Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  96


Автор: Абдрахман Асылбек

Өмір өткелдері

Бесік пен дымқыл жөргегің –
Түн бойы ұйқы көрмеуің.
Ойыншық, тынбай жүгіріс –
Балабақшаға жүгініс.
Тәрбие берген мектебің –
Алаңда допты тепкенің.
Өмірің арғы тек емес:
Жағалас, ұрыс, төбелес.
Институт, жасыл көктемің –
Қыздарды құшып-өпкенің.
Сессия, сынақ, диплом –
Сыралы қызық күй кілең.
Махаббат, ынтық күндерің –
Ұйқысыз өткен түндерің.
Қақпанға түсіп үйлену –
Енеңмен қапас күйге ену.
Жанжал да керіс, ішкілік –
Жаз бен күз, қысқы үскірік.
Баланың түнгі жылауы –
Мазалар сені тұмауы.
Кафеде өткен небір кеш –
Көкейден кетпес көңілдес.
Аталап ерген немере –
Алысқа тартқан кеме де.
Көзілдірік, қан қысым –
Тартқызған өмір талқысы.
Күн санап артқан кеселің –
Аяқтан алар төсегің.
Таусылып бір күн талқаның,
Ажалы жетер Алланың.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу