Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  174


Автор: Абдрахман Асылбек

Көктем

Япыр-ай,
Қандай көктем мына көктем?
Нұр болып бар табиғат тұна кеткен.
Бұлбұлдар мың құбылта күйге басып,
Ағады асыр салып бұлақ өктем.
Ақ гүлмен алма бағы күмістеніп,
Жұтасың жұпар исін тыныс кеңіп.
Кигені кең даламның пүліштеніп,
Жаңбыр да жауып жатыр ырыс төгіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу