Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  228


Автор: Абдрахман Асылбек

Ас беру

Асымыз бар, бауырлар,
Келіңіздер, қауымдар.
Бұл жиыннан қалмасын
Алыс-жақын ауылдар.
Ата салты – ас беру,
Аталарға бас беру.
Артылам деп өзгеден,
Міндет емес бәс көру.
Дастарқанды жайып әз,
Ұсынамыз дайын ас.
«Өлі разы болмаса,
Тірі сірә байымас».
О, халайық, халайық,
Өлгенді еске алайық.
Аруақтарды ардақтап,
Бата беріп тарайық.
Үлкен-кіші жасымыз,
Қосылыпты басымыз.
Аруақтарға атаған
Қабыл болсын асымыз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу