Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  406


Автор: Абдрахман Асылбек

Бар екен ғой...

Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ата даңқын аяққа таптатпайтын
Бар екен ғой жігіттер, бар екен ғой.
Тіл жойылса, осы біз кім боламыз?
Кім боламыз – сусыған құм боламыз.
Ата тек пен айрылсақ атымыздан,
Шұқшалармен тегі жоқ бір боламыз.
Ең әуелі Құдайдың құлымыз ғой,
Тең құқылы халықтың біріміз ғой.
Тіл байлығы жөнінен тңдесі жоқ,
Қазақ деген керемет ұлымыз ғой.
Екіншіден, Ислам – мұсылманбыз,
Бір Аллаға мойынды ұсынғанбыз.
Тіл мен діннен айрылсақ қасиетті,
Көрінеміз қай елдің түсынан біз?
Осы жайдың төркінін ұқты Мұхтар,
Қазағым деп ту ұстап шықты Мұхтар.
Қаншама жыл тілім деп шарқ ұрса да,
Кім табылды Мұхтарды мықты құптар?
Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ер жігіттер Әбіштей бар екен ғой,
Бар екен ғой – қайыспас нар екен ғой.
Ойсыздарға отырған биліктегі
Лауазымды екен деп илікпеді.
Қазақ тілін білмесең, қазақпын деп,
Жүрсіңдер деп несіне, шүйліккені.
Шенеуніктің көбінің түрі қазақ,
Кімі орыс, білмейсің кімі қазақ?
Сөйлемесе көсіліп өз тілінде,
Қазақ болып қалмайды, түбі азап.
Жоғалтпайық, жарандар, тілімізді,
Қорлатпайық мұсылман дінімізді.
Құрметтейік қастерлеп, хан көтеріп,
Мұхтар менен Әбіштей ұлымызды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу