28.02.2022
  138


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖЕРіңЕ ТАбыН, АДАМДАР!

Біз күні кешеге дейін «Адамға табын, Жер енді!» деп осы ең аяулы құндылығымызға айбат шегіп, шіреніп келгенбіз. Әлгі ағаттығын түсінген ардақты ақынымыз кейіннен «Жері- ңе табын, адамдар!» деп киелі топырақтың алдында кешірім сұрады. Соған қарағанда дүниеде қатып қалған заң, пікір не- месе қарар жоқ сияқты. Бәрі уақыты келгенде кезегімен өз- геріп отырмақ. Сонымен ұзақ ыртасқа түскен «Жер туралы» кодекс жобасына соңғы нүкте қойылған тәрізді. Елбасы би- лік тармақтарының арасындағы кәсіби дауға ерік беріп, саяси дағдарыс тудыра жаздаған құжатты ұзақ зерттеу сүзгілерінен тиянақты түрде өткізе білді.


Президент бұл мәселеге байланысты ешқандай референ- дум болмайтынын ашық айтты. Сондай-ақ, ол жер дауын са- яси ойынға айналдыруға жол бермейтінін де жасырған жоқ. Енді осы жаңа кодекс бойынша, қазір ауылшаруашылық мақ- сатында пайдаланылатын 90 миллион гектар жер жекеге өт- пек.


«Күмәнді іске кіріспес бұрын зардабын ойла» дейді ха- лық даналығы. Жер сатылатын жағдайда туындайтын түр- лі құйтырқылықтарды жете саралаған Елбасы былай деді:


«Жер тегін таратылмайды, себебі, біз оны болашақ ұрпақтан қарызға алып отырмыз. Ал, «латифундистердің» немесе қа- лада тұратын көп мөлшерде жері бар ірі помещиктердің пай- да болуына жағдай жасамас үшін сатылатын жер көлемі шектеледі. Жерге жекеменшік құқығы азаматтығы өзгерген жағдайда күшін жояды. Ол азамат жерді мемлекетке өзі са- тып алған бағада қайтаруы керек. Мемлекет жердің пайдала- нылуы мен өнім беруіне қатаң қадағалау орнатады».


Жер сатылатыны туралы хабар құлағына тиісімен көпші- ліктің алабұртуы заңды құбылыс. Өйткені, «Жер туралы» ко- декс күнделікті қабылданып жатқан көп қарардың бірі емес, халықтың ең талмау тұсы ғой. Осы бір аса кірпияз, жеті рет өлшеп бір рет кесетін мәселеде елеусіз қателіктің өзі ертең үлкен өкінішке ұрындыратынын кәрі тарих талай дәлелдеді. Ендеше, бұл тұрғыда әлеуметтің алаңдауын орынсыз деуге болмайды. Алдағы ғасырда жас мемлекетімізді әрқилы шыр-


 


ғалаңға салатын да осы жер мәселесі екенін жүрегі құрғыр сезеді...


Жаулап алмай-ақ, қоқан-лоққысыз момақан күйде ағылып жатқан шетелдіктер күндердің күнінде өзеннің бір шетінен құйылған мұнайдай қазақ жерінің бетіне кілкіп шыға келсе қайтеміз?


1994 жылғы Парламентте жерді жекеменшікке беруге қарсы айтылған пікірлерге орай бір мықтының: «Жерімізді ешкім де қапшықпен алып кетпейді ғой!» дегеніндей, шы- нында да қазақтың ең құйқалы 110 миллион гектар жерін келімсектер ешқайда арқалап әкеткен жоқ, оның есесіне сол жердің нағыз иелерін шөл мен шөлейт өңірлерге ығыстырып жіберді де, орнына өздері қоныстанып алды және күні бүгінге дейін қоныстанып отыр!


Қазір Үкімет «болашағы жоқ ауыл» тұрғындарын өндірісті орталықтарға шоғырландыруды бастап кетті.


Ендігі жерде осындай болашағы жоқ 760 ауыл тағдыры не болмақ? Әлгі құйқалы жерлерді сатып алуға құлшынып отырған қалталыларға кешегі кеңес дәуірі кезіндегі дүкен- дегідей үнді шайына былжырақ тәттілерді, өтпейтін ащы шабақтарды қосып сататыны секілді, шөлейт аймақтан да бі- рталай жерлерді қосып сатса қалай болар еді? Ең болмаса, сол құлазып қалар 760 ауылдың өзегіне нәр тамар еді ғой!


Жалпы, жерді меншікке беру мәселесіне келгенде, «қала- лық», «ауылдық», «жерде жұмыс істемейтін», «істейтін» деп адамдарды жікке бөліп, олардың жерді пайдалану, сатып алу құқынан айыруға болмайды. Және жерді сатып алған адам сол маңайдағы өндіріс орындарын қоса сатып алады. Ал, он- дағы жұмысшылардың тағдыры не болмақ? Бұл жерде мем- лекет адамдардың еңбекпен қамтылатынына және олардың зейнетке шыққанға дейін ешқашан жұмыстан шығарылмай- тынына кепілдік беруі керек. Ягни, әлгі қалталы қожайынды барлық адамдарды түгелдей жұмыспен қамтуға, оған шама- сы жетпесе, жұмыссыздарға өтемақы төлеп тұруға міндеттеу керек. Әйтпесе, жұмыссыздар санын шектеу мүмкін болмай қалады.


Тағы бір түйткіл мынау: егер жерден түсер түсім оған жұмсалатын шығынды өтемесе, жер жекеменшік болған күн-


 


нің өзінде де, шаруа барын үйіп-төгіп, жерге жұмсай салмай, тек жердің табиғи ресурстарының есебінен өнім алуға мүм- кіндік беретін әрекеттерге ғана шығынданып, жердің барын сорып, қанауға мәжбүр болады. Мұндай халге шаруа өзі қан- шама нәтижелі істесе де, мемлекеттің жан-жақты ойласты- рылмаған саясатының салдарынан тап болуы ықтимал.


Иә, халық көкейінде күдік көп. Мысалы, А.Алекторов өз еңбегінде былай деп жазады: «Қазақтың жершілдік, жіктеуле- рі – ең бір үлкен апаты. Шекаралары айқыш-ұйқыш отыра- тын Жағалбайлы мен Арғын-Қыпшақ арасында тыныштық болмаған соң Орынбордың генерал-губернаторы Перовский Орск бекінісінен Березовскийге дейін әскери поселкелер ор- натқан. Бұған қазақтың 40000 шаршы шақырым тоғайлы, сулы, қара топырақты жері кеткен. Сонда Жағалбайлы да, Арғындар да, Қыпшақтар да «маған да, саған да жоқ» деп той жасапты».


Егер жер сатыла қалса, Алтайдан шығып, Астраханға де- йін бір түйір ащы құртсыз-ақ жүре беретін қаймана қазақтың арасына жік түсіп жүрмей ме?


Тағы бір айта кететін басты мәселе – мұндай жер саяса- ты басқа ұлттар шоғырлана қоныстанған аудандар мен облыс- тарда сеператизмнің бас көтеруіне түрткі болуы да ғажап емес.


Осының бәрін сарапқа сала отырып, қашан елімізде қа- зақ халқы заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де өз жеріне то- лыққанды ұлт ретінде еш күмәнсіз және алаңсыз ие болған- ынша, одан соң – жер қатынастарының еліміздегі бүкіл эко- номикалық-әлеуметтік, тарихи-ұлттық, саяси-аймақтық ерек- шеліктері мұқият ескеріліп, ешқандай дау-дамай, айтыс-та- ртыс, қақтығыс-кикілжіңдерге жол бермейтін механизм құ- рылғанша жер сату мәселесін байыппен, тәжірибе жинақтай отырып, саты-сатылап жүргізсе оңды болар еді.


Тіпті, ұзақ жылдарға жалға берілген жерлердің өзі бүгінгі Семей, Арал, Балқаш, Азғыр, Нарынның кебін киіп, радиаци- ямен, химикаттармен уланып, бүкіл қадір-қасиетінен, қазына- байлығынан айрылып, түкке жарамсыз өлі жер қалпында қай- тарылмасына да қырағылықпен қараған жөн.


Оның үстіне шетелдерде тарыдай шашылып жүрген 4 ми- ллион қандасымыздың да тағдырын ойламасақ тағы болмай-


 


ды. Және демографиялық ахуалымызды дұрыстап алмай, осы батыл шешімге кірісіп кеткеніміз ағаттық емес пе деген ұры сауал санаңды дамылсыз шиырлайды.


Иә, XXI ғасыр қолға, аяққа емес, миға салмақ түсетін ға- сыр болмақ. Мемлекетімізге тиесілі Ұлы байлықтар: Жер, жер асты қазбаларын, өзен-суларды көздің қарашығындай сақтауды баламыздың баласына үйретіп кетсек оңды болар еді. Өйткені, оларсыз мынау аласапыран өмір базарында біз- дің құнымыз көк тиын ғой!


«Ана тілі», 17.07.2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу