Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  76


Автор: Абдрахман Асылбек

Жер сатылмайды

Алты күнде аспанды,
Жеті күнде жерді бұл
Жаратумен басталды
Бір Алланың кеңдігі –
Жер сатылмайды!
Меңгерсін деп жерді мол,
Алла бізге сыйлаған.
Содан бері енді сол
Жерге ие күллі адам –
Жер сатылмайды!
Қанын төгіп бабалар,
Жерді жаудан қорғаған.
Жерді пұлдап, бағалап,
Сату деген болмаған –
Жер сатылмайды!
Жер – жұмағың, бесігің,
Сонда мәңгі жатамыз.
Алла берген несібін –
Жерді қайтіп сатамыз? –
Жер сатылмайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу