01.03.2022
  184


Автор: Баянғали Әлімжанов

Балаларға арналған тақпақ

Мұхитты бір серпіп
Терезені шертіп,
Кит те келді күліп
Акуланы ертіп.
Қармен жуып кірін
Аппақ болып пілің,
Шақырады биге
Ақ аюдың бірін!
Арыстан мен бүрге
Биге шықты бірге,
Ягуар мен як жүр
Аламыз деп жүлде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу