Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  429


Автор: Абдрахман Асылбек

Қазақ деген

Қазақ деген – батыр халық,
Жерін жауға бермеген.
Әрбір сөзі нақыл халық,
Елін дауға бермеген.
Қазақ деген – ақын халық,
Өлең болып өрілген.
Жақсылыққа жақын халық,
Мейір болып төгілген.
Қазақ деген – әнші халық,
Жүректерді тербеген.
Өнердегі шам-шырағы
Өмірлікке өрлеген.
Қазақ деген – күйші халық,
Саз суырған әлемнен.
Той-думанда биші халық,
Мың бұралған әуенмен.
Қазақ деген – дара халық,
Кең даладай пейілі.
Қазақ деген – дана халық,
Әмбебапты бейімі.
Қазақ деген – жарқын халық,
Жаны жайсаң, көңілді.
Бүкіл әлем жатыр танып,
Бұл күндері елімді.
Қазақ деген – батыр халық,
Жерін жауға бермеген.
Әрбір сөзі нақыл халық,
Елін дауға бермеген.
Қазақ деген – ақын халық,
Өлең болып өрілген.
Жақсылыққа жақын халық,
Мейір болып төгілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу