01.03.2022
  200


Автор: Оспан Әлсейіт

БОЛЫС АТА

Сарыпбек атама


 


Ес білгеннен бері білетінім – ол кісіні біздің ауылдың үлкені-кішісі Болыс ата дейтін. Жаңа түскен келіндер:


«Болыс ата» десе, әйелдер жағы «болыс қайнаға» деп жататын.


Сол кезде Болыс атаның жасы сексенді алқымдап қалса керек. «Шын аты – Нұрмұхамбет болса да, ол кісіні неге бәрі «Болыс ата» дейді? Сол туралы ойланып көрмеппіз. Ол кісінің бітім тұлғасы да, жаратылысы да ерекшелеу еді. Нағашылары Арқа жағынан деп есітетінбіз. Ұзын бойлы, ақсары жүзді, көзі көкшілдеу, ат жақты кісі еді. Біздің Оңтүстіктің қараторы, қоңырқай жүзді адамдарына онша ұқсай бермейді. Қатарластарының көбі кетіп қалған соң, Болыс ата ауылымыздың жасы үлкен қариясы болып қалған.


Әңгіме айтса, еңбек армиясында болған кезін жыр ғып айтып беретін. Соғыс кезінде еңбекке жарамды азаматтар еңбек армиясына шақырылған, халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы бар құрылыс нысандарын салу үшін. Сондай үлкен құрылыс нысандарының бірі –


 


Мырзашөл аймағындағы Киров каналы еді. Ол шөл және шөлейт аймақтағы жердерді игеруге, суландыруға арналған болатын. Болыс ата сол каналды салуға бастан- аяқ ат салысқан. Канал құрылысы соғыстың алдында басталғанда, соғыс кезінде жалғасқан.


Ауылдастарыоләңгіменіжатқа біледідеседеболғандай. Білсе де: «Жас үлкен кісі ғой, айтса айта берсін», – деп иба сақтап, бас изесіп отыра беретін. Ал, біздер баламыз ғой, ұйып тыңдаймыз. Ол кезде Болыс атамыз тепсе темір үзетіндей күшті, нар тұлғалы жігіт болса керек. Қайратты, қарулы азамат канал құрылысындағы озаттардың бірі болған. Сол еңбегі үшін Қызыл байрақ ордені өз айтуы бойынша, яғни Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Онша мақтау сүймейтін, еңбегін бұлдағанды жек көретін жан. Сол ордені құрғырды да жөндеп тағып көрмепті. Тағып көрмек түгілі, дұрыс сақтамапты да. Ордені де, куәлігі де жоғалып кетіпті құнттамаған соң. Зейнеткерлікке шығарда райсобездегілер еңбек кітапшасын ақтарғанда ордені бар екенін біліпті. Білген соң куәлік кітапшасын сұраған. Ол қайдан болсын. Жатқан жерін бір құдайдың өзі білер. «Мүмкін сұрастырып, іздестіріп көрерсіз. Зейнетақыңыз көптеу болады», – деген ондағыларға:


«Өткенім өтті, кетті. Қайта қазбалап енесіне әуреленемін», – деп Болыс ата қолын бір-ақ сілтеген.



  • Құдайға шүкір, ешкімнің қолына қарап қалған жайым жоқ.


Қорасында екі-үш сиыры, отыз шақты ұқсақ малы, бау- бақшалық жері бар, бір мәнісі болар.


Ауылдағы он шақты үй ұсақ малдарын кезектесіп бағатын. Қой-ешкіні, бала да, шаға да, қыз да, келін де бағады. Әсіресе, балалар азарда-безер. Сабақтан қалуға тура келеді ол үшін.


Болыс ата зейнеткерлікке шығысымен ауылдастары:


«Ақысын төлейік, малымызды бақсаңыз», – деп қолқа


 


салқан.



  • Бақсам бағайын. Үйде де алып бара жатқан шаруам жоқ қой, – деп келісе кеткен.


Болыс ата затында ақша ұстап, тиын санағанды жек көретін. Бар тапқанын кемпірінің алақанына салып, тыныш отыратын, малды бағуын бақса да, ақшасын сұрауға жоқ- тын. Кейбір қулары берер ақысын келесі айларға шегере- шегере ақырында ұмыттырып та жіберетін. Кемпірі байғұс айғай-шу көтеріп жүріп, ақшасын жинап алатын.


Ауыл үйде – мал сойылса болды, біздер «Болыс атаны кешкі асқа шақырайық та», – деп тұрамыз әке-шешемізге. Өйткені, ол кісі ауылдың үлкені. Ас үстінде алдына қойылған бастың құлағын бізге кесіп береді, соңынан өлген кісілердің рухтарына бағыштап құран оқиды.


Үйге кісі келсе алдымен бала қуанбайды ма. Шешеміз сандықты ақтарып кәмпит-сәмпитін, өрік-мейізін шығарады. Жеп-тойынған соң кетуге асығамыз. «Болыс аталарыңның әңгімесін тыңдаңдар», – деп шешеміз ұрсып, отырғызып қояды.



  • Апыр-ау, «трудармияның» әңгімесін жатқа білеміз ғой, – дейміз жыларман болып.

  • Әй, сендер адам болмайсыңдар, үлкен кісіні сыйламайсыңдар! – деп шешеміз кіжінетін. Есейген соң ойлап қарасам шынында да Болыс ата біздің ауылдың ешқандай сайлаусыз сайлап қойған болысы болған екен. Соданекен ғой олкісінібәрінің Болыс атадейтіні. Ауылдағы көп тірліктің түйінін сол кісінің алдында шешімін тауып жататын. Бұзық та, тентек те, кесір келін де, шайпау әйел де Болыс ата десе аяқтарын тартатын. Ол кісі қатал болса да әрбір істі әділ, шын шешетін. Келін мен бала арасында кикілжін туа қалса, болыстың әңгімесінен соң татуласып, табысып кететін. Баппен, байыппен ұзақ сөйлесіп, шайқала жаздаған талай шаңырақты аман сақтап қалды. Тентек бала, маскүнем күйеу, ұрлық-қарлық істегендер


 


ешқандай милиция, сотсыз-ақ болыс атанып «жазасын» алып жататын. Кімнің не істеп жүргенін, ақыры немен тынарын біліп отыратын. Ақылын айтып сақтандыратын. Әттең, оқымай қалғаны болмаса. Оқымаса да өмірден көріп-түйгені мол, табиғат берген пайымы бар, ақылгөй, сұңғыла адам еді. Қандай дәрежедегі адам болсын ортақ тіл табысып, сөйлесіп кететін.



  • Болыс ата, Америкада, Қытайда не болып жатыр екен?



  • десең, газет-журнал оқып, радиодан құлақ алмайтын біздерден асып түседі, біз білмегенді біліп отырады. Соның бәрін қайдан біліп алғанына таң қаласың.


Кемпірі марқұм өмірден ерте кетті. Қатарластары үйленіп ал деп қаншама үгіттеген.



  • Жасым алпыстан асты, жас емеспін ғой желкілдеген. Біреудің әйелі біреуге әйел болып оңушы ма еді, – деп көнбеген-ді. Оның үстіне қандай жан кез боларын бір құдай біледі. Ертең үйге кіруін кіріп алып, ұл-қызын жекіп, нұқып күн көрсетпей отырса, олардың көңіліне қылау түсе ме, – деп ойлайды.


Міне, осы Болыс ата үлкен дәрежелі бастық, ас та төк дүние жинаған бай болмаса да, өзінің асыл адамгершілік болмысымен бүкіл ауылымыздың қадірлі, сыйлы Болыс атасы күйінде өмірден өтті. Жақсы қария аспандағы күндей баршаға жақсылық сәулесін шашып, көңілдерге ізгілік нұрын құяды. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» деген рас екен-ау. Ол кісінің жаназасына қарақұрым жұрт жиналды. Үлкен аулаға сыймаған көп адам сыртта тұрды. Болыс атаның қазасы ауылдастардың қабырғасын қатты қайыстырды. Қандай адамды жоғалтқандарын олар енді білгендей еді. Болыс атаның орны бөлек екен. Күн де батты. Қариясынан айырылған Арыс жағасындағы кішкентай ауыл жетімсіреп қалғандай болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу