01.03.2022
  129


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ҚҰбА ДАЛАНың бҰЛА ПЕРЗЕНТі

Иманғали Тасмағамбетовтің қайраткерлік кескіндемесі


Биыл тәуелсіздік алғанымызға он төрт жыл толады. Осы санаулы аз ғана жылда санап тауыса алмайтын қаншама ірі қадамдар жасалды. Мұны жоққа шығару көрер көзге әділет- сіздік болар еді. Біз осы жылдарда өзіміздің намысы биік, қанағаты мол қазақ деген ұлт екенімізді төрткүл дүниеге дәлелдедік. Сонымен қатар, жұрдай болып тоналған тарихи жәдігерліктерімізді, кім көрінген қымқырып кеткен асылда- рымызды іздеумен айналыстық.


Алайда, өзіміздің қара қобдиымызда қалған, теңдерімізде сақталған жақұттарымызды әлемдік жәрмеңкеге шығарғаны- мызда менмен Батыс ойлана қарап қалған жоқ па! Дегенмен де сан ғасырлар бойы тұтас құрлықтар мен сансыз елдердің жиған-тергенін зорлықпен үріп-ішіп, шайқап-төккен әккі, жырынды империямен иық түйістіру, Махамбетше айтқанда,


«ақырып тұрып теңдік сұрау» мүмкін болмай қалды.


Ұлтымыздың бір ардағы – Қошке Кемеңгерұлы өткен ға- сырдың басында: «Осы күнде Күнбатысты тықсырып ке- ле жатқан Күншығыс халықтарынан Қытай мен Жапония Күнбатыстан үлгі-өрнек көп алды. Бірақ Күнбатыстың ру- хани мәдениетін арам астай көріп, аузына алмайды», – деп шыншыл пікір айтты. Бұл елдер сол әдетінен әлі танған жоқ және соның арқасында ешкімге «тәйт» дегізбеген, мейманасы тасыған бірегей мемлекеттерге айналды.


Саналы ұлттар мен ұлыстар ғаламдастыру атты «ортақ көрпеден» ат-тонын ала қашып, текеметтерін тұйықтап жат- қанда, біз есік-тереземізді ашып тастап, осы тажалға бейім- делгеніміз қалай?


Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында мақтана алар несі бар? Рас, жерімізден бір емес, үш алтын адамды қа- зып алдық. Хандар пантеоны – Сарайшық, Қожа Ахмет ке- сенесі, т.б. жауһарларымыз жетерлік. Бірақ Батыстан ағылған топан «жарқылдақтар» осының бәрін жапырып кетпей ме?


Жұтылып кету дегеннен шығады, Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер мырза 1998 жылы өзі билікке кел- мей тұрып, ғаламдануды зерттеген әйгілі неміс ғалымы


 


Ж.Хабермас мырзамен өткізген сөз сайысында бүкіл Герма- ния халқының алдында: «Ғаламдануға неміс халқы ешуақыт- та да жұтылып кетпейді, өйткені неміс халқында қуатты тіл мен жұтылмайтын мәдениет бар», – деген болатын. Әрине, неміс халқы туралы сөз басқа, бұл жерде бар мәселе өз ұл- тымыз туралы болып отыр ғой.


Күні бұрын байбалам салуға да ерте шығар. 1994 жы- лы Рупитеге өзін іздеп барып, аты-жөнін, ұлтын, айналыса- тын ісін айтпаған бір қазақ кәсіпкеріне көріпкел Ванганың айтқан жорамалы мынадай: «Құлағыма мың сан жүйріктің дүбірі келеді, тарихы тереңде, бірақ, шындығы енді шыға бастаған қазақ дейтін ел бар. Тағы дыбыс жер астының гүрілі, мол байлықтың үстінде отырсыңдар-ау шамасы. Бірақ осы халықтың ен байлықтан қағажу қалғаны түбі жақсылыққа апармайды. Сонау бір ғасырдағыдай үшінші мыңжылдықта Еуропа сендермен қайта санасатын болады. Тау жағына сақ болыңдар, өздеріңмен түбі бір елмен тәуір болсаңдар ұта- сыңдар...»


Әрине, ұлы көріпкелдің бұл айтқандарында жөн бар шы- ғар, дегенмен жайбарақат отыруға және болмас.


Иә, қаншама суыртпақтап айтқанымызбен де, төс айыл- ды бостау, шап айылды аямай тартатын, құс ұйқылы болуды талап ететін, санаға салмақ түсіретін зымиян кезең іргемізге тақап келді. «Өсіп-өнген ел едік, өзімізге-өзіміз хан едік» де- ген заман келмеске кетті. Бірақ пәнидегі қу тірліктің қуса жеткізбейтін қызыл түлкісін тазы боп шаламыз деп жүрген, бар ниеті соған ауып кеткен, ел сенген біраз оғландардың мүны ойлайтын түрлері көрінбейді.


Иә, осы бір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан кім бар өзі?! Кеңестік жылымықта бой көтерген аға буынды айтпай- ақ қояйық, ұлт қызметіне еңсере еңбек етіп жүрген қазіргі биліктегі жас баһадүрлердің ішінен кімдерді бөле-жара атауға болады? Аттары санада самсап тұрғанымен, қапелімде ұлты үшін еткен аяулы бір ісі есіңе түспей қиналасың. Олардың көпшілігі өз мамандығының шебері немесе саясатқа келген- де аққаптал болғанымен, ұлт мәселесі дегенде бірі – азу- сыз, жалтақ, бірі – ана тілін шала білетін, туған тарихынан бейхабар дүмбілез, бірі – өз шаруасы дегенде қара жерге ке-


 


ме жүргізген жұлымыр, былайғы жұртқа көлеңкеде қалған қардай салқындау, бірі – бұқарамен тігісін жатқызып тілде- суде көптің мұңына мұңайып, қуанышына ортақ болуда ақсап жатады. Сонда халықтың көңілінен шыққан көптің мейірін қандыра білетін кім бар? Осындай сауалға жауап іздесек – Иманғали Тасмағамбетов еске түседі. Қаншама бас айналды- рар мансаптың ұшар басында жүрсе де оның туған халқының мәдениетіне, тіліне, діліне, жоқ-жітігіне үнемі қарайласып, қолқабыс берумен дараланатыны күмәнсіз.


Иә, тырнақ айналасын кеулеген күбірткідей, бір жағымыз- дан қусырып ғаламдастыру дейтін тажал келе жатқан мез- гілде, үміт пен күдік қатар жайлаған беймағлұм кезеңде ұлт қамқорлығына қайдан маза бола қойсын? Осы беймазалық- ты алдын-ала сезіп, ел қауіпсіздігі мен болашағын ойлаған Иманғалидың сонау Италияда жатқан Олжас Сүлейменовпен хат арқылы пікірлесуі де тегін болмаса керек.


Олжас Сүлейменов: «Көшпелілер Орхон-Енисей жазба- ларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де – әлемдік мәде- ниетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қал- дырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесіне бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мә- дениет элементтері деп кім айта алады? – деп талай биік мінберлерден әлем жұртшылығының құлағына сіңірумен ке- леді. Алайда, бізде шашпалық та болмай қалған жоқ. Мы- салы, Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал мавзолейіне жұмсалған қаржымен бірдей болған».


Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты білу де – қазіргі да- му процесіне аса қажет әрекет. Ол – болмай қоймайтын жо- ғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, соны- мен бірге прогреске кең жол ашады.


Осыны жіті байқаған И.Тасмағамбетов өзі тікелей арала- сып, талай ұрпақтың көз қуанышына айналатын ежелгі дү- ниенің ғажап жәдігері – Күлтегін ескерткішін туған топы- раққа алып келді. «Отырар кітапханасын» дүниеге әкеліп,


100 ақын-жазушының кітабын тегін шығарып берді. Көп жылдарға созылатын кешенді шара – «Мәдени мұра» бағ-


 


дарламасына басшылық етті. Қазақтың кәсіби суретшісі Әб- ілхан Қастеев туралы «Қазақ әдебиеті» газетіне төгілдіріп жазған мақаласының да берері мол. Иманғалидың және бір ерекше қырын Ақселеу Сейдімбеков былайша әңгімелейді:


«Біздің республикада коллекционер ретінде ресми түрде Әділет министрлігінен тіркеуден өткен  бір-ақ  адам  бар. Ол – Иманғали Тасмағамбетов. Осыдан бірнеше жыл бұ- рын ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майордың ша- қыртуымен Францияға барып, өзі жеке жинаған құнды зат- тардан көрме үйымдастырды. Оның басым көпшілігі адай



  • түрікмендердің мүлкі. Менің қолымдағы Құнанбайдың шақшасын сол көрмеге қоюға сұратып алды да, кейіннен өзіме әкеліп берді...».


Биылғы жылғы 19-тамызда XVII Мәскеу халықаралық кі- тап көрме-жәрмеңкесі аясында болған «Кітап – өнер» атты екінші халықаралық конкурста Иманғали Тасмағамбетовтің


«Ат жалындағы өркениет» деген кітабы бас жүлдеге лайық деп табылып, ең жоғары сыйлық Гран-приге ие болды.


Бір жағынан тыным таптырмас мемлекеттік қызметте жүр- ген адамға осының өзі де аз шаруа емес-ау!


Атақты сәулетші Сайын Назарбекұлы да оның өрелі істе- ріне тәнті болып былай дейді: «1999 жылы Атырау облысына әкім болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетов бірден халықтың рухани тірлігінің тамырларына нәр беру шаруасын қолға алды. Оған дәлел облыс әкімі болып тағайындалған алғашқы жеті күн ішінде өзіне оншалықты таныс та емес ем- ханада жатқан атақты домбырашы Рысбай Ғабдиевтің кө- ңілін сұрауға барыпты. Көп кешікпей Ақтаудағы мені ша- қыртып алып, көптен бері көкейімде жүрген жобамды тал- қыға салды. Ескерткіштің қазіргі Сарайшық мекеніне са- лынуын және оған кеткен халық қаражатының далаға емес, халықтың өзіне қызмет етуі қажет екеніне баса назар аудар- ды. Сол кісінің ұсынысымен ескерткіш құрамына бір ме- шіт, бір мұражай және мүрделері Сарайшыққа жерленген: Алтын Орда хандары – Мөңге Темір, Жәнібек, Ноғай Орда мырзалары – Әмір Оқас, Ших-Мамай, Жүсіп, қазақ ханы – Қасым хан бабаларымызға зираттық сәулет белгісі кіргізілді.


 


Тасмағамбетов мырза жобаны жасау кезінде де, құрылыс жұмыстары барысында да істің жақсы аяқталуына көптеген ықпалын тигізді. Біз осы жағдайларды ой елегінен өткізе от- ырып, «Хан ордалы Сарайшық» кесенесінің бас сәулетшісі Иманғали Тасмағамбетов деп танимыз...».


Патшайым II Екатерина қиын кездерде Суворовты отқа да, суға да салған ғой. Сол сияқты Елбасы да Иманғалиды биліктің сансыз өткелектерінен өткізді.


Республикалық Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік коми- теттің төрағасы, Президент кеңесшісі, екі рет министр, Вице- премьер, Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, облыс әкімі, Президент әкімшілігінің жетекшісі... Иә, ол қай қызметте болмасын өзінің алғыр да ақмылтық қайраткер екенін дә- лелдеп шықты.


Журналист Н.Жүнісбаевтың «Мұстафа Өзтүрік» кітабын- да Мұстафаның аузымен айтылатын мынадай жолдар бар:


«Еліме тұңғыш келе жатқан сапарым... Мәскеуге біраз аялдап қалдық. Қарсы алып, қошеметтеп жүрген – осы Иманғали, комсомолдың бірінші хатшысы Иманғали Тасмағамбетов. Кейде сағыныш толқыны соққанда оған жетіп барып, «Иман- ғали,  тез  кетейікші,  ағатай»  деймін.  Ол  да  тосылмайды:


«Мұстафа, біз туған елінде, туған жерінде 35 жылдан бері болмаған адамды Алматыға бірден жеткізе алмаймыз. Осын- да бірер күн ұстап, қағып-сілкіп, жуып-шайып, жөнге келті- ріп бір-ақ апарамыз. Елді шошытасың ғой. Не неміс емессің, не түрік емессің, не қазақ емессің... Еріңді түзеп, тулағыңды қағып дем ал, ертең жөнге келтіріп бір-ақ шығамыз жолға», – дейді.


Жеңілмейді. Сөзбен жарыса алмайсың Иманғалимен. Ше- шен ғой. Су төгілмейтін жүйрік. Ердің құнын даулауға жібе- ретін жігіттер ғой олар...».


Міне, бүкіл әлемді тәнті еткен таэквондо тарпаңы Мұс- тафа Иманғали туралы осылай тебіренеді. Мұстафа оның та- ғы бір сан алуан ісін былайша баяндайды: «Шетелде жүрген біздің де қолымыздан келмейтін нәрселер бар. Соның бірі киіз үй еді. Соны Иманғали ойлапты. Азамат жігіт екен. Иманғали жіберген сол киіз үй бүкіл Еуропада жалғыз ға- на Стамбулдағы Қазақкентте тігулі тұр. Ол үйді тігуге Еуро-


 


падағы қазақпыз дегендер түгелдей келді. Мен сыр тартып білдім. Иманғали былай деп ойлапты: ертең Еуропадағы қа- зақтар да бір нәрсеге ренжісіп қалуы мүмкін. Сонда олар- дың бас қосар жері, татуласар үлкен шаңырағы осы киіз үй болуы тиіс деп. Не деген парасат? Не деген ақыл? Бүгінде Қазақкентте қазақ қоғамының мүлкі боп саналатын киіз үй – иісі қазақ туған жерін сағынса жиналып, мауқын басатын ор- да боп отыр. Бұл бізге Иманғали алтын сарай салып берген- мен пара-пар емес ne?..».


Марқұм Мұстафаның Иманғали досы туралы бүл жүрек- жарды ойлары кім-кімнің болса да көңілін тебірентпей қой- майды.


Міне, азаматқа абырой осылай мысқалдап жинала береді. Оған деген елдің сенімі орнығады. Шынында да үміт пен кү- дік қатар жайлаған дүниеде осы сияқты ұлтжанды оғлан- дардың жүргені әлеуметке үлкен демеу сияқты.


Сөз жоқ, Иманғали аса қабілетті оқымысты, жыланның жусағанын сезетін сұңғыла саясаткер. Еліміздің және Ақ Са- райдың ішкі, сыртқы ахуалын, қоғамымыздағы құбылыс- тарды қапысыз білетін әмбебап қайраткер. Алайда, биліктің маңында қашан да даңғаза, алашабыр топ қоса жүреді. Бұлар


«күн ашықта – мойныңда, күн жауында – қойныңда» бола- тын әккі жырындылар. Көзің қиып лақтырып та тастай ал- майсың. Ал, егер алда-жалда қағажу көрсе, дүниені был- ғайтын да осылар. Міне, осындай алары бар да, берері жоқ, өлермен тобырдан Иманғалидың аулақ жүретіні қуантады.


Тасмағамбетов мырзаның қазақ зиялыларының ордасы – Алматы қаласы әкімі орынтағына жайғасқанына да көп бо- ла қойған жоқ. Алматы Авгидің атқорасы секілді қоқсыққа батқаны туралы дабылдар құлақ жарған кезде  оны  таза- лау кімнің қолынан келеді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың таң- дауы Иманғалиға түскені бекер емес. Елбасы қателескен жоқ. Иманғалидың болашағынан үміт күтетінін де білдірді. Сөйтіп Иманғали бүл шаһардың бәленбай жыл қалғып қал- ған шенеуніктерін қазанның салқын желіндей сергітті. Ты- пырлап әрекет етуге көшті. Баяғы Атыраудағыдай тонна- тонна қоқыс шығарылды. Біраз жарлы-жақыбай баспаналы


 


болып қалды. Шынында да қазыналы кентіміз азып кеткен екен-ау! Асанқайғы жарықтық сонау заманда Алматыны көр- генде: «Үш Алматы деген жерге бардым. Сарымсағы сабау- дай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым», – депті. Бұл қалаға кезінде «Я не понимаю людей, которые из Алматы уезжают на курорты» деп Н.Хрущев те тамсанып кеткен. Енді бұл қаланы әлем тамсанатын шаһарға айналдыру міндет болды.


Иә, ойымызды түйіндеп, шылбырымызды шумақтайтын сәт те келді-ау деймін. Біз бәрібір қанша сайрағанымызбен, ол өмір сүрген уақыттың ішінде жүргендіктен шын қайраткер, ұлт қамқорының нақты орнын анықтай алмаймыз. Енді бізге сонау өткен ғасыр басында қырылып қалған, ел бағына туған көксерек топтың тағдырларын ойлап опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айналайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұра алмайды! Ендігі үміт осыларда!


«Қазақ әдебиеті», 23.12.2005 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу