28.02.2022
  235


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

МҰНАй ДЕгЕН ҚАНы ғОй ЖЕР-АНАНың...

 


Егер қазіргідей шикі мұнайды шетке лықылдатып са­ та беретін болсақ, өзіміз өңдей алмасақ, онда мың есе пай­ да беретін отандық химия өндірісін көрге тығарымыз ай­ дан анық.


 


«Алтынға апталып қалған шығар...»


Талай пенденің арманы болған үшінші мыңжылдықтың да табалдырығын аттағанымызға біраз болды. Осы бір адамзат баласының кемелденген ғасырына біз қандай күйде кірдік?


Қаншама желпінейін десең де, бір зілмауыр пәлекет еңсен- ді езеді де тұрады. «Тағдыр адамдарды ала-құла қып, сағасы бір, арнасы бөлек екі өзендей бірін байлыққа, бірін кедейлік- ке баяғыда-ақ бет алғызған ғой» деп қолды бір сілтейін десең, іргеңдегі Батыс, анау Американың күллі жұрты тоқтықтан


 


ықылық атып отыр. Соған қарағанда, бүкіл әлеумет тойын- бай тұрып, бүкілхалықтық мереке жасаудың өзі жартыкештік екен-ау! Құпия қылмыстарда шаруамыз жоқ, бірақ әйгіленіп қалған экономикалық сорақылықтардың өзі төбе шашыңды тік тұрғызады.


Мысалы, мұнайды өндіру мен экспортқа шығару құқығын әлемнің бірнеше тойымды білмейтін, араны түпсіз компа- нияларына беріп қойған Қазақстан бүгінде мұнай нарығына тікелей ықпал ете алмай отыр, әрі мұнай өндіретін елдердің келіссөздеріне де қатыса алмайды. Терең ойластырылмаған қадамдардан, ашық экономика саясатына шексіз жол беру- ден өз рыногымызға өзіміз жете алмай отырмыз, әрі мұнай өндіретін елдердің келіссөздеріне де қатыса алмаймыз. Терең ойластырылмаған қадамдардан, ашық экономика саясатына шексіз жол беруден опық жеп отырған жайттар да кездеседі.


Сөз арасында айта кетейік, сонау Қазан төнкерісінен ке- йін Лениннің нұсқауымен бүкіл өнәркәсіп орындары, қазба байлықтар мемлекет меншігіне өтіп, қызылдар шетелдік ал- пауыттарды елден түріп айдап шыққан болатын. Сол Но- бельдің немерелері еліміз тәуелсіздік алмай жатып, мұнай мұхитының үстіндегі Теңіз кенішін тарпа бас салуы ойлан- дырмай қоймайды. Әлде осы бай кеніштің картасы жылдар бойы түстерінен шықпай қойды ма екен? Қалай дегенмен де, әйтеуір батпан құйрыққа ақыры тістері тиген бүгінгі шетел- дік алпауыттардың обырлығы, қорқаулығы жойқын болып түр. Бір тойып алса күйіс қайырып, кішкене саябыр, толас табатын кеңестік қолтырауындардай емес, мына жеті басты жалмауыздардың аранының түбі көрінбейді.


Нобельдің немерелері дегеннен шығады, төңкеріс жылда- ры елден қуылған бір алпауыт Англиядан өз немересін Дос- сор мен Мақаттын 80 жылдығына жіберіп тұрып: « Бар, көріп кел, атаңның табаны тиген жерлерді аралап қайт. Мұнайы жердің бетіне шығып жатқан аса қазыналы өңір еді, ендігі ал- тынға апталып қалған шығар», – дейді. Мақат пен Доссорда бір күн болып, еліне асығыс қайтқан немересі атасына: «Өз- герген ештеңе жоқ, сол баяғы таз кепеш күйі, тіпті сіз айт- қан, өзіңіз паналаған жертөлеңізді де көрдім», – деген екен сапарының оңды болмағанына налып. Е, қарт Ембі мен соры


 


арылмаған қайран Мақат пен Доссор-ай! Сендерді ойласам, тіршіліктен еш қызық көрмей кеткен, ескі кәжекейінің омыра- уы май-май болған марқұм әжем көз алдыма келеді.


«Қара алтынды» меске құйып түйемен тасып, мойындары- на шылқылдап шикі мұнай құйылып, ен бейнеттің неше ата- сын көрген мыңдаған бейнетқорлардың ашқан кеніштеріне бүгінде мал сойылғанда тап болатын көк шыбындардай шет- елдік қорқаулар оп-оңай жайғасып алғаны қаныңды қайната- ды. 1920 жылдары Ембіні, Мақатты аралап көрген чех жазу- шысы Юлиус Фучиктің жазбаларында мынадай жолдар бар:


«Шойын жолдан 60 шақырымдай жерде екінші жыл ұңғы қазып жатқан Ембі, Мақат жұмысшыларының саны 70 адам еді. Алғашында олардың шатыры да болмады, ашық аспан астында жұмыс істейтін, дем алатын, ұйқтайтын. Ауыз суы- нан мұнайдың исі шығатын, бірақ ол да көбіне болмай қалып, сондай кезде олар далада жайылып жүрген түйе, қойлармен бірге өзектегі лас судан ішетін. Нан бұларға арбамен жет- кенше қатып қалатын. Кейде қатты жел, боран болғанда ол да келмей қалып, бірнеше күн аш жүрсе де, жұмысты тастап кетпей, аштықтарын басу үшін газетке шөп орап шылым етіп шегетін...»


Бұл аз десеңіз, бір кезде орыс жазушысы К.Паустовский өзінің «Су астындағы дауыл» деген әңгімесінде былай деп жазып еді: «Ерлік жайлы ұғымға үcтipт қарауға болмайды. Каспий теңізі айналасындағы маң даланы шарлап жүріп, ме- нің көзім жеткені мынау: нағыз ерлік дегеніміз – Доссор. Мұнда мұнай үшін толассыз күрес жүріп жатыр, бейнеткеш мұнайшылар түндер бойы ұйықтамайды, өздері бір қиырда түйе үстінде келе жатып өндірістің мыңдаған ұсақ-түйегін дамылсыз ойлайды, олар шаршағандарын елең қылмай, тір- шілік үшін күрестің зілбатпан жүгін өздерімен бірге көтеріп келеді...»


Міне, Қазақстан мұнайының 100 жылдығын аста-төк жағдайда атап өттік. Ал сол ғасырға жуық уақыт ішінде көразап кешкен бейнетқор бәдәуилердің бүгінгі ұрпағының да аузы аққа тие қоймағанын ойлаладық па?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу