02.03.2022
  132


Автор: Баламер Сахариев

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

 


Əдебиетіміздің прозалық ұсақ жанрлар саласында қызмет етуге өзін бағыттап жүрген жас автор Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» атты повесі оның тек əдебиеттік талантын ғана жарыққа шығарып қойған жоқ, сондай-ақ, педагогикалық тəлім-тəрбие мəселелеріне қанық, қаламы төселген жазушы екенін де аңғартты.


Уақиғаның көлемі, жеке эпизодтардың фабулалық оралымдары- ның тез де шапшаң ұтқырлығы немесе кейбір уақиғаларды, əсіресе істің логикасы осындай қорытындыға əкеледі деген жайларды ба- яндап жатпай, очерктік аттап кетулер арқылы оқушыға емеуірін- мен таныту сияқты əдістер автордың бұл шығармасын повесть деп атауға мүмкіндік береді. Повестің композициялық желісі, сюжетінің жасалуы жас жазушыдан көп нəрселер күттіреді. Оның осы шығармасының өзінде, ауылға институтты жаңа ғана бітіріп келген жас мұғалім Жақыпбектің сабақ басталмас бұрын, болашақта басы- на туатын қиындықтардың объектісі Сапар сияқты тентек оқушыны көруі, оның атын класс партасына жазылған жазу арқылы білуі, əкесінің бала тəрбиесіне қай дəрежеде көңіл бөлетіндігін байқауы сияқты əрекеттердің бəрі қисынды түрде тізбектеліп отыруы – ше- бер құрылған композицияның дəлелі. Интригалардың өз заңымен туып, заңды түрде есіп, дами отыратын тартыс желісінің үзілмей жалғасып келуі – жазушының алғашқы қадамындағы жақсы баста- масы деп қараймыз.


Автор қаһарманының жеке басының қайшылықтарын оның қоғамдық принциптерде туған күресінен бөліп алмай, жеке мүддені қоғам мүддесіне бағындыру деген ұтымды идея ұсынады. Бұл жай- лар əдебиетімізде еңбек етіп жүргсн бірсыпыра жазушыларымызда кездеспейді. Сондықтан да бұл əдісті жазушының үлкен талабының көрінісі, асырыңқырап айтсақ, өзіне тəн ерекшелігі деп қарауға болады. Жақыпбек пен Əсима, Бану арасында болатын жайлар, қоғамдық мəселе жайлы болатын жалпы тартыстан туып, дамиды. Мектеп директорының қызы Əсимаға пікір білдіре жүріп, қоғам мəселелеріне келгенде, директордың теріс істеріне Жақыпбектің ба- тыл сынмен қарсы шығуын автор социалистік сананың бір көрінісі етіп ұсынады.


Міне, бұлардың бəрі де автордың əдебиеттік таланты жөнінде сөз болатын жайлар.


Бірақ, шығарманың құны тек мұнымен ғана белгіленбейді. Ондағы əңгіме етілетін мектеп туралы, тəлім-тəрбие, педагогика мəселелері


 


шығарманың мазмұнын айқындай түседі. Бұл төңіректе де автордың елеулі жетістіктері бар екенін байқау қиын емес.


Алғашқы бетте шығарманың қаһарманы Жақыпбек бастауыш мектептен орталау мектепке таяуда ауыстырылған, шаруашылық жағынан да, басқару ісінен де, білім беру, тəлім-тəрбие жағынан да кемшіліктері көп, ақсап жатқан мектепке қызметке келеді. Жас мұғалім өзінің арнаулы оқу орнында алған теориялық білімін прак- тикада осындай ортада жүріп қолдануға тиіс болады.


Мектептің қандай жағдайда екендігін: топыраққа аунап алысып жатқан балалардан, ремонты бітіп, жұмысқа əзір деп есептелген мектеп үйінің қаһарманымызға туғызған көңілсіз əсерінен, еңсесі түсіп тұрған директордың кабинетінен, танымайтын кісімен алғаш кездескеннің өзінде-ақ «сен» деп сөйлесетін директордың мəдени дəрежесінен, ең аяғында, мектептің ауыл ортасындағы беделінен, колхоз мекемесінің мектепке деген көзқарасынан аңғаруға болады.


Бұл жайлардың бəрін автор өзі баяндамай, іс арқылы, уақиғаның өзін көрсетумен шебер берген. Бірақ мұндай кейіндеп қалушылықты көрсетуге М. Иманжанов Помяловскийдің «Бурса очерктері», Смирнованың «Село мұғалимасы» т. б. шығармаларда ұшырасатын мектеп жайымен қатар қоюдан аулақ. Ол шығармаларда пат- ша өкіметінің реакцияшыл ағарту саясатының салдарынан, я экономикалық жағдайдың қысымы салдарынан күйреп жатқан буржуазиялық мектептер көрсетілсе, Мұқан шығармасында социа- листік қоғамның даму барысында сын арқылы, адал істеген еңбек арқылы, даусыз, қатарға қосылатын совет мектебі көрсетіледі. Яғни мектептің кемшілігі Мұқан шығармасында диалектикалық дамудың бір көрінісі ретінде ғана алынады.


Мектептің осындай мүшкіл халі болашағына сенімі мол ершіл, жас маман Жақыпбектің жігерін жасыта алмайды, қайта оның жі- герін ұштай түседі. Бірінші күннен бастап-ақ, Жақыпбек мектепті көңілсіз жайлардан арылтудың қамына кіріседі.


Ол мектепті колхозды ауылдың мəдени рух себуші мекемесі дəрежесіне көтеру үшін талмай қызмет істеп, болашақтың иелерін, ертеңгіні жасаушы жас буынды тəрбиелеп, білім беру мəселесінің жа- уапкершілігін өз мойнына алады. Олардан батыр халқымыздың ізгі қасиеттерінің бейнесі көрінетіндей, коммунизм рухына суарылған нағыз азамат өсіру жұмысының негізі мектеп үлесіне, дəлірек айтқанда мұғалімнің мойнына жүктеледі деген ой аңғартады. Осы мақсатын іске асыруда ол өткен педагогтердің тəрбиелік қағидалары


 


мен дайын əдістерін ғана қолдануды жеткіліксіз деп қарайды да, өзі де творчестволық іздену үстінде болады. Социалистік қоғамда жаңа адам тəрбиелеудің əдістері де жаңа болу керек деген үлкен идея ұсынады. Сондықтан да ол іске: «Мен өткен заманның ұлы педагогтерін қадірлейтін, олардан қажетті жерінде оқып үйренетін адамның бірімін. Бірақ маған керектің бəрін олар бере алмайды. Мен жаңа дүниенің жаңа адамын, совет адамын тəрбиелеушімін» деген ізгі мақсатпен кіріседі. Бұл жолда қолданған оның саналуан əдістері сəтсіздікке де ұшырайды, бірақ бұл кемшіліктерін оған өмір кейінде мойындатады.


Ол бірінші сабақта оқушылардың бəрімен шешіле сырласып, тығыз байланысты болғысы келеді, бірақ ол сенімі орындалмайды. Ешбір оқушы оған шешіліп сыр ашпайды. Жақыпбек «мұғалімнің ең күшті сыншысы өзінің оқушылары» екенін түсінбейді.


Жас буындармен сырлас болу үшін алдымен оқушының өзіне де- ген сенімін арттырудың кажеттігін, сонда ғана бала саған бар ішкі дүниесін ақтарып, шын сырын танытатындығын автор да, оның қаһарманы Жақыпбек те кейін түсінгендей болады.


Оқушыға таза бол деп айтып түсіндіруден, тазалықты көзіне көрсету, сол арқылы баланың сезіміне əсер етіп, қиял дүниесінің кеңеюіне жəрдемдесу молырақ пайда береді. Оқушы өзіне ең жақын ортаға, яғни мұғаліміне көбірек еліктеп өседі. Сондықтан да оқушылар ортасында ең бірінші үлгі мұғалімнің, я тəрбиешінің өз басынан табылуы керек. Осы жайды ескерген автордың та- рих пəнінің мұғалімі Жауынбаевты кір киімдерімен сабақ беруге рұқсат етпей, мектептегі тазалық мəселесі үшін күресудің қажеттігі сияқты педагогиканың күнделікті мəселесін ұсынуы орынды. Бірақ жас мұғалім Жақыпбектің өте қызуқанды болып, тəрбиешіге кере- кті тамаша қасиеттің бірі сабырлылық сияқты мінезден аулақтап, ұшқалақ адамға тəн мінез көрсетуі қолайсыздау екенін ескеру қажет. Шығарманың қаһарманы Жақыпбек болмашы нəрсеге жүз шайы- сып, айғай көтеріп, шап ете қалады. Шығарманың өнбойына ол төрт- бес жерде ұрсысып қалады. Қаһарманының осындай шапшаң мінез- ділігінен тарих пəнінің бір сабағы өтілмей қалады. Бұл бос өткен оқу сағатына сол пəннің оқытушысы Жауынбаев жауап беруге тиіс еді, бірақ одан мұны талап еткен оқу ісінің басқарушысы болмайды. Сөйтіп, бұл жағдай ашылмай, көмескі күйде қалады.


Жақыпбектің жоғарғы мінезі оның өзім білемдігін, дарашыл- дығының элементін аңғартады. Мысалы, повесте мынадай бір диа- лог бар:


 



  • Кластарымыз сізге ұнамады ғой деймін, шамамда, – деді Бану ерні ерніне жұқпай күле сөйлеп.

  • Оны қайдан білдіңіз? – деді Жақыпбек те күлімсіреп.

  • Бет пішініңіз, əсіресе көзіңіз айтып тұр.

  • Олай болса, көзімнің сыр жасыра білмегені ғой, – деп Жақыпбек күліп жіберді.

  • Көздің қасиеті де, асылдығы да сол сыр жасыра білмейтіндігін- де ғой.


«Қарай гөр өзін», – деді Жақыпбек ішінен.


Осы үзіндіге қарағанда, автордың көзқарасынша, жоғарғы сөздерді Жақыпбектен басқа кісі, əсіресе, жоғары оқу орнында оқи алмаған, орта білімді ауыл қызы Бану сияқты адамның айтуы мүмкін емес деп қорытынды шығаруға болатындай.


Жақыпбек – біздің көзқарасымызша да, бойында үлгі боларлық қасиеті мол, зор келешегі бар, істің адамы. Өзінің педагогтік қызметінің «алғашқы айларында-ақ» мектеп өміріне, тəрбие мəселесі мен оқу жұмысына елеулі өзгерістер енгізеді.


Жақыпбек педагогика пəнінің күн тəртібінде жүрген кейбір проблемалық мəселелерді көтеруге, мектеп пен колхоз өмірінің тығыз байланысы сияқты тамаша істерді енгізуге ұйытқы болады. Жақыпбектің тіпті студент кезінің өзінде күнделікті əдебиеттердің ғылымисын мақалалар басылған номерлерін арнаулы папкаларға тігіп, оған өз көзқарасын қоса жазу мəселелерімен шұғылдануына қарағанда, ол болашақ күннің қиындықтарын ескеріп, оған алдын- ала дайындалған сияқты. Ол колхоз бастығын балалар арасына əңгіме өткізуге шақыру, колхоздың жоғалып кеткен қайығын табуға жəрдемдесу сияқты істерімен ауыл адамдарының мектепке деген бұрынғы көзқарасын жойып, сенімін арттырады. Осы жоғалған қайықтың тарихын айтқызуда ол совет педагогі Макаренко ұсынған коллектив арқылы əсер ету əдісін қолданады. Соның нəтижесінде өзін жалғыз қалғандай санаған қылмысты оқушының бірі Бек- тай сезім дүниесінің толқынына түседі де, ақыры, шынын айтады. Мұғалім табысқа жетеді.


Мектептің оқу ісін басқарушы – сол мектепте өтілетін барлық


пəннің мұғалімдеріне жетекші. Осы мақсатты шын түсінген Жақып- бек əр пəннен хабардар болу үшін өзін-өзі қатты дайындықта ұстап, басқа мұғалімдерден де осыны талап етеді. Заманымыздың білім дəрежесіне ілесіп отырудан қашқалақтайтын Жауынбаев сияқты мұғалімнің білместігін сабақ үстінде көзіне көрсетіп, бетіне басады.


 


Бұл жағдай сырт қараған адамға «оқушылар алдында тəрбиешінің беделін қорғау» деген педагогиканың қағидасына қайшы болып көрінеді. Бірақ автор «мұғалімнің абыройынан гөрі, балалардың сабақтан алып қайтқалы отырған теріс ұғымдарының салмағы ба- сым болған жағдайда, осылай болуға тиіс» деген мақсатпен мұны орынды қолданып отыр.


Шығармада жас мұғалімнің күрделі əрекетінің бірі достық қатынастағы коллективті тəрбиелеу ісімен көрінеді. Алғашқы ретте оқу озаты Жарқын мен сабаққа нашар үлгеретін оқушы Сапардың араларына дəнекер етуге коллективті қатыстырмай біраз сəтсіздікке ұшырайды да, кейін ол қателігін түсініп, жаңа көзқарасты шын достыққа негізделген коллектив құрап, тəрбиелеп шығарады. Осы мақсатпен, дарашылдыққа, тəкəппарлыққа бой ұрып, адасып бара жатқан Жарқын сияқты озат оқушының менмендігіне тежеу жасап, оның мөлшерлі қалыпқа түсуіне жəрдемдеседі.


Міне, кейіпкердің осындай үлгі боларлық жақтарын үгіттеу арқылы автор барлық тəрбиеші атаулыға үлкен ой тудыратын педагогиканың күн тəртібіндегі мəселелерін ұсынып отырғанын көресіз. Дегенмен, тəрбие мəселесінің əрбір түйінді кезеңдеріне үңіле қараған автор мынадай жайларды ескермеген. Оның негізгі қаһарманы Жақыпбек əр оқушының жеке басын зерттеу мəселесіне мəн бермейді. Оқушының сабаққа үлгермеушілігі мен тентектігін түзету əдісінен бұрын, алдымен ол жайлардың шығу себебін іздеу əрбір педагог, əрбір тəрбиешіге бұлжымас заң екенін педагогика пəні əрқашан ескертіп отырса да, автор бұған көңіл аудара бермейді. Сондықтан да қаһарманымыз Жақыпбек бұл мəселе туралы ойлан- байды, ойланса да жеткіліксіз. Мұны Жақыпбекке ойландырмай, өзі баяндап берген автор Сапардың үлгірмеуі мен тентектігінің себебін, оның шешеден жастайынан жетім қалғандығы мен əкесінің бала ырқына жүгіргіштік, көңілшектік мінезінен ғана деп түсіндіреді. Рас, бұл жағдай бала тəрбиесіне əсер етеді, бірақ негізгі себепті бұдан іздеу жеткіліксіз сияқты. Біздіңше, Сапар əрекетін тудырушы негіз- гі себеп басқада. Ол – баланың жас өзгешелігіне лайық табиғатына берілген еңбек сүйгіштік, өршілдеу мінездері.


Сен балық тауып алсаң қайтер едің? – деген балалардың сұрауына:


«Мен өзім алар едім, – дейді ол, – жасыра алмай». Коллективке берудің пайдасын көре тұра, ол осыны айтады, себебі жолдастары


«қорықтың» деп мазақ етеді деген ұғымда болады. Осылайша оның сезімі неше түрлі толқуға түседі. Ақыры, өтірік айтуды қылмыс


 


деп танығандықтан емес, қорыққандықтың белгісі деп түсінеді де, шынын айтады. Шығармада, тіпті, оның барлық теріс мінездері жолдастарының «қорықтың» деп сықақтауынан құтылу үшін жасала- ды. Бұған қарағанда, Сапарда ерлік іске ұмтылудың, қорықпауға ты- рысып, қорыққанын жасырып, өзін батыр етіп көрсетуге ұмтылудың балалық бейнесін, сəбилік түсінігін көресің. Бірақ осы мақсатын теріс əрекеттермен сыртқа шығарып, жағымсыз жағдайлар жасаумен көрсетпек болып, тамаша қасиетін адасып жұмсайды. Автордың мақтаулы мұғалімі Жақыпбек оқушы əрекетінің осындай нəзік жеріне кіре алмай, тəрбие мəселесінің өзегін дəл баспай, көпке шейін адасу- мен уақыт оздырады. Бектайдың теріс іске берілген пионерлік сертін оңға бұрып жібергені сияқты, Сапардың пайдасыз істерге жұмсалып жүрген осы сезімін пайдалы істерге бағыттау мəселесіне автор да, автор жақтаған тəрбиеші Жақыпбек те бара алмайды. Шығармадан мұның да өзінше себебін табу қиын емес. Автордың бұл қателікті жі- беруіне себеп болған жағдай – күрделі бір образдың аяқталмай жолда қалуында. Əдетте қай жазушы болсын, шығармада қатысушылардың негізгі тобымен қатар, солардың іс-əрекетін күшейту, я айқындау үшін, екінші қатардағы адамдарын, яғни қосымша кейіпкерлерді қатыстырады. Олар үшін жазушыдан ешбір оқушы жауап күтпейді, жазушы оны керек жерде ғана көрсетіп, қалдырып кету правосы- мен пайдаланады. Ал, негізгі тұлғалардың, үлкен істің иесі болуға лайық образдардың толық жасалмай, қалдырылып кетуіне əдебиет оқушысы мүмкіндік бермейді, ол үшін жазушыдан жауап күтеді. Ол кейіпкерлері үшін жазушы оқушыларының алдында есеп беруге тиіс.


Тəжірибесіз жас тəрбиешіге өмір университетін өтіп, отыз-қырық


жыл ағарту ісінде қызмет еткен қарт оқытушы Нұрипа апай ақылшы ретінде қосылады да бір реттен кейін бой көрсете алмай, тасада қалады. Нұрипа апайды қайта көрсетуді автор да ескермейді.


Аз көрінгеннің өзінде Нұрипа апай көп істің үлгісі, көп тəрбиешінің ақылшысы болуға лайық образ екенін анғартады. Ақыл сұрай келген жас мұғалім Жақыпбекке: «Əр бала бірін-бірі қайталамас қандай дара болса, оны тəрбиелеу жолында тап болған əрбір көңілсіз уақиғада да сондай ерекше сыр жататынын білмейсіз бе?.». деп кеңес береді. Осы тамаша кеңесін əркезде айтып, Жақыпбекке ақыл беру функциясымен шығарманың аяғына шейін Нұрипа образы ілесіп отырса, автордың қаһарманы Жақыпбек те «адамның жеке басын зерттеп білу» сияқты педагогиканың ең негізгі мəселесінің шебіне кіре алмай адасудан


 


аулақ болар еді. Амал не, Жақыпбекке мұғалімдер ортасынан сүйеу боларлық жалғыз образ – Нұрипа образы аяқталмай жолда қалады да, негізгі қаһарман Жақыпбек «көпке қарсы жалғыз» күресуші болып көрінеді. Автор қаһарманын жұртқа таныту мақсатымен, коллектив- тен жырып алып, қол үздіре көрсетеді. Рас, Жақыпбек көп нəрседе партия ұйымының уəкілі Керейден, колхоз председателі Еркінбектен жəрдем алады. Бірак, бұл автордың кемшілігіне арашашы бола ал- майды. Өйткені бүкіл мұғалімдер коллективінде, автордың ойынша, Жақыпбектен басқа жан жоқ. Мектеп директоры Күдері қолынан іс келмейтін, ескілік көлеңкесінің шеңберінде қалған біреу болса, Ба- тырбек – баққаны өсек, жаманшылықтың соңында жүрген, өзін-өзі күте білмейтін біреу. Бану бақытсыз сезімімен іштей алысып жүрсе, Байсалды мектептен гөрі, колхоз кеңсесінен көбірек көресің.


Бірінші жарты жылдықтың ішінде-ақ мектеп ілгергі қатарға


қосылады. Ауыл өмірінде де кешкілік, жексембілік, интеллигенттер үшін арнаулы мектептер ашылу сияқты елеулі өзгерістер жасалады. Осындай тез уақытта істелген көлемді істердің жасаушысы, кол- лектив емес, жалғыз ғана Жақыпбек сияқты болып көрінеді. Автор қалай жақтаса да, институт қабырғасынан жаңа шыққан жас кадрдың бойына мұндай көп жұмыс сыйымсыздық жасап тұрғандығын көру қиынға соқпайды. Сөйтіп, шығармада Жақыпбек бүкіл ауыл өміріне, мектепке жаңалық ендіріп, өзгеріс жасаушы дара қаһарман болып көрсетіледі де, коллектив көлеңкеде қалады. Осының салдарынан қаһарманның өсу жолы да сенімсіздеу күйде қалады. Айтылған орта- да өмір тəжірибесінен сабақ алып, күреспен өсудің орнына бəрін өз бойына сыйғызған, аспаннан түскендей кенет образ жасалады. Осы тұрғыдан қарағанда Жақыпбектен гөрі, шəкірт қаһармандарының типтік характері басым жатыр деуге болады. Қазір əдебиетімізде еңбек процесіндегі рекордшыл жеке адамнан гөрі, бір тұтас кол- лективті көрсету мəселесі алға қойылып отыр. Біздіңше, осын- дай талапқа жауап беріп, коллективтің еңбегін ілгері қойып, жеке қаһарманды сол топта көрсетсе орынды болар еді.


Шығармада   ауыл   жастары   ұйымының   аты   да   аталмайды.


Ауылдың рухани өмірінің ұйытқысы комсомол ұйымы, жастар екені ескерілмеген. Кешкі мектептерді ұйымдастыру мəселесі, осы ауыл жастарының инициативасымен көтерілсе, көңілге қонымды болар еді.


Ал, жазушы үгіттеп отырған «жексембілік мектеп», я шала са- уатты үлкендерді жиып оқытатын сауаттандыру мектептері біздің


 


еліміздің тарихында осыдан ондаған жылдар бұрын кездескен, сондықтан көркем əдебиетке кіріп үгіт болудан қалған система екені бəрімізге мəлім.


Осындай жеке кемшіліктерді еске ала отырып, бұл повесть – ар- наулы білім беретін педагогикалық оқу орындары студенттерінің, мектеп оқытушылары мен тəрбиешілердің оқуларына ұсынылатын көркем əдебиеттердің қатарынан орын алатындығын, оқушы бұдан пайдалы əдістер мен тамаша тəжірибелердің елесін көретіндігін атап өту қажет. Жазушының бұл саладағы алғашқы қадамы сəтті басталған.


Бірсыпыра жазушыларымыздың қолынан келмей жүрген қаһар- мандардың психологиялық моменттерін жеткізу принципі бұл по- весте айтарлықтай дəрежеде берілгендігі автордан мектеп өміріне арналған сүбелі үлкен еңбектер күттіреді.


1951.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу