01.03.2022
  300


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

«ЕЛ ЖАДыНДА СОНДАй біР ЕСіМ ҚАЛғАН...»

Бекет­атаның Маңғыстаудағы 260 жылдық тойынан кейінгі ой


Дүниеде тоғышарлар, әмір, патшалар көп те, әулиелер неге аз? Осыған бір ауық бас қатырып көрдік пе? Өйткені, шын әулиенің иініне Алла артқан жойқын жүкті әлгілердің ешқайсысы алып жүре алмасы ақиқат.


«Шөлі бар халық – зор халық» дейді Ж.Руми. Төзімді, текті, мәрт мінезді жұрт қана осындай қатал аймақты мекен етеді. Пайғамбарлар да ылғи шөлді өңірден шыққандығын та- лай шешендер жазып кетті.


Міне, осы орайда Бекет ата да аптап аймақ Ақмешітте дү- ниеге келіп, тура пайғамбар жасында Оғландыда қасиетті қарашығы қараңғыланды. Содан бері де 260 жыл өтіпті. Со- нау алыстан қарағанда жарға салған ұядай боп көрінетін сол қастерлі ғибадатханаға ағылған жандар легі жыл он екі ай бір толастамайды. Мұның сыры неде?


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына барған сапарында қасиетті Қағбаға кірген еді. Сонда Қағбаның бас имамы: «Осындай қасиетті тастардың біреуі кезінде Маң- ғыстауға жіберілген. Ол Кенті-баба зиратында сақтаулы бо- луға тиіс. Қажылар құжатханасында осындай дерек тіркеу- лі», – депті. Соған қарағанда үш жүз алпыс екі әулиелі қарт Маңғыстау да осал өңір болмаған-ау!


Оның үстіне бұрынғылардан «Батырдың соңы – Есет, әу- лиенің соңы – Бекет» деген нақыл қалған.


Бүгінде Пірәдардың жатқан жері шетелдіктердің де на- зарын аударуда. Сөз арасында айта кетейік, ағылшын фото- графы Джулиан Абрамс: «Лично я хотел бы выделить памят- ник Бекет-Ата: Это мечеть, высеченная в каменной пещере, и окружающий ее ландшафт – это то, что останется в моей па- мяти навсегда», – деп таңдай қағады. («Известия-Казахстан», 31.Х.2007 ж)


Бекет-атаның күйкі тірлікпен жұмысы жоқ, туа салқам, дүниенің бетіне қарамаған пірәдар, маңдайына күн қонған


 


құдайдың сүйікті құлы, өлшеусіз бейнет шегіп, ел үшін пә- руана болған шандоз екенін тағы бір қайталап өту асылық болмас.


Осы аңыз естігенде есімді алған, Сондай бір ел жадында есім қалған. Адайлар: «Иә, Бекет!» деп сиынғанда, Кеңейіп сала берген есіл жалған.


Біз-дағы пендеміз ғой бұлт кешкен, Сауында қауіп-қатер шығады естен. Құлдилап сондай құздан құлағанда,


Арман не, «Иә, Бекет!» деп тұрып кетсем!,


деп, арқалы ақын Ғафу Қайырбеков Пір-Атаның телегей қасиеттерін тебірене жырлады.


Әрине, Жер-Ананың анда-санда қайталанып отыратын ұлы толғағында талай асыл перзенттердің дүниеге келуі заң- ды да.


Моңғолияның мемлекеттік байрағында балық сұлбасы бе- дерленген. Оның себебін сұрағандарға бір моңғол басшы- сы: «Балық дүниеде ешқашан көзін жұмбайтын мақұлық. Біз- дің ел де екі алып империя – Ресей мен Қытайдың арасын- да тұрғандықтан өз шекарасын балық тәрізді көзін жұмбай, мігірсіз, қырағылықпен күзетеді», – деген екен.


Сол тәрізді Маңғыстау халқы сан ғасырлар бойы бір жағы – Хиуа, бір жағы – Түркмен және патша отарлаушыла- рымен арпалысып келді. Осы орайда, Бекет-Атаның қанды жорық, қақтығыстарды тежеп, өз халқын жебеуде еңбегі ора- сан. Бекет-Атаның 260 жылдық мерейтойы әуелі Жетісайда, кейіннен Атырауда кең көлемде аталып өтті. Бұл бір жағынан елдіктің, әсіресе ислам салтанатының шеруі десе де болады.


Осы игі шара пірәдардың мәңгілік тыныс тапқан жері – Маңғыстау облысында 16-18 қыркүйек аралығында жалғасын тапты. Обалы не керек, ұлысқа ұран болған аяулысына бүкіл Маңғыстау жұртшылығы аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. Шартарапта тойланып өткен бұл мерекенің басты мақсаты –


 


Бекет-Атаның, рухани ұстаздың дүниежүзіндегі, оның ішін- де ислам әлеміндегі рөлін айшықтап, насихаттау. Ас аясын- да өткен бірнеше ғылыми конференциялар мен көрмелер де осыны дәлелдеп берді. Мереке қарсаңында Маңғыстауда жа- салған игі істерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, алыс-жа- қын шетелдерден келген мыңдаған адамдар куә болды. Осы атанның белін қайыстырар қыруар шаруаның бел ортасында жүрген облыс әкімі – Қ.Көшербаевқа, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Ө.Озғанбаевқа, «Нұр-Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Қараевқа, мәдениет департаментінің бастығы М. Ғұмаров, т.б. жүздеген азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.


Әсіресе, Оғландыға баратын күре жолдың аз уақытта іске қосылғаны көпшілікті бір серпілтіп тастады.


Оғланды... Бекет-ата ғибадатханасына түсіп-шығатын, өт- кен-кеткенді, екі дүниені бірдей ойлататын мыңдаған бас- палдақ... Миллиондаған адам қолдарының табынан сүйектей жылтыраған ағаш есіктер... осының бәрі алғаш барған адам- ның есін алады.


Оғландыға тәу етуге беттеген әрбір жан бабаларының өткен уақыттар өтіндегі салтанатын-тасқындаған жігерін, жер жарған даңқын, үзілмес үмітін, етене бауырмалдығын терең сезіну арқылы рухтарын көтеріп, мақсат-мұраттарын мәңгілікке ұштастырып қайтады.


Сансыз қиырдан ағылған жұрттың бәрі: «Иә, пәруардига- рім, иә, Пір Бекетім, қолдай гөр, пақырыңды!», дегендей, төмендегі көлбеңдеп қалған нұрлы қабірден, жеті күмбезі көкке қол созған салқар мешіттен көз алмай, шартарапқа та- рап барады. Ендеше, осы тілек қабыл болғай!


«Қазақ әдебиеті», 24.09.2010 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу