28.02.2022
  594


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖЕМҚОРЛыҚ – ЕЛДің СОРы

Бүгінде қазақ халқы жемқорлықтан, той тойлаудан айна- ласындағы ұлыстардың алдына шықты, шенеуніктеріміз қымбат көлік міну жарысында көрші мемлекеттерге шаң қаптырды. Алайда, тойсыз өмірде не сән бар? Әсіресе, қазақ халқы той-томалақсыз жүре алмайды. Өзге жүрт қазіргідей тірлік үшін жанталас ғасырында тойдан гөрі ойға көбірек оңтай білдіруде. Той көп. Халықтьгң өз қаржысын өзінен аяй- мыз ба, тойлай берсін. Және «демеушілері» де бар шығар, бірақ сол «демеушілер» соншама қаржыны аспаннан алған жоқ, айналып келгенде ол да халықтың несібесі ғой.


«Ортаның малын олжа көрме,


Ол – халықтың дәулеті.


Оны шашқанды мырза деме,


Ол – халықтың нәубеті» –


деп Шәкәрім қажы қалай дәл айтқан!


Қарап отырсақ, айналамыздағы құдайы көршілер ай сай-


 


ын аста-төк той жасап, қырғын бәсеке өткізіп, жүздеген мил- лион долларға орта қол фильм түсіріп, ортақ қазанның ыры- сын шашып жатқан жоқ.


Той дегеннен шығады-ау, мысалы Жамбыл ақынның той- ын өз көзімен көрген Әбдеш Дайырбаев («Азат» газеті, 24.



  1. 2004 ж.) былай дейді: «Жамбылдың тойына екі мың үй тігіліп, екі мың ірі қара сойылды. Әр шаруашылық үш мил- лион теңгеден ақша аударды. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы


«Жаңашар» оқу-тәжірибе шаруашылығынан үш үй тігіліп, үш сиыр сойылып, дүкеннен жүз дана төсек -орын, сегіз күтуші апарылды. Бірақ оған үш қонақ келіп, үш жапырақ ет жемеді және бір адам да қонбады. Еттің бәрі сасып кетіп, ұра қазып көміп тастады..».


Міне, айтса айтқандай, осындай берекетсіздік, сұмдық ысырапшылдық елімізде әбден етек алып болды. Ал айнала- мыздағы мемлекеттер шет елдің маңдайына шертіп берген қаржысын той-томалаққа, қыздырма қызыл сөзбен күн өлтір- ген жиын-жәрмеңкеге өлсе де жұмсамайды.


Бүгінгі несие бергіштер ертең босағанда шабынып тұ- рып, қарызын сұрағанда, кең құлқынға ойланбай құйған мил- лиардтаған долларды қайта құсқанда, сасқаннан болашақ ұрпаққа бұйырмасты нәпақаға қол салуың ғажап емес. Әне, Латын Америкасы елдері, Колумбия сөйткен жоқ па? Бе- рілген несиені оңды-солды шашып, армансыз той тойлап, өздеріне зәулім сарайлар салды. Есептескен уақытта бүкіл қазба байлығы, жиған-тергені біреудікі болып шыға келді. Бүгіндері сол елдер есірткінің отанына айналып, еңсесін көтермеген күйі шөгіп қалды. Обалы кімге? Обалы осы елдің игі жақсыларына!


Шыңғыс ханның «Ұлы Жарғысында»: «Мемлекет қатал- дық пен қайырымдылықты қатар жүргізе білгенде ғана ны- ғаяды. Қарны жарылғанша мелдектеп тойып алған ұлыс би- леушісі, мыңбасы, жүзбасы әскери кеңеске келіп, кекірік атып отыратын болса және олар халықтың мүддесін ұмытып, қарақан басын күйттейтін болса, табан астында басы алын- сын», – деген жолдар бар.


Ендеше, біздің де әлемдегі ең қымбат көліктерді бәсе-


 


келесіп сатып алғыш, халықты ұмытып, жемқорлықтың ұйы- ғына белшесінен батқан, байлықтан кекірік атқан саба құрсақ шенеуніктерімізге осындай бір қатал үкім керек-ау!


Қазір қандай да бір тендер, иә болмаса келісімнің аста- рын ақтарсаңыз болды, жемқорлықтың бықсық исі аңқып қоя береді. Кез келген мемлекеттің іргетасын құмдай уатып, ыза суындай мүжитін аса қауіпті дерт бар – ол коррупция.


Кезінде ҚР Мемлекеттік кіріс министрі, мемлекеттік ке- ден комитетінің төрағасы Зейнолла Кәкімжанов «Время» газетінде былайша шешіліп: «Кәдімгі кеден бекетіндегі қа- тардағы қызметтің құны 3000 -5000 доллардың аралығында, халықаралық автоөткелдегі кеден бекеті жетекшісінің крес- лосы 100000 – 150000 долларға дейін, қызмет барысындағы заң бұзушылыққа «көзжұмбайлықпен» қарау 1000 доллар, контейнерлердің Қытай кеден шекарасынан кедергісіз өтуі 3000 долларға дейін...» деп кедендегі құтырып кеткен жем- қорлықтың нарқының көлемін айра-жайра ашып тастағаны үшін өзі де бір айдан кейін қызметімен қоштасты. Елімізде- гі темір жол саласының бірден-бір қожайыны – «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорны да жемқорлықтан сау емес екенін екінің бірі сезеді. Бір таңғаларлығы, осы кәсіп- орынның бұдан 3 жыл бұрын антимонополиялық заңды аяққа таптағаны, соның арқасында керекті құрал-жабдықтар сатып алуда тендердің дұрыс жүргізілмегендігі, тіпті бір адамның атына 11 фирма тіркелуі сұмдық емес пе? Кешенді тексеріс көрсеткеніндей, «Қазақстан темір жолында»  1000-ға  тар- та келісім заңсыз жасалған болып шықты. Мемлекеттің 10 миллиардқа жуық қаржысы талан-таражға салынған. Осы қылмысты іске тікелей жауапты Абылай Мырзахметов қазір түк білмегендей басқа бір лауазымды қызметтің тұтқасын ұстап отыр.


Экономикалық қылмыстардың түп-төркіні біздің шалағай, дүмбілез заңдарымызда жатқан сияқты. Үкімет те, депутат- тар да әлі күнге ашқұрсақ халық қажетін кәсіпкер есебінен өндіреміз деп өзеуреп қояр емес. Бірақ бұл мүлде теріс қадам екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Ең өкініштісі, бізде бір елдің заңдары мен заңдық күші бар актілерін (қаулыларын) көшіре салу белең алды. Мысалы, Шенген немесе офф-


 


шор аймақтарында тиімді болған заңдар мен талаптар бізді сазғa отырғызуда. Міне, осындай көр-жерден құрап жасаған күлдібадам заңдарымызды жемқорлар рахаттана пайдаланып, білгендерін істеп бағуда. Нанбасаңыз, мына дерекке назар салыңыз. Өткен жылы Үкіметтің күштеуімен қымбат бағалы металдармен заңсыз операция жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын ҚР Қылмыстық Кодексінің 210- бабының көзі жойылды. Не үшін екенін адам түсініп бол- майды. Бір қарағанда, Үкіметтің өзі қылмыскерлерге жа- сыл жарық жағып отырғандай. Ішің қыз-қыз қайнағанымен, қарсы әрекет етер қауқарың және жоқ. Қылмыстық кодек- стен 210-бап алынып тасталғаннан кейін қымбат бағалы ме- талдарды өндіру мен сатып алуда заңсыздықтың неше ата- сы балалап кетті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вале- рий Котович: «Қылмыстық кодекстің аталған бабы жойылған соң, алтын өндіру шахталарына іргелес жатқан елді мекен- дерде бағалы металдар мен заңсыз операциялар жасайтын қылмыстық топтардың белсенділігі күрт артып кетті. Олар құрамында алтыны бар кенді ұрлау мақсатында жұмыс істеп тұрған шахталарға кіріп, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатыр. Жалпы, қылмыстық топтар алтынды қолдан өндіру, қайта өңдеу және жарылғыш заттар- ды жеткізу, бағалы металдарды заңсыз сатып алу операцияла- рын жолға қойған. Қоғамға қауіпті бұл іс-әрекетпен күресуге қажетті құқықтық негіз жасау үшін Қылмыстық кодекстің бұрынғы 210-бабын қайта кірістіру керек», – дейді.


Депутаттың бұл ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тау- ып, реформа жөніндегі комитетінің қарауына алынды. Енді осы бап әлгі комитеттің тартпасында қанша жатары белгісіз. Бір күні оқыстан ұйқыларынан оянғандай болып депутаттар әлгі бапты талқылай жөнеледі. Әуелі ұзақ ырғасады. Сосын каникулға шығып кетіп, тынығып келіп, тағы мыжғылайды. Сол екі аралықта қылмыскерлер мен жемқорлар аларын алып, білгенін істеп болмай ма?


Міне, біздің жоғарғы мәртебелі Үкіметіміз бен Парламен- тіміздің заң қабылдаудағы сиқы! Осыдан кейін коррупция қайдан шыққан пәлекет деп таң қалуға бола ма? Пәруәрдігер- ау, түсінер адам болса, оны қолдан жасап отырмыз ғой!


 


Тағы бір айта кететін жағдай, ауыл шаруашылық өнімде- ріміздің де адымын аштырмай отырған осы аты өшкір жем- қорлық дер едік. Халық санағының соңғы статистикалық мә- ліметтері бойынша елімізде 14 миллион 800 мың адам бар болса, жан басына шаққанда 8,8 келі күріштен келеді. Не- месе жылына 130 мың тонна күріш пайдаланылады екен. Ал Қазақстанда жылына 180 мың тоннаға жуық күріш өн- діріледі. Өзіңіз ойлаңызшы, халықты толық қамтамасыз ете- тін ақ маржан күрішіміз тұрғанда неге сырттан күріш сатып аламыз? Міне, бұл жерде де жемқорлықтың иісі мүңкіп түр. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі өткен жылы қасақана Вьетнам, АҚШ, Ресейден 6,9 милли- он долларға күріш сатып алған. Бұл дегеніміз, ауылшаруа- шылығының бейнетқорларын аяқ асты ету емес пе? Осы секілді оспадарлықтан кейін аграрлық секторымыз қалай дамымақ?


Өткен жылы ғана «Қазақстандағы Қытай банкі» ЖАҚ-ы арқылы Алматыдан айдаһар еліне бір миллиардтан астам АҚШ доллары өтіп кеткені белгілі болды. Ал бұл банкке осы- лай істеуге лицензияны Ұлттық банкіміздің өзі берген. Міне, мәселе қайда жатыр!


Әлем халқының аузының суын құртқан ғарышкерлердің жеңсік дәмі – қара уылдырықтың да біраз бөлігі бізде өнді- ріледі. Осы бір құнарлы «қара тарыдан» ауқаттылар болма- са, қарапайым халық дәм татудан қалғалы қашан! Алтынға бергісіз қара уылдырық халқымыздың игілігіне пайдаланыл- са бір сәрі, ал рәсуә болса обалы кімге? Нанбасаңыз, мына де- рекке назар салыңыз: «Екі тонна қара уылдырық Қазақстан- нан Біріккен Араб Әмірлігі арқылы Швейцарияға жетті. Ал Еуроодақ Қазақстаннан жиырма жыл бойы қара уылдырық тасымалдауға тыйым салған еді. Швейцария консулдығы мен Кеден агенттігі Қазақстанға сұрау салғанымен ешқандай де- рек ала алмаған. Ақыры иесі табылмаған құны 2 миллион ев- ро тұратын 2 тонна қазақстандық қара уылдырық отқа оран- ды»: («Комсомольская правда» 10.12.03ж.).


Иә, «Қызғанғаның қызыл итке жем болды» деген осы емес пе? Бұл қылмыстың артында да әлдебір қазақстандық


 


лауазымды контрабандист немесе жемқор тұрғаны айдан анық. Әйтпесе, жай адам осыншама қымбат тауарды шетел- ге шығара ала ма?


Экономика және бюджет жоспарлау министрі Қайрат Ке- лімбетовтің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың бюджеті 5 триллион 850 миллиард теңге болды. Және «мұнай баррелі- нің бағасы 19 доллар» деген бағамен бюджет жобасын жаса- ған. Яғни, бюджет кірісіне әр баррельден 19 доллардан артық ақша есептелінбейді. Ал бүгінде Нью-Йорк пен Лондон бир- жаларында шикі мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 дол- ларды иектеп тұр. Сонда арадағы миллиардтаған долларлар қайда кетуде? Өйткені, қара алтыннан түсетін табыс бюджет- ке емес, тікелей Ұлттық қорға аударылады.


Ұлттық қор негізінен Норвегияның тәжірибесі бойын- ша құрылған. Онда Парламенттің Мемлекеттік мұнай қоры- ның жұмысын бақылауға үлкен өкілеттігі бар. Алайда, біздің қорымыз Президенттен басқаға есеп бермейді. Қазақстанда Парламент мемлекеттік табыс пен бюджетті бақылау құқынан мүлдем айрылып қалған.


Иә, естір құлақ болса, біраз нәрсе айтылды-ау деймін. Еліміздің барлық саласын жайлаған жемқорлық, қылмыс аж- даһасы ендігі жерде күш беруі екіталай. Ендеше, осы тажалға қарсы адал азаматтар қамшысын сайламаса болмайды. Осын- дай пәрменді күрес қана Отанымызды қатерлі дерттен аман алып қалмақ.


«Ақ жол Қазақстан», 26.08.2005 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу