Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  135


Автор: Абдрахман Асылбек

Асқарлы Алатау аялаған

Асқарлы Алатау аялаған,
Табиғат бар сыйын аямаған.
Шуақты, бұлақты әсем қала,
Шаттық пен салтанат саялаған.
Жайқалып жас қайың жапырағы,
Жайнайды Алатау атырабы.
Меруерт моншақты субүркектер
Аптыға аспанға атылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу