27.02.2022
  198


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КҮТПЕГЕН ҚОНАҚ

Сәске түс кезі. Әлден уақытта шағын үйдің есігі шалқасынан ашылып, ішке Көзілдірікті енді. Өзі самбырлай сөйлеп келеді.



  • Оу, мұндағылар шетінен маубас болып кеткен бе? Ұйықтап жатқандарың

қалай? Бұл үйдің қожасы қайда?


Кекілді Қыз қатты дауыстан шошынып, басын шапшаң көтеріп алды. Көзін әрлі-берлі уқалап, келген жанның кім екенін толық ажырата алмады. Ағасы да әрең оянды. Көзілдірікті оған сұстана қарап:



  • Қожаң қайда? – деп сұрады.
  • Науқастанып жатыр.
  • Неге ауырады?
  • Оны қожайынаннан сұра. – Ағасы ұнатпаған кейіппен Көзілдіріктіге ала

көзімен қарап қойды.



  • Қара Қарындаштан хабар жоқ па?
  • Оны көшедегі, сырттағы елден сұра.
  • Өзің барып тұрған қыңыр екенсің.

 



  • Қыңырлық қисық сөйлегеннен шықса керек. Ал мен оң сұраққа оң жауап

беріп үйренген жанмын.


Көзілдірікті тістене сөйлеп:



  • Бәлем, қожаң келсін, жоныңнан таспа тілдірермін, – деді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу