Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  109


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұтыс пен ұтылыс

Алдамшы бір үмітке ерік бріп,
Қалтамдағы барымды беріп-беріп,
Талай күнді батырдым желіктеніп,
Талай таңды атырдым кеміктеніп.
Бір күн тәтті татқаным, бір күн ащы,
Көзден ұйқы,
Көңілден күлкі қашты.
Ұстатпайды-ау құрғырың, ұстатпайды,
Бұралаңға салып бір «түлкі қашты».
Қолым шықпай, қиналып жүрдім кілең,
Бірде желім оңымнан туды білем.
Сонда өзімді сезіндім сиқыршыдай,
Дөңгеленткен жер шарын кіндігінен.
Мол ақшаны қалтаға тыға бердім,
Бір-ақ сәтте қомпиып шыға келдім.
Алаңдатты көңілді аспан асты,
Тар көрініп кең үсті мына Жердің.
Теңіздейін толқыдым,
Көбік шаштым,
Табысымды тартынбай төгіп-шаштым...
Барады екен көн қатса қалыбына,
Таз қалпыма түстім де, солық бастым.
Қандай қайран күтесің, кәне, менен?
Ұтам ба деп тағы да дәмеленем.
Ұры уақыт зымырап өтіп жатыр,
Жеткізетін жер емес мәре деген.
Алдамшы бір үмітке ерік беріп,
Талай күнді жоғалттым желіктеніп.
Алдамшы бір үмітке ерік бріп,
Қалтамдағы барымды беріп-беріп,
Талай күнді батырдым желіктеніп,
Талай таңды атырдым кеміктеніп.
Бір күн тәтті татқаным, бір күн ащы,
Көзден ұйқы,
Көңілден күлкі қашты.
Ұстатпайды-ау құрғырың, ұстатпайды,
Бұралаңға салып бір «түлкі қашты».
Қолым шықпай, қиналып жүрдім кілең,
Бірде желім оңымнан туды білем.
Сонда өзімді сезіндім сиқыршыдай,
Дөңгеленткен жер шарын кіндігінен.
Мол ақшаны қалтаға тыға бердім,
Бір-ақ сәтте қомпиып шыға келдім.
Алаңдатты көңілді аспан асты,
Тар көрініп кең үсті мына Жердің.
Теңіздейін толқыдым,
Көбік шаштым,
Табысымды тартынбай төгіп-шаштым...
Барады екен көн қатса қалыбына,
Таз қалпыма түстім де, солық бастым.
Қандай қайран күтесің, кәне, менен?
Ұтам ба деп тағы да дәмеленем.
Ұры уақыт зымырап өтіп жатыр,
Жеткізетін жер емес мәре деген.
Алдамшы бір үмітке ерік беріп,
Талай күнді жоғалттым желіктеніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу