01.03.2022
  162


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ШЕШЕНДік өНЕР ҚАғАЗғА АуыСҚАН бА?

«Батырды кез келген әйел туады, биді ілуде біреуі туа- ды» деген сөз қалыпты бұрынғылардан. Ойлап қарасақ, атам қазақтың осы афоризмінде сынаптай салмақты мән жатқан сияқты. Өйткені тумысынан тура би таңдайынан жарылған шешен болатыны әлімсақтан белгілі. Соған қарағанда ше- шендік өнер де қанмен даритын қасиет болуы керек.


Біз «сөйлесе судай төгілген, тыңдаушы бордай егілген» дүлдүл шешендерді көрген жоқпыз. Көзін көргендер, сөзін тындағандар Мұхтар Әуезовті: «Әуелі қолтығы сөгіліп, құ- лағының түбі терлемей бауырын жаза алмайтын тарланкөк сияқты мұрнын саумалап, кібіртіктеп, сәлден кейін әйгілі мұ- хит ырғағына түсіп, біраз уақыт тынбай төкпектететін ділмәр еді» дейді. Біздің соңғы толқынға бұл ғұламаны көруді тағдыр жазбады...


Ал, Асқар Тоқпанов білімпазды көзіміз көрді. Өзінің ал- дындағы өрен үздіктер мен сұңғыла шешендердің сарқытын- дай болған марқұм Асекең де қолына қағаз алмай, қара сөздің қаймағын жиып сөйлейтін хас шебер еді.


Ойлап қарасақ, шешендік өнері – сиқыр әлемі. Мысалы, бір көрген адам қызыға қоймайтын Александр Пушкин Ре- сейдің сол кездегі маңдайына басқан сұлуы Натальяның мы- сын құртып, қаптаған граф, князь, бай-бағыланнан тартып алуы – жойдасыз шешендігінен еді. Ендеше, шешендік өнер қазаққа да жат емес. Біз кешегі қарсыласын жарқын теңеу- лермен матап, бір сөзбен сылқитып, өлтіре соққы беретін текті билердің ұрпағы емес пе едік?!


Қазір шешендік былай тұрсын, өз ойын жүйелеп, қағазға қарамай айтып шығудың өзі мұң болып барады.












 
  

 
















201



 

Әсіресе, елдің «сорпа бетіне шығарлары», былайша айт- қанда «билері» біреудің бадырайтып жазып бергенінің өзін оңашада бір оқып алмай, табан астында мінберге шығып, шатасып, қай жерге келгенін ыңырана тұрып іздеп, өзі емес, тыңдаушыларының бетін шиедей қылады. Бұл кешегі таяқ- сыз алға баспайтын соқырдай, алдындағы қағаздан айрылса қараң қалатын, анда-санда тамағын жібітіп су ішіп қойып, ду


 


қол шапалақтаудың буымен мылжаңдай беретін қартаң бас хатшылар мен партия ардагерлерінен қалған жұқпалы індет еді. Дәл осы індетті кезінде тап басып көрсеткен Бауыржан Момышүлы болатын.


Ол 1944 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Коми- тетінің хатшысы Әбдіқалыковқа «Қазақ тілі туралы пікір» де- ген атпен хат жазып, осы бір мешелдікті былайша көрсетеді:


«Қай заманда да ана тілімен таза сөйлеп, шешендік, шебер- лікпен ойындағысын айта, ұғындыра білу, ел басқарған халық азаматтарының салт-санасы, ақыл-мөлшері болып келген. Ол жағынан біздің халықтың тарихында да мысалдар көп-ақ.


«Қисындыра қаласаң, отын жанар, қиыстыра сөйлесең, халық нанар» деп айтқандай, елге шешендікпен мысал-мұра бо- лып, тарихта атын қалдырған қазақтың атаулы ұлдары да аз емес.


«Тапқыштық, шешендіктен кім алса атақ, халық соны ке- тіпті «би» деп атап» демеп пе еді ақын. Осы кезде үкімет қыз- метіндегі азамaттapдың арасында ылғи орысша сөйлеп, жа- зып, баяндама жасау әдет болып, әуеске айналып кетуіне тый- ым салынып, қазақша шешендік, сұлу, шебер сөйлеу салт- сана, ердің сәні болуға айналса – жұртшылығымызға үлкен абырой болар еді»...


Осы бір қайталанбас абыз қасиеттің жоқшысы болған Бау- кеңнің өзі де туа бітті шешен еді. Және біздің бүгінгі ана тілін білмейтін «орыс тілді» сұңғылалардай емес, екі тілдің де су төгілмес жорғасы болатын.


Оған 1944 жылы КСРО Жазушылар одағының үйінде Мәс- кеу зиялыларының таңдайын қаққызып, 3 сағат бойы зал- ды сілтідей тындырып, қағазсыз сөйлеген әйгілі шешендік өнері куә. Ұлы Баукең 1944 жылдың өзінде жоғалып бара жатқан, көпшілікті өзіне тәнті ететін ғажап өнер туралы қауіп айтқан болса, қазір бүл дәстүр тіпті адыра қалғанға ұқсайды.


«Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады» деп Абай ағзам айтпақшы, сол көкіректегі көрікті ойдың көрігі әлдеқашан өшіп қалса, әлгі пенде несін айтпақ?


Осыдан мың жыл бұрын жазылған әйгілі «Кабуснама» кітабында: «Кісі сөз өнерін білетін шешен болуға тиіс. Ей,


 


перзентім, сен де шешен бол, сөйлей білгін, бірақ жалған сөйлеме.


Сөйлеген сөзіңнің мағынасына мән бере білмесең, мы- салы, сен де бір құс сияқтысың. Мұндай құстың атын тоты дейді. Тоты құс та сөйлейді, бірақ ол сөздің мағынасын біл- мейді. Шешен кісінің сөйлеген әрбір сөзі халыққа түсінік- ті және оның өзі халықтың әрбір сөзін жете түсініп, жоғары дәрежеде меңгерген жағдайда ғана айтуға болады. Мұндай жандар ақылдылар тобына жатады. Уақытты ұтымды пай- даланып, сөзді көп тыңдап, сөйлеу өнеріне жаттыққан жан түбінде шешен болады» деп жазылған.


Ендеше, шешендік өнер адамзаттың келбетін одан әрі әрлендіре түсетін абзал қасиет екенін басында саңлау, кө- кірегінде көзі бар жан айтпай-ақ ұғатын болар.


«Жас Алаш», 23.06.2001 ж


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу