01.03.2022
  202


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ОТҚА ДА ТүСіП ЕЛі үШіН, ПәРуАНА бОЛғАН ЕСіЛ ЕР...

Жер асты қозғалыстарының әлдебір сиқыр құдіретімен ғайыптан пайда болып, кейін байтақ әлемнің төрінде мәңгі- бақи орнап қалатын ақар-шақар асқар шыңдар сияқты, адам- зат алдындағы қадір-қасиеті тек бір ғана ғұмырдың ауқы- мымен өлшенбейтін елден ерек ересек тұлғалар пенделер арасында да арагідік ұшырасады. Туғанына 200 жыл толғалы отырған дауылпаз ақын, қазақ халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбет сияқты ғажайып тұлғалар – біздің қалғып кеткен санамыз- ды селт еткізетін, таптала бастаған рухымызды қайтадан ал- даспандай қылпылдатып қоятын қасиетті бойтұмар сияқты екен-ау! Осынау ұланғайыр далаға иелік ету үшін, осын- шама шалғайлықты қаусыру үшін осы бабалардың шалқар даналықтары мен асқан ерліктеріне дәл бүгін ерекше бір ділгірлік туындап отыр.


Күні бүгінге дейін дала рухы өзгелерден гөрі қазақтарда тұтасырақ сақталғаны дәлелденуде. Наркескен – намыс, жал-


 


ған сөйлемеу, бауыр үшін жанқиярлық, тәуекел мен мәрттік, бәлкім, уақытша ғана бой тасалар, бірақ өзі өліп қалса да, күлден қайта жаралып, заңғар көкке қайта көтерілетін феникс



  • құс сияқты осы құндылықтар ерте ме, кеш пе қазаққа қайта оралады. Бәрібір діл жеңілмейді. Бірақ, қамсыз отырудың тағы жөні жоқ. Қазаққа тарихи сана қол ұшын беруге тиіс. Ол тек «аталарымыз мықты» деген дарақы мақтанға емес, сол аталардың не себепті қасірет шеккенін зерделегенде ғана қол ұшын бере алады.


Табиғат бір Махамбеттің басына батырлықты да, ақын- дықты да аямай бере салған. Есіл ер қасарысқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда, найзасымен іліп түскен, тіл- мен тіліп түскен, семсерімен ойып жіберген, сөзімен сой- ып жіберген. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар осы қүдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тари- хында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға! Махамбеттің басқа ақындарда кез- деспейтін, тек өз басына ғана тән ерекше бір қасиеті мынада: басқа ақындар хан-сұлтандарды мінегенде, халыққа істеген қиянатын айтқанда, бетіне тура келіп айта алмаған, көбі сырт- тай мінеп, сынаған.


Махамбет хан-сұлтандарды өз сарайының, өз үйінің тө- рінде көздерін бақырайтып қойып, қаймықпастан айтқан.


«Хан емессің, қасқырсың Хас албасты басқырсың. Дұшпаның келіп табалап, Аямай сені басқа ұрсын. Хан емессің ылаңсың, Қара шұбар жылансың. Хан емессің аярсың,


Айыр қүйрық шаянсың»,


деп тура Жәңгірдің өз ордасында отырып, ханның бетіне қышқыл шашқандай қылып, уытты өлеңді төгіп тастайды. Ел билеушісінің қайсар жырмен өтін жара жаздаған арғы-бергіде Махамбеттен басқа кім бар? Тіпті «көмекей әулие» атанған атақты Бұқар жырау да Абылайға дәл бұлай деп айта алған жоқ.


 


Халық көтерілісінде жорық жолын жырлайтын ақындар болған, олар сарбаздарға дем беріп, жігерлендіріп, бұрынғы өткен батырларды дәріптеп, үлгі-өнеге етіп жырлай білген. Бірақ, Махамбет сияқты көтерілістің көсемі дәрежесіне же- те алмаған. Ал, Махамбет халықтың Исатайдан кейінгі екін- ші көсемі болған, сондықтан көтеріліс Исатай-Махамбет кө- терілісі деп аталады.


...Қасарысқан жауына Қанды көбік жұтқызбай Ерлердің ісі бітер ме?! –


деп Махамбет үйінде отырып, ошақ басында айтпаған, қан- жығадан қан кешіп, қол бастап жүрін айтқан.


Махамбет көтеріліс көсемі дәрежесіне қалай жетті? Міне, осы жерде Махамбеттің тағы бір қасиеті жарқ етіп шыға келеді. Исатай мен Махамбет киер киімнен, ішер тамақтан кенде болмаған, малы да, малының қонысы да жеткілікті, дәулетті, хан-сұлтандармен терезесі тең болған. Солай бола тұрса да, бұлар өз бастарын құрбандыққа шалып, зұлымдық торына қамалған қарындас халқының ортасынан табылды. Махамбетте екі арман кетті. Біріншісі – елдік, екіншісі – ер- лік. Елдік арманы сол – тар қапасқа тап болған халқын ер- кіндікке жеткізе алмады. Ерлік арманы сол – ата жауымен қан майданда айқасып, қаруын қапысыз сілтеп, қан кешіп жүріп мерт болмады, бұғып келген қарақшының қолынан қапыда кетті.


Осы орайда дарынды ақын, марқұм Сағат Әбдуғалиевтің мына бір шумақтары есімізге оралады:


Аяулы анаң – ақиқат та, атаң кек, Төрелердің тәтті қанын татам деп. Бөрілермен бөрілерше белдескен


Сен менен де бақыттысың, Махамбет! Төс етіңді майыстырып тас тірлік, Қуаныш па? Көжектейін қашты ырғып. Садақада сапырылысқан жұртыңа, Жаугерлікте бұйырмады бас бірлік.


Заман деген, заман емес – қари түн,


 


Бытырадай бөлініпті жан ұйқың. Басың кетті, мынау мылқау даланың, Адамдыққа жеткізем деп «әр итін»... О, Махамбет!


Ақын бабасының көкейінде кеткен зар тілегін, өкінішін немересі тап басып айтудай-ақ айтқан емес пе? Жалпы, Иса- тай-Махамбет көтерілісінің патша әскерінің араласуымен қан-жоса қылып басылуына, қазақтың хан-сұлтандарына ел- дің әйгілі тұлғаларын қырық пышақ қылып айдап салуда Ре- сей империясының залым саясаты да қыруар рөл атқарды.


Мысалы, «Айқап» журналының бетінде жарияланған «Ре- сейдің Қазақстанды отарлау тарихы мен оның салдарына» арналған мақалалар арасында журналдың 1913 жылғы №20 және 1914 жылдың №1 сандарында жарияланған Шардай Қа- расарт баласы мен «қазақ емес» деген бүркеншік есіммен берілген белгісіз автордың «Қазаққа алалық қайдан келді?» деген бір тақырыппен басылған екі мақаланың маңызы ерек- ше деп айтар едік.


Алғашқы мақалада Шардай Қарасарт баласы Петербург- тағы императордың көпшілік кітапханасында сақтаулы тұр- ған Ресей заңдарының жинағында екінші Екатерина патша- ның шығарған құпия бұйрығының барлығын, кейін ол бұй- рықтың Орынбор генерал-губернаторына арналған заң ре- тінде қабылданғандығын және оны 1775-1780 жылдары шық- қан заңдар арасынан еш қиындықсыз табуға болатындығын айта келе, мынадай үзінді келтірген:



  1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын, екінші ру басшыларымен араз етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болы- ңыз.

  2. Сұлтандарын бір-бірімен араз қылып, бір-бірімен иттей тартыстырып, бірін-бірі қан-жоса қылатындай іс қылыңыз.

  3. Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамда- рымен өшіктіре түсіңіз. Арасына от түскен уақытта екі жақ та жанып кетердей асқынатын жымысқы әрекеттер даярлаңыз.


Осылайша арасына от тұтатып, береке-бірлігін алсақ және өзара азып-тозып, қырық пышақ болып қырылысқан кез-


 


де жеңген жағын да, жеңілген жағын да қолдап отыру керек. Түрлі амалмен сұлтандарының күшін кетірсек, әбден сілік- песі шыққан бұратана халық Россия патшалығынан ұзап еш- қайда кете алмас, тілегенімізше қақпалап отыруымызға жақ- сы...


Міне, осы Ресей империясының залымдық отына жалғыз Исатай, Махамбет емес, кешегі Кенесары – Наурызбай, мың- даған жалаңтөс ерлер аңдамай күйіп кетті. Әрегіректегі атқан оғын Еділден әрі бошалатқан қайран бабалар да осы бір аяр аранға топырлап түсіп, бармақтарын шайнап, ғайыпжалған сандығына өкініш-арманын қоса арқалап, біржола сіңіп жо- ғалды...


Антрополог ғалымдардың айтуынша, удан өлген адамның сүйегінде жүздеген жылдар бойы әлгі у сіңіп жата беретін көрінеді. Міне, сол сияқты залым патшалар ділімізге арман- сыз сіңіріп кеткен алауыздық, екіжүзділік, көмпістік сияқ- ты жаны сірі оңбаган қылықтар мен құлықтар біздің тұла- бойымыздан әлі арылып болған жоқ. Жоғарыда айтып өт- кеніміздей, осынау ұланғайыр далаға иелік ету үшін, осын- шама шалғайлықты қаусыру үшін, қулығы мен сұмдығына құрық бойламайтын XXI ғасыр көшіне ілесу үшін әсіресе, дәл бүгінгі күні Махамбет рухына деген сұмдық ділгірлік ту- ындап отыр.


Ал, Махамбет болса:


Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай,


Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жастанбай,


Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!


деп, өзі көз жұмғаннан бергі 150 жыл бойы әйгілі жырлары- мен ерлік қоңырауын қағумен келеді.


«Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» дейді Абай. Ендеше, осы көп импрамның, ырғын шуылдақтың бойынан


 


қорқыныш пен үрейдің, бойкүйездіктің қанды іріңін мәжбүр- леп отырып сығып алатын кімдер?


Олар – елдің игі жақсылары, ұлт зиялылары! Ал, осылар- дың бойынан ынсап, тәуекел, иілсе де сынбайтын алмас-қа- жыр жойылар болса, онда ұлттың беті құбылаға қарады дей беріңіз.


Дәл бүгін Махамбет тірі болса, әлімжеттік жасап отырған- дарға:


«Күшті, күшті дегенге Көтере берме бұтыңды Кептіре берме ұртыңды. Күндердің күні болғанда Өзіңнен мықты жолықса


Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді», –


дейтініне күмән жоқ.


Барлық заманда да айдың, күннің аманында халықтың жұтқа ұшырауы саясатшылардың, ұлттық зиялыларының маңдайына қарғыс таңбасы болып басылып отырған. Кешегі Америкадағы мыңдаған бейбіт адамдардың қырылуын тер- роршыларға жапқанымызбен, түп негізі осы елдің игі жақ- сыларының, саясатшыларының айналасындағы елдерге жа- саған әпербақандығынан туындап отырған жоқ па?


Солтүстіктен қорғасын бұлттай төніп келе жатқан сұра- пыл соғыстың сесінен шошынып, ауған халқы қу жанын шүберекке түйіп, күні кеше шартарапқа шашырап кетті. Осы лықсыған қалың босқынның ішінде қанша мың қазақ – қа- рындастың тағдырын бір Аллаға тапсырып, айдалаға қаң- ғырып жоғалғанын білеміз бе? Әркім әр түрлі дерек айтады; біреулер Ауғанстанда қазақтар 300 мың түтін, енді біреулер 100 мыңның шамасында дейді. Қалай болғанда да аз жан емес. Адам бойына Алла дарытқан қасиет бәрібір тіршілікте көрініс бермей тұра алмайды.


Елдің бағына туған сонау Исатай мен Махамбет, кешегі 30-жылдардағы әлеумет десе жұлынын үзіп беретін көксерек топ бүгінде тірі болса, көрінгенге кірме боп, еңіреп жүрген панасыз жүртын әй-шайға қаратпай туған топырағына ертіп әкеліп, ерулік беріп, өгейлік көрсетпей бейбіт өмірге қайта қосар еді. Иә, олар сөйтер еді, оған екі дүниеде де шүбәңіз


 


болмасын... Ендігі жерде ұлттық рухты тірілтуге, Отанды сүюге, атамекенді жан сала қорғауға әуелі атқамінерлеріміз аттанбаса болмайды. Әйтпесе, серкелері ылғи бұғып қалып, опық жеген қалың ел арындай-арындай шаршады, жан аяр- лыққа көшті, қорқақтыққа, босбелбеулікке бет алды...


Тәңірден басқаға «тәйт» дегізбеген қайран Исатай, Махам- беттердің қайсарлыққа суарылған шарболат рухы бізге дәл бүгін қажет болып отырғаны сондықтан. Жыл өткен сайын ғаламдастыру дейтін «ортақ көрпе» саясаты әлемді еңсеріп келеді. Осы саясаттың шылауына іліккен жастарымызға От- ан, Туған Жер деген жәдігерліктердің құны көк тиын болып қалмас па екен? Оны айтасыз, Елбасымыздың алдында АНТ берген кейбір шенеуніктер үй айналмай жатып, осы қасиетті қағиданы аяқ асты етуін қалай түсіндіруге болады?


Осындайда дауылпаз ақын, көзсіз батыр Махамбеттің қол- аяғы кісендеулі тұрып, Орынбор генерал-губернаторы Перов- скийге айтқан мына сөзі есімізге түседі: «Генерал-губерна- тор мырза, егер қолыма бостандық пен билік берсеңіз, жер- суымды, байтағымды, атамекенімді келімсектерден тазартар едім...»


Мұны естіген Перовский Махамбетке аң-таң қалады. «Ба- сын кессе де тайынбайтын нағыз көкшуланның өзі екен, рухы неткен биік еді патшағардың, мұнымен тәжікелесіп абырой таппаспын, бүтін бір елді өзіме қарсы қойып алармын» деп, Махамбетті абақтыдан босатып жібереді.


Жойдасыз ерлігіне, дауылпаз ақындығына орыс генерал- дарының өзі еріксіз бас иіп, бостандықка жіберген қайран Махамбетті ақыры аты қазақ, заты хайуан өзіміздің жендет- тер қапияда торға түсіріп, 1846 жылдың ескіше ақырап ай- ында басын кесіп алды. Әзиз қан жібере ме, кейіннен жауыз Ықыластың өзі де жанымен арпалысып, қиналып өлді.


Тайманұлы қаза болғаннан кейін ер Махамбет Исатайды жоқтап былай деп еді:


...Қызғыштай болған есіл ер, Қайран да жұрттан не көрді?.. Ал сол:


«Еділдің бойы ен тоғай, Ел толтырсам деп едім,


 


Жағалай жатқан сол елгe, Мал толтырсам деп едім», –


деп, егіле армандаған, ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген қай- ран Махамбетке біз не көрсеттік?!


Міне, туғанына 200 жыл толғалы отырған халық қамқоры, дауылпаз ақын, астана халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбеттің ең болма- са елдік армандарын, өлмес рухын қайта жаңғыртып, алдағы ғасырларга алып өтсек арман не?!


«Заң газеті», 26.01.2003 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу