28.02.2022
  214


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ҚАЗАНы бөЛЕкТің ҚАйғыСы бөЛЕк...

Шығыста «Жеңімпаздарға сот жоқ» деген тамаша нақыл айтылады. XXI ғасыр басталысымен жаһан халқы өзінің кеткен есесін түгендеп, алдырғандарын бүтіндеуге көшті. Ресейдің өзі II Николай патша кезінде 900 жәшікке тиеліп, Британия асқан 45 тонна алтынын даулай бастады. Ал Жа- пония Ресейден Куриль аралдарын сұрауды үдете түсті. Үндістанның саясатшылары бодан болған жылдары өз ел- дерінен қарақшылықпен әкетілген әлемге әйгілі «Кох-и- нор» гауһарын Лондоннан үздіксіз талап етуде. Ресей қару- лы күштерінің сапында әскери қызметтерін атқаратын татар


 


сарбаздары: «Біздің намысымызды таптайтын, ата-бабалары- мыздың рухын жерлейтін Куликов шайқасындағы орыстар- дың ерлігін дәріптеу доғарылсын. Әйтпесе біз бұл елдің әс- кер қатарында қызмет етуден бас тартамыз» деп қатаң талап қойды. Оның үстіне татар әйелдері де: «Біз мұсылман еліміз, ендеше төлқүжат суретіне басымызға орамал тартып түсеміз» деп жатыр. Біз мұның бәрін неге тізбелеп отырмыз? Өйткені сан жылдар бойы жиналған мың-сан мәселе кешегі КСРО- ның заңды ізбасары Ресейдің мойнына түсіп отыр. Мұны қас пен көздің арасында шеше салу да мүмкін емес. Қазіргі ТМД аймағындағы мемлекеттер басшыларының санасын- да «Дүниеде мәңгілік достық жоқ, тек саяси мүдде ғана бар» деген батыс саясатшыларының қасаң қағидасы шегеленіп қалған.Тәуелсіздік алған осы 13 жылдың ішінде ешбір мемле- кет өзінің шын досын әлі ажыратып алған жоқ. Тең дәрежелі достық қана көп шырғалаңның түйінін шеше алады. Ашығын айтқанда, жыл өткен сайын өзіміздің сенімді жағалауымызды таңдау мәселесі өткірленіп келеді. Мұхиттың арғы жағынан Америка мекіренеді. Көп ғасыр бодан болып қалған шошы- малы жүрек оған да көп сеніңкіремейді. Оңтүстік Шығыстан құйрығымен жер сабалап, үрейімізді ұшырып Қытай айда- һары тұр. Осы екеуін салыстыра келгенде, үш ғасырдан бері ішек-қарнымыз араласып кеткен Ресей әлдеқайда жақын емес пе? Атам қазақ «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» демей ме? Міне, 2004 жылғы «Қазақстандағы Ресей жылы» кезінде


«ас ішіп, аяқ босатудан» гөрі бірігіп шешетін атанжілік са- уалдар иін тіресіп түр. Және бір айта кететін нәрсе – бұл жерде дәйек пен білікке келгенде тыпыр еткізбейтін шешен, ақмылтық дипломатияның мерейі үстем болмақ.


Соңғы кездері әсіресе Ресейде ұлтшыл шовинистік ұйым- дардың құрылуы, Баркашовтардың өз идеясын еркін наси- хаттауына жол беруі ішіңді жиғызбай қоймайды. Егер нан- басаңыз, белгілі суретші Олег Куликтің мына сөзіне назар салыңыз: «...это означает, что в стране набирает силу фашизо- идный вектор» десе, кинорежиссер Карен Шахназаров: «Ес- ли то, что я наблюдаю последние дни, называется демократи- ей, то это ужасно» деп түңіледі. Осы екеуінің сөзінен-ақ біраз нәрсені аңғаруға болмай ма?


 


2003 жыл «Қазақстанның Ресейдегі жылы» ретінде атап өтілді. Осыған орай, Санкт-Петербургте қазақ өнері мен мә- дениетінің күндері өтті. Ресей мен Қазақстан арасында басқа да саяси және экономикалық келісімдерге қол қойылды. Елі- міз өзінің азусыз, кемиек дипломатиясының «арқасында» та- ғы да бірталай нәрседен құр қалды. Мысалы, Ресейде мил- лионнан астам қазақ тұрады. Солардың көпшілігі – білімді адамдар. Іштерінде атом, энергетика, кибернетика, ғарыш са- ласының да үздік мамандары бар. Ең өкініштісі сол, Ресей- дегі Қазақстан жылында соларға ешқандай көңіл бөлінген жоқ. Неге солардың бірде-біреуі Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланбайды?


Тіпті Ресейдің шекаралас аудандарының басшылық орган- дарында да қазақтар мүлде жоқ. Мысалы, Астрахань, Орын- бор, Омбы облыстарында қандастарымыз көп шоғырланса да, билік маңына бірде-біреуі жолатылмауына қалайша таң қалмайсың?


1922 жылы Ленин Арал балықшыларына зар жылап от- ырып мынадай жеделхат жолдады: «Ресейді бұрын-соңды болып көрмеген алапат аштық жайлады. Сіздер аулаған ба- лықтарыңыздың бір бөлігін аштықтан ісіп-кепкендерге, 8 миллион күйзелген еңбекшілерге, бәрінен де бұрын қырылып кетуі мүмкін 7 миллион балаға беріңіздер...»


Басқасын айтпағанның өзінде, қазақ халқының осы бір қамқорлығын зерделі халық өлсе де ұмытпас еді.


Британияның кәрі көкжалы Уинстон Черчилль бірде: «Са- ясаттың да серті болады. Оның біріншісі – кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде ешуақытта кешікпеу керек. Шешімді де тез қабылдаған жөн...


Екіншісі – асықпау. Ұлттық мүддеге нұқсан келетін, я бол- маса аяқ асты етілетін жағдайда шешім қабылдауға ешуақыт- та асықпау керек. Сағыздай созып, сөзбұйдаға салып, оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету керек» деген еді. Міне, осының сөзі сөз-ақ! Жер сұраса, солқ еткізіп бере салу, мұнай сұраса, қотара салу сияқты түбінде опат қылатын ша- руалар бізде шаш-етектен.


«Айқын», 16.8.2004 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу