28.02.2022
  431


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ҰЛТТыҚ, экОНОМИкАЛыҚ МүДДЕ АЛПАуыТТАР бОДАНыНА АйНАЛМАуы кЕРЕк

«Минут ұрыс тағдырын шешеді, сағат шайқас тағдырын шешеді. Ал, тәулік бүкіл мемлекет тағдырын шешеді», – де- ген орыстың әйгілі қолбасшысы А.В.Суворовтың тамаша сөзі бар. Біз осы тәуелсіздік алған он жеті жылдың ішінде ұлттық мүдде, экономика тұрғысынан бірталай ұтылыстарға жол беріппіз.


 


Нағыз өтірік соғыс кезінде, сосын аңшылықтан кейін және сайлау алдында айтылады дегендей, біз халықты жалған ақ- парлармен алдандырып келіппіз.


Кешегі қайта құрудың ми батпағынан сілесі қатып шыққан жұртымыз әлі күнге дейін ит мініп, ирек қамшылаумен алға жылжуда.


Тамырынан толғап қарайықшы, біздің осы кедейшілігім- іздің сыры неде? Батыста ит басына іркіт төгілген қайғысыз қоғам баяғыда орнаған. Үлт пен тіл мәселесі жоқтың қасы. Экономикасын даңғыл жолға салып алған. Сұраныс пен ха- лықтың тауар сатып алу мүмкіндігі ешқашан төмендеген емес. Бұған олар сырттан тасылған байлық арқылы қол жет- кізген.


Халқымызға шыр бітірмей келе жатқан негізгі кесепаттар


– сыбайлас жемқорлық пен орынсыз ысырапшылдық.


Кезінде мұнайдан түскен есепсіз ақшаны берекесіз шашып жатқан жұртын көріп, Сауд Арабиясының бұрынғы королі, Фахдтың әкесі «кеше ғана түйеден түсіп, «мерседес» мінген араб, мұнайдың табысын бұлай шаша берсе, қайтадан түйеге мінбесіне кім кепіл?» – деп ренжіген екен.


Осы ырғын ысырап бізде де қайталанып жатыр. Бірақ, көзге шұқып, жонымыздан таспа тіліп, ескертетін ешкім жоқ. Енді мына ғажапқа қараңыз: еліміздегі жария болған ал- ты миллиардер (шетелдік сарапшылар Қазақстанда миллиар- дерлердің саны жиырмадан асатынын үнемі айтумен келеді) соңғы жылдары өз табыстарын 36 пайызға дейін шарықта- тыпты, бұл, дәлірек айтқанда елдің жалпы ішкі өнімін басып озды деген сөз. Біздің билік XX ғасырдың басында АҚШ-та орын алған «жабайы» капитализмді елге зорлап таңып, одан


өлсе де айрылғысы келмейді.


Егер тек корпорациялар мен акционерлердің ғана езуле- рінен ақ май аға беретін болса, онда бізге мұнай «шаттығы» неменеге қажет?


Ал, халық мұндай жалмауыз, қорқау әрі көршеңгел эко- номикалық моделді тіпті де қаламайды. Сонда жаңа төңкеріс- ті күту керек пе, не істеуге болады?


Тереңірек үңілсек, бұл қырсықтан қан төкпей-ақ айналып


 


өтер төте жолдар бар. Мысалы, Еуропа біраз уақыттан бері экономиканың осы моделін басшылыққа алып дәуірледі.


Бұл модель мынадай үш киттің үстінде тұр:



  • Аса байлар мен корпорацияларға салықты барынша кө- бейту.

  • Тиімді еңбек заңдылығы және ықпалды кәсіподақ.

  • Әлеуметтік қорғауды кемелдендіру, денсаулық сақтау саласын және зейнетақымен қамтамасыз ету саласын барын- ша күшейту.


Сонау жылдары Еуропа елдері алдағы болар төңкерістер- ден сескеніп, амалсыз осы моделді қабылдап, ақыры екі жеп биге шықты. Қазір кемелденген социализмге жеткен бұрынғы КСРО емес, Еуроодақ болып отыр.


Ал, бүгінгі Қазақстанда зейнеткерден де, табысы төмен ау- ыл мұғалімдерінен де, олигархтар мен ірі монополистерден де 10 пайыздық табыс салығын ұстайды. Осы да әділеттік пе? Енді мынаған назар салыңыз, үйдің бағасын көтеріп-кө- теріп, 21 шетелдік риэлторлар 15 миллиард доллар пайда та- уып, Қазақстаннан тайып тұрған. Кеткені ештеңе емес, сор- латқанда олар қайтып келіп, арзан үйлерді кері сатып алып,


тағы қанайтынын кайтерсің!


Ішкі өнім 9-12 пайызға өсті деп күпінеміз. Анықтап қа- расақ, осының бәрі болмашы нәрсе. Өйткені, мемлекет табы- сын инфляция көз алдымызда опырып жеп жатыр!


Өзі ештеңе өндірмеген ел айдың, күннің аманында жұтқа ұшырамағанда қайтеді?


Осының айқын мысалын маңғыстаулық сатирик Әзірбай- жан Конарбаевтың мына бір сықақ өлеңінен көруге болады:


«Оттық, шырпы – Псковтан келді, Шұлық, шалбар – Бішкектен келді. Ыдыс, аяқ – түріктен келді,


Тәтті кәмпит – Киевтен келді. Сары май – АҚШ-тан келді,


«Дәрі май» – латыштан келді. Ине – Шанхайдан келді,


Түйме – Алтайдан келді. Емшекқап – Венадан келді, Майшабақ – Ленадан келді.


 


Иіссу Парижден келді,


Жеміс-жидек – Тавризден келді. Картон-қағаз – Омскіден келді, Колбаса-шүжық – Орскіден келді.


Міне, осылай келіп жатыр, келіп жатыр, Құдай беріп жатыр!...


Дегенмен, көріп жүрміз көзімізбен –


«Самопал арақ» өзімізден...


Міне, әзіл де болса, ащы да болса, шындық осы!


Біздің министрлер – экономистер әр жыл сайын Давосқа барып, еліміздің байлығын игеруге шетел капиталын топыр- латып әкелуден жалықпайды. Ал, өзіміздің байлар отандық өнеркәсіпке бір тиын да салмайды. Мұның сыры неде?


Бүгінде шетелдердегі қазақстандық инвестиция 36 мил- лиард долларға жеткен. Яғни, бір сөзбен айтқанда, еліміздің салықтан жиналған қыруар қаржысы Панама мен Жаңа Зе- ландия, Литва мен Хорватия арасында жосылып жатыр. Бір ғана Мұхтар Әбіләзовті алайық. Осы алпауыт күні кешеге де- йін Мәскеу, Баку, Санкт-Петербург қалаларындағы ірі жоба- ларды қаржыландырып келді, енді ол Украинаның Борисполь қаласында ірі онкологиялық және кардиологиялық ғылыми орталықтың құрылысына 130 миллион доллар құйып от- ыр. Және Әбіләзов болашақта осындай орталықты Болгария мен Түркияда да салдыратынын мөлімдеді. Ал, Әбіләзовтің колындағы кыруар қаржы жеті атасынан мұраға қалмағаны белгілі. Ендеше, олар өз отанынан неге қашқақтайтыны түсініксіз.


Біз жыл сайын шикі мұнайды экспорттауды үдетіп келеміз. Осы мұнайды химиялық жолмен өңдегенде одан 2000-нан астам өнім алынады екен. Қазір еліміз Польшадан әлгі мұ- найдан жасалған кір жуатын ұнтақтарды алтынға балап са- тып алуда.


Айта берсең, барлық салада да төбе шашыңды тік тұрғы- зар деректер жетерлік.


Кейбір тәуелсіз сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қазақ- станның аграрлық саладағы күллі құнарлы жері Кулагин, Те- рещенко және Мәскеу мэрі Лужковтың және басқа да санаулы адамның меншігінде екен.


 


Тіпті балық өсіретін барлық көлдер мен тоғандарды да монополистер бауырына басып алыпты. Сондықтан да бо- лар, жақында Ресей астанасы Мәскеуде нан қымбаттап, жұ- рт дүрліккен кезде қала мэрі Юрий Лужков: «Қазақстан тұр- ғанда Мәскеу нансыз қалмайды», – деп нық сеніммен айтқа- ны есімізде.


Біз тәуелсіздік алғаннан бері талай нәрсеге талпынып көрдік, көлік те, трактор да, вагон да жасамақ болдық. Бірақ соның бәрі адыра калды. Сонда біз қайда беттеп барамыз өзі? Жоғары технологиялы елге айналудың орнына, шикізатпен ғана жан баққан мешеу елге айналғанымыз ба?


Елдің мүмкіншілігін есептемейтін, тек статистикаға жү- гінетін парықсыз экономистер 2020 жылы жан басына шақ- қанда, табыс 2700 долларға жетеді деп өзеурейді. Егер сол кезде нанның бағасы 100 доллар болса, мұндай өсімнің адыра қалғаны дұрыс емес пе?


Кез келген мемлекеттің экономикалық даму тарихына көз салсақ, барлығында да ел тұрғындарының азық-түлік қа- уіпсіздігі бірінші орынға шыққанын көреміз. Іргедегі алып Қытай өзінің ғаламат өрлеуінің басты тетігі етіп аграралық саланы таңдағаны белгілі.


Біздегі бұл саланың көзіңе жас әкелетін сорақылықтарын айтпай-ақ қояйық, тек қарапайым жүннің өзіне ғана тоқтала кетейік. Осы бір арзан әрі пайдалы шикізатты біз қалай пай- даланудамыз? 2005 жылғы дерек бойынша, еліміздегі жүн- нің 17 пайызы – Қытайға, 78 пайызы – Ресейге, 4 пайы- зы – Қырғызстанға сатылған. Қалған бір пайызын жұрт су өткізбес үшін қораларының төбесін жапқан. Шетелдіктер біздің жүнді жуылмаған күйінде әрі арзанға сатып алып отырған. Өйткені, жуылмаған жүннің құрамында ланолин де- ген шайыр бар. Ал, ол дегеніңіз, әйелдер колданатын түрлі кремдердің, медицинадағы дәрі-дәрмек жасаудың негізі. Мі- не, шетелдіктер кандай аяр еді десеңші! Ал, өз жүнімізді өзіміз ұқсата алмаған қандай сорлы едік! Жүнді аса бағалы шикізат тұтатын елдер, мысалы, Ұлыбританияда «Жүн ас- социациясы», Австралияда «Жүн корпорациясы», Жаңа Зе- ландияда «Жүн өндіру кеңесі», АҚШ-та, Францияда, Брази- лияда жүн кооперативтерінің федерациясы, Ресейде – Жүн


 


өндірушілердің акционерлік қоғамы бар. Осындай ұқып- сыздықтың салдарынан жүн өнімдері әсіресе, шұлық өнді- рудің өзі, 1992 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы 31 есе, тоқыма өндірісі 900 есе, аяқ киім 38 есе төмендеп кеткен.


Қалай дегенмен де, экономикадағы зығырданыңды қай- нататын қаскөйлік әрекеттер мұнымен де бітпейді. Енді мұ- найды қойып, шетелге уран сатуға көштік. Әлемде бірде-бір ел мұндай бейбастақтыққа бара қойған жоқ. Бұл ғажайып от- ын келешек ұрпақтың несібесі еді. Салыстыра қарасақ, 1 келі уран 1000 тонна мұнаймен тең. Биыл 2000 тонна уран өндіріп, шетелге сатамыз деп қазіргі үкімет алақанын ысқылап отыр. Мұндай иіс алмас билікке не дерсің?


Осы ысырапшылдыққа түңілген болуы керек, бір кезде марқұм М.Есенәлиев: «Рас, бір кезде жаппай оянармыз, сер- пілерміз. Бірақ, ата-бабамыз қалдырған кең-байтақ жеріміздің асты-үстіндегі байлығының көбі қайда кеткенін білмей дал болармыз!», – деп ашына айтқан еді.


Бүгінде мұнайдан, басқа да қазба байлықтан түскен ыбыр- сыған ақшаға самаурын қайнатқан, кекірігі азған алпауыт- тар, байлардың мекені Канн қаласына жекеменшік ұшағымен ұшып барып, кешкі ас ішіп қайтуды әдетке айналдырыпты. Олар «Бенье де куржет» ғажайып тағам және «Буйасбес» сор- пасы үшін Каннға отбасымен ұшып баратын көрінеді. Мұны құтырғандық, асып-тасқандық демеске амалымыз жоқ.


Және бұл дерекке таңдануға да болмас. Өйткені, таяу- да ғана Бас прокуратура Рахат Әлиевтің бір өзінен ТУ-134, ТУ-154 маркалы төрт жолаушылар ұшағын, үш МИ-8 тік- ұшағын тәркілеген жоқ па! Иә, уақыт шіркін бұйдасы басы- на түрілген сары атандай, ежелгі аяңынан жаңылар емес. 2013 жылдың 23 желтоқсанында 3600 жылға есептелген Майя халқының әйгілі күнтізбесі бітеді. Содан кейін не болмақ? Тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров бір сұхбатында: «Ға- рышқа қайтқым келеді. Мұнда не бар? Бәрі лас... Керемет ана жақта ғой!», – деген еді. Тоқаң дұрыс айтады, нағыз азат тірлік ғарышта, алайда біз сияқты бейбақтарға жұмыр жердің үстінде әлі сан жылдар азап шегуге тура келеді...


«Жұлдыз» журналы, №6, 2008 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу