Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Алматы – гүл қала

Қанат жайған көсіле,
Алатаудың төсіне.
Алматыны атасаң,
Алма түсер есіңе.
Алматымыз – нұр қала,
Алматымыз – жыр қала.
Сағат сайын құлпырған,
Мәңгі жап-жас бұл қала.
Алматымыз – күн қала,
Алматымыз – гүл қала.
Көктөбе мен Медеуі
Таңғажайып тұр дара.
Алматымыз шынында,
Алатаудың шыңында.
Әншілердің әнінде,
Ақындардың жырында.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу