олар өздерінің патриоттық сезімін тек творчестволарында ғана емес, сонымен бірге қолға қару алып, қан майданда жаумен жағаласа жүріп те көрсетті. Қазақ ақындарының талай тамаша өлеңдері халқымызды басқыншы жауға қарсы күреске құлшындырды. Жамбылдың «Ленинградтық ерендерім», «Москваға», С. Мұқановтың «Фашизмнің ажалы», Ж. Саинның «Партизан жырлары» т. б. дəл осындай өлеңдер болды.


Соғыс жылдарында ұтымды жырланған тақырыптардың бірі



  • халықтар достығы. Москваны қорғау үшін болған сұрапыл шайқастың кезінде біздің ақындарымыз Москваны қорғау – бүкіл Отанды қорғау екенін поэтикалық тілмен түсіндірді. Москваны қорғауға қатысқан қазақ жауынгерлеріне бүкіл қазақ халқының аты- нан айтылған пəрменді бұйрығын поэзиялық жалынды сөздермен жеткізді.


Москва түбінде басқыншылар талқандалған кезде ақындарымыз жауды талқандаған совет жауынгерлерінің ерліктерін жырға қосты. Олар осы бір ұлы айқаста қазақ жауынгерлерінің де болғандығын, Ұлы Отанымыздың астанасы Москваны қорғауға қатысқандығын зор мақтаныш сезімімен жырлады. Поэзиямыз бұл жылдарда халықтар достығының туын өте-мөте жоғары ұстады.


«Қазақтар орыс жерінде, Тайсалмай шауып өлімге Гвардеец атанып,


Үлгі боп байтақ еліне,


Ерліктің тікті туларын»,– деп жырлады қарт Жамбыл.


Ұрыс даласында болып, Европаның фашизм құлдығында отырған халықтарын езгіден азат етіп, елге жеңіспен оралған ақындарымыз


 


Аманжолов Қасым, Сəрсенбаев Əбу, Əбілев Дихан, т. б. совет елінің ұлылығын, оның жарқын болашағын, Ұлы Отанның көз тартар көркін мақтаныш өте отырып, капиталистік дүниенің жеркеніштілі- гін көзбен көріп қайтқан куəсі ретінде жырлады.


Жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында поэзиямыздың үгіттік, публицистикалық қуаты басым болды. Мəселен, Т. Жароков- тың «Киемін сүр шинельді», Ж. Саинның «Аттанарда», Д. Əбілевтің


«Мені де жібер майданға» т.б. өлеңдері өз кезінде үгіттік мəні зор шығармалар еді.


Майданда болып, шетел тұрмысын көзбен көріп қайтқан ақын- дарымыз Совет Армиясының халықтарға азаттық əперу миссия- сын жырлау арқылы совет жауынгерлерінің тамаша адамгсршілік, гуманистік, моральдық қасиеттерін сипаттайды. Олар Европаның қарапайым бұқара халқына зор сүйіспеншілік, аяушылық сезім біл- діреді, олардың ұлттық дəстүрін құрметтейді. Мəселен, Əбудің «Ма- дияр қызына», «Қоштасу» т. б. бірсыпыра өлеңдері ақынның осын- дай жоғары сезімдерінен туған өлеңдер:


«Күн астынан ала келдім


Азаттықты мен бұл елге»,– дейді ақын.


Ақынның лирикалық геройы бүкіл совет адамдарының, совет халқының өкілі ретінде көрініп отырғандығын тану қиын емес.


Поэзияда тылдағы еңбек адамдарының істері де кеңінен жыр- ланды. Ақындарымыз тылдағы еңбек өмірі жалпы Отан қорғау ісінің бөлінбес бір бөлігі екендігін дұрыс түсінді. Бұл өлеңдердің де көбінесе үгіттік жағы басым болды. С. Мұқановтың «Балқаш түні», А. Тоқмағамбетовтың «Мұнай бер» т. б. өлеңдері еңбек адамдарын Отан қорғау ісіне қарқынды еңбекпен үлес қосуға шақырды.


Поэзияда Отан соғысы тақырыбына арналған кесек, көлемді шығармалар да жазылды. Бұл ретте Сатыбалдин Қапанның «Əлия», Мəриямнің «Мəншүк», Жақанның «Қос қыран», Қалижанның


«Жиырма сегіз», Диханның «Майданбек», Қасымның «Абдолла» поэмаларын атауға болады.


Алайда, бұлардың кейбіреулерінде таңдап алынған тақырып толыққанды поэтикалық шешімін таппады. Ақындарымыз көп жағдайда оқиғаларды құр тізбектей берді. Бұл жағынан алғанда поэмалардың кейбіреулері сол кездегі ұсақ лирикалық өлеңдерден гөрі əлдеқайда солғын, олқы болып шықты. Ұлы Отан соғысын шежіреге түсірген қазақ поэзиясының ішінде Қ. Аманжоловтың


«Абдолла» поэмасы айрықша тұрады. Қазақ əдебиет сынының


 


атап көрсеткеніндей бұл поэма» ақынның ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының ірі табысы болды.


Соғыстан кейінгі жылдардағы поэзиямыздағы ерекше сөз ететін мəселенің бірі – поэмалар. Бұл жөнінен ақын Ə. Тəжібаевтың «Пор- треттері», X. Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», Ж. Молдағалиевтің «Нұрлы жол», «Қиял қанаты», «Жесір тағдыры»,


«Мен – қазақпын», Ғ. Қайырбековтың «Дала қоңырауы», М. Əлім- баевтың «Менің Қазақстаным», Қ. Бекхожиннің «Мариям Жагор қызы», «Ақан Ақтаев», «Ақсақ құлан», Т. Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш» поэмаларын, Диханның


«Алтай жүрегі» атты өлеңмен жазылған романын атауға болады. Бұл поэмалар тек көтерген тақырыптары жағынан емес, поэтикалық құндылығы жағынан да қазақ-совет поэзиясының анағұрлым есей- гендігін танытқан шығармалар болды. Бұл поэмалар кезінде оқушы жұртшылықтан лайықты бағасын алған болатын.


Соғыстан кейінгі жылдардағы лирикалық ұсақ өлеңдерді, ондағы табыстарымызды сөз еткенде поэзияда жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар талантты ақындарымызды атап өту қажет. Бұл ретте алдымен С. Мəуленовтың, сол сияқты Ж. Молдағалиевтің, М.   Əлімбаевтың,   Қ.   Жармағамбетовтың,   Қ.   Шаңғытбаевтың, Ғ. Қайырбековтың, I. Мəмбетовтың, Т. Молдағалиевтың, С. Жиен- баевтың, т. б. өлеңдерін атаймыз. Соғыстан кейінгі жылдардағы лирикалық өлеңдердегі табыстарымыз осы ақындардың творчес- твосына көп байланысты. Олардың өлеңдерінің көпшілігі жалпы жырлау, дерексіздік, формализм машықтарынан аулақ. Нақтылыққа, түр, мазмұн, мағына жағынан тың, соны жаңалықтар іздеуге бой ұру байқалады. Бұл ақындарымыздың   творчествосындағы   ең бір ұтымды нəрсе – қысқа өлеңдерді белгілі бір сюжетке құруға ұмтылушылықтары болып отыр. Ал сюжетті лирика, тұтастай алғанда, соңғы кездегі поэзиямыздан көбірек табылады.


Соғыстан кейінгі бейбітшілікпен даму дəуірі совет əдебиетінің алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл зор міндеттер- ді партиямыздың Орталық Комитеті өзінің идеология мəселелері жөнінде қабылдаған тарихи қаулыларында атап көрсетті. Партиямыздың бұл қаулылары əдебиетте болып келген идеялық қателіктер мен кемшіліктерді жоюдың нақты шараларын белгілеп берді. Партиямыздың нұсқауларына жауап бере отырып, қазақ-со- вет поэзиясы еңбек ерлерінің образын жасауды ең негізгі міндет


 


етіп қолға алды. Бұл жөнінде толып жатқан тамаша лирикалық өлеңдер жазылды.


Қазақ-совет поэзиясы бейбітшілік үшін күрес ұранына да үзбей үн қосып келеді.


Əрине, қазір поэзиямыздың əріден келе жатқан ұзақ тарихы, қалыптасқан бай тəжірибесі мен дəстүрі бар, өздерінің творчестволық өмірлерін халық өмірімен əрдайым бірлестікте, байланыста ұстаған буын-буын талант иелері мол. Атап айтқанда, уақытқа, мезгілге қарай əдебиетімізге əр тұста келіп қосылған буындар бар. Мəселен, поэзияның кейінгі жеткіншектеріне өз творчестволарымен зор əсер етіп, ықпалын тигізген аға ақындар мен оларға ілесе шыққан бір буын- ды былай қойғанда, күні кеше ғана «ақын» деген атаққа «жас» деген эпитетті тіркеп жүрген Аманжол, Ғафу, Ізтай, Еркеш, Əнуар, Сағи, Тұманбай, Зейнолла, Тоқаш, Шəміл т. б. бір топ бүгінде жайдарман жарқын жырларымен əдебиет қауымына ғана емес, қалың халайық қауымға жақсы таныс болып отыр. Бүгінде бұл ақындарымыздың жастары ғана есейіп қоймай, жырлары да марқайды.


Тіпті, поэзияның босағасын кеше ғана аттаған Қадыр Мырзалиев,


Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нəжімеденов өлеңдері де қазір арнайы сөз ету дəрежесіне көтерілген өзіндік өзгешелігі бар əсем поэзия. Ба- лауса, балғын бола тұра, бұғанасы бекіп, буыны қатайған, кəмелетке толып, емтиханнан өткен ересек жыр, есейген жыр. Мұндай жыр əдеттегі жастыққа жасайтын скидкадан құтылған, қандай сынды да, талапты да көтере алатын жыр. Мұндай жырды поэзия болашағының кепілі деп батыл айтуға болады.


Ал күнделікті газет-журнал беттерінде көрініп жүрген немесс бір- лі-жарым жинақтарын жариялап қана үлгірген жас талапкерлердің тізімі тіпті ұзақ болар еді. Əрине, алғашқыда опыр-топыр дүрмекпен аттанғандардың бəрі бірдей көмбеге бірінші боп келмейді. Жүгіргеннің бəрі жүлде бермес жүйрік, «əу» дегеннің əрқайсысы əйгілі ақын боп кете бермейтіндігі бағы заманнан мəлім. Бірақ, солардың ішінде де күні ертең-ақ поэзияның тұрақты кадрларының сапына келіп қосылатын жақсы жауынгерлердің жүрмегенін кім біледі? Сөз жоқ, солардан да күні ертең талай жүйріктер озып шығады. Өйткені, өнер жарысының табиғатының өзі солай. Тегінде


«күш атасын танымас» деген халық нақылы осы өнер үшін арнап айтылған тəрізді. «Алдыңғы доңғалақ қайдан өтсе, соңғысы содан өтеді» дейді халық. Демек, бұл жас есімдер де ертеңіміздің үміттері, ағаны көріп іні өскен дегендей іскер буынымыз болып табылады.


 


Əдетте, ақын ең алдымен өзі өмір сүрген заманның азаматы, өз қоғамының ұлы, өз дəуірінің үні. Өз заманы үшін ештеңе ен- дірмеген ақынның болашаққа берерін сұрамаса да болады. Демек, ақын өз заманының, өзі суреттеп отырған өмірдің төрешісі. Бұған біздің қазақ-совет поэзиясы тəжірибесінің өзі-ақ айғақ бола ала- ды. Оның əр буындарының өкілдері де өздерінің барлық күш-жі- герін қалам қайраткерлерінің алдына Қоммунистік партиямыз қойып отырған ұлы мақсатқа – коммунистік қоғам құрып жатқан өз замандастарымыздың тұлғасын жасап, бүгінгі өскелең де өршіл өмірімізді жырлауға жұмсап отыр. Сондықтан да біз поэзиямызды жаңа өмірдің, жарқын өмірдің жаршысы дейміз.


Бүгінгі таңдағы үлкен қуанышымыздың бірі – поэзияда, жалпы əдебиетте стандарттан, схематизмнен, ақындарымыздың ойына бел- гілі дəрежеде тұсау болған кедергі кеселдерден бірте-бірте арылып, өлеңде философиялық ойлар толғауға ұмтылу, шынайы сезім, шын пікір айтуға құлшыну талабы.


Поэзиямыздың бүгінгі таңдағы дамуына көз жібергенде жал- пы көңіл тоқтатып, шүкірлік айтар тағы бір жағдай – поэзия мəдениетінің анағұрлым өскендігі болып отыр. Ақындарымыздың қайсысының өлеңдерінде болса да, қазір жалаң сөзділік пен схема- тизмнен аулақтап, тақырыптың көркемдік шешімін дұрыс табуға, өмірді нақтылы жырлауға ұмтылушылық айқын аңғарылады.


Міндет осы бір жақсылық нышанын барынша күшейтіп, əде- биеттің поэзия жанрында қызмет ететін барлық күшті қоса отырып, олардың бүкіл жігерін өскелең поэзия жасау ісіне жұмылдыруда, поэзиямызды бұдан былай да барынша дамыта беруде болуға тиіс.


1957–1964.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу