Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  96


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұл өмір керек қылмас құлшылықты

Бұл өмір керек қылмас құлшылықты,
Сүйенген тіл-жағына жыршылықты.
Сол деп ұқ сөнбейтұғын тіршілікті –
Көгертіп қадап кетсең бір шыбықты.
Түбінде кім құтылған шын ажалдан?
Жалынды жүректерде тұнады арман.
Өзіңмен аяқталса мына жалған,
Атақ-даңқ кімге керек тына қалған?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу