01.03.2022
  367


Автор: Баламер Сахариев

БІР ХАТТЫҢ ТАРИХЫ

 


Заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Əуезовтің бүкіл творчес- твосы, қоғамдық һəм практикалық іс-əрекеті туған халқына, еліне, Отанына барынша тиімді қызмет етудің айқын үлгісі болғандығы баршаға мəлім ақиқат. Жазушы жолының, өмір өткелдерінің кезең-кезеңіне атүсті көз жүгіртіп өткеннің өзінде, «болар балаға» жөргегінде жорамал жасап, қаршадайынан таныған қазақ мəтелінін даналығына еріксіз тəнті боп, тағзым етесің. 1914 жылы Қазақстан топырағында тұңғыш рет хатқа түсіп, тарихта із қалдырған алғашқы матчты өткізген «Жарыс» атты футбол командасын құруға күш са- лып, мұрындық боп жүрген шағында Мұхтар Əуезов 16-17 жаста екен. Егер спорт түрлерінің ішінде футбол күні бүгінге дейін қазақ жастарының «сүрінер томары» болып келе жатқандығын ескерсек, жоғарыдағы аталмыш оқиғаның маңызын асыра бағаладым деу артық, кем өлшеп, келте қайыру қиянат. Ал 1917 жылы Ойқұдықта қос киіз үйді жалғастыра тігіп, ауыл жастарының күшімен «Еңлік


-Кебекті» алғаш рет көрермен қауымның алдына шығарғанда


сахарадағы сол бір алғашқы спектакльді қоюшы да, бүгінгі профессионалдық тілмен айтқанда, көркемдік жағын басқарушы да автордың өзі болғандығы, тіпті əуесқой артистер диалогтары- нан жаңылып қалмасын деп, жүкаяқтың артына тығылып суфлер- лік міндетке дейін өзі атқарғандығы – осының бəрі еріккеннен туған ермек емес, жас қаламгердің бұрын беймағлұм тосын өнерге, атап


 


айтқанда, сахна өнеріне қазақ қауымының кезін қандырып, бойын үйретіп баулу ниетінен туған батыл бастама болатын. Содан былай жалғаса берген «Ел ағасы», «Бəйбіше – тоқалдан» бастап ең соңғы


«Дос – Бедел досқа» дейінгі аралықтағы 20 шақты төл туынды пье- саларды, классикалық аудармаларды, оның үстіне театрмен тікелей араласып атқарған қыруар істерді, сан сапа мақалаларды ойласақ, Мұхаң өз өмірінің ақырына дейін қазақ өнерінің бұл саласын бір сəт болса да көзден таса, көңілден жырақ ұстамағанға ұқсайды. Бейім- бет пен Ғабиттің «Аманкелдісінен» соң ілесе шыққан «Райхан»,


«Абай əндері» атты көркем суретті фильм сценарийлерінің жазы- луына да жоғарыдағы жағдай, атап айтқанда, мешеу, кенже қалған өнерге қолғабыс жасап, септігін тигізу, жетпегенге жетелеу ниеті се- беп болғандығы байқалады.


М. Əуезовті жас кезінен білетін адамдардың естелігіне қарағанда, ол өзінің қоғамдық, практикалық қызметінде де əлгіндей қасиетті ниеттен қия баспаған. Жазушының жастық шағын жақсы білетін Құлатай Ақбердин бұрынғы Шыңғыс болысында М. Əуезов тұты- нушылар кооперациясын ұйымдастырғанын айтса, бұрын совет қызметкері, қазір дербес пенсионер Ишмұхамед Əлин Байқошқар поселкесінің салынуына М. Əуезов тікелей мұрындық болғанын оның 1922 ж. Əрхам Ысқақов арқылы жолдаған хаты бойынша ба- яндайды.


Мұның бəрі де ұлы жазушының мұратты, мүдделі болған мəселелері ауқымының кеңдігін, өз халқының кетігіне кірпіш, жыртығына жамау болуға ерте əзірленгендігін дəлелдейтін фак- тілер.


Өткен жылы М. Əуезов музейіне жазушыны қоғамдық қызметі қырынан танып-білуге септігін тигізетін бір хат келіп түсті. Арап əрпімен жазылған бұл хаттың тексті мынадай:


«Қадірлі Ике, Жұмжұма, Смағұл, Кəкен, Өлмесқұл, Тоқар, Өмір- тай, Құлке, Бұғыш, Қамза, Абайке, Садуақас, Бендебай ағайлар!


Мына кісілер Ленинградтағы білім ордасының қазақ өкіметінің сұрауы бойынша қазақ даласына қазақ малының тұқымын айы- рып, түрін сынап, бітім сүйегін өлшеуге шыққан маман білгіштер. Бұлардың істері ғылым жолымен қазақ шаруасына пайда тигізу, пай- дасына ғана арналады.


Одан басқа алым-салыққа септік тигіземіз деп, сол ниетпен жүрген кісілер емес. Сондықтан əрбір тəуір малдардың түрлерін ел жасыр- май толық  көрсетуді  тілейді. Мүмкін  болғанынша  елдің сенімді


 


көзбен қарап, істеріне шама келгенше көмектес болуын қатты тілей- ді. Сондықтан мені тобықты баласы болған соң елдің сөз ұғатын, жөн білетін кісілеріне хат жазып, біздің жайымызды ұғындырып хат жазып бер деген соң осыны жазып отырмын. Көмектеріңді аямассыз деп сенемін. Жазушы інілеріңіз Мұхтар Əуезов».


Бұл хатты 1927 жылдан бері қастерлеп сақтап, арнаулы аппарат- та I дана копиясын түсіртіп, түпнұсқасымен қоса əкеліп тапсырған Латвия ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Лат- вия ССР-ның ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Латвия мемлекеттік университетінің биология факультетінде зоология жəне генетика кафедрасының профессоры Лусис Ян Янович (бұрын жастау кезінде ол Лус Янис Янович болып жазылыпты). Ең алдымен осы бір ілти- пат-ізеті үшін ғалымға алғыс айту лəзім.


Қазір есімі бүкіл Одақ көлеміне белгілі бұл биологтың жетпіс жасқа толған торқалы тойың өткен 1971 жылдын аяғында Лат- вия республика жұртшылығы кеңінен атап өтті. Оны құттықтауға Қазақстаннан белгілі ғалым, СССР Мемлекеттік сыйлығының лау- реаты Əндижан Есенжолов арнайы сапармен барып қайтты. Лусис 1941 жылға дейін СССР Ғылым академиясының үй жануарларының генетикасы, селекциясы жəне эволюциясы бөлімінде меңгеруші бо- лып, одан соң көп жылдар басқа институттарда ғылыми қызметтер атқарып, 1949 жылы Латвияға, аталған университетке ауысқан көрінеді.


Хаттың жазылу тарихы мынадай: 1926 жəне 1927 жылдары СССР Ғылым академиясының СССР өндіргіш күштері жөніндегі Комиссиясы Қазақстанның шығыс облыстарында комплексті экспедициялық зерттеулер жүргізген. Сол комиссияның құрамында үй жануарларының жергілікті тұқымдарын (нəсілдерін) зерттеу- ге арналған отряд жұмыс істеген. Бұл жұмысқа жалпы басшылық жасаған Ленинград университетінің профессоры, белгілі   био- лог ғалым Филипченко Юрий Александрович марқұм екен. Ал экспедицияға тікелей қатысқан отряд жұмысты тездетіп, уақыттан ұту үшін Семей губерниясына келісімен екі топқа бөлініп, бір тобы Тарбағатай, Алтай жағына, екіншісі Шыңғыс бөктеріне аттанған. Сол екінші топты ғылыми қызметкер Лусис басқарған. Отряд жұмысына қатысқан сол кездегі Ленинград университетінің практи- кант студенттері Медведев Николай Николаевич, Колесник Николай Никитич, Керкис Юрий Яковлевич т.б. қазір Совет Одағының бел- гілі генетик-ғалымдары. Сөз болып отырған хатты Мұқаң (ол кезде


 


Ленинград университетінің студенті) отряд басшыларының өтініші бойынша ел ішінде беделі бар жерлестеріне жазып берген. Хаттың түпнұсқасының шет-шетіне отряд басшысының қолымен Семей гу- берниясына қарасты аудандардың сол кездегі атаулары жəне хатта есімдері аталған адамдардың біразының фамилиялары жазылыпты. Мəселен Шаған болысы – Ике Əділев, Жұмжұма Үкібаев, Смағұл Нұрақовұғылы болысы – Кəкен Жақыпов, Тоқар Бейғамбетовтің Шығыс болысы – Өміртай Ақбердин, Құлке Жирен-Хя, Буғыбай (Бұғыш) Шұбаров; Мұқыр болысы – Хамза Дүйсекин, Абайке Жұманбаев; Қызыладыр болысы – Бендебай... т. б.


Осы экспедициялық зерттеу материалдары сұрыпталып, соның негізінде 1928 ж. СССР Ғылым академиясы «Семей губкрниясының үй жануарлары» («Домашние животные Семипалатинской гу- бернии») атты көлемді екі жинақ шығарған. Оның бірінші бөлімі жылқы мен маралға, екіншісі – ірі қара мал мен қой-ешкіге арналған. Жинақтың кіріспесінде қазақтың мал бағу тəсілдері, көктеу, жай- лау, күзеу, қыстау сияқты көші-қон жайының классикалық цикліне түсіндірме келтірілген экспедициялық зерттеудің мақсат-мүддесі, міндеттері, жергілікті мал тұқымын асылдандыру (будандастыру) мүмкіндіктері т. б. актуальды, маңызды мəселелер баяндалған.


Жинақтағы тағы бір мақалада революциядан кейінгі азамат соғысы жылдарында əскери бөлімдердің мұқтажы үшін жылқы малына жиі-жиі жасалып тұрған реквизиция жергілікті халықта əбігер-үрей туғызғандығы, ол əлі де ұмыт бола қоймағандығы, сондықтан да көшпенділердің көбі қайдағы бір қиян-қиыр, шалғай жерлерде, жырақта бой тасалап мекендеп жүретіндігі (26-бетті қараңыз) айтылған. Мақалада тағы да былай делінген: «Мəселе мы- нада, көшпенді шаруашылықтарда мал санағын алу барынша қиын іс болып келді, болып та отыр. Жалпы көшпенді қазақтар, оның ішінде əсіресе ауқаттылары, өз қолдарында бар малдардың саны туралы мəлімет беруге соншалықты сараң, қатты қынжылады. Ал олар солай етуге мəжбүр болған күннің өзінде, мал санын алдын ала əдейі азайтып айтады. Мұны олар ең алдымен алым-салықтан қорыққандықтан, екіншіден көпшілік жағдайда əр алуан санақшы- статистик жəне зерттеушілер сияқты бағзы бір «бөгде адамға» сен- бестікпен қарайтын жалпы көшпендінің каны мен бойына сіңісті болған секемшілдіктен жасайды». (25-бет.)


Міне осы жайларды ескерсек, сонымен бірге экспедиция жұмысы


Қазақстанда ірі байларды конфискелеу қарсаңында жүргізілгенін


 


ойласақ, жалпы мал-мүлкін, дүниесін хаттау, қағаз бетіне түсіру де- генге үрейлене-үрке қарайтын қыр қазағы үшін Мұхаңның бұл хаты дəл бір сенім грамотасындай роль атқарғандығын түсіну қиын емес. Демек, малдардың бойын, салмағын өлшеп, фотосуретке түсіріп алу жөнінде экспедиция жұмысының кедергісіз өтуіне бұл хат кеп сеп- тігін тигізген.


Жазушының «Білекке білек», «Асыл нəсілдер», «Құм мен асқар» əңгімелерінің мал шаруашылығы мəселелеріне арналғандығы, Əуезов сңенарийі бойынша түсірілген көркемсуретті «Райхан» фильмі қазақ жылқысының тұқымын жақсарту, асылдандыру проб- лемасын көтергендігі, ал «Өскен өркен» романында бүгінгі таңда малды сонау бабалар заманындағы көнерген тəсілмен бағу жайы сынға алынғаны мəлім. Демек, бұл хат сонымен бірге жазушы твор- чествосынан үздіксіз (əр кезде əр алуан) орын алын келген мал шаруашылығы тақырыбының түп-төркіні тереңіректе жатқанын, жазушыны тіпті сонау ертерек жас кезінде-ақ қатты ойландырғанын танып білуге көмектеседі.


1973.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу