Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  160


Автор: Абдрахман Асылбек

Алматы – көркем қала

Алматы – көркем қала,
Алматы – өркен қала.
Сезесің сұлулығын,
Аралап көрсең ғана.
Алатау – ақ қары бар,
Шыршалы шатқалы бар.
Жастары сайран салған
Саялы бақтары бар.
Өнердің ақ ордасы,
Білімнің бақ ордасы.
Жастық пен сұлулықтың
Жарасты пәк ордасы.
Күндізі маржан қала,
Жұлдызы жанған қала.
Күн сайын көкке өрлеген,
Алматы – арман қала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу