27.02.2022
  372


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТОРҒА ТҮСУ

 



  • Ұстаңдар мына оңбағандарды! – Қабақтары түксиген жендеттер тілге

келген жоқ, екеуін шап беріп ұстап, қолдарын арттарына қайырып байлап тастады.



  • Әкетіңдер! Қала сыртындағы тас қорғанға апарып қамаңдар. Мен бұлардың көзін тап бүгін жойдыртамын, – деп Көзілдірікті қалш-қалш етіп тұр. Жендеттер екеуін алдына салып айдай жөнелді. Кекілді Қыз егіліп

жылай бастап еді, ағасы қатқылдау үнмен:



  • Жылама! – деді тістенген қалпы. – Бұларға әлсіздігіңді көрсетпе. – Соңына қайырылып, айқай салды:
  • Кеудеде жан болса, үміттің де үзілмейтінін ұмытпа, Көзілдірік!

 



  • Тас қорғанның табалдырығынан бір аттасаң, үмітіңді күл, жігеріңді құм

қылармыз!


Көзілдірікті қарқ-қарқ күліп, масаттанған пішінмен қос жендеттің соңынан ілесіп келеді. Қолындағы қарындаштарды оңды-солды сермеп:



  • Тезірек қимылдау керек! Тезірек тас қамалға жетейік! – деп қояды.

Бояу


қарындаштардың қорыққаны сонша, тілдері байланды да қалды.


Жарық дүниеге келген күннің таңы осылай басталар деп олар ойлаған емес еді.


Қайсар Қара Қарындашпен кездесудің шаттығы мәңгілікке жоғалғанын сезу қандай қасірет десеңші!


Көзілдіріктінің дөкір саусақтары сәт сайын сығымдап, жандарын мұрын ұшына шығарардай.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу