Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  363


Автор: Абдрахман Асылбек

Кітапханада

Ақырын бас аяғыңды,
Тықырлатпа таяғыңды.
Түкірме де, түшкірме де,
Тамағыңа таяп үнді.
Қара, қалқам, маңайыңа,
Жолдасыңа, ағайыңа.
Жүрген жоқсың бақша аралап,
Кірдің білім сарайына.
Мұнда небір дарын да отыр,
Ақ сақалды ғалым да отыр.
Көз жүгіртіп келешекке,
Жас қарындас жаныңда отыр.
Сақтау керек саған әдеп,
Кісіге тік қарама көп
Көпшіліктің көңлін бөлу –
Қашаннан да жаман әдет.
Бұл – қастерлі кітапхана,
Мұнда бары кітап қана.
Ғылым іздеп келгеннен соң,
Алаңдама, кітап қара.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу