01.03.2022
  91


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Астана Табылды жоқтамас...


  • Жұмабай мырза, талантты бард-ақын Табыл бауыры- ңыздың мезгілсіз дүниеден өтуі қабырғаңызды қайыстырған екен. Хас дарынның қазасы күңірентіп кетті. Дегенмен өнердегі ағасы әрі жерлесі болғандықтан, алдымен сізге көңіл айтамыз.

  • Иә, оның күмбірлеген қоңыр дауысын естімегелі де қы- рық күннен асып кетті. Жүрген жерін әсерлі де асқақ ән- дерімен құйындай ұйтқытып, үйіріп жіберетін жарықтық!


«Ат тұяғын тай басар» деген мақал көркемөнерге жүрмейді»,



  • деп еді-ау бір кезде Ғабит Мүсірепов. Сол сияқты, Табыл- дың әндерін өзі тәрізді енді ешкім сызылтып, қоңырлатып айта алмас. Ол өмірінде ешкімге жалтақтаған жоқ, марапат дәметіп, жарамсақтанған да емес. Көкірегінде ойнақ сал- ған күмбір ырғақтарды қалауынша төкті. Малжаңдаған шал болып, жамбасы тесіліп ауырған да жоқ. Иманғали Тасма- ғамбетов сыйлаған, өзі «Сүлік қара» деп атайтын гитара- сын сызылтып, Алматы – Атырау – Орал – Ақтау – Дендер арасында шапқылап жүргенде шалт кетті, неге асыққанын қайдам, текеметін тұйықтап, Махамбет бабасының қасында мәңгі тыныс тапты.


Бір қарағанда, Табылдың қазасы – қайғылы әрі сұлу өлім! Сөйтіп, құба даланың қайтпас қайсар, ерке де бұла дарыны қас пен көздің арасында ғайып жалған сағымына сіңіп жо- ғалды. Баяғы ата-бабалары секілді аңғал да қопал, тереңнен шымырлап шыққан тас бұлақтың суындай кәусар әндерімен талай сахналардың сәнін келтірген «қара баланың» қадірі уақыт өткен сайын биіктеп барады....



  • Алматыны білмеймін, ал Астанадағылар ел ішінде жүр- ген Табыл сияқты таланттарды іздемейтін сияқты...

  • Жалпы, Астана қазақ өнеріне суықтау қала ғой. Бір қа- рағанда, Ресейдің, шетелдің әншілері  ойнақ  салатын  ор- да тәрізді. Бір-екі жыл бұрын Астанада бардтардың байқауы болды, соған Табыл соншалық қатысқысы келіп еді. Алайда, біріншіден, оны ешкім шақырған жоқ, екіншіден, шақырыл-


 


ғандардың барлығы орыс-ормандар болып шықты. Ал Та- был қазақтың тұңғыш Бард-әншісі еді ғой. Ол маңдайына мал бітпесе де, сөз біткен бұлбұл еді ғой... Біреуі қуанып, біреуі қуарып, біреуі семіп, біреуі семіріп жатқан мына қым-қуыт кезеңде Табылды емес, одан да ірі таланттарды Астананың жоқтай қоюы екіталай.



  • Дәл осы арадан «ұлттың болашағын тәрбиелеу» және


«ұлттық идеологияға қызмет ету» деген мәселенің басы қылтиятын сияқты. Мәселен, осы бағытта қызмет етуге тиіс- ті әдебиет әлемі публицистиканың күнделікті күйбеңіне кө- міліп қалған сияқты...



  • Бұған не таңданатыны бар? Бізде ұлттың болашағына қызмет ететін ұлттық идеология бар ма, өзі? Бұрындары пу- блицистиканы дәуір үні дейтінбіз.


Бүгінде көпшілік публицистикаға ден қойса – онда көп- шіліктің көкейінде үрей, жегі құрт бар деген сөз. Жұрт бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін білгісі келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі бағдарлама, жоба, жолдау атаулыдан ат сүрінеді. Бірақ солардың бірде-біреуінен желінсау болған қойдай сүт тамба- уы қалай?


Қарап отырсаң, нәтижелі, халықтың көсегесін көгертетін бір іс жоқ. Қайта, осы орайда, қуыршақтарды қазақша сөй- летіп, сәбилерді ана тіліміздің мәйегінен сусындатуға үлес қосып жүрген Қыдырәлі Болмановтың әрекеті берекелі ме деп қаласың.


Өнерге зорлық жүрмейді. Тәуелсіздік алғанымызға жиыр- ма жыл толса да, ұлттық идеология ретінде бағдарға алатын, тұшынып оқитын бірегей шығарма әлі дүниеге келген жоқ. Өйткені бір қоғамдық даму сатысынан екіншісіне секіру оңай ма? Сондықтан әлі біраз уақыт публицистика көсемдік жанр- дан айрылмайды.



  • Осындай алмағайып заманда жазушы – тарихшы, тарих- шы-жазушы бола беретін жағдай жиі көрініп жүр ғой...

  • Жапонияда мынадай бір жақсы дәстүр бар. Бұл елде жа- зушылар, ақындар әбден танымал болғаннан кейін бұрынғы аты-жөнін жиып қойып, бейтаныс есімді бүркеніп жаза ба-


 


стайды. Егер осы екінші есімімен де әйгілі болса, онда ол на- ғыз талант деп танылады. Егер осы әдіс бізде де қолданса, бұ рынырақта жарық көрген бір-екі туындысының қоламтасына әлі жылынып келе жатқан талай жазушылар мен ақындар шоңқиып қалатын шығар.


Әсіресе халық санасына орныққан тарихи деректерді бұр- малап, қасақана біреудің ерлігін екіншісіне телу, тіпті «До- сты Шу жеріне аттандыру» деген өлеңіне бола қайдағы бір ортағасырлық қытай ақыны Ли Боны қазақ Елібай қылып, оның ішінде Дулат етіп жүрген сабаздардың әрекетін қалай түсінуге болады? Талғамды тәрбиелейтін ортаның тозып кеткені ме дейсің.


Жақсы, әдеби, тарихи шығармаларды талқылайтын сарап- шы топ құрылды дейік. Бірақ олар еліміздегі жүздеген же- ке баспалардан ытқып жатқан топан өнімдердің қайсысына төрелік айтпақ?


1992 жылы Қазақстанға ағылған эротикалық фильмдерді не істерін білмей аңтарылған «Қазақфильм» басшыларына сол кездегі премьер-министр Терещенко: «Халық әбден көр- сін, қызықтасын, жалыққасын өздері қояды», – деген екен. Біз де қазір әлгіндей күлдібадам шығармаларға тосқауыл қоя алмай, Терещенко сияқты, сырттан бақылап қана отырмыз. Иә, өзің айтқандай, уақыт өткен сайын әдебиет айналасын- да шоқымай қарға, оқымай молда болғандар көбейіп барады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу