01.03.2022
  146


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ШЕТЕЛДік АЛАяҚТАР ЕНДі Аң-ҚҰСҚА АуыЗ САЛДы МА?

 


«Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы ша- лымды болса ғана мал қайтпақшы», – деп ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, бүгінде ел байлығын жан-жаққа тарақандай тасыған құлғаналарды құрықтайтын ең шалым- ды қуғыншы – кеден болып отыр. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Новосибирскіден қазақстандық екі ұры ұсталғанын, олар Үлбі металлургия комбинатынан жарты тонна цирко- ний металын қымқырғанын, Шымкент–Стамбул–Шымкент бағытындағы чартерлік рейстен ҰҚК-нің қызметкерлері ұш-


 


ақтың дәретханасына тығып қойған бірнеше кило алтын тап- қанын бұрынырақта жазғанбыз. Одан беріде елімізді тонау тоқталған жоқ. Алматы әуежайынан алыс шетелге кетіп бара жатқан 3,5 тонна қара уылдырық та тәркіленді.


Өткен жылдың 21-ақпанында Қытайға қарай кетіп ба- ра жатқан 12 вагон ағаш өнімдеріне тосқауыл қойылды. Ал, жақында Астрахань шекарашылары Атыраудан жарты тон- на қызыл балықтың шабақтарын тірідей алып шыққан алаяқ- тарды ұстады. Үстіміздегі жылғы наурыз айының аяғында Қытайға 90 тонна сиыр терілері еш кедергісіз өтіп кетті. “Қорғас” кеденінің бастығы Ерлан Тілеубаев: “Құжаттардың өте ұқыпты дайындалғандығы сонша, әуелде біз олардан кү- діктенбей, шекарадан жібере салдық”, – дейді. Тіпті, енді қорқаулар Қазақстанның табиғи байлықтарын тонағаны еш- теңе емес, жеріміздегі аң-құс, тасбақаға дейін ауыз сала бас- тағаны таңдандырады.


Жақында “Төле би” кеден бекетінде қорғансыз тасба- қаларды тиеп алып бара жатқан көлік ұсталды. Сезікті ма- шинаға кеденшілер жақындағанда-ақ осы тауарларды артқан екі өзбекстандық өз елінің шекарасына сіңіп кеткен. Сегіз қапқа тиелген тасбақалардың ұзын саны – 840. Оңай ол- жа тапқысы келгендер обал-сауапқа қарамайды. Өткен жы- лы да шетелдіктер 4500 тасбақаны елімізден ұрлап бара жатқан жерінен қолға түскен болатын. Бұл контрабандалық тауарлардың маршруты Қазақстан-Ресей-Польша-Франция екені сезік тудырмай қоймайды. Ал, Францияда бір тасба- қаның өзі 60 долларға бағаланып, одан жасалған тағам аса қымбат көрінеді.


Кезінде ақбөкеннің мүйізі пұл болып, шетел асқанын та- лай рет тілге тиек еткенбіз. Соның салдарынан текесінен ай- рылған ақбөкен азып-тозып, азайды. Ал, өткен жылдары Мойынқұмда өсетін “Сұңғыла” атты шөптің тамыры да Жоң- ғар Алатауынан асып жатты. Бұған да таң қалып қана қой- ғанбыз. Ауыл адамдары қолдарына тиген азын-аулақ қаржыға қуанып қала берген. Тұрар Рысқұлов ауданының маңынан қытайлықтар сәл қызғылт түсті жыландарды жинай бастап- ты. Осындай жыланды ұстап берген жергілікті адамдарға әлгілер бір жарым мың теңге беретін көрінеді. Және жыланды


 


тірідей алады екен. Біреулер, қытайлықтар жинаған жыланды “американ кобрасы” десе, екіншісі “Қазақстан кобрасы” деп аталатын жыланның аса сирек түрі дейді. Ал, осы тауарлар- ды елімізден қытай әкетеді, оны ешкім ашып айта алмайды. Себебі, қытайлықтардың арып-ашып, бұл жыланды не үшін жинап жүргендерін де ешкім білмейді. Аңымыздың мүйізін, шөбіміздің тамырын алғандар енді тау-тасымызға өрмелеп, жылан, тасбақамыздың түгін қоймауға айналғаны қалай? Әуежай, теміржол кеден бекеттеріндегі қызметкерлердің ай- туынша, елімізден тасып әкетіліп жатқандардың есебіне же- ту қиын көрінеді. Бағалы, сирек кітаптар, құнды қолөнер бұйымдары... бәрі бар секілді. Тіпті жақында бір шетелдік- тен аса “ғажап” тауар тәркіленіпті. Ол 50 шақты қаншық қасқырдың сарпайын (жыныстық мүшесін) алып өтпек бол- ған. Бұл неге қажет болғанын білгенде кеденшілер таңырқа- ғандарынан бастарын шайқапты. Әлгіні қылмыстық тауар- дың екі бетіне жапсыра салса, небір иісшіл иттердің өзі түк сезбейтін көрінеді. Қаншық қасқырдың жыныстық мүшесі шетелдерде бірнеше жүз долларға багаланатыны анықталды. Мұны әсіресе, героин тасушылар сәтті пайдаланатын сияқты.


Иә, Қазақстаннан не ұрланбай жатыр дейсің?


Жақында (АиФ Қазақстан №22, 2003) биология ғылымы- ның докторы, лаборатория меңгерушісі Фируза Тілеубердина Ұлттық Ғылым академиясы зоология институтынан мамонт- тың еті ұрланғанын ашына жазады. Міне, енді ұрлық мұра- жайларға ауыспасын деңіз. Қысқасы, құзырлы органдар ғана емес, қалың көпшіліктің өзі бас болып, қырағылықты арт- тырмаса, қорқаулар елімізді үптеп кететін түрі бар.


«Көзқарас», 16.07.2003 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу