Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Дала жыры

Дөңгеленген дала бұл –
Қырында өскен лала гүл.
Жауқазынын жыр етіп,
Омыруға таға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Бесіктегі бала бір.
Тәтті әуенмен тербет те,
Тәрбиелеп баға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Дариядай дана бір.
Ақылына арымас
Құлағыңды сала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Ақ пейілді ана бір.
Сенен несін аясын,
Бар бергенін ала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Астықты өлке, алабың.
Тыңдарына түлеген
Тамашалай қара бір.
Дөңгеленген дала бұл –
Жасыл жайлау танабың.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәнге толар шанағың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу