28.02.2022
  160


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЗАңДАСТыРСАҚ, НАШАҚОРЛАРДы СөЗСіЗ ЖЕЛікТіРЕМіЗ

 


Бүгінде жер шарында есірткі бизнесі әлемдік экономи- каның күре тамыры мұнайды да артта қалдырды. Бұл нағыз гүрілдеп тұрған, супер табыс әкелетін салаға айналып бара жатқандығы шошындырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы кел- тірген деректер бойынша, есірткі саудасы айналымына 1 дол- лар салсаң, ол 12400 доллар болып оралады екен. Мұндай ақшаны күреп табатын сала бұрын-соңды тарихта болған емес. Бір кездері К.Маркс жарықтық: «Егер капитал 300 пай- ыз пайда табатын болса, бұл – барып тұрган қылмыс» деп еді. Ал, қазіргі біздің дәуіріміздегі 12400 пайызды естісе, «Ка- питалдың атасы» есінен танатын шығар.


Әлемде белең алып бара жатқан есірткі саудасының тұтас картелдері мен синдикаттарының кең етек жайып, айналасы- на қауіп төндіре бастағанын барлығы білгенімен, оны тұп- тұқиянымен құртудың амалын әлі ешкім таба алған жоқ.


Қазір Қазақстанға есірткінің төрт түрі – төрт тарапынан ағылып жатыр. Олар: Шу аңғарының марихуанасы, Ауған- тәжік бағытынан келетін опий, химфарм зауыттарынан заң- сыз шығарылған өнімдер және Батыс пен Ресейден келетін синтетикалық есірткілер.


Мамандардың айтуынша, қазір нашақорлардың 52 пайы- зы героинді қолданатындары белгілі болып отыр. Мемле- кеттік шекаралардың қалтарыс-бұлтарысы көп ұлан-бай- тақтығы, еліміздің географиялық жағдайының жайлылығы, оның үстіне сан ықылым замандардан бері қайнаған сауда жолының үстінде жатқандығын ескерген наркобарондар Қа- зақстанды планетадағы ең маңызды наркотрафикалық базаға айналдырмақшы.


Бip килограмм героин Ауғанстанда 700 доллар, Тәжік- станның шекаралық аудандарында – 900, Душанбеде – 1500, Қырғызстанда – 7000, ал Ресейде – 70000 долларға баға- ланады.


Бүгінде Қазақстанда әр жыл сайын есірткіге байланысты 20000 қылмыс тіркеледі. Бұл тажалмен күрес Кеңес одағы


 


кезінде де ұдайы жүргізіліп келген болатын. Бірақ шулыған қылмай, жабық жағдайда жүргізілгені көпшіліктің есінде бо- лар. «Жауырды жаба тоқығанмен» болмайды екен. Құтыра лаулаған есірткіге деген ынтызарлық – осы құпия күрестің бетпердесінің быт-шытын шығарды. Міне, еліміз 15 жылдан бері осы тажалмен ашық күресіп келеді.


1990 жылдары Қазақстанда 3797 нашақор арнайы есеп- те тұрса, бүгінде олардың саны 200 мыңнан асады. Бұл тек есепте тұрғандары ғана, ал қолға түспей, құмарын қандырып жүргендер қаншама десеңші!


Тіпті елімізге түрлі жолдармен келіп, медициналық, мақ- сатпен деген сылтаумен Шу аңғарынан сапалы есірткі қор- ларын теңдеп алғаннан кейін жым-жылас тайып тұратын ше- телдік фирмалар да көбейгенге ұқсайды. Осыдан біраз уақыт бұрын Шу аңғарына итальяндықтар келіп, Қазақстан Үкі- метімен келісіп, Шу аңғарындағы жайқалған кендірді меди- циналық мақсатқа қолдану үшін арнайы зауыт салмақ бо- лыпты. Итальяндықтар рұқсат алғаннан кейін, бірнеше тонна сұрыпталған есірткіні жинап-қаттап, бір түнде тайып тұрған. Жақында осы өңірге немістер келіп, 20 миллион долларға есірткі өңдейтін қазіргі заманғы комплекс салмақшы болып рұқсат алады да, олар да итальяндықтар сияқты Шудың сапа- лы өнімін сұрыптап алғаннан кейін, жасырын түрде Германи- ядан бір-ақ шыққан.


Есірткі саудасымен бірге «жұт жеті ағайынды» дегендей, терроризм т.б. атышулы қылмыстар қоса жүретіні белгілі. Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі та- сушылар 6 кило героиимен қолға түсті. Дәл қазір Орта Аз- ия мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да наркобизнес ал- дында дәрменсіздік танытып отыр. Бұл тажалдың күшін қайткенде бәсеңдетуге болады деген көкейкесті сауал бү- гінде күн тәртібінен түспей тұр. Есірткі саудасы күш бер- мейтінін түсініп, енді оның жеңіл түрлерін заңдастырып, сөйтіп республика көлемінде билігін жүргізіп отырған нар- кобизнес құрылымдарын осылай әлсіретіп, Үкімет есірткі саудасы мен оның таралуын, пайдаланылуын өз қолына ал- са деген пікірлер де үдей түсуде. Олардың алға тартатында-


 


ры – мысалы Голландияда есірткінін жеңіл түрлерінің еркін сатылатындығы. ІІІындығында Голландия мен Бельгияның үрдісін негізге алуға бола ма? Бүгінде көзге көрінбейтін қалталы барондар әуелі осылай жіберіп-тартып, өзінің харам ойларын көпшілік құлағына сіңіре түседі. Тасада отырып осы пікірдің әлеуметке қалай әсер еткенін қапысыз бақылайды. Әлдебір уақыт өткеннен кейін қайта көтереді, қоғамдық пікір қалыптастырады, ықпал етеді, тіпті күштейді, ақыры заңдастырады. Осы алпауыттарға есірткінің жеңіл түрлерін заңдастыру неге қажет болып отыр? Мұнайдан түсетін пай- да да шаш-етектен, бірақ 12400 пайыз пайда әкелетін нар- кобизнеске не жетсін! Міне, мәселе қайда жатыр! Олардың көкейін тескен осы бір ыбырсыған, жойқын ақша  ғой! Әуелі есірткінің жеңіл түрлерін заңдастырдық делік, алайда қазірдің өзінде ашық кетуге қорқып отырған, қоймалардағы тонналаған героин қожалары алақандарын ысқылап, қызу іске кірісті дей беріңіз. Былайша айтқанда біздің елімізде, қазіргі жағдайымызда есірткінің жеңіл турлерін заңдастыру дегеніңіз – бұл өртті бензин құйып өшірем деген сияқты аса қауіпті пиғыл болар еді.


Есірткінің, әсіресе оның күшті түрлерінің адамды маг- нитше тартатын қасиеті бар. Мысалы, медицинада мына- дай тәжірибе жасалған. Егеуқұйрықтың алдына өзі сүйетін тамақ пен күштi есірткі қатар қойылған. Егеуқұйрық сол бой- да есірткіні қарпып жей бастаған. Әрине, адам егеуқұйрық емес. Алайда, жыл өткен сайын бойдағы нәрді ілезде сорып алып, өлімге жетелейтін осы бір ажал көзі – ақ ұнтаққа ынтық жандардың артып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұл тажалдың әсіресе, жасөспірімдердің арасында кең етек алып бара жатқандығы шошындырады. Қорыта айтқанда, жеңіл есірткіні заңдастырамыз деп жүргенде, нашақорларды жап- пай желіктіріп, сөндіруі қиын өрт тұтатып алып жүрмейік.


«Ана тілі», 8.І.2004 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу