Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  256


Автор: Абдрахман Асылбек

Сәулетті біздің Алматы

Қымбатты қаламыз,
Сымбатты қаламыз.
Қызыға қараңыз,
Туған үй санаңыз.
Құлпырған бақтары,
Нұр тұнған ақ таңы,
Сәулетті біздің Алматы.
Қоршаған таулары,
Жайқалған баулары.
Бұлбұлдар шырқаған,
Субүркек бұрқаған.
Алтын күн аспаны,
Жарқын үн жастары,
Сәулетті біздің Алматы.
Біз әлі баламыз,
Өскенде қараңыз:
Сәнді үйлер саламыз,
Ертегі қаламыз,
Кеңейіп көлемі,
Көркейе береді,
Сәулетті біздің Алматы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу