Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Кітап жаршысы

Бақытты мына заманда
Кітапқа құмар бар кісі.
Маған да керек, саған да
Қызықты «Кітап жаршысы».
Қадалар отты жанарың,
Кітаптің көп сәндісі.
Бәрінің беріп хабарын,
Келеді «Кітап жаршысы».
Шығарма әрбір, әлбетте –
Сан қилы өмір талқысы.
Айтады соны әр бетте
Кәдімгі «Кітап жаршысы».
Роман, дастан, повестер...
Қайсысы нәрлі, мәндісі?
Сол жайлы жақсы кеңестер
Береді «Кітап жаршысы».
Оқитын болса қол үзбей,
Бала ма, мейлі шал кісі,
Танымды терең теңіздей
Береді «Кітап жаршысы».
Қанатын қағып, әрине,
Секілді сұлу таң құсы,
Қонақтай берсін әр үйге
Қадірлі «Кітап жаршысы».
*«Кітап жаршысы» кітаптар жарнамасының газеті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу