Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  184


Автор: Абдрахман Асылбек

Тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Баланы бойға берсін деп.
Екінші тілек тілеңіз,
Нәресте жарық көрсін деп.
Үшінші тілек тілеңіз,
Аяғын басып, ерсін деп.
Төртінші тілек тілеңіз,
Тіл ашып, сөзге келсін деп.
Бесінші тілек тілеңіз,
Мұсылмандыққа сенсінсін деп.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Мектепке барып енсін деп.
Жетінші тілек тілеңіз,
Қияға барып, қонсын деп.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Әлемді оймен шолсын деп.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Келінмен орта толсын деп.
Оныншы тілек тілеңіз,
Ақылмен айқын жол сілтеп,
Еліне тұтқа болсын деп....
Шын тілесең Алладан,
Тілегің жерде қалмаған.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу