Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  146


Автор: Абдрахман Асылбек

Талғарға сәлем

Сәлем бердік сәнді қала Талғарға,
Абзал ана, ақсақалды шалдарға.
«Тамашаның» тарландары талайдан
Ынтық еді осындағы жандарға.
Алматының інісіндей бұл қала,
Қыста әппақ, жазда жасыл, гүл қала.
Нар түйенің өркешіндей өріліп,
Алып тұлға Талғар шыңы тұр дара.
Талғардың да толып жатыр батыры,
Табиғатын жырлаған сан ақыны.
Тыным таппас түлетсем деп Талғарды,
Алдымызда отыр, әне, әкімі.
Мұнда өнердің жанашыры Берік бар,
Берік барда ән менен жыр, желік бар.
Келіп отыр өздеріңді құттықтап,
«Тамашаның» тарландарын көріп қал.
«Тамашаның» жөні бөлек ұқсаңдар,
Жиырма жаста, бұл отауды құптаңдар.
Талмай тартып келе жатыр нар жүгін,
«Тамашаның» бас бапкері Лұқпан бар.
Өнерімен таңдандырған бар елді,
«Тамашаны» тамашалап қал енді.
Жаны жарқын, таңы алтын арайлы,
Талғарлықтар, қабылдаңдар сәлемді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу