28.02.2022
  225


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЕЛіМіЗ ЖүЗ ҰЛТТың МЕкЕНі, бірақ жанқиярлар мен жанбағарларды ажыратып алған жөн

 


Түптің түбінде адамзат үшін нағыз байлық алтын да, мұ- най да емес, өзінің туған Отаны, жері мен суы болып қа- латыны қазірдің өзінде айқындала бастады. Жер мен су үшін қырқыс өткен ғасырларда шиыршық атса, қанжоса майдан- дарға ұласса, бүгінде осы әрекеттер басқа мәнге ие болып, небір жымысқы, сұрқия, астыртын, айта берді қоқан-лоққы тәсілдермен жүргізіледі. Іргесі бүтін, мақсат-мұраттары ор- тақ, ризығын теріп жеп отырған топырағын Отаным деп қыз- ғыштай қоритын ұлт пен ұлыстарды ешқандай жау ала алма- сы белгілі.


Осы орайда, елімізді мекендеген жүздеген нәсілдердің бәрі бірдей Қазақстан үшін жаны ауырады деп ойлауға бола ма?


Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда дүр көтерілген ру- хани мұқтаждықтарымызға басқа ұлттар да түсіністікпен қа- рай бастап еді. Бәрін бүлдірген өзіміз болдық. «Тіл туралы» Заң қабылдап алдық та, қалай орындау керек екенін біл- мей дағдарып отырмыз. Тіпті, өзіміздің кейбір белгілі тұлға- ларымыздың ұшқары ойлайтыны таң қалдырмай қоймайды. Өзіміз төбемізге көтеретін, үлтымыздың мәйегіне айнал- ған Олжас Сүлейменов басқаша сілтейді: «Мен «Жердің бір- ден-бір қожасы – Қазақстан халқы» деген қағиданы Консти- туцияға енгізіп, оған «Жер және оның қойнауы Қазақстан халқының меншігінде болады» деген пікірімді тағы қайта- лаймын. Қазақстан жері қазаққа да, орысқа да, ұйғырға да, неміске де яғни, елімізді қоныстанған жүз ұлтқа да ортақ. Сөйтіп, қана барлық ұлттарды Қазақстанның патриоты қы- лып тәрбиелеуге болады. Осы процесті барлық халық бо- лып қолдап, тезірек іске асыру керек. Әйтпесе, аталмыш ау- ру асқына береді...» дейді. Оның үстіне орыс тілі мәртебесін мемлекеттік тілмен қатар қойғысы келеді. Бұған не дейміз??... Олжас ағамыз пайғамбар жасынан асқанда нәрестенің еңбегіндей бүлкілдеп, әзер-әзер ұйып келе жатқан ұлттық уызға тас лақтырғаны несі? Тас лақтырғаны емей немене, қазақ зиялыларының, көпшіліктің райыңнан қайт, бұл халқың


 


үшін «қайырсыз пікірден арыл» дегеніне Олжас Омарұлы мойын бұрмай, осы «қағиданы» қайталаудан жалықпайды. Және алқа-қотан топтың ортасында, ірі-ірі мінберлерден өзіне тән шешендікпен бипаздап тұрып жеткізеді.


Бір қарағанда Олжас Сүлейменов те қылышы мен найза- сын, сирақты мылтықтарын түнде басынан, күндіз қойнынан тастамай жүріп атакүлдігін қорғаған батыр шалдардың ұрпағы. Бірақ, ол барлық нәрсені бүкіл ғаламдық тұрғыда, планетаралық масштабта шешуге үйренген адам. Оның өмі- рінің дені гүл жайнаған Алматыда, Мәскеуде, шетелде өтті. Ақын ағамыз ерте көктемнен  қара  күзге  дейін  құм  суы- ра борайтын Маңғыстаудағы, Қызылордадағы, Атыраудағы


«арқасын күн жеген қара жауырын» бейнетқорлардың тір- лігін ғұмыры көрген жоқ. Олардың қой төлдету кезіндегі толарсағынан қи кешкен азапты өмірі оған, тіпті беймәлім. Ойлап қарасақ, солар Құдай қарғаған жандар ма? Осы апатты аймақтағы «өлермен бәдәуилерді», яғни қандастарымызды солтүстік облыстарға шоғырландырып сауықтыруды, самал- датуды осы ағамыз ойлады ма екен? Солтүстік облыстардағы, жер жаннаты Жетісудағы өзге ұлттардың бәрі де бір-бір тай- ды бір өзі жеке жеген бөрідей де, біз неге айдың, күннің аманында қаншырдай қатып жүрміз? Егер Олжекеңнің осы


«қасиетті қағидасы» іске асар болса, қазақ халқының ертеңгі тірлігі былайша өрбиді:


Үйінде екі-үш құрақ көрпесі мен бірер сырмағынан басқа сілкіп алары жоқ, онсыз да қайыршылыққа бет түзеген кей- бір отбасылар әбден қара қасқа күйге түседі. Ал, шұрайлы жерлердің дені осы елде әлі күнге әлеуметтік, саяси, мәдени жағынан үстем болып отырған орыс тілділерге бұйырады да, халқымыздың үлкен бөлігі патшалық отарлау кезіндегідей экологиялық эксперименттерден азып-тозған далада қалады. Содан кейін «күшігінен таланған, туғанынан төмпештелген» халық өзінен алыстайды, өткен тарихын, өзіндік «менін» ұмыта бастайды. Азат ойлар тұсауланып, адамдардың тір- шілікке ұмтылысы, ынта-жігері жасиды. Елімізді мекенде- ген жүз ұлттың ақсүйектері, қалталылары бірігіп, жергілікті халықты тірі өлік қалыпта ұстайды. Қазақ милләті кедей тұруы үшін барлық жағдай жасалады, онсыз да аз қалған


 


ұлттық байлық қорқаулықпен талан-таражға салынады. Осы бір әлемнің дамушы елдерін сазға отырғызып келе жатқан зымиян әдіс Қазақстанда да үстемдік ала бастады. Барлық халықтың сүйіктісі болып, «планетаның ортақ ұлы» атанған жақсы-ау, бірақ өз қағынан жеріп, өзінің туған жерін саудаға салып қойған перзент қандай ұшпаққа шықпақ?


Олжас Сүлейменовтің бұл пікірімен біз түгіл, ақ дәмімізді татқан еліміздегі өзге ұлт өкілдері де келіспейді.


Нанбасаңыз жорналшы Ж.Аупбаевпен сұхбаттасқан ұй- ғыр халқының зиялысы Азат Әкімбектің сөзіне құлақ түріңіз: («Таңғажайып тағдырлар» кітабында) «Жетісуда ұйғыр ав- тономиясын ұйымдастыру идеясының көңілге қатты түйткіл салатыны – Қазақстанның тәуелсіз ел болып, ту көтеріп, егеменді ел болған сәтінде бас көтеруі. Отарлық шырмауы- нан құтылған жас мемлекетті қаншама ел танып, дүние жүзі түгел ілтипат білдіріп жатқанда, сан жылдар қазақтың жерін жерлеп, суын сулаған ұйғырлар, орыстар, кәріс, дүнғандар қа- зақтың қолын қысып құттықтауымыз керек-ақ еді. Өкінішке орай, кейбіреуіміз олай етпедік. Ойлап қараңызшы, бүгін оны ұйғыр сұраса, ертең казактар, немістер талап етпей ме? Сонда қазақ мемлекетінен не қалады?


«Сен 1991-дің тамызында қайда болдың? Баррикаданың қай жағында жүрдің? – деп сұрау бүгінде Ресейде әдетке ай- налыпты».


Ал бізден: «Сен 1986-ның желтоқсанында қайда болдың? Баррикаданың қай жағында жүрдің?» – деп Қазақстанда бі- реу сұрады ма? Жоқ. Ұят та болса шынын айтайық, біз, бас- қа ұлттар, мұнда баррикадада болғанымыз жоқ. Алаңға қазақ- тан басқа ешкім шықпады. Біз өзімізге тиімді, немкетті бақы- лаушының рөлін ойнап, қорғаншақтық позицияға тығылдық. Қақпамызды жауып, ілгегін тас қылып бекітіп, өртеніп жат- қан менің жерім емес дегендей, ар-ұятымызды алдаған бол- дық. Ал, барып тұрған ұяттан безгендер бөркін аспанға лақ- тырып: «Сендерге сол керек, жазаңды әлі тартасың» деп та- балағандай болды. Егер, желтоқсанның сол бір ызғарлы күн- дерінде күрзіге жығылып, қан жоса болған қазақтың жас жігіті мен қызы бүгін бізден: «Сен 86-ның желтоқсанында қайда болдың?» деп сұраса, не айтар едік? Ештеңе де ай-


 


та алмаймыз. Олар мұны сұрамаса, бұл да қазақ жанының жайсаңдығы, кеңпейілділігі мен кек сақтамайтындығы. Ха- лық: «Қоныс іздеме, қоңсы ізде», – деуші еді. Біздің көбіміз – орыс та, ұйғыр да, неміс те, шешен де қоныс іздеген жоқпыз. Қоңсы таңдауға шамамыз да болмады. Тағдыр бізді қиын- қыстау кезеңде әкеп, Қазақстан жерінде, қазақтың кең жазира елінде тұруға жазыпты. Бұған да шүкіршілік».


Міне, ұйғыр халқының зиялысы, Азат Әкімбектің бұл тол- ғанысын тебіренбей оқу мүмкін емес. Бастарына күн туған тар кезеңде пана болған қазақ жерін, өздері әбден тойынға- сын, дал-дұл ғып жыртып, талап әкеткелі тұрған пиғылы ха- рам кейбір арантістерге сабақ болсын деп осы сұхбаттың жан толқытар жерлерін түгел жариялауды ұйғардық.


Азат Әкімбектің айтып отырғаны айна-қатесіз шындық. Қазақ халқының, бүтін бір мемлекеттің тағдыры шешіліп жатқан, ұл-қыздары қан жоса болып зәбірленіп, бірнешеуі атылып кеткен кешегі Желтоқсан оқиғасында өзге ұлт өкіл- дері миығынан күліп, қазақтарды табалап, рахатқа батты. Ен- ді келіп, автономия сұрау, теперіш көрген қазақ халқымен бір сапта тұрып, байлығымызға ортақтасып, күлше дәмету – пиғылын қалай түсінуге болады?


Мұндай масылдар құжынап тұрғанда Қазақстан қайтіп көктемек?


Ал, Олжас Сүлейменов осындай «жанбағарларға» қазақ жерін паршалап үлестіріп бергісі келеді. Осы орайда, елі- міздегі ірі кәсіпкер Кионака Сасаки мырзаның: «Қазақстан- да қазақтарға ұлттық менталитетті өзгерту керек, ылғи мейі- рімді бола беру жарамайды»... дегенінде  сырт  адам  ай- қын аңғарған ақиқат жатыр. Шынында да көрінгеннің көңі- ліне қарасақ, қараң қалатын түріміз бар екен-ау! Жақында Шығыс Қазақстан облысының ұлты орыс бір тұрғынынан көп мөлшердегі қару-жарақ тәркіленіп, өзі қамауға алынды. Оның үйінен қазақ жерін даулап жүрген Жириновский мен Ресейдегі фашистік ұйымның жетекшісі Баркашовтардың хаттары табылыпты.


Күн өткен сайын Өзбекстанға өтіп кеткен жер мәселесі де өңезі алынбаған шиқандай күлтілдеп барады. Біздің билік басындағылар «бұл мәселе біржола шешіліп қойылған, енді


 


оны қайта қозғауға болмайды, екі мемлекет арасындағы қа- рым-қатынас шиеленісіп кетуі мүмкін» деп тайсақтайды. КО- ДА информациялық агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте Қырғыз парламентінің заңдылықты бақылау комитетінің төрағасы А.Бекназаровтың талап етуімен осыдан екі жыл бұрын Президент А.Ақаевқа импичмент жарияланды. Өйт- кені, 1999 жылы Қытайға 90 мың гектар жер беру жөнінде А.Ақаев пен Цзян Цемин арнайы келісімге қол қойыпты. Есесіне қырғыз жағы Хан-Тәңірі шыңына ие болыпты. Ке- зінде құпия ұсталған бұл келісім қазір көпшілікке әйгілі бо- лып, әлеуметтің орынды ашу-ызасын туғызуда. Сонымен, Хан-Тәңірі біздің жерімізде деп жүрсек, ол әлдеқашан біреуге өтіп кеткен дүние болды.


Жалпы, Жер мәселесі – ел мәселесі, жер тағдыры – ел тағ- дыры. Біреудің жерін қулықпен алып иемденген халық еш уақытта бақытты болмайды. Мысалы, Ресей мен Қазақстан шекарасының 98 пайызы делимитацияланғанымен, екі па- йызы әлі күмәнді болып түр. Сол екі пайыз түбінде кімге бұйырады, ол жағы да белгісіз. Уақыт өткен сайын Қазақ- станда халықтың ең талмау тұсы – жер мәселесімен айналы- сушылар көбейе бастады. Тіпті, кейбір әкімдер өзінің құда- жекжатына, дос-жарандарына жер үлестіре бастағаны не сұмдық? Қазақтың әр сүйемі қырқыспен сақталған байтақ даласын бұлайша паршалауға олардың қандай құқы бар? Нанбасаңыз мына дерекке назар салыңыз: «1998 жылы Ал- маты қаласында I Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Осы халықаралық кино жәрмеңкесі аяқталғасын, Еура- зия киносына сіңірген еңбегі үшін актриса Лидия Смирноваға Қапшағай қаласының әкімі Зелинский екі гектар шұрайлы жерді сыйға тартты». (АиФ Қазақстан, №42, қазан, 1998 жыл). Aл, керек болса! Міне, нағыз басынушылықтың көкесі! Бұл не қылған аста-төк шүлендік?


Қазақтың есіл даласын сыртынан билеу, сыртынан үлес- тіру әлі жалғасып келе жатқанын ойласақ, шәрбат ішіп оты- рып, байқамай күшәла жұтып қойғандай ішің мұздап қоя бе- реді. Мына жағымыздан Қытайдың дабылы да үдеп келеді. Олардың айтар уәжі мынау: «Он бес миллионға жетер-жетпес халқы бар Қазақстанның екі миллион шаршы шақырым айла-


 


пат аймақты және бай өлкені мекендеуі әділетсіздік. Бұл дау- лы мәселені тез арада шешпесе болмайды». Біз XXI ғасырға аяқ басқан адамзат баласы ізгілікке бет алуда дейміз.


Ал, шындығына келгенде ат бауырынан қара қан ақта- рылған нағыз қанжоса майдан енді жақындаған сияқты. Осы орайда, әйгілі сөз зергері Әбдіжамил Нұрпейісовтің: «Біз – бәрібір ит жыртқан қара теріміз. Ең болмаса, тіс тигенде үн шығарып қалайық. Жұтса да, қақалып жұтсын» деген сөзін қаперге алған ләзім.


Қазақстан – қазақтар үшін әлемдегі жалғыз Отан. Ал, жерімізді мекендеп отырған басқа ұлттар мен ұлыстардың елімізді көркейтуге, қорғауға жан сала кіріспеуі қалай? Баста- рына күн туған тар кезеңде пана болған қазақ жерін өздері әбден тойынғасын дал-дұл ғып жыртып, талап әкеткелі тұр- ған пиғылы харам арантістердің көбеюі қалай?


Міне, еркіндік алғанымызға бір мүшел толып, ентігімізді басып, алды-артымызды саралап, аздап мігір табар сәтте осы бір көптің көңіліне қарап маңайлай бермейтін «нәзік тұсы- мызды» қайта адақтап шығуға қатал уақыттың өзі мәжбүр етіп отыр. Оның үстіне жыл еткен сайын «ашық есік саяса- тын» енгізудің өзі қауіпті болып бара жатыр. Екі мемлекеттің де азаматтығын алып, екі жеп биге шыққандар елімізді ке- лемін десе келетін, кетемін десе кететін отағасысы әлжуаз, көңілшек үйге айналдырған сияқты. Тіпті, көпшілігі барған еліне Қазақстанды жексұрын етіп көрсете отырып, сол ел- ден босқындар ретінде қыруар қаржы алып, оны тауысқасын елімізге қайта жылап-сықтап келіп, ежелгі  әуеніне  баса- ды. Осындай ұшарын жел, қонарын сай білетіндер сеңдей соғылысып жүргенде Қазақстан көшін қалай түземек? Қа- лай дегенмен де, «Өзіңнен кейін де өмір бар екенін, сенің ұрпағыңа да ішіп-жем, өpic, қоныс керек екенін ұмытпа» де- ген Шыңғыс ханның даналық сөзін әр қазақ баласы көкірегі- не тұмаршадай жасырып, иманшарттай жаттап жүрсе ел тұ- тастығына, жеріміздің әрбір сүйеміне нұқсан келмес еді-ау!


«Ана тілі», 15.01.2004 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу